Эндокринология


Дифференциалды диагностикасы



бет63/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Дифференциалды диагностикасы
ГА-ның қалыпты ҚБ қызметімен дамитын симптоматикасы ұқсас аурулармен (атеросклеротикалық кардиосклероз көрінісінде жүрекшелердің жыпылығы) салыстырмалы диагностикасы ҚБ қызметін бағалайтын гормональды зерттеулердің қолжетімді болуына орайы еш қиындықтар туғызбайды. Біраз қиындықтар ГА-ның тиреотоксикозбен дамитын ауруларымен ажырату диагностикасын жүргізгенде дамиды. Бұл кезде диагностикалау барысында басқа ауруларда дамымайтын эндокринді офтальмопатияның болуы үлкен көмек береді.
Жеделдеу тиреоидитте, сонымен қатар деструктивті тиреотоксикозбен дамитын басқа да аурулар (босанудан кейінгі, «үгсіз» және цитокининдуцирлейтін тиреоидит, 2 типті амиодарониндуцирлейтін тиреоидиттер) кезінде ҚБ сцинтиграфиясында радиофарм препараттың сіңірілуінің төмендеуі немесе мүлдем сіңірілмеуі анықталады. Сонымен қатар, жеделдеу тиреоидит айқын клиникалық көрініспен (ауырсыну синдромы) және ЭТЖ жоғарылауымен сипатталады. ҚБ функционалды автономиясы клиникалық жиі егде жаста басталатын көптүйінді уытты жемсаумен көрініс береді (жиі 50–60 жас аралығында); ҚБ сцинтиграфиясында «ыстық» түйіндер анықталады, аутоиммунды патология белгілері болмайды (ТПО-АД, ТГ-АД, ТТГр-АД).
ГА диагностикасы жүкті әйелдерде айтарлықтай қиындықтар тудырады. Қалыпты жағдайда жүктілік кезеңде адамның хорионды гонадотропині деңгейінің жоғарылауына байланысты ҚБ гиперстимуляциясы дамиды, бірқатар әйелдерде (шамамен 30 %) ТТГ деңгейінің нормадан төмендеуі, ал кей әйелдерде (2 %) бұнымен қатар бос Т4 гормонының жоғарылауы анықталады. Бұл жағдайды ГА ажыратуға (транзиторлы гестациялық гипертиреоз) ЭОП-тың және тиреотоксикозға тән белгілердің болмауы, динамикалық бақылау барысында өзгерген көрсеткіштердің біртіндеп қалыптасуы көмек береді. Жүкті әйелдердің барлығында дерлік эстрогеннің әсерінен ТБГ мөлшері артып, жалпы Т4 гормоны қалыптан жоғары болады. Осыған орай, жүктілік кезінде ҚБ қызметін бағалау мақсатында Т4 және ТТГ мөлшерін анықтау қолданылады. Артифициальды (науқастың үлкен дозада тиреоиды гормондар препараттарын қабылдауы) тиреотоксикоздың ГА-мен салыстырғанда айырмашылығы ҚБ гиперфункциясымен дамитын бірқатар ауруларға тән сцинтиграфия нәтижелері бойынша РФП сіңірілуінің төмендеуі және тиреоглобулин деңгейінің артық болмауы болып табылады.


Емі
ГА емдеудің үш түрлі әдісі бар (тиреостатикалық дәрілік заттармен консервативті емдеу, хирургиялық ем және 131I-пен терапия), дегенмен аталған үш әдістің ешқайсысы этиотропты ем болып табылмайды. Түрлі мемлекеттерде аталған емдеу әдістерін қолдану реттілігі әртүрлі. Мысалы, Европа мемлекеттері мен Ресейде біріншілік емдеу әдісі ретінде тиреостатиктермен консервативті терапияны қолданса, АҚШ-та науқастардың басым көпшілігі 131I-пен терапияны қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет