Гипериммунды қансарысуын даярлау технологиясы
Сарысуды фибриндерден тазартады. Арнайы ыдыстарда 2 айға дейін қалдырып, содан кейін сүзгіден өткізеді. Тазаланған қансарысуын 100 мл-лік флакондарға құяды. Флакондарды тығындайды. Этикетка жабыстырып, бақылауға жібереді.
Өндірістік жағдайда сарысуды тазартып, концентрациясын реттеу үшін төмендегі әдістер пайдаланылады:
- ферментативті гидролиз; қышқыл ортада сарысуды қыздыру;
- тұзбен фракциялау;
- белсенді емес ақзаттардан қосымша тазарту үшін сорбенттер пайдаланылады; біл кезде 80-85% артық ақзаттардан тазартылады.
Қансарысуының сапасын бақылау
- Қансарысуын алдымен физикалық көрсеткіштері бойынша бақылайды (түсі, консистенциясы), одан кейін, стерильділігін, қауіпсіздігін, флакондарға құйылу мөлшерін, этикетка сапасын және 20 күн тұрғаннан кейінгі белсенділігі зерттеледі.
- Сонымен қатар құрамында ақзаттың, сутекті иондардың болмауын, электрофорездік тазалығын (тұз қалдықтарын т.б.) тексереді.
- Бактериялардан тазалығын тексеру үшін қан сарысуын ЕПА, ЕПС орталарына, саңырауқұлақтардан тазалығын Чапек ортасына сеуіп анықтайды.
- Қауіпсіздігін салмағы 300-400 г болатын теңіз шошқаларының тері астына 5 мл сарысу енгізу арқылы тексеріледі. Жануарларды 10 тәулік бақылап, организмнің реакциясын бақылайды. Қансарысуы енгізген жерде ешқандай реакция болмауы тиіс және жануарлар сау қалпында қалуы керек.
- Қансарысуының белсенділігін серологиялық әдістермен зерттейді.
13 дәріс. Моноклоналды антиденелер
- Моноклоналды антиденелерді алу. Моноклоналды антиденелерді пайдалану. Инсулинге қарсы моноклоналды антиденелерді алу.
- Гибридомалар. Гибридомалардың қасиеттері мен алу жолдары.
- Гибридомды технология негізінде диагностикумдарды өндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |