53
П-I класты аймақтар – тұтану температурасы 61°С жоғары жанғыш
сұйықтықтар айналатын үй-жайларда орналасқан аймақтар.
П-II класты аймақтар - ауа көлеміне 65 г/м
3
артық
тұтанудың төменгі
концентрациялық шегі бар жанғыш шаң немесе талшықтар бөлінетін үй-
жайларда орналасқан аймақтар.
П-ІІ а класының аймақтары – қатты жанғыш заттар айналатын үй-
жайларда орналасқан аймақтар.
П-III класты аймақтар – тұтану температурасы 61 °С жоғары жанғыш
сұйықтықтар немесе қатты жанғыш заттар айналатын аймақтың үй-жайынан
тыс орналасқан.
Жарылыс қаупі бар аймақтар.
B-I класты аймақтар - жанғыш газдар немесе жеңіл тұтанатын
сұйықтықтардың (ЖТС) буы бөлінетін үй-жайларда орналасқан аймақтар,
олар жұмыстың қалыпты режимі кезінде ауамен жарылыс қауіпті қоспаларды
туындыру мүмкін.
В-I a класының аймақтары - қалыпты пайдалану кезінде жанғыш
газдардың (тұтанудың төменгі концентрациялық шегіне қарамастан) немесе
ауамен ЖТС буларының жарылыс қауіпті қоспалары туындамайтын, тек апат
немесе ақаулар нәтижесінде ғана мүмкін болатын үй-жайларда
орналасқан
аймақтар.
B-І б класты аймақтары - қалыпты пайдалану кезінде жанғыш газдардың
немесе ЖТС буларының ауамен жарылу қаупі бар қоспалары туындамайтын,
тек апат немесе ақаулар нәтижесінде ғана мүмкін үй-жайларда орналасқан
аймақтар, бұл ретте жарылыс қаупі бар қоспалар тұтанудың жоғары
концентрациялық шегімен және өткір иіспен ерекшеленеді.
В-І г класының аймақтары - сыртқы қондырғылардың: құрамында
жанғыш газдар немесе ЖТС бар технологиялық қондырғылардың (сыртқы
аммиакты компрессорлық қондырғыларды қоспағанда), ЖТС немесе жанғыш
газдары бар жер үсті және жер асты резервуарларының (газгольдерлер), ЖТС
төгуге және құюға арналған эстакадалардың, ашық мұнай аулағыштардың,
қалқымалы мұнай пленкасы бар тұндырғыш тоғандардың және т. б.
кеңістіктері.
B-II класты аймақтар - қалыпты жұмыс режимі кезінде (мысалы,
технологиялық аппараттарды тиеу және түсіру кезінде) ауамен жарылыс қаупі
бар қоспаларын туындыратын қабілетті мөлшелері
мен қасиеттері бар
жанатын шаң немесе талшық шығатын үй-жайларда орналасқан аймақтар.
В-ІІ а класты аймақтар - қауіпті жай-күйі қалыпты пайдалану кезінде
орын алмаған, тек апат немесе ақаулар салдарынан болуы мүмкін үй-жайларда
орналасқан аймақтар.
Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда электр қондырғыларын
пайдалануы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану қағидалары
және Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі ҚТҚ
талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
54
Трансформаторларды, аккумуляторларды және жарылыстан қорғау
құралдары жоқ басқа да көздерді қоректендіру кезінде оларды жарылыс қаупі
бар аймақтан тыс орналастыру керек.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда жарылыс қорғанысы бойынша таңбасы
жоқ электр жабдығын орнатуға тыйым салынады.
Жарылыс қаупі бар үй-жайлар мен сыртқы объектілерде токтың барлық
кернеулерінде электр қондырғыларын, сондай-ақ
металл конструкцияларда
бекітілген электр жабдықтарын жерге қосу қажет.
Жерге тұйықтауға немесе нөлдеуге жататын электр қондырғыларының
әрбір бөлігі жеке тармақтаудың көмегімен жерге тұйықтау немесе нөлдеу
желісіне қосылуы тиіс. Электр қондырғының жерлендіретін немесе
нөлденетін бөліктерін жерлендіруші немесе қорғаныстық өткізгішке тізбектеп
қосуға жол берілмейді.
Жерге тұйықтау құрылғылары ретінде металл және темір-бетон
конструкцияларын пайдаланған кезде осы конструкциялардың барлық металл
элементтері үздіксіз электр тізбегін құрай отырып, өзара жалғануы тиіс, темір-
бетон элементтердің жерге тұйықтау немесе нөлдік
қорғаныс өткізгіштерін
дәнекерлеу арқылы қосу үшін металл шығармалары болуы тиіс.
Технологиялық конструкцияларды жерлендіруші және нөлдік қорғаныс
өткізгіштері ретінде пайдалану кезінде олардың арасындағы маңдайшада,
сондай-ақ өткізгіштердің қосылатын және тармақталатын жерлерінде жасыл
фон бойынша кемінде екі сары түсті жолақтар салынуы тиіс.
Қажет болған жағдайда бұйымдар сигнализациямен, жазулармен және
тақтайшалармен жабдықталуы тиіс.
Жерлндіруші бұрандамасы (винт, шпилька) мен әрбір жанасуға қол
жетімді бұйымның металл бөлігі арасындағы кедергі мәні 0,1 Ом аспауы тиіс.
Жерлендіргіш және жерлендіруші
сымдары ретінде жанғыш
сұйықтықтары бар технологиялық құбырларды, сондай-ақ коррозиядан қорғау
үшін оқшауланған құбырларды пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпорында ішкі және сыртқы (соның ішінде күзет) жарықтандыру
қарастырылуы керек.
Күзеттік жарықтандыру сыртқы жарықтандыру желісінен бөлек
қарастырылуы тиіс.
I және II санаттағы мұнай базаларында, азық-түлік сорғы алаңы 250 м
2
астам үй-жайларда, сондай-ақ операторлар мен диспетчерлерге арналған үй-
жайларда авариялық жарықтандыру қарастырылуы керек.
Жергілікті жарықтандыру үшін жарылыс қаупі бар үй-жайларда және
сыртқы қондырғыларда жөндеу және тексеру кезінде кернеуі 12 В аспайтын,
жарылыстан қорғау деңгейі жарылыс қаупі бар аймақтың класына және
жарылыстан қорғау түріне сәйкес шамдарды қолдану қажет.
Жарылыстан қорғау белгілері, пломбалары немесе конструкцияда
көзделген жекелеген бөлшектері жоқ жарылыстан
қорғалған шамдарды
жарылыс қаупі бар үй-жайларда пайдалануға жол берілмейді.
55
Жарылыстан қорғалған қол шамшырақтары жауапты адамдарда
сақталуы тиіс; оларды жарамды күйде және тек жұмыстарды орындау кезінде
ғана беру керек.
Жұмыс аяқталғаннан кейін шам тазаланып, тиісті ресімдеумен жауапты
адамға қайтарылуы тиіс.
Жарылыстан қорғалған шамдарға профилактикалық қызмет көрсетуді
(шамдарды ауыстыру, аккумуляторларды зарядтау немесе ауыстыру) тиісті
біліктілігі, жұмысқа рұқсаты бар және кәсіпорын бойынша өкіммен
тағайындалған қызметкер орындауы тиіс.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда жарылыстан
қорғалған жабдықты
жөндеу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Шахталар мен кеніштерге арналған кеніш электр жабдығы жарылыстан
қорғау деңгейлері мен түрлері бойынша жіктеледі. Жарылыстан қорғау
деңгейі жарылыстан қорғау дәрежесін және электр жабдығын қолдану
саласын анықтайды. Жарылыстан қорғау түрі қоршаған жарылыс қаупі бар
ортаның тұтануын болдырмау немесе қиындату және жарылыстан қорғаудың
талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі сұлбалық және
конструктивтік шаралар жиынтығын сипаттайды.
Жарылыстан қорғау деңгейі бойынша кеніш
электр жабдығының төрт
орындалуы бар: кеніш қалыпты (PH), жарылысқа қарсы кеніштік сенімділігі
жоғары (РП), кеніштік жарылысқа қауіпсіз (РВ), кеніштік жарылысқа ерекше
қауіпсіз (РО).
Достарыңызбен бөлісу: