Эндокринология



бет266/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

9.8 кесте. Карциноидты ісіктердің жіктемесі



Біріншілік ішек бөліктері

Ісіктің локализациясы

Өндіретін гормондары

Симптоматикасы

Алдыңғы ішектік карционоид

Респираторлы жүйе

5-гидрокситриптофан, аденогипофиз гормондары, нейропептидтері.

Карциноидты синдром, Кушинг синдромы.

Асқазан, ұлтабар

Асқазан-ішек пептидтері, серотонин, гистамин.

Карциноидты синдром, тұз қышқылы гиперсекрециясы, диарея, диабет,Кушинг синдромы.

Ортаңғы ішектік карциноид

Жіңішке ішек, құр тәрізді өсінді, тоқ ішектің оң жақ бөлігі.

Серотонин, тахикинин тобына жататын пептидтер.

Карционоидты синдром, гормональді белсенді емес ісіктер.

Артқы ішектік карциноид

Тоқ ішектің сол жақ бөлігі, тік ішек.

Асқазан-ішек пептидтері.

Гормональді белсенді емес ісіктер.



9.9 кесте. Карциноидты синдромның клиникалық көріністерінің жеке патогенезі



Ісік секрециясының өнімі

Симптомдары

Серотонин, брадикинин, тахикининдер

Диарея, іш аймағында дамитын ұстама тәрізді ауыру сезімі, лоқсу, құсу.
Жайылған фиброз (эндокард, шажырқай, ретроперитонеальді шелмай).
Бронхоконстрикция

Гистамин, катехоламиндер, простагландиндер



Қызу толқындары, тахикардия, гипотензия, симпатоадреналды симптоматика

Ішек карционоиды кезіндегі карционоидты синдромның жайылған симптоматикасы ісіктің үрдістің соңғы сатысы мен бауырға метастащ беруіне сәйкес келеді. Біріншілік ісік көлемі, әдетте үлкен болмайды, ісік секрециялайтын өнімдер бауырға барып, толығымен инактивтеледі. Бауырдың кең көлемдегі ісік секрециясына күші жетпегенде, оның өнімдері жүйелік қанайналымға түсіп, карционоидты синдромның симптоматикасы сол кезде ғана жарыққа шыға бастайды. Міне, осылай ішектік карциноид кезінде бауырдың оң жақ бөлігінің зақымдалуы түсіндіріледі, яғни зақымдалған бауырдан қан төменгі қуыс көктамыр арқылы оң жақ жүрек бөліктеріне түседі. Ішектен тыс карционоидтың ішектік карциноидтан айырмашылығы ісіктік секреция өнімдері портальді жүйеге емес, жүйелік қанайналымға тікелей түседі. Сонымен, карционоидты синдром симптоматикасы бұл жағдайда радикальді операция мүмкін болғанда ісіктік үрдістің ерте сатыларында көрініс беруі мүмкін.




Эпидемиологиясы
Карциноидты ісіктің жаңа жағдайлар жиілігі жылына 1:100000 құрайды. Жіңішке ішек карциноидының орташа манифестациялау жасы 50–60 жас аралығында; әйел адамдар мен ер адамдарда бірдей жиілікте көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет