Эндокринология



бет123/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

4.6 сурет. Қалыпты жағдайдағы бүйрек үсті безінің компьютерлі томограммасы
Феохромоцитоманың топикалық диагностикасында аса маңызды ақпаратты 123I-метайодбензилгуанидинмен (13II-МЙБГ) сцинтиграфия береді. Біріншілік гиперальдостеронизмнің диагностикасында бірқатар жағдайларда зақымдануды латерализациялау мақсатында бүйрек үсті безі көктамырынан селективті қан алумен ангиографиялық зерттеу жүргізу қажет.






4.7 сурет
Правая почка- Оң жақ бүрек
Левая ножка диафрагмы- Диафрагманың сол аяқшасы
Аорта- Қолқа



4.7 сурет. Бүйрек үсті безінің компьютерлік немесе магнитті-резонансті томограммасының сызбалық кескіні


4.3. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
Гипер- және гипофункция жағдайларынан басқа, бүйрек үсті безі қыртысының патологиясында, басқа ішкі секреция бездерінен айырмашылығы, мұнда ағза дисфункциясымен сипатталатын жеке аурулар тобы ажыратылады. Бүйрек үсті безі дисфункциясы кезінде бір гормонның артық өндірілуі және басқаларының тапшылығы көрініс береді. Бүйрек үсті безі аурулары ағзаның функционалдық жағдайына негізделе отырып жіктеледі: гиперфункция, гипофункция, дисфункция (4.2 кесте).


4.2 кесте. Бүйрек үсті безі ауруларының жіктемесі



Гиперкортицизм

1. Кушинг ауруы мен синдромы
2. Біріншілік гиперальдостеронизм
3. Андростерома (вирилизациялаушы ісік)
4. Кортикоэстрома (феминизациялаушы ісік)
5. Аралас ісіктер (бірнеше гормондардың гиперпродукциясы)

Гипокортицизм



1. Біріншілік гипокортицизм
2. Екіншілік гипокортицизм

Бүйрек үсті безі қыртысының дисфункциясы

1. StAR-протеиннің тапшылығы (бүйрек үсті безінің липоидты гиперплазиясы, Прадер синдромы)
2.З β-гидроксистероиддегидрогеназа тапшылығы
3. Р450с17 тапшылығы
4. Р450с21 тапшылығы
5. Р450с11 тапшылығы



Эукортицизм



Бүйрек үсті безінің гормональды белсенді емес ісіктері (қатерлі, қатерсіз)

Бүйрек үсті безі милы затының патологиясы

Феохромоцитома (қатерлі, қатерсіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет