2. Қысқа әсерлі (адамның қарапайым инсулині).
3. Әсер етуі орташа (бейтарап Хагедорн протаминіндегі инсулиндер).
4. Ұзақ әсерлі (гларгин, детемир).
5. Әсер ету ұзақтығы әртүрлі инсулин қоспалары (Новомикс-30, Хумулин-М3, Хумалог-Микс-25).
Ультрақысқа әсерлі инсулиндер [лизпро (Хумалог), аспарт (Новорапид)] инсулин туындылары болып табылады. Бұл дәрілердің артықшылығы егуден кейін қант деңгейін төмендететін әсерінің жылдам (15 минуттан кейін) болуында, бұл егуді тамақтың алдында немесе бірден тамақтан кейін орындауға мүмкіндік береді және әсерінің қысқалығы (3 сағаттан аз) гипогликемияның даму қаупін төмендетеді. Қысқа мерзімді дәрілер (қарапайым инсулин, инсулин-реттеуші) 100 Б/мл концентрациядағы инсулині бар ерітінділер. Қарапайым инсулинді егу тамаққа дейін 30 минут ерте жасалынады, әсер ету ұзақтығы 4–6 сағатқа созылады. Ультрақысқа және қысқа әсерлі инсулиндер тері астына, бұлшықетке және көктамырға енгізіледі.
Әсер ету ұзақтығы орташа инсулиндердің ішінде жиі бейтарап Хагедорн протамині (НПХ) қосылған дәрілік заттар қолданылады. НПХ коваленттсіз инсулинді адсорбциялайтын, оның тері асты депосынан сіңірілуін тежейтін ақуыз болып табылады. НПХ инсулинінің әсер ету ұзақтығы шамамен 12 сағаттқа созылады; олар тек тері астына енгізіледі. НПХ инсулині суспензия түрінде болады, сондықтан қарапайым инсулинмен салыстырғанда флаконда ол лайланған секілді, ал ұзақ уақыт тұрған кезде тұнба түзеді, сондықтан егу алдында мұқият араластыру қажет. НПХ инсулинін басқа әсері ұзартылған дәрілік заттармен салыстырғанда кез-келген қатынаста қысқа әсерлі (қарапайым инсулин) инсулинмен араластыруға болады, бұл кезде қоспа компоненттерінің фармакокинетикасы өзгермейді, себебі НПХ қарапайым инсулиннің қосымша көлемімен байланыспайды (7.5 сурет). Протамин сонымен бірге инсулин туындыларының стандартты қоспаларын дайындауда да қолданылады (Новомикс-30, Хумалог-Микс-25).
Ұзақ әсер ететін инсулин дәрілері арасында қазіргі таңда белсенді түрде гларгин (Лантус) және детемир (Левемир) инсулиндерінің туындылары қолданылуда. Бұл дәрілердің НПХ инсулинінен ерекшелігі тері асты депосынан ағзаға біркелкі және ұзақ уақыт түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Осыған орай, гларгин уақытқа тәуелсіз тек тәулігіне бір рет енгізіледі.