Эндокринология


Дәрежесі Сипаттамалары



бет50/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Дәрежесі

Сипаттамалары

0

Жемсау жоқ, ұлғаймаған (без көлемі науқастың басбармағының дистальды фалангасінен үлкен емес).

І

Қалқанша бездің ұлғайған бөліктері пальпацияланады, бірақ бездің өзі мойынның қалыпты қалпында көрінбейді. Бұған бездің ұлғаюына әкелмейтін түйінді түзілістерді де жатқызады.

ІІ

Қалыпты мойын қалпында немесе қарап тексергенде көлемі ұлғайған қалқанша без анықталады.



3.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

Қалқанша без қызметін бағалаудың басты әдісі – ТТГ деңгейін анықтау. Заманауи көзқарас бойынша ҚБ қызметін ТТГ деңгейін анықтамай тұрып, бағалау үлкен қателік. ТТГ деңгейінің жоғарылауы анықталған болса, қосымша Т4 гормонының мөлшерін анықтау тағайындалады, ал ТТГ деңгейі төмендесе - Т4 және Т3 деңгейі зерттеледі (3.6 сурет). Бірден үш гормональды зерттеуді науқасқа тағайындау (ТТГ, Т4 және Т3) артықтау және қымбат зерттеу болып табылады.


Гипофиздің ТТГ өндіруі мен ҚБ Т4 гормонын өндіруі өзара теріс логарифмдік тәуелділікте. Басқаша айтқанда, өте аз мөлшерде тиреоидты гормондардың ауытқуы, ТТГ-ның қарама-қарсы бағытта бірнеше рет өзгеруіне әкеледі.

3.6 сурет. Қалқанша без қызметін бағалау

3.6 сурет
Повышен один из них или оба- Біреуі немесе екеуі де жоғарылаған
Норма- Норма
Снижен- Төмендеген
Субклинический тиреотоксикоз- Субклиникалық тиреотоксикоз
Субклинический гипотиреоз- Субклиникалық гипотиреоз
Манифестный тиреотоксикоз- Манифесті тиреотоксикоз
Манифестный гипотиреоз- Манифесті гипотиреоз

Бұл заңдылық ҚБ қызметінің субклиникалық бұзылыстарының негізінде жатыр, ол дегеніміз тиреоидты гормондардың қалыпты деңгейі бола тұра, ТТГ деңгейінің оқшауланған өзгерісін көрсетеді. Субклиникалық гипотиреоз (ҚБ минимальді жеткіліксізділігі) — Т4 гормонының деңгейі қалыпты, ал ТТГ деңгейі жоғарылаған, ал субклиникалық тиреотоксикоз— Т4 және Т3 гормондарының деңгейі қалыпты, ал ТТГ деңгейі төмендеген. Соңғы жағдайда, яғни Т4 және Т3 гормондарының қалыпты деңгейінде, ТТГ деңгейінің төмендеуі кезінде екі тиреоидты гормонды да анықтау (Т4 және Т3) маңызды, себебі ТТГ төмендеуі Т4-тің қалыпты деңгейде болып, ал Т3-тің (Т3-тиреотоксикоз) жоғарылауымен ұштасуы мүмкін, бұл жағдай жиі егде науқастарда көптүйінді уытты жемсау көрініс бергенде кездеседі. ҚБ қызметінің субклиникалық бұзылыстарын диагностикалауда клиникалық симптомдардың бар, жоғы ешқандай маңыздылыққа ие болмайды: бұл феномендерге тек зертханалық диагностика қағидалары тән. Айқын немесе манифесті гипотиреоз дегеніміз – ТТГ деңгейінің жоғарылап, Т4 деңгейінің төмендеуі, ал айқын немесе манифесті тиреотоксикоз дегеніміз - ТТГ деңгейінің төмендеп, қанда Т4 және Т3 гормондары концентрациясының жоғарылауы (3.6 сурет).


Заманауи гормональды зерттеу әдістері Т4 және Т3 гормондарының жалпы фракциясын (бос гормон+байланысқан) және жеке бос Т4 және Т3 гормондарының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Соңғысы (реанимация бөлімшелеріндегі науқастардан басқа) үлкен диагностикалық маңыздылыққа ие. Біріншіден, бұл әсіресе бос тиреоидты гормондардың биологиялық белсенді болуымен, екіншіден басқа аурулардағыдай байланыстырушы ақуыздар деңгейі ауытқуының олардың концентрациясына әсер етпейтінімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет