Устьицалық және кутикулалық транспирция. Жапырақтың жөне
Өсімдіктің басқа мүшелерінің антомиялық құрылымдарын зерттеу арқылы,
Негізінен су устьицалар арқылы буланатындығы анықталды. Устьилалык,
транспирация үш сатыдан тұрады: а) судың жапырақ жүйкелерінен
мезофилл клеткаларының қабықтарыша ірігуі; б) судың клетка қабықтарынан
клетка аралықтарына жөне устьицалар астындағы қуыстарға булануы; в)
одан устьицалар арқылы қоршаған атмосфераға ipiryi. Устьицалар арқылы
жапырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесі де жүзеге асады, ол -
су буын, СО; жөне О2 өткізетін негізгі жол. Устьицалар жапырақтың екі
жағында да болуы мүмкін; бірақ, усты сулары жапырақтың астыңғы бетінде
ғана болатын өсімдік түрлері көптеп кездеседі. Өсімдіктің көлеңкедегі
жапырактарында жарық мол түсетін жапырақтарға қарағанда устьицалар
саны кеірек болады. Орташа есеппен жапырақтың 1 мм ауданындағы саны
өсімдіктердің түрлеріне, сорттарына және жапырақтың бетіне байланысты
50-ден 500 ге дейін жетеді. Олардың осынша көптігіне қарамастан аудан
жиынтығы жапырақ ауданының 1%-дей ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |