Эндокринология



бет86/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   285
Патогенезі
Деструктивті АИТ-тың барлық түрлерінде бірнеше кезеңдер болады (3.24 сурет). Тиреотоксикалық кезең тироцитке антиденетәуелді комплемент шабуы нәтижесінде қан арнасына тиреоидты гормондардың бөлінуімен сипатталады. ҚБ деструкциясы айқын дамыса, екінші кезең орнайды- бір жылдам астам уақытқа созылатын гипотиреоидты кезең. Уақыт өте ҚБ қызметі қалыптаса бастайды, бірақ бірқатар жағдайларда гипотиреоз тұрақтылық танытады. Деструктивті АИТ-тің барлық үш түрінде үрдіс монофазалық сипатта өту мүмкін (тек тиреотоксикалық немесе тек гипотиреоидты кезең).


Эпидемиологиясы
Босанудан кейінгі тиреоидит босанудан кейінгі кезеңде әйелдердің 5–9%-да дамиды және бұл кезде ол қатаң түрде ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленген. Босанудан кейінгі тиреоидит ТПО-АД тасымалдаушыларының 50%-да көрініс береді және жоғарыда көрсетілгендей жалпы әйелдер ішінде ТПО-АД тасымалдаушыларының таралу жиілігі 10%-ды құрайды. Босанудан кейінгі тиреодит қант диабетінің 1 түрімен сырқаттанған науқастардың 25% көрініс береді.


3.17 кесте. Босанудан кейінгі, ауырсынусыз және цитокин-индуцирлеген тиреоидит



Этиологиясы

Созылмалы АИТ-ке ұқсас. Босанудан кейінгі тиреоидитте— гестациялы супрессиядан кейінгі иммунды жүйенің реактивациясы; цитокин-индуцирлеген тиреоидитте - интерферон препараттарымен терапия

Патогенезі

Антидене тәуелді тироциттерге қарсы комплемент шабуы нәтижесінде деструктивті тиреотоксикозбен сипатталатын олардың бұзылуы дамиды да, бұдан кейін транзиторды гипотиреоидты фаза көрініс береді.

Эпидемиологиясы

Босанудан кейінгі тиреоидит барлық әйелдердің 5%-да және ТПО-АД тасымалдаушыларының 50%-да көрініс береді. Цитокин-индуцирлеген тиреоидит интерферонмен терапия қабылдайтын ТПО-АД тасымалдаушыларының 20%-да анықталады

Басты клиникалық көріністері

Тиреотоксикоз бен гипотиреоз кезінде бейспецификалық щағымдар дамиды, сирек- ҚБ қызметі бұзылыстарының айқын ашылған клиникалық көрінісі. Босанудан кейінгі тиреоидитте- босанудан 14 аптадан кейін деструктивті тиреоидит дамиды; транзиторлы гипотиреоз- босанудан 19 аптадан кейін анықталады

Диагностикасы

Жақын аралықтаңы босану (түсіктер), интерферон препараттарымен терапия. ҚБ қызметінің бұзылуы. Тиреотоксикалық фазада ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтері бойынша 99mTc қармауы төмендейді

Салыстырмалы диагностикасы

Тиреотоксикалық кезеңде — Грейвс ауруы; ал гипотиреоидты кезеңде — созылмалы АИТ соңында дамитын тұрақты гипотиреоз

Емі

Тиреотоксикалық кезеңде- β-дреноблокаторлар, ал гипотиреоидты кезеңде — L-T4-пен орынбасушы терапия, бір жылдан кейін қабылдауды тоқтатады

Болжамы

Қайта босанудан кейінгі тиреоидиттің даму қаупі — 70 %; босанудан кейінгі тиреоидитпен сырқаттанған науқастардың 30%-да тұрақты гипотиреозға айналатын созылмалы АИТ көрініс береді

Ауырсынусыз («үнсіз») тиреоидиттің таралуы жөнінде мәліметтер белгісіз. Босанудан кейінгі тиреоидит секілді ол ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленген, ағымы қатерсіз болғандықтан жиі анықталмайды. Цитокин-индуцирлеген тиреоидит жоғарыда айтылғандай жиі әйел адамдарда дамиды (4 есе жоғары) және ТПО-АД тасымалдаушылығымен ассоцирленеді. Интерферон препараттарын қабылдайтын ТПО-АД тасымалдаушыларында оның даму қаупі 20%-ды құрайды. Қабылдай бастаған уақыт, ұзақтығы мен интерферонмен емдеу схемасының арасындағы тәуелділік анықталмаған. Соған қарағанда цитокин индуцирлеген тиреоидиттің ағымына интерферонмен терапияны тоқтату еш әсер етпейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет