Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет32/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Салыстырмалы диагностикасы
Гигантизмді басқа да ұзын бойлылықтан ажырату қажет (конституциональды ұзын бойлылықтан, Клайнфелтер синдромы, түрлі этиологиялы біріншілік гипогонадизм). Акромегалияның салыстырмалы диагностикасы ауыр гипотиреозбен, Педжет ауруымен және сыртқы келбеттің жеке дара ерекшеліктерімен жүргізіледі.


Емі
Акромегалияның емінің мақсаты: ӨГ автономды гиперпродукциясын ликвидациялау, қанда ИТФ-1 деңгейін қалыптастыру және глюкозотолерантты сынамада (75г глюкоза) ӨГ плазмалық деңгейін 1 нг/мл-ден жоғарылатпау. Көрсетілген критерийлер аурудың ремиссиясына сай келеді. Акромегалияны емдеудің жалпы алгоритмі 2.8 суретте көрсетілген.

  • Акромегалиямен сырқаттанған науқастарда емдеудің таңдау әдісі гипофиз аденомасын транссфеноидальды алып тастау болып табылады. 85 % жағдайда микроаденомаға жасалған операциядан кейін ӨГ мөлшері қалыпты деңгейге оралады. Үлкен емес инкапсулярлы аденомаларға орындалған операциялардан кейін сырқаттың тұрақты ремиссиясы орнайды. Макроаденома кезінде бірінші жасалған операциядан кейін толық сырқаттан айығу тек 30% жағдайда болады. Экстраселлярлы өсуі тән ісіктердің болжамы нашар болады.

  • Соматостатин туындылары (октреотид, ұзақ әсерлі октреотид, ланреотид) науқастардың 50–70 %-да ӨГ мен ИТФ-1 деңгейін қалыптастырады. Гипофиз аденомасының көлемі сирек жағдайда 30–50 % ғана кішірейеді және болмашы ғана.

  • ӨГ рецепторларын бөгеушілер (пегвисомант) эндогенді өсу гормоны рецепторларымен байланысу үшін бәсекелесіп, ИТФ-1 синтезін төмендетеді. Пегвисоманттармен терапия нәтижесінде науқастардың 90 %-да ИТФ-1 деңгейі төмендейді. Қазіргі таңда бұл емдеу түрі басқа емдеу әдістері нәтижесіз болғанда қолданылады.

  • Сәулелік терапияның әсері төмен, сондықтан тек қосымша емдеу әдісі ретінде ғана қолданылады. Перспективті әдіс γ-бөлшектермен қалған ісікті сәулелендіру (гамма-пышақ) болып табылады.



Болжамы
Акромегалиядан дамитын өлім көрсеткіші жалпы халыққа шаққанда 2–4 есе жоғары, ең алдымен жүрек-қантамыр ауруларына байланысты. ИТФ-1 деңгейі қалыптасқанда және СТГ гиперсекрециясы жойылғанда өлім көрсеткіші орташа статистикалық көрсеткіштерге дейін төмендейді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет