Олиго- немесе аменорея (70 %) ановуляция нәтижесінде дамиды. Әдетте циклдің 3–6 айға дейін келмеуімен, бөлістердің азаюымен, дисфункционалды жатырлық қан кетулермен сипатталады.
Бедеулік (30 %) созылмалы ановуляция нәтижесі ретінде дамиды.
Гирсутизм (60 %) — андроген-тәуелді аймақтарда шектен тыс түктің өсуі. Сонымен қатар, андрогенді дермопатияның басқа да көріністері дамуы мүмкін: майлы себорея, безеулі бөртпелер, андрогенді алопеция. АБПС сырқаттанған науқастардың 40%-да вирильды синдромның ішінде гинекологиялық қарау барысында клитор гипертрофиясы анықталады.
Семіздік (40 %); семіздік дәрежесі артқан сайын басқа симптомдардың айқындылығы арта түседі, себебі инсулинрезистенттіліктің күшеюі андрогендер мөлшерін жоғарылатады.
Диагностикасы 1. Тестостерон мөлшері сәл ғана жоғарылайды, бірақ АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің басым көпшілігінде қалыпты деңгейде болады және гирсутизмнің айқындылығана байланысты жиі корреляцияланбайды.
2. Әйелдердің 50–70 %-да ЛГ жоғары болады, бұған әсіресе ЛГ/ФСГ (>3) арақатынасының жоғарылауы тән (соңғы кездері диагностикалық қағида ретінде қарастырылмайды).
3. Әйелдердің 50 %-да жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин мөлшері төмендейді.
4. АБПС диагностикалауда аса бағалы мәліметтерге ие болатын аспаптық зерттеу әдісі - трансвагинальды датчикпен кіші жамбас астауының УДЗ-сі. АБПС-нің ультрадыбысты қағидаларына диаметрі 10 мм аспайтын 8-ден астам кистаны анықтау және овариальды строма көлемінің ұлғаюы жатады (сурет. 5.5). Сонымен қатар, эндометрий гиперплазиясы көрініс береді (қалыңдығы >10 мм).
5. Қантты диабет немесе көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуын анықтау мақсатында гликемия дәрежесін анықтау міндетті, қажет болған жағдайда оральды глюкозаға толерантты тестті жүргізу маңызды. АБПС диагнозы төменде көрсетілген 3 симптомдардың ішінен 2-уі көрініс бергенде қойылады: ановуляция (бедеулік), зертханалық дәлелденген гиперандрогения, аналық бездердің поликистозды өзгеруінің ультрадыбысты белгілері.