Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет259/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Салыстырмалы диагностикасы
Ашығулық гипогликемия көп жағдайда органикалық патологиямен байланысты дамиды, яғни АІЖ мен вегетативті жүйке жүйесінің постпрандиальды-функционалды бұзылыстары.


Ашығулық гипогликемия



  1. ҰБ аралшықтарының β жасушаларының диффузды гиперплазиясы

(Лангерганс аралшықтарының незидиобластозы және микроаденоматозы) — белгісіз этиологиялы β-жасушаларына түтікті эпителий трансформациясымен сипатталатын аралшық жасушаларының диссеминирленген пролиферациясы. Клиникалық түрде инсулинома тәрізді өтеді. Ем ретінде ұйқыбездің үлкен бөлігін алып тастау қолданылады (90 %).

  1. Уытты гипогликемия (инсулин, сульфонилмочевина дәрілері,

алкоголь, пентамидин, хинин, салицилаттар және т.б.). Инсулиннің енгізуінен дамитын артифициальды гипогликемияға С-пептид деңгейінің төмендеуі тән. Сульфонилмочевина дәрілерін қабылдағаннан кейін дамитын артифициальды гипогликемия синдромын анықтау өте қиын, себебі бұл кезде С–пептид мөлшері жоғары болады. Мұндай жағдайда несепте сульфонилмочевина дәрілерінің метаболиттері анықталады.

  1. Ауыр ағзалық жеткіліксіздік (бауыр, жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі,

сепсис).

  1. Ірі β-жасушалық емес ісіктер (бауыр, бүйрек үсті безі қыртысты

затының ісіктері, мезенхимомалар).

  1. Постпрандиальды гипогликемиялық синдром: асқазан-ішек жолдарына

орындалған операциядан кейін (демпинг-синдром); идиопатикалық постпрандиальды гипогликемия қандайда бір себептердің дамуынсыз көрініс береді, диагностикасы мен емі аса қиын.


Емі
Хиругиялық: ісіктің энуклеациясы, ісікпен бірге ұйқыбез бөлігін резекциялау. Операция орындалмайтын ісіктерге диазоксид, химиотерапия (стрептозоцин) тағайындалады, себебі ол ұйқыбездің β-жасушаларына селективті уытты әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет