Эндокринология


сурет. Акромегалиямен сырқаттанған науқастың бет-әлпетінің өзгеру динамикасы: а – 1972 ж.; б – 1979 ж.; в – 1991 ж. 2.7 сурет



бет30/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   285
2.6 сурет. Акромегалиямен сырқаттанған науқастың бет-әлпетінің өзгеру динамикасы:
а – 1972 ж.; б – 1979 ж.; в – 1991 ж.

2.7 сурет. Акромегалия кезіндегі қол мен саусақтардың үлкеюі (қасында сау адамның қолы)



  • Ағзалық жеткіліксіздікпен асқынатын спланхномегалия.

Аурудың бастапқы сатыларында өсу гормонының ішкі ағзалар мен бұлшықеттерге әсері айтарлықтай байқалмайды, тіпті спортсмендер мен физикалық еңбекпен айналысатын адамдарда жағымды қабылданады, себебі еңбекке қабілеті мен физикалық белсенділігі жоғарылайды, алайда аурудың үдемелі дамуына байланысты бұлшықет талшықтары біртіндеп дегенерацияланып, жалпы әлсіздіктің бірте-бірте күшейіп, еңбекке қабілетінің үдемелі төмендеуіне әкеледі. ӨГ компенсацияланбай ұзақ уақыт артық өндірілуі миокардтың шоғырланған (концентрлік) гипертрофиясын дамытады, кейін ол гипертрофиялық миокардиодистрофиямен, ал асқынған жағдайларда науқастардың өліміне әкелетін жүрек жеткіліксіздігімен аяқталатын дилатациялы түрге ауысады. Акромегалия көрініс берген науқастардың 30%-да артериялық гипертензия анықталады.

  • Түрік ершігі мен оның диафрагмасының деструкциясына, бассүйек

ішілік гипертензияға байланысты дамитын бастың ауыруы.

  • Акромегалиямен науқастардың 90 %-да ұйқы кезіндегі апноэ

синдромы дамиды. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының жұмсақ тіндерінің жайылып өсуімен және тыныс орталықтарының зақымдалуына байланысты дамиды.

  • Гипофизарлы жеткіліксіздік гипофиздің ісікпен жаншылуынан

немесе бұзылуынан дамиды. Репродуктивті бұзылыстар (менструальды циклдің бұзылуы, эректильді дисфункция) гонадотропин өндірілуінің бұзылуымен қатар, жиі гиперпролактинемиямен байланысты дамуы мүмкін, ал ол өз кезегінде гипофиз аяқшасының жаншылуынан немесе ісікпен пролактиннің артық өндірілуінен болуы мүмкін (пролактосоматропинома).
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет