3.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
Қалқанша без ауруларымен сырқаттанған науқастарды аспаптық зерттеу әдістеріне УДЗ, сцинтиграфия, пункциялы биопсия, компьютерлік және магниттік-резонансты томография және т.б. әдістер жатады. Қарапайым, ақпаратты, қауіпсіз және инвазивті емес ҚБ зерттеу әдісінің бірі УДЗ болып табылады. УДЗ без бөліктерінің, түйінді түзілістердің өлшемін, эхоқұрылымын нақты анықтауға толық мүмкіндік береді.
3.8 сурет. УДЗ арқылы ҚБ көлемін анықтау. Без көлемі мына формула арқылы анықтайтын бөліктерінің көлеміне тең: АхВхСх 0,49
Ультрадыбысты бақылау ҚБ пункциялы биопсиясының ақпараттылығын арттырады.
Қалқанша безі мен ондағы түйіндердің эхоқұрылымын анықтау, басқа да зерттеу әдістерімен бірге құнды диагностикалық маңыздылыққа ие болады, дегенмен УДЗ өз кезегінде анықталған өзгерістердің морфологиялық құрылымын анықтай алмайды. УДЗ жауап беретін басты сұрағы - без көлемін бағалау. ҚБ бөліктерінің көлемін анықтау үшін оның үш проекциядағы ең үлкен өлшемдерін алады. Алынған нәтижелерді эллипсоидттылық коэффициентіне көбейтеді (0,479) (3.8 сурет).
Ересек әйел адамдарда ҚБ көлемі 18 мл аспайды, ал ер адамдарда— 25 мл. Сонымен, жемсау немесе ҚБ патологиялық ұлғаюы деп УДЗ бойынша без көлемінің әйелдерде 18 мл-ден, ал ер адамдарда 25 мл-ден артық болуын айтамыз (3.2 кесте). Қазіргі кезде өкінішке орай балалардағы ҚБ көлемін бағалау жөніндегі ортақ қағида жоқ. Дегенмен, бағдарлық жас шамалық нормативтерді (қалыптпмаларды) қолдану ыңғайлы. Эпидемиологиялық зерттеулерде балалар денесінің ауданы есептелінетін нормативтер қолданылады.
3.2 кесте. Жасты ескере отырып қалқанша без көлемін бағалау
Егер гормональды зерттеу ҚБ қызметін, пальпация мен УДЗ без құрылымын зерттесе, сцинтиграфия ҚБ морфофункционалды сипаттамасын алуға мүмкіндік береді, соның ішінде негізгі екі параметрді бағалайды: радиофармпрепаратты сіңіруі мен ҚБ бойына таралуы. ҚБ көлемін, құрылымдық өзгерістерін (түйіндерді анықтау), қызметін анықтау үшін сцинтиграфия аз ақпаратты. ҚБ сцинтиграфиясы үшін жиі моновалентті анион, йод секілді органификацияға ұшырамайтын, безбен жақсы сіңірілетін технеция изотопы 99mТс-пертехнетат (99mТс) қолданылады.
Қысқа жартылай ыдырау уақыты 99mТс (6 сағ) мен қалқанша безбен аз сіңірілуі сәулелену мөлшерін азайтады. 99mТс көктамырға енгізіледі және изотопты енгізгеннен кейін зерттеу бірден жүргізіледі. 99mТс –мен сцинтиграфияны жүргізуге басты көрсеткіштер:
Тиреотоксикоздың түрлі патогенетикалық варианттарының салыстырмалы диагностикасы: ҚБ шынайы гиперфункциясы (Грейвс ауруы, ҚБ функционалды автономиясы) және деструктивті тиреотоксикоз (босанудан кейінгі тиреоидит, жасөспірімдік тиреоидит, 2 типті амиодарон-индуцирленген тиреотоксикоз). Бірінші жағдайда сцинтиграфияда 99mТс сіңірілуі жоғары болады (3.9 а сурет), ал екіншісінде — сіңірілуі төмен немесе мүлдем сіңірілмейді (3.9 б сурет);
ҚБ функционалды автономиясының компенсирленген (эутиреоз көрінісінде) және декомпенсирленген (тиреотоксикоз көрінісінде) диагностикасы. Сондықтан зерттеу жиі түйінді және көп түйінді жемсау кезінде тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |