Салыстырмалыдиагностикасы Секреторлы диареяның басқадай себептері (ішек инфекциялары, виллезді аденома, қалқанша бездің медуллярлы рагы, жүйелік мастоцитоз және т.б.).
Емі Радикалды оперативті ем әдетте мүмкін емес. Ісікке қарсы диареяны қатар тоқтататын таңдау препараты болып октреотид табылады.
Болжамы Көптеген жағдайда нашар.
9.7. КАРЦИНОИДТЫ СИНДРОМ Карциноидты синдром —энтерохромаффиндік жасушалардан дамитын гормонөндіруші ісіктің өсуімен сипатталатын симптокешен. Карциноид ұғымы карционоидты синдромды шақыратын ісік деп ұғуға болады (9.7кесте).
Этиологиясы Гистологиялық құрылым бойынша гормон өндіру мен қатерлік дәрежесі жағынан карционоидты ісіктер локализациясына тәуелді ауытқиды. Карционоидты ісіктер біріншілік эмбрионалды ішектің бөлімдеріне қарай алдынғы, ортаңғы, артқы деп жіктеледі (кесте 9.8). Карциноидты ісіктердің 90 %-ын ішектің карциноидты ісіктері аладын. Ішектік карционоид жиі мықын ішектің терминальді бөлігінде, құрт тәрізді өсіндіде, тік ішекте орналасады.
Патогенезі Карциноидты синдромның басым симптомдары ісіктік серотонин, кинин, гистамин, катехоламин және простагландиндерді гиперөндіруімен түсіндіріледі. Карциноидты синдромның басты биохимиялық маркері болып серотонин табылады. Ішектің алдыңғы бөлігінен дамитын ісіктер (бронхтар, асқазан) серотонин емес, 5-гидрокситриптофан өндіреді. Биогенді аминдерің басты метаболиті болып 5-гидроксииндсірке қышқылы (5-ГИСҚ) табылады. Карциноидты синдромның басқа түрлерінің даму патогенезі төмендегі 9.9 кестеде көрсетілген.