Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады. Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды. Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық- тотаритарлық үлгісімен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тотаритарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда(нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашисттік режимдер болды.
Тотаритарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тотаритарлық» ұғымы жиырмасыншы-отызыншы жылдары КСРО-да қалыптасқан әкімгершілік-дәміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тотаритарлық жүйелерге азаматтық қоғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғарғы нәрсе мемлекет.[41] Оның алдында жеке адамдармен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рол атқарады». Тоталитаризм-либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.