Эндокринология



бет181/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Кетон денелері инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде айтарлықтай артады (ацетон, ацетоацетат,β-гидроксибутират). ҚД-1 декомпенсациясы кезінде айқын кетонурия (зәрге салынатын тест жолақшалары арқылы зерттеледі). Жеңіл (ізді) кетонурия қалыпты жағдайда ересек адамдарда ашыққан кезде немесе көмірсусыз емдәмде көрініс беруі мүмкін.
ҚД түрлерін салыстырмалы диагностикалауда қолданылатын маңызды зертханалық көрсеткіштердің бірі ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда инсулин тапшылығының орнағанын және С-пептид мөлшерін анықтау болып табылады. Қандағы С-пептид деңгейін анықтау арқылы жанама түрде ұйқыбездің β-жасушаларының инсулинсекрециялаушы қызметі жөнінде қорытынды жасауға болады. β-жасушаларында проинсулин өндіріліп, секрециялану алдында одан С-пептид ажырап, қан арнасына инсулинмен бірдей мөлшерде түседі. Инсулиннің 50%-ы бауырда байланысып, шеткі қанда жартылай ыдырау уақыты 4 мин құрайды. С-пептид қаннан бауырға бармайды және жартылай өмір сүру ұзақтығы 30 мин шамасында. Сонымен қатар, ол шеткі рецепторлармен байланыспайды, сондықтан С-пептид деңгейін анықтау инсулярлы аппараттың қызметін бағалауда сенімді сынама болып табылады. С-пептид деңгейін зерттеу ынталандырушы сынамалар көрінісінде ақпаратты (тағам қабылдағаннан кейін немесе глюкагон енгізгеннен кейін). ҚД-нің айқын декомпенсациясы көрінісінде жүргізілген сынама ақпаратсыз, себебі айқын гипергликемия β-жасушаларына уытты әсер етеді (глюкозаның уытты әсері). Инсулинмен ем жүргізу бастапқы бірнеше күндерде сынама нәтижесіне еш әсер етпейді.
ҚД-тің кез-келген типін емдеудегі басты мақсат, оның кеш асқынуларының алдын-алу болып табылады. Оған арнайы параметрлер бойынша тұрақты компенсация барысында қол жеткізуге болады (7.3 кесте). ҚД кезінде көмірсу алмасуының компенсациялану сапасының басты критериі гликолизденген гемоглобин (HbA1c) деңгейін анықтау болып табылады. Гликолизденген гемоглобин дегеніміз - глюкозамен коваленттсіз байланысқан гемоглобин. Эритроциттерге глюкоза инсулинге тәуелсіз енеді және гемоглобиннің гликолизденуі қайтымсыз үрдіс болып , ал оның дәрежесі 120 күн бойы байланысқан глюкоза концентрациясына тура пропорционалды болады. Гемоглобиннің аз бөлігі қалыпты жағдайда да гликолизденеді, ал ҚД кезінде оның мөлшері едәуіржоғарылайды. HbA1c деңгейі үнемі ауытқып тұратын глюкоза деңгейімен салыстырғанда соңғы 3–4 айдағы гликемия деңгейін көрсетеді. Осындай интервалда ҚД компенсациясын бағалау мақсатында HbA1c деңгейін анықтау ұсынылады.
Созылмалы гипергликемия ҚД даму қаупін және кеш асқынуларының үдемелі дамуына әсер ететін жалғыз түрткі болып табылмайды. Осыған орай, ҚД-нің компенсациясын бағалау кешенді зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне негізделеді (7.3 кесте). Көмірсу алмасуын сипаттайтын көрсеткіштерден басқа, артериялық қан қысымының деңгейі мен қанның липидті спектрін анықтауға аса мән беріледі.


7.3 кесте. Қантты диабеттің компенсация критерийлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет