Энергетикасы



бет9/12
Дата15.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#123922
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс №6

Электр энергиясы электрхимиялық (ерітінділер мен балқымалардың электролизі), электртермиялық (қыздыру, балқыту, возгонка, жоғары температуралық синтездер жəне т.б.) үдерістерді жүргізумен қатар, механикалық энергияға айналдыруға, материалдарды тасымалдауға, бөлшектеуге, ұнтақтауға, газдарды сығуға жəне т.б. қолданылады.
Жылу энергиясы химия өндірісінде əртүрлі физикалық үдерістерді (балқыту, құрғату, дистилляция, химиялық реакцияларды жүргізуге жəне т.б.) іске асыру үшін қолданылады.
Химиялық энергия гальваникалық элементтерде жəне аккумуляторларда электр энергиясына түрлендіру үшін қолданылады. Химиялық энергияның болашақта маңызы ерекше, өйткені оның пайдалы əсер коэффициенті жоғары (60-70%).
Жарық энергиясы өте көп мөлшерде химиялық өндірістерде түрлі фотохимиялық реакцияларды жүргізуге қолданылады.
Ішкі ядролық энергия радиоактивті сəулелердің əсерімен жүретін реакцияларға қолданылады.
Екіншілік энергетикалық ресурстар – өндірістің жоғары температуралы қалдықтары немесе жартылай өнімдерін үдеріске қолдану арқылы қоршаған ортаға бөлінетін энергия шығынын азайтады.
Атом энергиясы – атом жəне электрстанцияларында электр энергиясын өндіруге қолданады. Атом энергиясы атом ядролары өзгеріске түскенде немесе сутек ядросын синтездегенде жəне т.б. күрделі үдерістер нəтижесінде бөлінеді.
Химиялық өндірістің энергияны тұтынуы энергия сыйымдылығымен бағаланады.
Өндірістің энергия сыйымдылығы – бірлік өнімді алуға жұмсалған энергия мөлшері. Ол кВт.·сағ (кДж) немесе тоннаны өнімге шаққандағы шартты отын тоннасымен өрнектеледі. Химиялық өндіріс энергия сыйымдылығы бойынша үш класқа бөлінеді:
1-класс. 1 т өнім өндіруге 2 т (58*103 кДж) шартты отын жұмсалатын өндіріс. Бұл өндіріске химиялық талшық, ацетилен, капролактам, полиэтилен, акрилонитрил жəне т.б. жатады.
2-класс. 1 т өнімге 1-ден 2 тоннаға дейін (29*103, 58*103 кДж) шартты отын жұмсалатын өндіріс. Бұл өндіріске натрий карбонаты, аммиак, кальций карбиді, метанол жəне т.б. жатады.
3-класс. 1 т өнімге 1 тоннадан кем емес (29*103 кДж) шартты отын жұмсалатын өндіріс. Бұл өндіріске сұйытылған азот қышқылы, этиленгликоль, сірке қышқылы, анилин, полистирол, қос суперфосфат жəне т.б жатады.
Кейбір өндірістердің энергия сыйымдылығы өте кең аралықта өзгереді: 1 т алюминий өндіруге 20*103 кВт сағ, ал күкірт қышқылын өндіруге 60 - 100кВт сағ. жұмсалады.
Энергия көзі. Энергия көздері шартты түрде біріншілік жəне екіншілік болып бөлінеді (32-сурет). Бірішілік энергия көздері адамзат қызметіне тəуелсіз табиғи үдерістердің салдарынан пайда болатын энергетикалық потенциал көздері. Оларға жанатын пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, жанатын сланецтер, табиғи газдар), жел, Күн жəне өзен, теңіз, мұхит суларының энергиялары жатады. Біріншілік энергия көздері ішінде химиялық өнеркəсіпте негізінен газтəрізді жəне сұйық отындаркөп қолданылады, сондай-ақ жылу электрорталықтардан (ЖЭО) жəне өнеркəсіптің өзінің қазандығынан алынатын жылуда пайдаланылуы мүмкін.
Екіншілік энергетикалық ресурстар(ЕЭР) – технологиялық агрегатта түзілетін, бірақ сол агрегаттың өзінде қолданылмайтын қалдықтардың, қосымша жəне аралық өнімдердің энергетикалық потенциалы. Ол басқа өндірістерді аздап немесе толығымен энергияны қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін. ЕЭР-дің көзі болып табылатын сол өндірістің өзі ЕЭР-ді қолданып өзінің энергия шығынын төмендете алмайды, бірақ энергияны үнемдеуге басқа энергия тұтынатын қондырғылар есебінен жетіседі. Энергетикалық потенциалы төмен болғандықтан ЕЭР пайдалану қарапайым түрде емес. Сонда да оларды утилизациялау керек, өйткені мөлшері жоғары.
Энергия түрі бойынша екіншілік энергетикалық ресурстар: жанатын (отындық), жылулық, артық қысымды болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын екіншілік энергетикалық ресурстар – көміртекті шикізатты химиялық жəне термохимиялық өңдеудегі технологиялық үдерістердің қалдықтарының, балқытатын пештердің (домналық, шахталық, конверторлық жəне т.б.) қосымша ыстық газдардың, орман жəне ағаш өңдейтін өнеркəсіптегі одан əрі технологиялық өңдеуге қолданылмайтын ағаш қалдықтарының, буландырылған ыстық щелоктың, целлюлоза-қағаз өнеркəсібінің ағаш қалдықтарының жəне т.б. химиялық энергиясы. Олардың құрамында сутек, көміртек монооксиді жəне басқа жанатын компоненттер болады. Қазандықпештік отын ретінде пайдаланып, негізгі отынға қосады. Қолданудағы негізгі қиыншылық – құрамында қоршаған ортаны ластайтын, қазандық аппаратурасын коррозияға ұшырататын, су жылытатын түтікше бетіне қонатын бөгде заттардың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет