Эндокринология



бет122/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Гормон

Артық болуы

Жетіспеуі

Кортизол

Үлкен және кіші дексаметазон сынақтары

АКТГ-мен сынақ, инсулинді гипогликемиямен сынақ

Альдостерон

Альдостерон мен рениннің базальды деңгейі, ортостатикалық (марштық) сынақ

Альдостерон мен рениннің базальды деңгейі

Бүйрек үсті безі андрогендері

ДЭА (ДАЭ-С), 17-гидроксипрогестеоның базальды деңгейі, АКТГ-мен сынақ

Клиникалық маңыздылығы жоқ

Катехоламиндер

Қан мен несепте метанефриндер, несеппен ванилилминдаль қышқылының экскрециясы

Клиникалық маңыздылығы жоқ

Егер кортикостероидтар мен катехоламиндер in vitro тұрақты қосылыстар болса, ал АКТГ және ренин қанның формалық элементтерін гемолиздеуші ферменттері әсерінен жылдам ыдырауға ұшырайды. Жоғарыда аталған гормондар деңгейі жөнінде нақты мәлімет алу үшін науқастан қан алғанда, оны антикоагулянты бар түтікке жинап, кейін жылдам плазмадан бөлу қажет.


Гормональды зерттеу әдістерінен басқа электролиттер деңгейін зерттеу диагностика үшін өте маңызды. Себебі, гиперкортизолизм мен гиперальдостеронизмге гипокалиемия және гипернатриемия, ал гипокортицизмге — гиперкалиемия мен гипонатриемия тән. Гемолиздің қанда калий деңгейін жоғарылатуға септігін тигізетінін естен шығармаған жөн.


4.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
Бүйрек үсті безін визуализациялау үшін КТ және МРТ қолданылады. Бүйрек үсті безі ауруларын диагностикалауда аталған екі аспаптық зерттеу әдісінің ақпараттылығы бірдей. КТ-нің артықшылығы- бағасының арзандылығында. Бүйрек үсті безінің жоғары полюсі томографиялық кесіндіде XI-XII кеуде омыртқасына сәйкес келеді, жиі төменгі қуыс көктамырының артында үлкен емес жолақ ретінде көрінеді. Оның сол жағында диафрагманыңы оң жақ аяқшасы мен қолқаның құрсақтық бөлімінің диафрагмаішілік бөлігі жатыр. Оң жағында бауырдың оң жақ бөлігі орналасқан. Сол жақ бүйрек үсті безі «Y» әріпі немесе үшбұрыш пішіні түрінде көрініп, сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінен медиальды, алға қарай орналасады. Сол жақ бүйрек үсті безінің алдында, ұйқыбезі құйрығының артында көкбауыр артериясы жатыр. КТ мен МРТ кезінде бүйрек үсті безінің қыртысты және милы заты ажыратылмайды. Екі әдіс те бүйрек үсті безінің көлемін, онда дамыған патологиялық түзілістерді анықтауға, олардың көлемі мен пішінін бағалауға мүмкіндік береді (4.6 және 4.7сурет).
Ең бірінші бүйрек үсті безінің визуализациясы гиперкортицизммен сипатталатын ауруларға қажет. Бүйрек үсті безінің қатерлі ісіктерінің дамуына күмән туғанда, бүйрек үсті безінің көрші тіндермен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін МРТ зерттеу әдісін жүргізген орынды. УДЗ барысында диаметрі 3 см болатын ірі ісіктерден басқа жағдайда, бүйрек үсті безі нашар визуализацияланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет