Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары


Жануарлар лептоспирозына қарсы поливалентті қансарысуы



бет5/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 дәріс

4. Жануарлар лептоспирозына қарсы поливалентті қансарысуы;

5. Шошқа тілмесіне қарсы қансарысуы;

6. Қойлардың инфекциялық энтеротоксемиясына және қозылардың анаэробты дизентериясына қарсы антитоксикалық қан сарысуы;

7. Тырысқаққа қарсы антитоксикалық қансарысуы;

8. Ауески ауруына қарсы қансарысуы;

Ауылшаруашылығы малдары төлдерін енжар иммундеуге арналған препараттар. Жоғарыда айтылған препараттардан басқа арнайы төлдерге арналған препараттар бар:

Ауылшаруашылығы малдары төлдерін енжар иммундеуге арналған препараттар. Жоғарыда айтылған препараттардан басқа арнайы төлдерге арналған препараттар бар:

  • 1. Эшерихиозға қарсы антитоксикалық антиадгезивті қансарысуы;
  • 2. Бұзаулардың, торайлардың, қозылардың, құстардың сальманеллезіне қарсы поливалентті антитоксикалық қансарысуы;
  • 3. Бұзаулардың, қзылардың, торайлардың энтерококкты инфекциясына қарсы қансарысуы;
  • 4. Ауеский ауруына қарсы қансарысуы;
  • 5. Ауеский ауруына қарсы глобулин;
  • 6. Бұзаулардың, қозылардың, құстардың сальманеллезі мен колибациллезіне қарсы поливалентті антитоксикалық қансарысуы;
  • 7. Бұзаулардың, қозылардың, торайлардың диплококкты инфекциясына қарсы қансарысуы;
  • 8. Аусылға қарсы құрғақ иммунолактон. Гипериммунделген сиырлардың сүтін құрғату арқылы алады.

Гипериммунды қансарысуын алу технологиясы

Иммунды қансарысуын алу үшін биоөндірістер бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Олардың ішінде ең бастысы сарысу цехы болып табылады. Сарысу цехы бірнеше бөлімнен тұрады:

1.Карантиндік бөлім

2.Иммунизациялық клиникалар

3.Антигендік зертханалар

4.Сарысуды алатын, концентірлейтін және тазалайтын бөлім;

Гипериммунды қансарысуын алу кезінде стерильді жағдай болуы шарт. Сарысу цехында автоклавтау, термостаттау, рефрижераторлы бөлмелер, мұздатқыштар болуы керек.

Гипериммунды қансарысуын алудың технологиялық схемасы:

  • Жануарлар таңдалынады
  • Продуцент-жануарларды иммунологиялық дайындайды
  • Жануарлар бағып-күтіледі
  • Жануарларды иммундайды
  • Қан алады
  • Алынған қансарысуын тазартады
  • Қансарысуын консервілейді
  • Қансарысуын сүзгіден өткізеді
  • Қансарысуының сапасын бақылайды.
  • Жануарларды ветеринариялық-санитариялық және зоотехникалық қадағалайды
  • .

Гипериммунды қансарысуын даярлау үшін көбіне жылқылар мен ірі қара мал пайдаланылады. Шошқа тілмесіне қарсы қансарысуын алғанда шошқалар қолданылады.
Қансарысуын алатын жануарларды инфекциялық аурулардан сау шаруашылықтардан алады. Олар аурудан клиникалық сау болуы, қоңдылығы орташа және тері паразиттерінен таза болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет