Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет91/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   285
Салыстырмалы диагностикасы
ҚБ гиперфункциясы нәтижесінде тиреотоксикозға әкелген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі (Грейвс ауруы, көптүйінді уытты жемсау); жеделдеу тиреоидит кезінде сцинтиграфия мәліметтері бойынша 99mTc сіңірілуі төмендейді, эндокринді офтальмопатия болмайды. Өте сирек кездесетін жедел іріңді тиреоидит кезінде мойындағы ауырсыну сезімімен бірге лейкоцитоз анықталып, тиреотоксикоз болмайды, УДЗ мәліметтері бойынша сұйыққа толы қуыс (абсцесс) анықталады, пункциялы биопсия орындалғанда іріңді сұйықтық алынады. Крайль тесті тәжірибе жүзінде тек жеделдеу тиреоидит кезінде ғана оң нәтижелі болып табылады.


Емі
Жеңіл жеделдеу тиреоидит кезінде мойын аймағында ауырсыну сезімі әлсіз, интоксикация болмайды, сондықтан емдік шаралар жүргізілмесе де сырқат өздігінен жоғалады. Жеңіл ауырсыну сезімі синдромы кезінде стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тағайындауға болады (аспирин — 300–600 мг әрбір 6 сағат сайын). Айқын ауырсыну сезімі болғанда тәуліктік мөлшері 30 мг преднизолон тағайындалады, сырқаттың ауырлығына байланысты 2–3 ай көлемінде біртіндеп азайтып тоқтатады. Кейде емдік шаралар аяқталғаннан кейін немесе бірнеше айлардан кейін ауру қайталануы мүмкін. Емі жоғарыда көрсетілгендей жүргізіледі. Өте сирек жағдайда көрініс беретін транзиторлы гипотиреозбен сипатталатын жеделдеу тиреоидит кезінде уақытша левотироксинмен орынбасушылық терапия қолданылады.


Болжамы
Жалпы алғанда жеделдеу тиреоидит өздігінен жазылады, тіпті бір себеппен ем жүргізілмесе де жеделдеу тиреоидит біртіндеп толық сауығумен аяқталады. Көптеген жағдайларда жеделдеу тиреоидит қайталанбайды және толық сауығумен аяқталады.


3.7.3. Сирек кездесетін тиреоидиттер
Сирек кездесетін тиреоидиттерге жедел іріңді тиреоидит, фиброздаушы Ридель тиреоидиті, сонымен бірге спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.) жатады. Олардың ішінде кейбір түрлері казуистикалық сирек көрініс береді (3.19 кесте).


3.19 кесте. Сирек кездесетін тиреоидиттер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет