69. Хлорофилл а пигментінің химиялық құрылысын зерттегенде оның фотосинтез процесінің үш қызметін - сіңіру, сақтау және қуатты өзгертуге бейімделгенін көрсетеді. Хлорофилл молекуласының үлкен бөлігі жарық қуатын қабылдап, оны фотосинтездің
реакциясының ортасына тасымалдайды. Бұл процесте хлорофилл молекуласының қозуы мен қуат қорын жинауы қатар жүреді. Хлорофилл
молекуласының кіші бөлігі фотосинтездің реакциясының ортасына қосылған
және тікелей фотохимиялық реакцияларға қатысады.
70. Каротиноидтер, структурасы, спектрлік қасиеттері, қызметі
Каротиноидтар. Химиялық тегі жағынан полиизопреноидтар класындағы, изопрен туыңдылары болып есептелетін бүл пигменттер — сарғыш-қызыл түсті барлық өсімдіктердің хлоропластарында кездеседі. Сондай-ақ, олар хромопластардьщ қүрамына да енеді. Бүл пигментгердің химиялық қүрылымыньщ негізі — изопреноидтар (СН2=С(СН3)-С Н =С Н 2), кобінесе көміртегінің 40 атомынан түрады. Молекулаларының қүрылыстық бөлігі 5 көміртекті изопрен; оның 8 молекуласы көміртектің қаңқасын түзеді. Көпшілік пигментгердің осы тізбек үштары ионон сақиналарымен түйықталса, басқаларыңца ашық болады. Химиялық қүрамьша байланысты каротиноидтар екі топқа бөлінеді:
1. Оттексіз каротиноидтар — каротин C40H56 альфа, (бетта және гамма каротин деген түрлері бар. Өсімдік жапырағында р-каротин көбірек болады.
2. Оттекті каротиноидтар немесе ксантофилдер. Олардың ішінде гидроксилді туындылар — лютеин және зеаксантин — С40Н54(ОН)2, эпоксидті туындылар — виолаксантин жэне неоксантин деген түрлері болады. Кейінгілердің қүрылымында гидроксилді топтармен q қатар эпоксидті тобы да болады. Ксантофилдердің жоғары сатыдағы өсімдіктердегі (жоңышқа) ара қатынастары мынадай: лютеин - 40%, виолаксантин - 34%, неоксантин - 19%, крептоксантин - 4%, зеаксантин - 2%. Қоңыр балдырлардағы каротиноидтардың негізгі түріне фукоксантин жатады.
Каротиноидтардың хлорофилл молекулаларьш бүзылудан сақтаушылық мүмкіндігі бірінші рет 1913 ж. Д.И. Ивановский зерттеулерінде байқалды. Оның тәжірибелерінде ішіне бірдей көлемде хлорофилл ерітіндісі және әртүрлі көлемде каротиноидтар ерітінділері қүйылған шыны түтіктер (пробиркалар) 3 сағатқа тікелей күн сәулесі түсетін орындарға қойылады. Бүнда пробиркада каротиноидгьщ молшері неғүрлым көбірек болса, соғүрлым хлорофил аз бүзылатындығы байқалды. Соңынан бүл деректер көптеген зертгеулерде дәлелденді. Қазіргі кезде каротиноидтар триплеттік күйдегі хлорофилмен реакцияланып оны қайтымсыз тотығудан қорғайтындығы дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |