Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады), жиі ұйқыбездің құйрық бөлігінде локализацияланады және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады
Патогенезі Оның патогенезі негізінде глюкагонның артық өндірілуі мен ісіктік өршу жатыр. Глюкагонның шектен тыс көп болуы көмірсу алмасуымен байланысты (бауырлық глюконеогенездің және гликолиздің күшеюі), ал амин қышқылы алмасуы бұзылғанда тері жағынан көптеген өзгерістер дамиды. І типті көптеген эндокринді неоплазия шеңберінде кездеседі.