Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары



бет7/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 дәріс

Гипериммундеу
  • Продуцент –жануарларды серологиялық әдістермен қанындағы антиденелер тексеріледі. Жануарларға белгілі бір ауру қоздырушысының антигенін енгізіп, антидененің артқанын бақылайды. антидене титрі 1:800 жеткен жануарлардан қан алады. Антидене титрі 1:800 жетпеген жануарларды қолданыстан шығарады.
  • Әдетте, антигенді тері астына немесе бұлшықетке, лимфалық түйіндерге жақын маңға, бірнеше жерден енгізеді. Антиген енгізетін және қан алатын аймақтардың терісін дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді. Жануарларды гипериммундеу процессі 1-2 айға созылады.
  • Мысалы, сібір жарасына қарсы гипериммунды қансарысуын алатын жылқыларға алдымен Ценков ІІ вакцинасын егіп тұрақты иммунитет қалыптастырады, содан кейін, сібір жарасының тәуліктік өсіндісін енгізеді.
  • Бұл кезде ауру қоздырушысының 12 штаммы пайдаланылады, әр салғанда 4 штаммнан тұратын қоспа пайдаланылады. Жылқыларды гипериммундеу аз дозадан басталады: 0,5; 1,0; 2,5; 5,5 мл антигенді 3 күн өткізіп, салып отырады.
  • Содан кейін, 3-4 күн бақылап, 10,0; 20,0; 40,0; 80,0; 100,0; 110,0; 120,0; 130,0; 140,0; 150,0 мл антигенді 3 күн сайын енгізеді. Дене температурасы көтерілсе, антигенді 4-5 күннен кейін енгізеді.
  • Мамандардың айтуынша, әр организмнің реактивтілігі әртүрлі болғандықтан, әр жануарға гипериммундау схемасы әр түрлі қарастырылады.
  • Гипериммундау аяқталған соң, 7-10 күннен кейін антидене титрі тексеріледі, титрі жеткен жануарлардан қан алады.
  • Жануарлардан қан алу біртіндеп басталады. Әдетте вена тамырынан, шамамен 50 кг салмақтан 800 мл қан алынады (немесе жануарлардың жалпы салмағынан 13% қан алынады.
  • Малдан бірнеше рет қан алғанда, организмнің иммундық реакциясы өзгереді. Көбінесе IgM- антиденесінің белсенділігі бәсеңдейді.
  • Жануарларды толық қолданыстан шығару уақыты болғанда, олардан қан толығымен алынады. Бұл кезде жануарларға жүрек жұмысын жақсартатын дәрілік заттар беріледі. Содан кейін толық қансыздандырады.
  • Әдетте, жануарларды бірнеше рет гипериммундайды (5-8 рет), осы циклдар аяқталғаннан кейін барып, толық қансыздандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет