Эндокринология



бет95/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   285
Патогенезі
ҚБ-дің қатерлі ісіктері кезінде түйінді түзетін ісік жасушаларының белсенді пролиферациясы дамиды. Фолликулярлы аденома жиі А-жасушаларынан дамитын, фолиикулярлы эпителийдің қатерсіз ісігі. Фолликулярлы аденома трабекулярлы (эмбриональды), микрофолликулярлы (фетальды), макрофолликулярлы (қарапайым). Аденома жиі В-жасушалардан дамиды (онкоцитома). Фолликулярлы аденоманың үлкен көлемдерге дейін өсуі компрессиоялы синдромның дамуына әкеледі. Ол қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін, оның оперативті емдеуге көрсеткіші ҚБ-дің жоғары сараланған ҚБ рагымен салыстырмалы диагностикасының қиындығымен айнықталады.
Жиі дамитын түйінді коллоидты түрлі дәрежеде пролифирлеуші жемсау ісікті үрдіс болып табылады. Цитологиялық зерттеу бойынша ол құрылымы жағынан диффузды эутиреоидты (эндемиялық) жемсаудан ерекшеленбейді (3.9.2.1 б. қараңыз); ал гистологиялық зерттеу мәліметтері бойынша оның ерекшелігі капсуласының болуында. Оның патогенезінің басты тармағы фолликулалар қуысында коллоидтың жиналуы, тироциттер пролиферациясы болып табылады. Соңғысына полифокальды сипат тән, нәтижесінде жемсаулық өзгерістер түйін сыртында дамуы мүмкін, бұл ҚБ-бен сырқаттанған науқастарда солитарлы жаңа түйіндердің даму мүмкіндігін жоғарылатады. Түйінді коллоидты пролифирлеуші жемсаудың патологиялық маңыздылығы анықталады:
• көрші мүшелерді жаншуға немесе косметикалық ақаудың дамуына әкелетін ҚБ көлемінің едәуір ұлғаюының салыстырмалы түрде жоғары емес қаупі;
• йод тапшы аймақтарда ҚБ-дің функциональды автономиясы және тиреотоксикоздың даму қаупінің жоғары болуымен (3.9.2.2 бөлімді қараңыз).


Эпидемиологиясы
Пальпация барысында жалпы популяцияның 5%-да анықталады, УДЗ бойынша түйінді жемсаудың халық арасында таралуы 50%-ға жетеді. Жас ұлғая таралу жиілігі арта бастайды; әйел адамдарда 5 есе немесе одан да артық. Пальпацияланатын жаңа түйінді анықтау жағдайлары жылына популяцияда шамамен 0,1%-ды құрайды. Түйінді жемсаудың құрылымда: коллоидты пролиферациялаушы жемсау — 85–90%, ҚД аденомалары — 5–8 %; қатерлі ісіктер — 1–5%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет