Эндокринология



бет155/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Клиникалық көріністері

  • Етеккірдің болмауы, бедеулік. Бедеулік деп контрацепциясыз бір жыл бойы тұрақты жыныстық қатынаста (орташа аптасына екі рет) болуына қарамастан жүктіліктің болмауын айтады. Мерзімінен аналық бездің ерте тозу синдромы кезінде жүктіліктің спонтанды дамуы 5%.

  • Біріншілік аменорея кезінде эстрогендер тапшылығымен дамитын симптомдар көрініс бермейді, ал екіншілік аменореямен сырқаттанған науқастардың 75 %-да байқалады.

  • Аменореяны дамытатын жеке сырқаттардың спецификалық көріністері (Тернер синдромына тән сыр-келбет, гиперпролактинемия кезіндегі галакторея, гирсутизм және т.б.).



Диагностикасы
1. Гормональды зерттеу (5.3сурет). Біріншілік гипогонадизм диагнозы екі рет ФСГ деңгейінің жоғарылауы анықталғанда ғана расталады (> 30 мЕд/л). Сонымен қатар, бұл кезде ЛГ деңгейі жоғарылаған және эстрадиол деңгейі төмендеген. Екіншілік гипогонадизмге гонадотропиндер мен эстрадиолдың төмен мөлшерде болуы тән. Екіншілік аменореямен сырқаттанған барлық науқастарға пролактин және ТТГ мөлшерін анықтау тағайындалады, ал көрсеткіш бойынша-ДЭА және тестостерон.
2. Біріншілік аменорея көрініс берген барлық науқастарға кариотиптеу көрсетілген.
3. Кіші жамбас астауының УДЗ-сі және гинекологиялық зерттеу.
4. Мерзімінен ерте аналық бездің тозу синдромы кезінде барлық аутоиммунды сырқаттардың скринингі тағайындалады, ең алдымен міндетті түрде ТТГ мөлшері анықталады.
5. Остеопороз (сүйек денситометрисы), урогенитальды бұзылыстар секілді гипогонадизм асқынуларының диагностикасы.



5.3 сурет. Аменорея көрініс берген әйелдерді зерттеу алгоритмі

5.3 сурет
Анамнез и физикаль.исследование- Анамнез және физикалды зерттеу
Исключить беременость- Жүктілікті жоққа шағару
Исключить структурные аномалии- Құрылымдық ақауларды жоққа шығару
ЛГ, ФСГ, эстрадиол, пролактин- ЛГ, ФСГ, эстрадиол, пролактин
ФСГ в норме- ФСГ нормада
Первичный гипогонадизм. Исслед.кариотипа в случае первичной аменореи- Біріншілік гипогонадизм. Біріншілік аменорея болған жағдайда кариотипті тексеру
Вторич.гипогонадизм. Исключить аденому гипофиза- Екіншілік гипогонадизм. Гипофиз аденомасын жоққа шығару
Гиперпролактинемия. Исключить аденому гипофиза и первичный гипотиреоз- Гиперпролактинемия. Гипофиз аденомасы мен біріншілік гипотиреозды жоққа шығару
Синдром поликистозных яичников- Аналық бездің поликистозды синдромы

6. Көрсеткіш болса гипофиз МРТ-сі (гиперпролактинемия, гормональді-белсенді емес аденома).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет