Эндокринология



бет93/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   285
ЭУТИРЕОИДТЫ ЖЕМСАУ
Түйінді жемсау — пальпация және аспаптық зерттеу әдістері (УДЗ) арқылы анықталатын, ҚБ түрлі морфологиялық көлемді түзілістерін біріктіретін жалпылама клиникалық ұғым. «Көптүйінді жемсау» терминін ҚБ екі немесе одан да көп түйінді түзілістерді анықтау барысында қолданады. «Түйінді (көптүйінді) жемсау» клиникалық ұғымы жиі келесі нозологиялық (морфологиялық) түрлерді біріктіреді:
— түрлі дәрежеде пролифирлеуші түйінді коллоидты жемсау;
— фолликулярлы аденомалар;
— ҚБ-дің қатерлі ісіктері (3.11 бөлімді қараңыз).

Сонымен қатар, жалған түйіндердің (қабынулық инфильтрат және басқа түйін тәрізді өзгерістер) түзілуі созылмалы АИТ, жеделдеу тиреоидит және ҚБ-дің бірқатар ауруларында болады. Түйін түзілумен өтетін көптеген ҚБ ауруларында кистозды түзілімдер анықталуы мүмкін, ал ҚБ шынайы кисталары күнделікті тәжірибеде мүлдем кездеспейді. Көптүйінді жемсау морфологиясы бойынша түрліше ҚБ ауруларында көрініс беруі мүмкін, мысалы бір түйінді — аденома, басқа — коллоидты жемсау. Түйінді (көптүйінді) жемсау ҚБ-дің кең таралған патологиясына жатады, соның ішінде жиі ҚБ түйінді түзілісі (шамамен 90%) түйінді коллоидты пролифирлеуші жемсау түрінде кездеседі, ол ҚБ ісігі болып табылмайды (3.20кесте).




Этиологиясы
ҚБ ісіктерінің этиологиясы әлі күнге дейін белгісіз. Жиі уытты аденомалар ТТГ рецепторларына және аденилатциклаза каскадының G-ақуызының α-субъбірлігіне жауапты ген мутациясымен түсіндіріледі (3.9.2.2 бөлімді қараңыз). Бірқатар тұқымқуалаушы және соматикалық мутациялар ҚБ ісігі кезінде, соның ішінде медуллярлы ракта жиі анықталады (3.11 бөлімді қараңыз). Түйінді коллоидты пролифирлеуші жемсаудың даму себебі белгісіз. Оның жас шамасына қарай таралуын ескерер болсақ, яғни егде жастағы науқастарда аутопсия мәліметтері бойынша 40–60% ие болады, сондықтан түйінді коллоидты жемсау ҚБ жасқа байланысты трансформациясы ретінде қарастырылады. Коллоидты жемсаудың дамуына йод тапшылығы әкелуі мүмкін, бірақ оған қарамастан ол қалыпты мөлшерде йод қабылдайтын аймақтарда да таралады. Коллоидты пролифирлеуші жемсау ҚБ-ді түшел қамтитын патология болып табылады, өйткені солитарлы түйіндер бұрын да анықталған науқастарда жаңа түйіндердің дамуы 50–80%-ды құрайды. Йод тапшы аймақтарда түйінді (көптүйінді) жемсау кезінде тиреотоксикоз дамып, ҚБ-дің функциональды автономиясы қалыптасуы мүмкін (3.9.2.2 бөлімді қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет