. Веймар Республикасы конституциясы негізіне алынған билікті бөлу принципі лақтырылды. Заң шығару функциясы үкіметке берілді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болған соң Гитлерге президент өкілеттілігі де берілді. Осылайша Германиядағы барлық билік Германияның «көсемі», «фюрері» атанған Гитлердің қолына топтасты. Жергілікті басқару органдары жойылған әкімшілік реформасы жүргізілді. Барлық жерде билік жоғарыдан тағайындалған шенеуніктердің қолына көшті. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің жазалаушы органдарының ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемлекеттік аппараттың зорлық-зомбылығының бір бөлігіне айналды. Елде құпия полиция (гестапо) құрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлық жерінде режимге қарсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлық саяси құқықтары – сөз, жиналыс бостандығы, хат алмасу құпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды. Фашизм адам ақылына да бақылау орнатуға тырысты. Көпшілік хабар құралдары – радио, баспасөз насихат министрі Йозеф Геббельске тікелей бағынды. Өнер де нацистерге қызмет етті: суретшілер, ақындар, композиторлар өз шығармаларында Гитлерді мақтап, арий нәсілі мен жаңа тәртіптердің артықшылығын дәріптеді. Германияның ұлылығын орасан зор, циклоптық сәулет құрылыстары бейнеледі. Нацистік ұйымдар халықты алақанында ұстады, бітпейтін саяси компанияларға тартылды.