63. Өсімдік бойымен судың көтерілу заңдылығы.
Судың өсімдіктің түгел денесімен тасымалдану жолдарын екі бөлікке
белуге болады:
1.Топырақтан тамыр түкшелері, клеткалары арқылы тамырдың
орталық өткізгіш шоқтарына дейінгі жол.
2. Тамырдың орталық шоғъшан, сабақ дің арқылы, оларды құрайтын
ұлпалардың қатысуымен ұштық мүшелерге - бұтақтарға, жапырақтарға
және көбею мүшелеріне дейінгі жол.
Тамыр арқылы судың тасымалдану жолдары, олардың негізгі тетіктері
жөне төменгі қозғаушы күш - тамыр қысымының маңызы туралы жоғарыда
айтылды. Сондай-ақ жоғары қозғаушы күш -транспирацияның өсімдік
бойымен судың өрлеу ағынының негізгі тетігі екенін байқадық.
Өсімдіктегі судың өрлеу ағыны негізінен ксилема арқылы жүреді.
Ксилеманы өсімдіктің барлық ұлпаларын, мүшелерін сумен қамтамасыз
ететін, үлестіруші жүйе деп қарауға болады. Ксилема арқылы жүретін судың
өрлеу ағынынан басқа тамырдан жапыраққа дейін клетка қабықтары арқылы
жүретін де суағыны бар. Оның үлесіне жалпы суағынының 1-10%-тейі ғана
тура келеді.
Судың өрлеу ағынының қозғаушы күлкі супотенциалының топырақтан
бастап өсімдік арқылы ауаға дейінгі айырмашылығы болып есептеледі. Ол
негізгі екі тетікпен сүйемелденеді: а) тамырдың тірі клеткаларында, соның
ішінде кеші оның тірі элементтерінде ион-дардың тасымалдануынан пайда
болатын осмостық, потенциал айырмашылығы; б) транспирация.
Достарыңызбен бөлісу: |