English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет38/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Инфинитив нысандары. 
Өзінен кейін тура толықтауыш қабылдайтын инфинитивтің негізгі
етісте төрт формасы, ырықсыз етісте екі формасы бар. Өзінен кейін тура



47
толықтауышты қабылдайтын инфинитивтің негізгі етісте тек екі формасы


бар.
Өздік етіс 
Ырықсыз етіс 
Indefinite 
жай 
To ask
To be asked
Continuous 
созылмалы 
To be asking
––––––––––––––––
Perfect 
аяқталған 
To have asked
To have been asked
Perfect 
Continuous 
Аяқталған созылмалы
To have been asking
––––––––––––––
Ағылшын тілінде ең көп қолданылатын формалары - Indefinite
Infinitive Active жəне Passive. Қалған инфинитив нысандары өте сирек
қолданылады.
Олардың
ішінде
басқаларына
қарағанда
жиірек
қолданылатыны Perfect Infinitive.
Инфинитив формаларының құрылуы жəне қолданылуы. 
Indefinite Infinitive Active (to ask) көмекші етістіксіз құрылған
формасы. Indefinite Infinitive Passive (To be asked) “to be” көмекші етістігі
жəне негізгі етістіктің Past Participle нысаны арқылы құрылған формасы.
Indefinite Infinitive (Active, Passive) келесі қызметтерді атқарады:
1. Бастауыш функциясында:
Мысалы: To bath in the Black Sea is very pleasant.
Қара теңізде шомылу өте жанға жайлы.
2. Атаулы күрделі баяндауыш құрамында.
Бұл функцияда негізгі етістік “to be” жалғаушы-етістікпен
қолданылады. Мысалы: The duties of a postman are to deliver letters and
newspapers.
Почтальонның міндеті газеттер мен хаттарды апарып беру.
3. Етістікті күрделі баяндауыштың құрамында:
1) Модальдық етістікпен байланысып.
Мысалы: She must get up early.
Оның ерте тұруы керек.
2) Сын есім жəне жалғаушы етістікпен байланысып:
Мысалы: He is ready to help you.
Ол сізге көмектесуге дайын.
4. Тура толықтауыш функциясында:
Мысалы: He began to learn English last year.
Ол ағылшын тілін үйренуді өткен жылы бастады.



48
5. Анықтауыш функциясында:


Мысалы: We have intention to go there.
Біздің онда баруға ниетіміз бар.
6. Пысықтауыш функциясында:
Бұл функцияда инфинитив көрсетеді:
1. Мақсат. Сөйлемде инфинитив алдында so as немесе in order
жалғаулықтары тұруы мүмкін:
Мысалы: We stopped there so as to rest a little.
Біз онда сəл демалуға тоқтадық.
2. Нəтиже (too, enough) 
Мысалы: It is too cold to bathe today.
Шомылуға бүгін өте салқын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет