. Фашизм – ХХ ғасырдағы көбінде европалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүние жүзінің халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыпшылары болды. Әрбір елде фашистік қозғалыс өзіндік ерекшеліктерімен айқындалды. Германия фашизмі немесе нацизмінің де біраз ерекшеліктері бар. Мұнда ұлтшылдық шегіне жетіп, нәсілдік формаға ие болған. Нацистердің көзқарасынша адамзат баласының тарихы әр түрлі ұлттардың немесе нәсілдердің өмір сүруі үшін күресі. Осы күресте күштілер жеңеді, жеңілгендер иә бағынады, иә қырылады. Олар өмір сүруге ең қабілетті нәсіл деп немістер жататын «ариилік», «нордилік» нәсілді есептеді. Фашистердің ойынша олардың тарихи миссиясы дүниежүзілік үстемдікті жаулап алу. Ол үшін Версаль бітімшартын жою, барлық немістерді бір мемлекетке біріктіру және Шығыста Германия үшін оған ешқашан блокада қаупі болмайтын «өмір сүру кеңістігін» жаулап алу керек болды. Германия дүниежүзілік үстемдік үшін шешуші шайқасқа дайындалуды бастады. Шектен шыққан ұлтшылдық шектен тыс жүгенсіздік туғызды. Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Сылтау ретінде рейхстагты жағу қолданылды. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашық террор ұйымдастырды. Гитлер Гинденбургқа азаматтардың негізгі құқықтарын жоятын және жазалаушы органдарға шексіз өкілеттілік беретін «халық мемлекетті күзету туралы» арнайы қарарға қол қойғызды.