«Ән – ғұмыр» ( музыкалық – сазды кеш) Музыкалық кештің бағдарламасы: Мақсаты



жүктеу 143.68 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.02.2017
өлшемі143.68 Kb.

  

                                          «Ән – ғұмыр»      

                                     (  музыкалық – сазды  кеш) 

 

                           Музыкалық  кештің бағдарламасы: 



 

Мақсаты:  Оқушыларды  Шәмші.Қалдаяқов  өмірімен  таныстыру,  шолу  

жасау,  әндері  туралы  әңгімелеу.  Ш.  Қалдаяқовтың  шығармашылығын, 

өмірін  еске  алу.  Ш.  Қалдаяқовтың  әндері  арқылы  оқушыларды  Отан 

 сүюге,  сыйластыққа,  махаббатты  аялауға  тәрбиелеу. 

       

           Көрнекілік:    Ш.Қалдаяқовтың  портреті. 



                                    Ш.Қалдаяқов  туралы  қанатты  сөздер. 

Кешке   директордың  оқу-  тәрбие  жөніндегі  орынбасары,  кітапханашы,  

оқушылар  қатысып  отырды. 

            Кешті  екі  жүргізуші  өткізді. 

1.

 

Құрметті  ұстаздар,  қонақтар,  оқушылар!  



 «  Ш.  Қалдаяқовтың  әндері  әлемінде»  атты  кешімізге  қош  

келдіңіздер! 

2.Талантсыз  ер  болмайды.  Ел  тұғыры  сол  таланттарымен,  берік,  

биік.  Тараз  дегенде  тіл  ұшына  талант  ұғымының  орала  кететіні      

сөзсіз.  Жамбыл  жерінің  кіл  жайсаңдары мен  жүйріктерінің  санап  

тауыса  аларсың  ба?  Олардың  әрқайсысы  бір-бір  аяулы  да  баянды    

ғұмыр 

      3.  Ән  творчествосында  да    эмоциялық  бояуы  мол,  әсіресе  



лирикалық  жанрда  көзге  түсіп ,  халық  құрметіне    

бөленгенкомпозиторларымыздың  бірі  Шәмші  Қалдаяқов. 

     4.  Отырар  өңірі  Шәмші  шерткен  әуендерге  сонау  50-ші  жылдардың 

толқыны  болып  білінеді  де,  ішкі  екпін  серпінімен  дамытылады. 

    5.  Шәмші  әндерін  жұртшылық  барлық  жерде-  отбасылық кештерінде, 

жұмыс  орындарында,  демалыс  кезінде,  концерт  эстрадаларында  

шырқайтын.  Оның  «  Менің  Қазақстаным»  ,  «Ана  туралы  жыр»  кең 

танымал.  «Менің  Қазақстаным»  қазір  мемлекетіміздің  Әнұранына  

айналды 

            Ән:  «Менің  қазақстаным» 

   6. Құдіретті  жалындаған  жастық  өмір,  ыстық  сезім,  асау  жүрек,  

алғыр  қиял-  осының  бәрі  махаббат  жазирасынан  орын  тауып,  

композитор  творчествосында  незік  те,  өрлеу  нақыш  ерекшеліктерімен  

суреттелінеді.  Өзіндік  лирикалық  сырласу  мелодиялық  бояу  жылы  

лебімен  тартымды.  «Қаракөз», «Қайықта»,  «Жүрек  сыры»  

композитордың  әсерлі  де  әдемі,  бейнелі  жазылған  еңбектері. 

              Ән:  «Сыр  сұлуы»  Сөзі:  З.Шүкіровтікі. 


   7.Ал  асқақты  шабытты,  шеберлік  шыңдаудың  нәтежиесінде  туған  

оның  «Арыс  жағасында»,  «Ақ  бантик»,  «Ақ  сұңқарым»,  «Ақ  

маңдайлым»  әндерін  бүгінгі  таңдағы  композитор  творчествосының  

шарықтау  шыңы,  кульминациясы  дер  едік.  Бұлар  шалқымалы,  кең  

үнді,  лирикалы  әндер  үлгісінде  жазылған  ұлттық  сипаты  анық,  нағыз  

халықтың  интонациялық  сөз  ырғақтарымен  нақышталған  туындылар. 

             Ән:  «Ақ  бантик»  Өлеңі:  М.Шахановтікі. 

  8.Қазақ  елін  әндерімен  тербетіп,  бесіктегі  нәрестені  әсем  әуендерімен  

тербеткен  Шәмші  ағамыздың  өмірін  бір  шолып  өтейік. 

  9 Халқының  жүрегін  осыншалықты  сыршыл  да,  кәусар  саздың  

құдіретімен  баураған  ұлы  сазгер  өзінің  балалық  шағы  туралы  

естеліктерде  былай  деген:  Кеурегімен  жусаны  жүз  түрлі  дертке  шипа  

Қызылқұм  өңіріндегі  мөлдір  сулы  Арыс  өзеніінің  жағасында  дүниеге  

келіппін.  Әкемнің  азан  шақырып  қойған  аты  Әнәпия  екен,  бірақ  

жеңгелері есімін  атамай,  аяғындағы  қалды  көріп  Қалдыаяқ  деп  кетсе  

керек. Әкесі  он  саусағынан  өнер  тамған ұста, зергер,  анасы  

Сақыпжамал  әулеті  ән  салған  әнші  екен.  Өзі  де: «Маған  бұл  қасиет  

шешемнен,  нағашыларымнан  дарыса  керек»  деген. 

10. Ш.Қалдаяқов  1930  жылы  15  тамызда  Шымкент  облысының  Отырар  

ауданында,  Шәуілдір  ауылында  туған.  Шығармашылық  жұмыспен  1950  

жылдан  бастап  айналысқан. 

11.Ташкент  музыкалық  учелищесінде  оқып  жүргенде  әйгілі  әнші  

Жамал  Омарованың  оны  Алматы  консерваториясына  алып  келгендігін  

де  осы  естелігінде  жазылған.  Институт  қабырғасында  шығарған  

тырнақ  алды  әндерін  эфирге  ала  жүгірмей  әуелі  академик  ахмет  

Жұбанов  пен  Латиф  Хамидидың  кеңестерін  тыңдаған.  Қос  ұқстазын  

пір  тұтқан.  Қазан  төңкерісінің  40  жылдық  мерекесіне  орай  өткізілген  

республикалық  жабық  бәйгеде  аты-  жөні  белгісіз  Шәмші  

Қалдаяқовтың  әні  бас  бәйгені  жеңіп  алды.  Елді  елең  еткізді.  Содан  

кейін-ақ,  «Қайықта»,  «Жүрек  сыры»  атты  әндері  Шәмшінің  атын  шар  

тарапқа  жайды. 

12.40-  жылдан  астам  шығармашылық  қызметіне  Ш.Қалдаяқов  100-ге  

жуық  музыкалық  туынды  жазды.  Оның  шығармашылығының  негізгі  

тақырыбы,  махаббат  тақырыбы  болатын.  Ән  өнерініңғ  інжу – маржаны  

боп  табылатын  өлеңдері  осы  тақырыпқа  арналады.  Ш.  Қалдаяқов    

өзінің  қайталанбас  қолтаңбасы,  халықтың    бояуы  қанық  талантпен  

қазақ  халқының  қазіргі  ән  өнерін  биік  белеске  көтереді.  Оның  ғажап  

шығармалары -  ұлттық  мәдениеттің  тамаша  көрінісінің  бірі. 

                Ән:  «Сыр  сұлуы»  Сөзі:З.Шүкіровтьікі. 

                Ән:  «Шынарым»  Сөзі:  Е.Ибрахим. 

13.

 

«Жүзден-  жүйрік,  мыңнан-тұлпар»  дегендей  ән  шығарғандардың  



бәрі  әйгілі  болып  кетпейтіні  мәлім.  Біреу  жорға,  біреу  жортақ,  

әркім  әліне  қарай  сілтемек.  «Ш  Қалдаяқов  шамасына  қарай  шаң  



жұқтырмайтын  қазақ  әнінің  қас  жүйрігі»  деп  академик-профессор  

Рахманқұл  Бердібаев  айтқан.  Ш.Қалдаяқовты  халық  «Вальс  

королі»  деп  атайды.  Себебі  оның  әндер  ырғағына  бүкіл  әлемнің  

әйгілі  биі-вальсті  билемей  тұра  алмассың. 

     Ән:  «Ана  туралы  жыр»  Сөзі:  Ж.Нажімеденов. 

  14.Танымал  әндер  жазудағы  табысы  үшін  композиторға  1965  жылы       

Қазақстан  әртісі  деген  құрметті  атақ  берілді.  Халықтың  сүйікті  

композиторы    Ш.Қалдаяқұлының  жарқын  бейнесі  оның  талантына  

тәнті  болған  тыңдаушылар  тыңдаушылар  жүрегінен  әрдайым  

сақталады. 

15.М.Шахановтың  Шәмші  тиуралы  жазғаны  «Шәмшіекеңмен  жастық  

шағымның  едәуір  бөлігі  өтті.  Өзі  менен  үлкен  болса  да  әзілдеп: 

«Мұхтар  аға  дейтін»  Бірлесіп  жазған өлең - әндерімді  кезінде  бүкіл  

Қазақстан  айтты.Менің  анам  Шәкеңді  туған  ұлындай  еркелетіп  

өтті.Өмірінің  соңғы  кезінде  ауруханада  жатқан  сазгердің  әкесі  Қалдаяқ  

ақсақал  қолымды  әлсіз  саусақтарымен  сипап  тұрып: «Балам,  екеуің  де  

Әбу-насыр  әл-Фараби  тудырған,  қаһарман  қаланың  қасиетті  

топырағынан  жаралған  перзентсіңдер,  ата-бабаларының  рухына  сай  екі  

жарты  бірлесіп,  бір  бүтін  боп  жүріңдер...дарыса  керек»  деген. 

           Мұхтар  Шаханов. «Қалдаяқов  әндері»  

           Оқитын: Аубекерова Айнұр 

16.Ш.Қалдаяқовтың  әндерін  ақ  иықты  әншілеріміз  Бибігүл  

Төлегенова,Ришат  Абдуллин,  Жамал  Омарова,  Алтынай  Жорабаева  

сынды  әншілер  шырқап  жүр.  Бұл  әншілеріміздің  арқасында  Шәмшінің  

әндері  әлі  күнге  дейін  жалғасын  табуда. 

            Балғын  жаста,  кәрі  де, 

            Тауда,  таста-  бәрі  де  

             Қосылып  тұр  тербеліп, 

             Шәмші  ағаның  әніне. 

Ән:  «Өмір-өзен»  Сөзі:М.Шахановтікі. 

 

17.


 

«Орынды  мысқыл-оқтан  да  өткір»  деп  Мұхтар  Әуезов  

айтпақшы  Шәмші  ағаның  әндері  бір  төбе,  әзілдері  бір  төбе.  Ал  

ақындығы  ше?  Ауыз  екі  қалжыңдары  ше?  Олар  бір  қайталанбас  

құбылыс.  Енді  Шәмшінің  «Қара костюм»  туралы  қалжыңын  

еске  алайық:  Шәмшіге  бірде  ел –жұрты  костюм – шалбар  

кигізеді.Алматыға  келгесін  су  жаңа  киіммен  достарын  аралап,  

түнделетіп  келе  жатса,  қала  бұзықтары  ұстап  алып: 

                     -ШешінІ-дейді. 

                    -Әй,  жігіттер,  мен  Қалдаяқпын  ғойІ-  дейді. 

                   -Бізге  Қалдаяқов  емес,  қара  костюм  керек-  дейді. 

                       Сонда  жарықтық  Шәкең: 

                        -Айналайын,  халқым,  өзі  киіндіреді,  өзі  шешіндіреді.                    


                     Халқым  аман  болсынІ  депті. 

        18.Шәмшінің  тағы  бір  қызығы: 

         Енді  бірде  ақиық  М.Мақатаев  екеуі  Алматыдағы  Ленин  

ескерткішінің  түбінде  кездесіпті. 

        «Ойласам  талай- талай  қыр  басыппын.  Досым  депдоңызбен  де  

достасыппынІ-деп  жыр  оқыған  Мұқағали: 

               -Ленин  неге  шығысқа  қарай  көтеріп  тұр,-деп  сұрапты: 

                Сонда  Шәмші:  «Банк  пен  базар  мына  жақта»- дептұр,  деген  

екен. 

       19.Ал  енді  Шәмші  ағамыздың  әндеріне  кезек  берейік.Ендеше  



әуенді  тыңдаңыздарІ 

 

      20.Ажал  деген  айдаһар  түздің  түгелдей  аралығындай  таңдап-  



таңдап  тарландарымызды  жайратып  кетеді.  Енді,  міне  жалпақ  жұртты  

ағыл-тегіл  жылатып  Шәмші  ағамызды  да  алып  кетті.Енді  біз  оның  

қалдырған  асыл  мұра  өлеңдерін  мәңгілікке  сақтауымыз  керек.Жер  

астында  нұрың,  жер  үстінде  үнің  бірдей  шалқысын. 

                         Шәмші-сері. 

                         Шәмші-сал. 

Қадіріңді  білер  жұртың,қазынаңды  шашпас  ұрпағың  аман  жүрсіпн  

артыңдаІ Бүгінгі  таңда  Алматыдағы  орталық  концерт  залы  Шәмші  

Қалдаяқовтың  атында,  мүсіні  Шымкенттегі  облыстық  филормония  

алдына  қойылған.Шымкент,  Тараз  қалаларында  Ш.Қалдаяқов  атындағы  

ән  байқаулары  өтіп  тұрды. 

21.Қорытынды  сөз. 

 Кеш  соңында  Шәмшіге  арналған  «Ән-аға» әнін  орындау.    

 

 



 

 

Каталог: images
images -> Сайын Мұратбеков Жусан иісі
images -> Оқырман конференциясы : Сайын Мұратбеков «Жусанның иісі», «Басында Үшқараның»
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет