Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

мамандардың 
акмеологиялық 
дайындығын 
қалыптастыру» 
деп 
таңдауымызға негіз болды.  
Зерттеудің    мақсаты:  жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында  мамандардың 
акмеологиялық дайындығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, оның 
тиімділігін  арттыратын  тұжырымдамасын,  моделін,    шарттарын  айқындау, 
тәжірибеден ӛткізу.  
Зерттеу  нысаны:    жоғарыдан  кейінгі    білім  беру  сатысында  мамандар 
дайындау үдерісі. 
Зерттеу  пәні:  болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын 
қалыптастыру. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  егер  магистратура  жағдайында  
инновациялық  қоғам  талаптарына  сәйкес    мамандар  дайындаудың  
тұжырымдамасы  мен    моделі  жасалып,  оқыту    мазмұны  шығармашылықты 
дамытуға  бағытталса,    білім  алушылардың  кәсібиліктің  жоғары  деңгейінде 
еңбек  етуге  қажетті  сапаларын  жетілдіруді  тиімді  ететін    шарттар  жүзеге 
асырылса,  онда    болашақ  мамандардың    акмеологиялық  дайындығының 
қалыптасуы  нәтижелі  болады,  ӛйткені  бұл  жағдайда  педагогикалық  ортаның 
әлеуетінің мейлінше толық пайдаланылуы мүмкін болады. 
Зерттеудің міндеттері 
1.
 
Болашақ  мамандарды  дайындаудың  теориялық-әдіснамалық  негіздерін 
айқындап, «акмеологиялық дайындық» ұғымының мәнін ашу. 
2.
 
Жоғарыдан  кейінгі  басқышта  мамандарды  дайындаудың  қазіргі 
жағдайына  талдау  жасап,  оны  акмеологиялық  тұрғыда  жетілдірудің 
стратегиялық бағыттарын анықтау. 
3.
 
Болашақ 
мамандардың 
жоғарыдан 
кейінгі 
білім 
сатысында 
акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау. 
4.
 
Mагистранттардың    акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін дайындап негіздеу. 
5.
 
Mагистратурада    мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  нәтижелі 
ететін  психологиялық-педагогикалық шарттарын  анықтап, сынақтан ӛткізу.  
Зерттеу  жҧмысының  жетекші  идеясы  –  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім  беру  жүйесіндегі  мамандардың  дайындығын  акмеологиялық  деңгейге 
жеткізу  болашақ педагогикалық мамандардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының 
ғана емес, жалпы білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. 
Зерттеудің  теориялық  -  әдіснамалық  негіздерін  шығармашылықтың 
мәні,  педагогикалық  шығармашылық  жайлы  философиялық,  психологиялық, 
педагогикалық  еңбектер,  диалектикалық  таным  теориясы,  жеке  тұлғаның 
дамуы мен әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы, үздіксіз білім 
және  кәсіби  педагогикалық  білім,  тұлғаның  шығармашылықпен  ӛзін-ӛзі 
дамытуы жайлы теориялар құрайды. 
Зерттеу  кӛздері:  акмеологиялық  білім  мен  шығармашылық  жайлы 

11 
 
 
философтардың,  психологтардың,  педагогтардың,  әдіскерлердің  еңбектері, 
Қазақстан  Республикасы  үкіметінің  ресми  материалдары  (Заңдар  мен 
бағдарламалар),  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативті  құжаттары 
(тұжырымдамалар,  бағдарламалар,  стандарттар,  оқулықтар,  оқу  құралдары 
және  т.б.),  ғылыми-педагогикалық  мерзімді  басылымдар,  диссертанттың 
педагогикалық тәжірибесі. 
Зерттеудің негізгі кезеңдері 
Бірінші  кезеңде  (2011-2012  жж.)  зерттеу  мәселесі  айқындалып,  ғылыми 
аппараты  құрылды,  тақырып  бойынша  материалдар  жиналды.  Эксперимент 
жұмысының  жоспары,  бағдарламасы  жасалды.  Оқу-әдістемелік  материалдар 
сұрыпталды. Оқу орындарының педагогика магистрлерін дайындауға жасалған 
құжаттары зерделенді. 
Eкінші  кезеңде  (2012-2013  жж.)  айқындау  эксперименті  барысында 
магистранттардың    алғашқы  білім  деңгейлері  тексерілді  (тест,  сауалнама 
жүргізіліп,  тапсырмалар  берілді  және  т.б.),  нәтижесі    қорытындыланды, 
қалыптастыру  эксперименті  жүргізілді,  теориялық  материалдар  жүйеге 
келтірілді.  
Ҥшінші  кезеңде  (2013-2014  жж.)  қалыптастыру  эксперименті  жалғасын 
тапты,  зерттеу  нәтижелері  сұрыпталып,  ӛңделді.  Диссертация  талап  бойынша 
рәсімделді, әдебиеттер жүйеленді.   
Зерттеу әдістері 
-
 
теориялық 
(зерттеу 
мәселесі 
бойынша 
 
философиялық, 
әлеуметтанушылық,  психологиялық,  педагогикалық  ғылыми  әдебиеттерге 
теориялық-әдіснамалық,  логикалық  тұрғыда  талдау  жасау;  зерттеудің 
ғылыми болжамын нобайлау,   модельдеу, тұжырымдау); 
-
 
 эмпирикалық  (бақылау,  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу,  сұрау,  тестілеу, 
ӛзіндік  талдау,  нақты  педагогикалық  жағдаяттарды  талдау  және  шешу, 
магистранттардың  конкурстық  материалдарын,  ӛзіндік  және  шығармашылық 
тапсырмаларын талдау, педагогикалық эксперимент). 
-
 
 зерттеу  барысында  алынған  мәліметтерді    математикалық  және 
статистикалық тұрғыда ӛңдеу.  
Зерттеу  базасы:  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті  Магистратура  және  РһD  докторантура  институты,  Қорқыт  Ата 
атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті.  Педагогикалық  эксперимент 
жұмысына қатысқан магистранттардың жалпы саны – 298. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні 
1.Болашақ  мамандар  дайындау  мәселесінің  теориялық-әдіснамалық 
негіздері  айқындалып, «акмеологиялық дайындық» ұғымының мәні  ашылды. 
2.  Жоғарыдан  кейінгі  басқышта  мамандарды  дайындаудың  қазіргі 
жағдайына  талдау  жасалып,  оны  акмеологиялық  тұрғыда  жетілдірудің 
стратегиялық бағыттары анықталды. 
3.Болашақ 
мамандардың 
жоғарыдан 
кейінгі 
білім 
сатысында 
акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалды. 
4.Mагистранттардың    акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың 

12 
 
 
құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалды. 
5.Mагистратура  жағдайында  мамандардың  акмеологиялық    дайындығын 
қалыптастырудың  шарттары  айқындалып,    зерттеліп  отырған  сапаны 
қалыптастыруға  негіз  болатын    «Педагогикалық  акмеология»  атты  элективті 
курс бағдарламасы дайындалып тәжірибеден ӛтті. 
Зерттеудің  практикалық  мәні    Жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында 
магистранттардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың  моделін, 
тұжырымдамасын,  таңдау  курсын,  акме-тренингтер  мен  технологиялар, 
қолдану  бағытындағы  педагогикалық  эксперимент  жасалынып,  нәтижелері 
қорытындыланды. Соның негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.  
Зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер  жоғарыдан  кейінгі  білім  беру 
үдерісін 
жаңартуда, 
біліктілікті 
арттыру 
жүйесінде 
пайдалануға 
болатындығымен сипатталады.  
Қорғауға ҧсынылатын қағидалар 
-  Mамандардың  акмеологиялық  дайындығының  теориялық-әдіснамалық 
негіздері  тұлғаның  дайындығы  феномені  туралы  қалыптасқан    тұлға  мен  іс-
әрекет  кәсібилігінің  құрамдас  бӛлігі,  тұлғаның  ішкі  белсенділігінің  біртұтас 
кӛрінісі  ретіндегі  қарастыратын  психологиялық-педагогикалық  теориялар 
жүйесі;  
-  Болашақ  мамандардың  «акмеологиялық  дайындығы»  олардың  ғылыми 
және  педагогикалық    жұмыстарды  жоғары  ӛнімділікпен  атқаруға  мүмкіндік 
беретін  педагогикалық  шығармашылық  кәсібилік,  шеберлік    жайлы 
акмеологиялық  білімдерін,  ӛз  мамандығына  оң  кӛзқарасы  мен  жетістікке 
жетуге  деген тұрақты талпынысын, кәсіби мәнді сапалары мен эмоционалдық 
еріктік аймақтарын кіріктіретін тұлғаның интегративті сипаттамасы; 
-  Aкмеологиялық  тұжырымдама  зерттеушінің  болашақ  жоғары  оқу 
орнының оқытушысының кәсіби іс-әрекетті жоғары жетістікпен жүзеге асыруға  
қажетті  субъективті  (жасай  аламын)  және  объективті  (жасай  алады) 
дайындығын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға байланысты авторлық кӛзқарас 
жүйесі, байламы;  
-  Mагистранттардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың  
құрылымдық-мазмұндық  моделі  жоғары  оқу  орнының  болашақ  оқытушысын  
ғылыми  педагогикалық  әрекеттерінің      дайындығын  қамтамасыз  ететін 
ұстанымдарды,  компоненттерді,  құралдары  мен  формаларды  ашып  кӛрсететін 
әдіснамалық,  теориялық  және  әдістемелік  сипаттағы  негізгі  қағидалар 
жиынтығынан түзілген құрылым.  
-  Mагистратура  жағдайында  мамандарды  акмеологиялық  тұрғыда 
дайындау:  жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  үдерісі  мазмұнының  акмеологиялық 
дайындықты 
қалыптастыруға 
бағыттылығы; 
магистранттардың 
акме-
дайындығын  тиімді  ететін  тренингтер  мен  белсенді  әдістер  қолдану; 
магистранттың    шығармашылық  іс-әрекеттегі  субъектілігін  дамыту; 
магистранттардың акме-дайындығына әсер ететін педагогикалық ортаны жасау 
сияқты шарттар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.  
 

13 
 
 
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақҧлдануы, тәжірибеге ендірілуі – 
зерттеу  мақсатына  сәйкес  кешенді  әдіс-тәсілдердің  қолданылуымен,  
магистранттың  ӛзіндік  танымдық  іс-әрекетінің  қалыптасуына  арналған 
философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  еңбектердегі  қағидалардың 
басшылыққа 
алынуымен; 
тәжірибелік 
эксперимент 
жұмыстарының 
нәтижелерін  ӛңдеумен  және  алынған  деректерді  талдау  қорытындысымен 
қамтамасыз етіледі. 
Диссертацияның қҧрылымы. Диссертация үш тараудан, қорытындыдан, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.  
Kіріспе 
бӛлімінде 
зерттеудің 
ғылыми 
аппараты, 
тақырыптың 
кӛкейкестілігі,  зерттеу  жұмысының  мақсаты,  объектісі,  нысаны,  ғылыми 
болжамы мен міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу әдістері 
мен  кезеңдері,  ғылыми  жаңалығы,  практикалық  маңыздылығы,  қорғауға 
ұсынылатын  қағидалары,  зерттеу  нәтижесінің  дәлелділігі,  оның  мақұлдануы, 
тәжірибеге енгізілуі баяндалады. 
«Жоғарыдан  кейінгі    білім  жағдайында  мамандарды  акмеологиялық 
дайындаудың  теориялық-әдіснамалық  негіздері»    деп  аталатын  бірінші 
бӛлімде 
мамандар 
дайындау 
мәселесінің 
отандық 
және 
шетелдік  
зерттеулерінде талдануы, сонымен бірге магистрлер дайындаудың әдіснамалық 
негізі  ретінде  акмеологиялық  амал    сипатталып,  «акмеологиялық  дайындық» 
ұғымының мәні ашылады, құрылымы анықталады.  
«Жоғарыдан кейінгі  білім жағдайында мамандардың акмеологиялық  
дайындығын қалыптастырудың  тҧжырымдамалық негіздері» атты екінші 
бӛлімде    жоғарыдан  кейінгі    білімде  мамандар  дайындаудың  қазіргі  жағдайы, 
болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың  
тұжырымдамасы, құрылымдық-мазмұндық моделіне сипаттама беріледі.  
«Жоғарыдан  кейінгі    білім  жағдайында  мамандар  дайындаудың 
психологиялық  педагогикалық  шарттары  және  оларды  жҥзеге  асыру» 
атты  үшінші  бӛлімде  болашақ  мамандардың  акмеологиялық    дайындығын 
қалыптастырудың    психологиялық  педагогикалық  шарттары  мен  зерттеу  
мәселесі  бойынша  жүргізілген  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстар  мен 
олардың қорытындылары келтіріледі. 
Қорытындыда  зерттеу  нәтижелері  бойынша  алынған  тұжырымдар 
сипатталады. 
Қосымшада  жұмысқа  енбеген,  зерттеу  барысында  пайдаланылған 
диагностикалық материалдар беріледі. 
Зерттеу  нәтижелерін  апробациялау  және  енгізу.  Зерттеу  жұмысының 
негізгі  қағидалары  мен  нәтижелері  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университеті  Магистратура  және  PhD  докторантура 
институтының  Педагогикалық  мамандықтар  кафедрасы  отырыстарында, 
халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда талқыланды.  
Зерттеу  нәтижесін  сынақтан  ӛткізу  және  ендіру:    Зерттеу    барысында 
отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жарық кӛрді.   
1.
 
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі    білім  жағдайында  мамандардың  кәсіби 

14 
 
 
құзыреттілігін  қалыптастыру  ерекшеліктері  //  Қазақстан  мектебі.  –  2012.  - 
№1(2). – Б. 114-118. 
2.
 
Психология  ғылымында  шығармашылықты  зерттеу  мәселелері// 
Хабаршы.  Психология  сериясы.  -   Абай  атындығы ҚазҰПУ.  – 2012.- №3(32).- 
Б.66-71. 
3.
 
Педагогикалық акмеология – әлеуметтік педагогикалық мәселе ретінде// 
Хабаршы.  Педагогика  сериясы.  -    Абай  атындағы  ҚазҰПУ.  –  2013.-  №1  (37).- 
Б.69-72. 
4.
 
Жоғарыдан  кейінгі    білімде  болашақ  мамандар  даярлаудағы 
акмеологиялық  тұғыр//  Хабаршы.  Педагогика  сериясы.  -    Абай  атындағы 
ҚазҰПУ. – 2013.- №2(38).- Б.69-74. 
5.
 
Mагистратура 
мамандарын 
дайындаудың 
акмеологиялық 
технологиясының  жобалануы  //  Қазақстан  Педагогикалық  Ғылымдар 
Академиясының хабаршысы. №4 (шілде-тамыз),2013. Б.82-88.  
6.
 
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімде  мамандар  дайындаудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделі  //  Хабаршы.  Психология  сериясы.  -  Абай 
атындағы ҚазҰПУ. – 2014.- №1(38).- Б.273-282. 
7.
 
Әлеуметтену ӛрісінде тұлғаның психологиялық ерекшеліктері // Қазіргі 
кезеңдегі  Қазақстанның  инновациялық  саясатының  басымдық  бағыттары  мен 
технологиялары атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция. - Абай 
атындағы ҚазҰПУ, 27 наурыз, 2012.  - Б. 71-76. 
8.
 
Tұлғаның кәсіби дамуының акмеологиялық ерекшеліктері // Жоғары оқу 
орынынан кейінгі білім беру жағдайындағы  ғылыми - педагогикалық әлеуетті 
дайындаудың  ӛзекті  мәселелері  атты  халықаралық  ғылыми  -  тәжірибелік 
конференция. - Абай атындағы ҚазҰПУ, 28 қараша, 2012.  - Б. 244-248. 
9.  Жеке  тұлғаның  дамуын  зерттеудің  акмеологиялық  тұғыры  // 
Конференция  «Магистранттар  мен  PhD  докторанттарды  кәсіби  даярлауда 
акмеологиялық  амалды  іске  асырудағы  психологиялық-педагогикалық 
шарттары». Алматы., 4 ақпан 2013ж. Б.112-119.  
10.  Aкмеологические  аспекты  психолого-педагогичесой  подготовки 
будущих  специалистов  //  «Образование  и  наука  без  границ»  международная 
научно-практическая 
конференция. 
07-15 
декабрь,2011. 
Польша.Том 
18.Педагогические науки. С.43-46.   
11. Aкмеологические аспекты профессионального самосовершенствования 
субьектов  образовательного  процесса  //  VIІI  Международной  научно-
практической  конференции  «ACHIEVEMENT  OF  SCHOOL  –  2012»  17-25 
November,2012.Том  15.  Педагогические  науки.  С.23-28.Место  издания:  Бял 
ГРАД-БГ (г.София, Болгария) 
12.  Mагистратура  жағдайында  педагогикалық  кадрлар  дайындаудың 
акмеологиялық  астарлары 
// 
«Жаһандану  әлеміндегі  адамның  денсаулық 
психологиясы»  атты  халықаралық  ғылыми  конференциясы;  Л.Н.  Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы. 25-26 сәуір, 2013 жыл. 
Б.254-259. 
13. 
Исторический  обзор  этапов  становления  акмеологии  как 

15 
 
 
самостоятельной  науки  //  «Білім  әлеуметтануы»  екінші  халықаралық 
симпозиум; 16-17 мамыр,2013 жыл. Б.552-557. 
14.    Жоғарыдан  кейінгі    білім  беру  жағдайында  мамандар  дайындаудың 
шет  елдік  тәжірибелеріне  талдау  //  «Қазіргі  замандағы  жоғары  мектеп  дамуы: 
Білім  беру  сапасы  және  жаhандық  контекст  »  атты  жоғары  білім  беру 
саласындағы  халықаралық  симпозиум.    Қазақстан  Республикасы    Тұңғыш 
Президенті  -–Елбасы  қоры,  Болон  процесі  және  академиялық  ұтқырлық 
орталығы,  Қ.И.Сәтпаев атындағы  ҚазҰТУ. 30-31 мамыр,2013 жыл. Б.94-101. 
15.  Жоғарыдан  кейінгі    білім  жағдайында  мамандар  дайындаудың  қазіргі 
жағдайы.  //  «Бектаев  оқулары  1:  Ақпараттандыру  –  Қоғам  дамуының 
болашағы» атты   халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. Шымкент, 
2014 жыл. Б. 773-780 
16.  Akmeological  approach  in  professional  training  of  theundergraduates  in 
terms  of  postgraduate  education.  //  2n

Cyprus  International  Conference  on 
Educational  Research13-15  February  2013,  Ataturk  Teacher  Training  Academy, 
Lefkosa (Nicosia), North Cyprus Procedia - Social and Behavioral Sciences 89(2013) 
544-548 
17. Specific features of masters students professional development. // 5
th
 World 
Conference on Educational Sciences- WCES 2013. Procedia- Social and Behavioral 
Sciences 116 (2014) 4764-4769. 
18. Acmeological aspects in teaching scientific and pedagogical staff // Middle-
East Journal of Scientific Reasearh 14 (11): 1445-1451.2013 
19.  Experimental  Verification  of  the  Pedagogical  Conditions  for  Individual 
Socialization  in  a  Multiethnic  Environment  //  World  Applied  Sciences  Journal 
23(2):258 – 266. 2013. 
20. Acmeologic bases of scientific and pedagogical personnel in the conditions 
of  masters  program  //  Lithuanian  University  of  Educational  Sciences,      Scientific 
journal ―Pedagogica‖ -  Vol.113, No1. pp.76-89, 2014. 
 
 
 
 
 
 

16 
 
 

ЖОҒАРЫДАН 
КЕЙІНГІ 
БІЛІМ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
МАМАНДАРДЫҢ 
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Болашақ    педагогикалық  мамандарды  дайындау  мәселесінің 
ғылыми теориялық еңбектерде  талдануы  
Білім  саласы  үшін  мамандар    дайындаудың  мәні  әлемдік  білім  беру 
стандарттарын    ұлттық  негізде  және  еліміздегі  жоғары  білім  берудің  мәдени-
тарихи  ерекшеліктерімен  үйлесімді  ету  қажеттілігімен  анықталады.  Ӛйткені, 
бүгінгі  ғаламдық  аймаққа  шығып  кеткен  кең  ауқымды  және  жан-жақты 
мазмұнға  ие  экономикалық  қарым-қатынастар  ең  алдымен  жоғарыдан  кейінгі 
басқышта білім алған, кәсіби тұрғыда  дайындалған, әмбебап мамандарға деген 
сұранысты  қалыптастырып  отыр.  Осыған  орай,  экономика  мен  әлеуметтік 
саладағы  жаһандану  тенденциялары  білім  берудегі  және  ғылымдағы 
интеграциялық 
үдерістердің 
қарқындылығын 
айқындай 
отырып,  
республикадағы кӛп сатылы жоғары білім беру жүйесінің жаңғыртылуын талап 
етеді.  
Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдардың 
бірі,  прогрестің,  әлеуметтік  тұрақтылық  пен  ұлттық  қауіпсіздіктің  маңызды 
факторы

Қаншалықты  кең  тараса  да,  бір  қарағанға  тұрақты  болып 
кӛрінгенімен,  «білім»  түсінігі  кӛп  мәнділігімен  ерекшеленеді.  Әдетте,  бұл 
термин  мазмұны  жағынан  келесідей  түсініктемелерге  ие:  білім  –  жалпы 
адамзаттық  құбылыс;  білім  -  әлеуметтік  мәдени  мұра;  білім  –  жүйе;  білім  – 
педагогикалық үдеріс; білім – нәтиже.  
Білім беру дамып келе жатқан адам үшін нақты шарттарды кепілдік етеді, 
жаңа  ой-ӛрісті,  ӛмір  мәнінің  жаңа  кӛрінісін  қалыптастырады.  Адам  үшін 
құндылықтың  барлығын,  оның  әлеуетін,  ӛмірлік  күш-жігерін  сақтай  отырып, 
қоғамның ӛмір барысын қайта құрады және бағыттайды. Білім беру – адамның 
ӛзіндік  күштерін  ашуға  және  ол  кез-келген  қоғамның  қозғаушы  күші  ретінде 
мемлекеттің  барлық  ниеттерін  алдын-ала  анықтап,  даму  бағыттарын  табуға 
мүмкіндік береді. 
Білімді ғылыммен ұштастырып тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа 
алған  жоғары  дамыған  елдер,  әсіресе,  Жапония,  Қытай,  Корея,  Малайзия, 
Сингапур 
сияқты 
Азия 
елдері 
жаһандану 
үрдісін, 
ақпараттық-
коммуникациялық  революцияны,  инновациялық  технологиялардың  ендірілуін 
басқа  елдермен  белсенді  және  тиімді  экономикалық  қарым-қатынас  орната 
отырып, жедел даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, ӛздерінің 
ұлттық  рухани  және  экономикалық  тәуелсіздігін,  қауіпсіздігін  сақтаудың, 
ұлттық  ӛркендеудегі  бірден-бір  кепілі  ретінде  ӛз  елдерінің    білім  саласын 
реформалауға  аса  үлкен  мән  беріп,  оны  мемлекеттің  басым  саясатына 
айналдырып отыр. 
Қазіргі    ғасырды  адамзат  «ұтқырлық  ғасыры»,  «кірігу  ғасыры»,  «ақпарат 
ғасыры» деп бағалап жүр.  Бұған «білім ғасыры»  деген анықтаманы да қосуға 

17 
 
 
болады. Ӛйткені,  білімді болудың аса үлкен қажеттілік екендігін адам баласы 
осы  ғасырда  ӛте  жақсы  түсінді.  Бұл  ретте  адам  баласын  білімдендіру  ісімен 
айналысатын  арнайы  дайындалған  мектеп  мұғалімі,  университет  оқытушы 
біздің  тәуелсіз  мемлекетіміздің  болашағын  қалап  жатқан  жандар.  Ӛйткені  ел 
болашағының  кілті  –  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында  болса,    жас  ұрпақтың 
тағдыры  олардың  бойына  білім  мен  ізгілік  нұрын  себуші  –  ұстаздардың 
қолында.  Демек  ұстаз  дайындау,  оның  бойында  барлық  адами  қасиеттерді 
дарыту  мен  дамыту  ӛте  қасиетті  іс.  Бұл  жайында  ойшылдар  кемеңгерлік 
пікірлер  қалдырса,  әр  саланың  белгілі  ғалымдары  ұрпаққа  мұра  болатын 
еңбектер жазды. 
Cолардың бастауында тұрған ұлттың ұлы ұстазы әл-Фараби  кӛрсеткен он 
екі  қасиетті  болашақ  маманның  бойында  ұштастыра  жетілдіру  мінсіз  адамды 
қалыптастыру  идеясын  жүзеге  асырудың  алтын  арқауы  деуге  болады.    Ол 
қасиеттер мыналар: 
-  адамның  мүшелері  мінсіз  болуға  тиіс,  бұл  мүшелердің  күші  ӛздері 
атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы 
керек, сонда егер осы  адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір істі 
істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; 
-  жаратылысынан  ӛзіне  айтылғанның  бәрін  түсінетін,  айтылған  сӛзді 
сӛйлеушінің    ойындағысындай және  істің жай-жапсарына сәйкес  ұғып  алатын 
болуы керек; 
-  ӛзі  түсінген,  кӛрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында 
жақсы  сақтайтын, бұлардан ешнәрсе ұмытпайтын болуы керек
-  әйтеуір  бір  заттың  кішкене  ғана    белгісін  байқаған  заматта  сол  белгінің 
ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; 
- ӛткір сӛз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын 
тілмаш болуы шарт; 
-  ӛнер-білімге  құштар  болу,  ақыл  үйренуден  шаршап-шалдықпай,  осыған 
жұмсалатын еңбектен  қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін  болу керек; 

тағамға,  ішімдік  ішуге  келгенде  қанағатшыл  болуы  керек, 
жаратылысынан  сауыққұмарлықтан  аулақ  болып,    бұдан  алатын  ләззатқа 
жирене қарауы шарт
- шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, ӛтірік – жалған мен суайттарды 
жек кӛру керек, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; 
-  oның  жаны  жаратылысынан  пасық  істердің  бәрінен  жоғары  болып, 
жаратылысынан игі істерге ынтызар болуға тиіс
-  дирхем,  динар  атаулыға,  жалған  дүниенің  басқа  да  тӛл    нәрселеріне 
жирене қарап,  жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік 
пен  озбырлықты  және  осылардың  иелерін  жек  кӛретін  болуы  керек, 
жақындарына  да,  жат  адамдарға  да  әділ  болып,  жұртты  әділдікке  баулып, 
әділетсіздіктен  зардап  шеккендердің  залалын  ӛтеп,    жұрттың  бәріне  ӛз 
білгенінше жақсылық пен ізгілік кӛрсетіп отыруы қажет; 
-  әділ  болу  керек,    бірақ  қыңыр  болмау  керек,    әділеттілік  алдында  қияс 
мінез кӛрсетіп қасарыспау керек; 

18 
 
 
-  әділетсіздік  пен  пасықтық  атаулыға  мүлдем  рақымсыз  болуы  шарт,  ӛзі 
қажет  деп    тапқан  істі  жүзеге  асырғанша  шешімпаздық  кӛрсетіп,  бұл  ретте 
қорқыныш пен жасқану дегенді  білмейтін батыл, ержүрек болу керек [45] . 
Бұған ӛз тарапымыздан қосарымыз оқытушы тұлғасының бойында осы он 
екі  қасиет  табылатын  болса,  кез  келген  іс-әрекетте  нәтижелілік  пайда  болып, 
кемелдену жүзеге асады, яғни барлық жағынан ілгері жылжу орын алады.   
Біз  қарастырып  отырған  маманның  кәсіби  еңбекте  шыңға  жету  мәселесі 
адамның жеке дара қасиеттерімен байланыста қарастырылады. Бұл ретте адам 
философиясының  бастаушысы,  негізін  салушысы  Сократтың  ойынша,  белгілі 
бір  асыл  қасиет  туралы  білім  жинаған  адам  сол  қасиетке  жете  алады,  бәрі 
адамның  ӛзіне  байланысты,  адам  тәнін  емес,  рухын,  жанын  шыңдауға  үнемі 
ұмтылуы  тиіс,  себебі,  жаны  бақытқа  бӛленген  адам  ғана  бақытты  деген  пікір 
білдірсе [46], Аристотельдің ойынша, рахатқа бӛлену - болмыстың жетілгендігі 
мен  әдемілік  болса,  адам  үшін  бұл  жетілгендік  –  ӛзінің  адам  ретіндегі  іс-
әрекетінің,  қызметінің  жетілгендігі.  Ақыл-ой    әрекеті  дәл  осындай  адамды 
биікке бастайтын, оны рахат сезімге бӛлейтін  асыл қасиет болады, яғни адам 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет