English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет30/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   176
Finite forms of the verb 
Indefinіte Tenses. Indefinіte тобы. 
Бұл топқа: Present Indefinite tense (Жай осы шақ), Past Indefinite tense
(жай өткен шақ), Future Indefinite tense (жай келер шақ) жатады.
Жай шақтардың жасалуы.

Болымды түрі. 
1. Present Indefinite
Жай (ауыспалы) осы шақ жекеше түрдің 3-ші жағынан басқа жақтарда
етістіктің бастапқы формасымен (to бөлшегінсіз) сəйкес келеді, ал жекеше
түрдің 3-ші жағында –s жалғауы жалғанады.
Мысалы: to write-I write, he (she, it) writes, we write, you write, they
write.
Егер етістіктер –ss, -ch, -sh, -x əріптеріне аяқталса үшінші жақта
жекеше түрде -es жалғауы жалғанады, жəне ол [iz] деп оқылады.
Мысалы: I pass - he passes, I dress - he dresses, I wash - she washes.
Етістіктер “у” əрпіне аяқталса, үшінші жақта жекеше түрінде “у”
əрпі “i” əрпіне өзгереді жəне -es жалғанады.
Мысалы: I study - he studies. I copy - she copies.
2. Past Indefinite
Жай өткен шақты дұрыс етістіктер барлық жақта етістіктің бастапқы
формасына –ed жалғау арқылы жасайды. Ал бұрыс етістіктер əртүрлі
жолмен жасайды (бұрыс етістіктер кестесі).
Мысалы: To work-I worked
To write-I wrote
3. Future Indefinite
Жай келер шақ көмекші етістіктер shall (І жақ жекеше жəне көпше
түрде) немесе will (2,3 жақтарда) жəне етістіктің алғашқы нысаны
(Infinitive) (to бөлшегінсіз) арқылы құрылады.
Мысалы: I shall write. We shall write
She (he) will write. Тhey (you) will write.

Сұраулы түрі. 



38
1. Жай осы шақ сұраулы түрі do көмекші етістігі арқылы құрылады


(do етістігі барлық жақтарда қолданылады, бірақ үшінші жақ жекеше
түрінде does көмекші етістігі қолданылады) жəне көмекші етістік do, does
сұраулы сөйлемде бастауыштың алдында тұрады.
Мысалы: Do I write? Does he write? Do we write?
2. Жай өткен шақ сұраулы түрі did көмекші етістігі арқылы құралады
жəне did көмекші етістігі сұраулы сөйлемде бастауыштың алдында
тұрады.
Мысалы: Did I work? Did he work? Did they work?
3. Жай келер шақтың сұраулы түрі shall, will көмекші етістіктерін
бастауыштың алдына қою арқылы жасалады.
Мысалы: Shall I write? Will he work? Shall we write?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет