Эндокринді синдромдар



бет3/3
Дата26.12.2023
өлшемі0,89 Mb.
#143676
1   2   3
Байланысты:
Зәкір Ақерке №3


Реабилитолог науқаспен операция нәтижелі болуы үшін не істеу керектігін талдауы керек. Көбінесе науқастар операцияға дейін көп жылдар бойы уайымдайды да оларда ілеспелі аурулар пайда болып, операциядан кейінгі кезеңде қиыншылықтар туғызады. Тыныс алуды жақсартатын жаттығулар, дәрумендер және сапалы тағамдарды ғана пайдалану, туған туыстарымен әңгіме жүргізіп олардың қолдауын табу.

Ондай адамдардың вегетативті жүйке жүйесін жақсарту маңызды. Оларға физикалық күш түсірмей, тек физикалық дағдыны жақсартатын ортостатикалық жаттығуларды ұсынуға болады. Реабилитолог операция жасаған хирургтан қалай жасағанын және қандай қиындықтар кездескенін білуі керек. Хирург пен анестезиологтың өткізген операция жөніндегі жазбаша түрдегі мәліметі болуы аса маңызды.


Реабилитолог барлық хирургиялық әдістерді және оның модификациясын хирургтан кем білмеу қажет. Операциядан кейін консервативті ем және қалпына келтіретін терапия қолданылады. Реанимация бөлімінен шыққаннан кейін науқас аурухананың реабилитационды бөліміне жеткізіледі.
Операциядан кейінгі күту: Операция аяқталғаннан кейін жараға заласыздандырылған дәке қойылады;
Операция қынапқа жасалған кезде кейде оның ішіне жұмсақ дәке немесе дренаж салынады, дәкені келесі күні, ал дренажды 5 күннен кейін алынады; Операциядан соң әйелді төсекке жастықсыз жатқызады; Операция жарасына мұзды 1-2 сағатқа қояды, кейін 0,5-1 сағатқа үзіліс жасайды, мұзды 1 тәуліктен артық қоймайды;
Науқас наркоздан оянбағанша оның төсегінің қасында үнемі мейірбике отырып, оны бақылауы керек; Әйелдің жүрегі айнып, құсқан кезде басын бір бүйіріне бұрып, ауыз қуысын құсықтан тазалап, асфиксиядан алдын алады; Операциядан кейінгі кезеңде науқас әйелді ауырсыздандыру қажет; Науқас әйелдің ауыз қуысын тазалап, тісін жуып шаяды; Операция жарасының жіптері 6-8 күні алынады, жіптерін алғаннан кейін әйел төсекте жату керек;
Операциядан соң 1 күні науқасқа тамақ берілмейді, тек аузын сумен шаюға рұқсат етіледі, 2- күні минералды су, шәй, құрғақ нан жеуге рұқсат, 3 күні сорпа ішуге болады, ал 5 күннен бастап, жалпы тамаққа көшеді; Науқастың қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын қадағалау; Зәр бөліндіру, ішектің перистальтикасын тыңдап, ауаның іштен шығаруын қадағалайды; Кейде науқастарда төсекке көп жатқаннан денесінде ойық жаралар пайда болады, оларды алдын алу немесе емдеу үшін күніне 2-3рет денені камфора спиртімен, әсіресе жара жерлерін сүрту керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акушерия. Р.С.Бейсембаева, Ә.Т.Раисова,

Р.Ғ.Нурхасимова, Алматы, 2006.

2. Актуальные вопросы акушерской патологии. Т.К.Шевченко,

М, Медицина, 1991.

3. Основы медицинской реабилитологии. Медведев М.С. 2010 г.

4. www.kazmedic.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет