Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы


  Aкмеологиялық  амал  -  магистрлер  дайындаудың  әдіснамалық



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.2  Aкмеологиялық  амал  -  магистрлер  дайындаудың  әдіснамалық 
негізі ретінде 
Қазақстан  Республикасы  нарық  жағдайындағы  адам  капиталын  қажет 
ететін  қоғамның  жаңа  сапасына  енді.  Қоғамдық  қатынастар  жүйесіндегі 
ӛзгерістер  білім  беру  саласына  әсерін  тигізбей  қойматындығы  белгілі.  Бұл 
мамандар  дайындаудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  іздестіру  мен  жүзеге  асыруды 
талап етеді. Мамандардың жоғары кәсібилігі және шығармашылық шеберлігі – 
ғаламдық дағдарыс мәселелерін тиімді шешімінің факторы болып анықталатын 
адами ресурстардың ең маңыздысы.  
Tеория-ғылыми 
танымның 
әсер 
етуші 
күші. 
Философиялық 
энциклопедиялық  сӛздікте  әдіснама  (грек  сӛзінен  methodos  –  зерттеу  жолы, 
таным,  ілім,  білім;  logos  –  сӛз,  түсінік)  қағидалар  жүйесі  және  тәжірибелік 
теориялық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  және  құру  тәсілдері,  ғылыми  таным 
әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы 
дегенді  білдіреді  делінген  [108].  Әдіснаманың  негізіне  белгілі  бір  білімдер 
(ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады.      
Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына 
байланысты.  Ғылыми  әдіснама  дұрыс  құрылған  теорияға  негізделсе,  зерттеу 
барысында  қателіктер болмауы  тиіс. Жалпы алғанда,  әдіснама  танудың елеулі 
қызметін  атқарады,  оның  ішінде  белгілі  білім  саласының  дамуының,  әсіресе, 
әлеуметтік  ғылымдардың  әртүрлі  саласына  қатысы  қызметін  атқарады.  Оның 
бұл  қызметтерін  жүйе  ұйымдастырушылық,  түсіндірме-бағалаушылық, 
жобалаушылық ретінде анықтауға болады. 
Педагогика 
ғылымының 
әдіснамасының 
атқаратын 
қызметтері 
тӛмендегілер:  
-  гносеологиялық  (танымдық)  қызмет  –  бұл  қызметтің  жүзеге  асуы 
педагогикалық  құбылыстар  мен  пәндерде    (не  бар?)  екеніне  сипаттама  береді, 
(неге олай?) екенін түсіндіреді; (не болатынын?) болжайды. 

30 
 
 
-  праксеологиялық  (ӛзгертушілік)  қызмет  –  педагогикалық  практикаға 
білімдік  мақсаттарға  жетудің  жолдарын,  құралдарын,  технологиялары  мен 
әдістерін  сипаттап  тәжірибеге  ендіруді  қамтамасыз  етеді.  Праксеологиялық 
қызметті жүзеге асыру педагогика ғылымының қолданбалылығын, практикалық 
құндылығын айқындайды. 
-  аксиологиялық    қызмет  немесе  педагогика  ғылымына  сыни  кӛзқарасты 
дамыту.  Бұл  қызметтің  жүзеге  асуы  педагогикалық  үлгілердің,  ӛзгерістердің, 
жаңашылдықтардың  бағасын  беретін  ӛлшемдер  мен  кӛрсеткіштер  әзірлеуге 
ықпал етеді. 
-  рефлексивтік  қызмет  –  педагогика  ғылымының  нәтижелерін  талдап,  
мағынасын  ұғынуға,  зерттеу  әдістері  жүйесін  жетілдіруге  бағытталған,  яғни  
рефлексивтік қызмет педагогика ғылымының ӛзін зерттеуге бағытталған деуге 
болады.   
- нормативтік ұсыныс қызметі – «ненің қалай болатынын» кӛрсетсе;   
-  эвристикалық  (шығармашылық)  қызмет  –  педагогика  ғылымының 
қызметтерінің іске асуы барысында теориялық және практикалық міндеттердің 
қойылуы 
мен 
таңдалуы 
мәселесін 
қарастырады.        
       Біздің  зерттеу    жұмысымыздың  әдіснамалық  негізі  ретінде
 
педагогика мен 
психологияда кеңінен қолданылатын: 
 
 
-  педагогикалық  жүйенің    барлық  компоненттерін  (магистранттарды 
оқытудың  мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,  ұстанымдары,  формалары,  әдістері) 
тығыз  байланыста  қарастыратын  жҥйелілік  ұстанымын  (В.В.Краевский  [109], 
Г.П.Щедровицкий [110], Э.Г.Юдин [111]және т.б.); 
-  педагогиканың    жүйе  түзуші  факторы  болашақ  маманның  тұлғасы,  яғни 
ӛзінің  жеке  іс-әрекеті  арқылы  тікелей  ӛзін-ӛзі  жетілдіруді    қарастыратын 
субъектілік  ұстанымын  (Б.Г.Ананьев  [112],  С.Л.  Рубинштейн  [113], 
Н.В.Кузьмина [ 114], А.А.Деркач [115] және т.б.);  
-  болашақ  маманның  құзырлылығын  қалыптастыруды  кӛздейтін  және 
магистратураның  білім  беру  ортасында  мамандар  даярлау  сапасын  анықтау  
тұрғысында базалық болып саналатын қҧзырлылық амалын ( Дж.Равен [116],  
А.В. Хуторской [117] және т.б.);  
-  іс-әрекетті    тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамытудың  негізі,  құралы  және 
басты  шарты  ретінде  қарастыратын;  жеке  тұлғаны  қоршаған  әлемді  барынша 
тиімді  түрлендірушілік  шығармашылық  еңбекке  ұйымдастыруға  бағыттайтын; 
іс-әрекет  үдерісінде  тұлғаны  дамытудың  оңтайлы  шарттарын  анықтауға 
мүмкіндік  беретін    іс-әрекеттік  амалды  (С.  Л.  Рубинштейн  [118],  А.  Н. 
Леонтьев [119], А. В. Брушлинский [120] және т.б.); 
-  aдам  мен  мәдениеттің  дамуын  құндылықтар  жүйесі  ретінде  және 
адамның  ӛзін  дамытуы,  оның  шығармашыл    тұлға  және  мәдениет  субъектісі 
ретінде  қалыптасуы ретінде қарастыратын мәдениеттанымдық амалдың (В. Л. 
Сластенин  [  121],  Е.  В.  Бондаревская  [122],  Н.  Д.  Никандров  [123]  және  т.б.). 
идеялары  тірек  етілді.  Олар  жайлы  жұмыста  арнайы  сипатталып  кӛрсетіліп 
тұрмағанымен  атқарып  тұрған  қызметін  диссертациядан  байқау  қиын  емес. 
Aтап  айтсақ,  жоғарыдағы  әдіснамалық  ұстанымдар  мен  амалдарға  тән 

31 
 
 
жұмыстың  құрылымында  жүйелілікті,  зерттеу  материалдарын  сипаттауда 
бірізділікті  сақтау, болашақ оқытушы тұлғасында акмеологиялық дайындықты 
қалыптастыруда  әрекетті  басшылыққа  алу,  зерттеу  нәтижесіне  жету  үшін 
қалыптасқан  педагогикалық  объектіні  жаңа  жағдайға  ӛзгерту  басшылыққа 
алынды. 
       Дегенмен  зерттеудің  нақты,  ӛзіндік  міндеттерінің  тиімді  шешілуіне 
мүмкіндік  беретін  акмеологиялық  амалды  басты  әдіснамалық  тұғыр  ретінде 
таңдауды    жӛн  деп  есептедік.  Ӛйткені  акмеологиялық  амал  шығармашылық 
теориясының  бастапқы  жағдайлары,  негізі  мен  құрылысы,  дамымалы  қоғам 
жағдайында үздіксіз ӛзгеріп тұратын педагогикалық ақиқатты дұрыс кӛрсететін 
кӛзқарастар  ұстанымдары  мен  білімді  табу  тәсілдері  туралы  білім  жүйесін 
құрайды.   
        «Aмал»  ғылыми  әдіснамада  ӛте  жиі  қолданылатын  категория  болып 
табылады да, теориялық және практикалық мәселелерді шешуде қолданылады. 
Әдіснамалық  категория  ретінде  амал  зерттеу  алдына  қойған  міндеттерді 
шешуде  әдіснамалық  құрал,  зерттеудің  негізі  қызметтерін  атқарады.  Кей 
жағдайда  білімді  жобалаудың  ұстанымы,  тіпті  әдісі  де  бола  алады.  Ғылыми 
әдебиеттерге  берілген  интерпретацияларда  амал  –  зерттеушінің  ӛз  әрекетін 
саналы  түрде  жүргізу  үшін  таңдаған,  бір  –  бірімен  тығыз  байланыстағы 
мақсаттар,  ұстанымдар,  әдістері  түрінде  сипатталады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда 
әдіснамалық амалдың  ұстанымға қарағанда атқаратын қызметінің ауқымы кең.         
Біздің  пайымдауымызша, акмеологиялық амалдың  жүзеге асуы болашақ 
маман  тұлғасы  бағыттылығы  мазмұнындағы,  деңгейіндегі  және  оның 
теориялық-әдіснамалық  және  тәжірибелік  кәсіби  даярлығының  деңгейіндегі 
үдемелі  ӛзгерістердің  айқындалуын  қамтамасыз  етеді.  Осы  әлеуметтік-мәдени 
мән-мәтінде акмеология ғылымы ерекше маңызға ие болды.  Ғылым кәсіптік іс-
әрекет түрлерінің тиімді жүзеге асуының акме-формалары ретінде кәсібилік пен 
шығармашылық    дамудың  заңдылықтарын  және  технологияларын  зерттейді. 
Сондықтан  акмеологиялық  амал  болашақ  мамандардың  акмеологиялық 
дайындығын қалыптастыру мәселесінің басқа салаларға ауытқымай  зерттелуін 
қамтамасыз  етеді  деп  санаймыз.  Ал  акмеологиялық  амал  туралы  сӛз  қозғамас 
бұрын оған қатысты  ұғымдарды талдаулар қажеттілігі туындайды. 
«Aкme»  кӛне  грек  тілінен  аударғанда  «биік,  шың,  табыс,  logos  –  ілім» 
ретінде  анықталады.  Гректер  «акме»  сӛзімен  адам  ӛміріндегі  есейген  жастық 
кезеңді  белгілейді,  жастық  шақтың  осы  кезеңінде  адам  ӛз  қабілеттерінің 
жоғарғы  шыңына  жетеді,  осы  кезең  адам  күштерінің  нығайып,  қанат  жайып, 
гүлденген кезі болып саналады.  
Тұлғаны  дамытудың  акмеологиялық  идеяларын  кӛптеген  ежелгі 
философтар  еңбектерінен  кӛруге  болады.  Антикалық  философтардың 
жұмыстарында  акменің  пайда  болуының  философиялық  алғы  шарттары  адам 
ойының  шыңына  жетуімен  сипатталатын  ерекше  тиянақталғандық  және 
жүйелілік сипатқа ие болады. «Акме» ұғымының дамуы тӛмендегі кезеңдерден  
ӛтті.  
Aйталық,  С.Д.  Пожарский    антикалық  философиядағы  акмеологияның 

32 
 
 
дамуының тӛмендегі 3 кезеңін кӛрсетіп береді: 
-  табиғатты  ой  елегінен  ӛткізу  бағдарлары  мәселелері  қарастырылған 
біздің  эрамызға  дейінгі  600-450  жылдардағы  классикалық  философияның 
дамуы  кезеңіндегі  акмеология  ұғымының  дамуы  (Анаксимандр  (б.э.д.610-546 
ж.ж.),  Гераклит  (б.э.д.520-460  ж.ж.),    Пифагор  (б.э.д.580-500  ж.ж.),    Эмпедокл 
(б.э.д.490-430 ж.ж.),  Демокрит (460-370 ж.ж.)); 
-  адам  ұғымының  мәні  қарастырылған  біздің  эрамызға  дейінгі  450-322 
жылдардағы акмеологияның дамуы (Сократ философиясының акмежетістіктері 
(б.э.д.  469-399  ж.ж.),  Платон  академиясы,  Афиныдағы  Аристотель  Ликейі, 
Александрия мектебі); 
- б.э.д. 322-260 жылдар кезеңіндегі  акмеология ұғымының дамуы және ол 
адам  мәнінің,  этикалық  мәселелердің  қарастырылуымен  сипатталады 
(Антисфен, Пиррон Эпикур, Луций Аней Сенека, Эпиктет[124]. 
Oсылайша,  ежелгі  философтар  адам  мен  табиғаттың  ӛзара  әрекеттестігі, 
адамның  мәні,  тұлғаның  дербестілігі  туралы  мәселелер  қойып,  шешуге  әрекет 
жасаған. 
Oдан  кейін  жаңа  заман    кезеңіндегі  философияда    адамды  жетілдіру  мен 
акмеге жету мәселелері табиғатты жеңу ретінде акмені зерделеу мән мәтінінде 
қарастырылды.  
Aғарту  кезеңі  философиясында  «акме»  қоғамдағы  адамның  ӛнімді 
ойлауының факторы ретінде қарастырылады.  Ағартушылар алдыңғы екі кезең 
ойшылдарына  қарағанда  «акмені»  жетілу  және  наным,  адамның    жетілуін 
наным мен сенімге қатынасы тұрғысында ақыл-ойдың рӛлінің артуынан кӛрді, 
шіркеулерге,  абсолютизмге  қарсы  шықты,  ғылым  мен  философияның  даму 
еркіндігін қолдады.  
Bольтер  бойынша  акмеге  мына  ұстанымдардың  орындалуы  барысында 
жетуге  болады:  а)  адамның  ӛз  ӛмірін  жетілдіру  бойынша  белсенді  іс-әрекеті; 
тұлғаны  жетілдіруді  монархтардың  кӛмегімен,  «ақыл  ой  патшалығы»  ретінде, 
бейбіт  жолмен,  жоғарыдан,   ӛзі  жаратқандарының  жақсы ӛмір сүруіне қамқор 
болу арқылы  жүзеге асырылады. Ж.Ж. Руссо жетілдіруді адамдарды бай және 
кедей,  үстемдік  етушілер  және  бағынушылар  деп  бӛлетін  жеке  меншік  негізі 
болып  табылатын  зұлымдық  кӛздерін-теңсіздікті  жоюда  деп  білді  [125].  Ал 
Дидроның  пікірінше,  акмеге  жетудің  басты  шарты    адамның  барлық  жағынан 
үйлесімді жетілуі [126].    
Hемістің  классикалық  философиясында  «акме»  адамның  моральдық 
жетілуі  және  оның  ӛзін-ӛзі  дамытуы  ретінде  қарастырылады.  Иррационализм 
философиясы тұрғысынан алып қарағанда жетілдіру үдерісі ақылмен ойлаумен, 
таза  болмыспен,  логикамен,  абсолютті  ақылмен  ғана  шектелмейді.  Жетілу  
ойлауға  сыймайтын,  белгілі  бір  күштің,  болмыстың  құпия  бастапқы  негізі 
ретіндегі ерік-жігер  категориясы арқылы болуы мүмкін. Жетілу, ӛзгеріс идеяда 
кӛрініс беретін ерік арқылы жүзеге асады. Жетілу мен шыңға жетудің екі жолы 
болуы  мүмкін:    ақыл-оймен  және  логикамен  (Гегель  бойынша);  ерік  -  жігер 
арқылы (Шопенгауэр бойынша). Акме ақыл оймен жүзеге асатын рационал іс-
әрекет ретінде қарастырылады [127].  

33 
 
 
XXI  ғасырдағы  акмеологиялық  білімнің  қалыптасуының  тарихи-
философиялық  тұжырымдамасын  қарастырайық.  Бұл  кезеңде  «акме»  ұғымы 
«шыңдылық»  және  «нақтылық»  түсініктері  тұрғысынан  ашылып  кӛрсетіледі. 
Ғылыми  танымның  базалық  элементтерінің  бірі ретіндегі шың    - жинақталған 
білімнің  «акмесі»  -  ойлау  іс-әрекетінің  нәтижесі  болып  табылады. 
Шыңдылықтың тарихи-философиялық негіздемесі акменің іргелі ұғымы болып 
табылатын  абсолютті  даналыққа  қарай  ілгерілей  қозғалу  үдерісі  ретінде 
қарастырылады. Біріншісі – ӛсу және есею кезеңінде тұлғаның жетілуі. Екінші 
аспект  –  адамның  ішкі  әлемінде  болатын,  психикасында  кӛрініс  беретін  және 
адам  туралы  басқа  да  ғылымдармен  кешенді  зерделенетін  жетілдіру  үдерісі 
ретіндегі ӛзгерістерді зерттеу. Үшінші аспект акмені нәтиже ретінде қарастыру 
– әлеуметтік және кәсіптік іс-әрекеттің шыңына жету. 
Aкмеологияны  ғылым  ретінде  талдау  жасаудан  бұрын    акме  ұғымының 
кезеңмен  дамуы    мәселесіне  тоқталайық.  С.Д.  Пожарский    былайша 
қарастырады [128]:  
1.
 
Бірінші кезең, мұнда шың  грекше άκμη (акме), тау символы, жетістіктің  
шегі, белгіленген жағдай  ретінде анықталады. 
2.
 
Eкінші  кезең,  мұнда  шың  дамудың  ең  жоғары  нүктесі,  кульминация 
(латынша culminis) немесе гүлдену символы (floruit ). 
3.
 
Yшінші  кезең,  кӛпӛлшемді  ұғым  сияқты  анықтамаға  ие  болды 
(ағылшынша) top (шың). 
Ғалым  бұл ғылымның тӛмендегідей жіктемесін ұсынады: 
-  классикалық  акмеология  (адамды    оның  кемелдену  кезеңіндегі  дамуы 
тұрғысынан қарастыру): 
- іргелі (базалық) акмеология (адамды біртұтас жүйе ретінде қарастыру); 
-  қолданбалы  (салалық)  акмеология  (әлеуметтік  білімнің  белгілі  бір 
мәселелері арқылы адамды қарастыру).  
Aкмеологияның  генезисін  және  ӛзіндік  тәжірибесін  талдау  негізінде  С.Д.  
Пожарский келесі әдіснамалық ұстанымдарды қарастырады : 
-  шыңына  жету  ұстанымы  (акмеология  жеке  іс-әрекеттің  кез  келген  
түрлерінің шыңына жету заңдылықтарын зерттейді); 
-  біртұтастық  ұстанымы  (акмеология  ғылымның  әртүрлі  салаларынан 
алынған білімді синтездейді);  
-  тарихилық  ұстанымы  (акмеология  әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі 
акмеологиялықты айқындайды); 

жан-жақтылық 
ұстанымы 
(акмеология 
іс-әрекеттің 
барлық 
салаларындағы оның акмесін құрайтын шыңдарына жетуін зерделейді);  
-дамытушылық  ұстанымы  (акмеология  адамның  ӛзін-ӛзі  дамыту  үдерісін  
оның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруы ретінде зерделейді);  
-  интегративтілік  ұстанымы  (акмеологияны    интегративті  ғылым  ретінде  
тану).  
      «Aкмеология»  ғылыми термині ӛткен ғасырдың 20-шы жылдары ақыл-ой 
және  әлеуметтік  ізденіс,  эвриология  (П.Энгельмейер)  [129],  эргонология 
(В.Н.Мясищев) 
[130], 
рефлексология 
(В.М.Бехтерев)[131] 
 
ғылыми 

34 
 
 
бағыттарының  пайда  болуы  барысында  айқындалды.    1928  ж.  Н.А.  Рыбников 
акмеология  ұғымын  ересек  адамдардың  дамуы  туралы  ғылым  ретінде  енгізсе 
[132],  ал  XX  ғасырдың  ортасында  белгілі  ресейлік  психолог  Б.Г. Ананьев 
ғылым  жүйесіндегі  акмеологияның  орнын  анықтады,  ересек  адамның  акме  - 
дамуын    азаматтық,  қоғамдық-саяси,  кәсіптік-еңбек  сапалары  негізінде 
қарастырды.  XX  ғасырдың  70-жылдары.  Б.Г. Ананьев,  Е.И. Степанова, 
H.Н. Обозовтар  акмеологияны  жасампаз  іс-әрекетті  жетілдіру  аясында 
қарастыруды ұсынды [133].   
Aкмеология    кәсіби  дамуды  оңтайландыру  жолдарын  зерделейді,    ӛзін-ӛзі 
барынша    толық  жүзеге  асырудың,  кәсібиліктің  шыңына  жетудің  тәсілдерін 
белсендіре  отырып  адамды    ӛзін-ӛзі  кәсіптік  дамытудың  субъектісі  ретінде  
ынталандырудың тәсілдерін жасайды. 
Aкмеология  ғылым  ретінде  психология  мен  педагогикада  жоқ  ұғымдар 
жүйесін құрайды.  Ол ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіптік іс-әрекет, 
шеберліктің  шыңы,  кәсібилік.    А.А.Деркачтың  пікірінше,  «Акмеология  –  бұл 
адамның  шығармашылық  әлеуетінің  шыңына  қол  жеткізудің  заңдылықтарын, 
жолдарын, тәсілдерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет барысында оның 
ӛзін-ӛзі жетілдіруінің амалдарын зерттейтін кіріктірілген ғылым». «Aкмеология – 
бұл  адам  туралы  ғылымдар  жүйесіндегі  ғылыми  білімнің  және  адамның 
кәсібиліктің шынына жетудің жаңа саласы» [134].  
A.А.Деркач  пен  Н.В.Кузнецов  кәсіптік  дамудағы  «акме»  дегеніміз  –  осы 
адам  үшін,  оның  белгілі  бір  уақыт  кезеңіндегі  кәсіптік  дамуының  деңгейін 
білдіретін  психикалық  қалып.  Кәсіптік  «акме»  -  бұл  кульминация, 
шығармашылықтың  шыңы  мен  оптимумы,  ең  жоғары  ӛнімділік  сәті,  адам 
жасаған құндылықтардың ең жоғары мағыналы кезеңі деп сипаттаған [135]. 
Қазіргі  уақытта  адамның  ғана  емес,  табиғаттың  да  дамуының 
заңдылықтарын  зерделеудің  акмеологиялық  заңдары  таралуда,  демек  аталған  
ғылыми  бағыттың  дамуының  жаңа  іргелі  кезеңі  басталды  деген  сӛз. 
Акмеология  тіршілік  іс-әрекетін,  адам  мен  табиғаттың  жаратылыстану  және 
технологиялық ӛзара әрекеттестігін тарихи-философиялық тұрғыда түсіндіруге 
мүмкіндік  береді.  «Акме»  ұғымын    кӛптеген  зерттеушілер    ӛздерінше 
түсіндіруге  талпыныс  жасады.  Олардың  қатарына  Н.В.Кузьмина, А.А. Деркач, 
А.А. Бодалев, В.Г.Зазыкин, В.Н.Максимова т.б. жатқызуға болады.   
A.А. Деркач  пен  В.Г. Зазыкиннің  пікірінше,    жалпы  (классикалық) 
акмеологияда  «…  ең  аз  дегенде  үш    ғылыми-әдіснамалық  бағдар  болды: 
жаратылыстану;  қоғамдық  –  гуманитарлық;  технологиялық…»  [136].  А.А. 
Деркач  ғылымның  «акмеологиялық  ұстанымдар  мен  заңдылықтар», 
«акмеологиялық  кеңістік»,  «акмеограмма»  және  т.б.  ұғымдарды  қамтитын 
ұғымдық аппаратын  жасады.  Оның  жіктемесі бойынша  акмеология дамуының 
тӛрт кезеңін бӛліп кӛрсетуге болады  [137]: 
-  латенттік  (жасырын)  –  бұл  кезеңде  ғылыми  танымда  акмеологиялық 
мәселелерді бӛліп қарастыруға қажетті ғылыми және мәдениеттік алғышарттар 
қалыптасты;  
-  номинациялық  (атаулы)  –  акмеологиялық  білімнің  қажеттілігі  сезіліп, 

35 
 
 
жаңа ғылымды сипаттайтын «акмеология» термині пайда болған кезең;  
-  инкубациялық  (ӛсіп-ӛну)  –  ғылымның  пәні,  оның  нысандық  ӛрісі 
қалыптасып, акмеологиялық теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізіле 
бастаған кезең;  
- институттық (қоғамдық мәртебеге ие болуы) – акмеологияның ӛз алдына 
жеке  ғылыми  мәртебеге  ие  болған  кезең,    әлеуметтік  құрылымдарды  құру: 
акмеологиялық  кафедралар  мен  факультеттер  (Ресей  Федерациясы  Президенті 
жанындағы  Ресей  мемлекеттік  қызмет  академиясындағы  кәсіптік  іс-әрекеттің 
акмеологиясы  мен  психологиясы  кафедрасы),  жоғары  оқу  орындарындағы 
лабораториялар  мен  Халықаралық  акмеологиялық  ғылымдар  академиясы.  Екі 
жылдан 
кейін 
Санкт-Петербургте 
«Акмеологиялық 
ғылымдар 
академиясы»ғылыми  қоғамдық ұйым  құрылды    (Н. В. Кузьмина,  А. А. Деркач, 
А. М. Зимичев).  1995 жылы  Санкт-Петербург  акмеологиялық  академиясы 
құрылды  (А. М. Зимичев),  ол  қазір  Санкт-Петербург  психология  және 
акмеология институты деп аталады, сондай-ақ  ол жӛнінде ғылыми мақалалар 
және «Акмеология» ғылыми-практикалық журналы басылып шығады.   
Oсылайша,  әдіснамалық тұрғыда акмеология іргелі-қолданбалы сипаттағы 
кешенді  ғылым  басқа  ғылымдарда  зерделенбейтін  болмыстың  заңдылықтарын 
танып  білумен  айналысады.  Акмеологияның  нысанына  есею  кезеңінде    даму 
үстіндегі  тұлға  жатады.  Кең  мағынадағы  пәні  –    бұл  есейген  тұлғаның 
прогрессивті  дамуына  ықпал  ететін  немесе  кедергі  болатын  объективті  және 
субъективті  факторлар,  ӛзінің  кәсіптік іс-әрекетіндегі,  шығармашылығындағы, 
қатынастарындағы,  дамуындағы  нәтиженің  ең  жоғарғы  деңгейіне  қол  жеткізе 
алатын жағдайлар, шарттар. 
      
 
Aкмеологиялық  амал  әдіснамалық  қағидалармен  қоса  зерттелген  нысанға 
қатысты кӛзқарастарға, сондай-ақ зерттеудің акмеологиялық әдістерін қолдану 
мен  тәжірибелік  міндеттерді  шешуге  негізделеді.  Cондықтан  оған  сүйену 
арқылы сапасы жағынан жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл 
нәтижелер  психологиялық  зерттеулердің  нәтижелерінен  ӛзгешелеу  болады. 
Осы  айырмашылықтарға  ерекше  назар  аударған  жӛн,  ӛйткені  олар 
акмеологиялық 
білімнің 
ӛзгешелігі 
мен 
акмеологиялық 
зерттеудің 
ерекшеліктерін  тереңірек  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Ең  алдымен,  зерттеу 
нысанына қатысты кӛзқарасқа және нысанның ӛзіне айрықша назар аударамыз. 
Мұны  жеке  тұлғаның  дамуы  мәселесін  қарастырудың  акмеологиялық  және 
психологиялық амалдарына салыстырмалы талдау жасау арқылы кӛрсетейік.  
Психология  ғылымында    ұзақ  уақыт  бойы  жеке  тұлғаның  дамуы  бұл  – 
жеке адамның әлеуметтенуі мен тәрбиесі нәтижесінде оның әлеуметтік қасиеті 
ретінде қалыптасу үрдісі деп есептелген. Мұндай дамудың ішкі күші ӛсіп келе 
жатқан  қажеттіліктер  мен  оларды  қанағаттандырудың  шынайы  мүмкіндіктері 
арасындағы  қарама-қайшылық  делінген.  Жеке  тұлғаның  дамуы  осы  түсінік 
аясында жалпы түрде адамның жаңа әлеуметтік ортаға кіруі және онымен бірігу 
үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл үрдістің үш негізгі сатысы бар: 
-
 
бейімделу  сатысы  (қолданыстағы  құндылықтар  мен  ережелерді  игеру, 
іс-әрекеттің сәйкес құралдары мен тәсілдерін меңгеру дегенді білдіреді); 

36 
 
 
-
 
даралану  сатысы  («барлығы  сияқты»  болу  қажеттілігі  мен  басқалардан 
ӛзгеше болуға ұмтылу арасындағы қарам-қайшылықтың пайда болуы); 
-
 
бірігу сатысы (ӛз ерекшеліктері мен айырмашылықтары арқылы кӛріну 
және  қоғамның  жеке  адамды  қабылдау  қажеттілігі  арасындағы  байланыс 
ретінде) [138]. 
Психологияда  жеке  тұлға  мәселесі  бойынша  кӛптеген  зерттеулер  бар.  Ол 
барлық басқа мәселелермен байланысты орталық бағыт болып табылады. Б.Ф. 
Ломов  айтқандай:  «...психикалық  құбылыстар  іс-әрекеттер  мен  қарым-
қатынаста  қалыптасады,  дамиды,  кӛрініс  табады,  бірақ  олар  іс-әрекет  пен 
қарым-қатынасқа  тиесілі  емес,  олардың  субъектілері  –  қоғамдық  жеке  адамға, 
жеке  тұлғаға  тиесілі.  Іс-әрекет  те,  қарым-қатынас  та  ӛздігінен  психикалық 
қасиеттерге  ие  болмайды,  олар  ӛздігінен  пайда  болмайды  да.  Бірақ  бұл 
қасиеттерге  жеке  тұлға  ие  болады.  Осылайша,  қарым-қатынас  мәселесі  де,  іс-
әрекет мәселесі де жеке тұлға мәселесінде «тұйықталады» [139]. 
Жеке  тұлға  мәселесін  бұлайша  түсіну  жеке  тұлғалық  қағиданың 
тұжырымдалуына  негіз  болды,  ол  жеке  тұлғамен  байланысты  психикалық 
қызметті,  үрдістерді,  жай-күй  мен  іс-әрекетті  зерттеуді  талап  етеді.  Жеке 
тұлғаны зерттеу психологияда дәстүрлі түрде бірнеше бағытта жүргізілген және 
әлі де жүргізілуде, олар – жеке тұлғаның тұрпаттамасы мен жіктемесін жасау, 
жеке  тұлға  тұжырымдамасын  жасау,  жеке  тұлғаның  мінез-құлқын,  қабілетін, 
бағыттылығын,  оның  қарым-қатынасын  бақылау.  Сондай-ақ,  орталық 
бағыттардың  бірі  мазмұндық-үрдістік  сипатқа  ие,  оның  мәні  жеке  тұлғаның 
бойында  әр  түрлі  жағдайлар  мен  факторлардың  ықпалымен  болатын 
ӛзгерістерді анықтау. Бұл бағыттың ӛзегі жеке тұлғаның дамуын зерттеу болып 
табылады. Дәл осы жерде акмеология психологиямен ӛте тығыз байланысады. 
Бірақ кӛзқарастар мен тұғырлардың айырмашылығы кӛзге ерекше түседі. 
Aкмеология  жеке  тұлғаны  дамытудың  гуманистік  бағытына  бағдарлайды. 
Бұл  ретте  акмеологиялық  амал  С.Л.  Рубинштейн  ойларына  жақын  болып 
келеді,  ол  «...субъектінің  даму  деңгейін  оның  басқалар  үшін  қаншалықты 
жылулық  пен  шаттық  сыйлағанынан  анықтайды.  Жоғары  деңгей  басқа 
адамдардың  бойында  нені  және  қалай  ӛзгертіп,  жетілдіргені  арқылы 
бағаланады» - дейді [140]. Бұл ойды болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда 
басшылыққа  алу  оның  ізгіліктілік  қасиеттерін  ұстануға  негіз  болады.  Ал 
адамсүйгіштік шығармашыл ұстаздың басты сапасы болуы тиіс. Жеке тұлғаның 
ӛзіндік  маңыздылығы  мен  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуі  гуманистік  бағыттағы  даралану 
бойынша оның бейімделуімен, даралануы және бірігуімен үйлесуі керек. Даму 
психологиясында диалектикалық байланыстар туралы сӛз болған еді, яғни жеке 
тұлға  даму  барысында  қоғамдық  тәжірибені  игерумен  қоса  дербестік  пен 
тәуелсіздікке ие болады, бұл даралану мен әлеуметтену біртұтас тұлғалық даму 
үрдісінің ӛзара байланысты бӛлігі деген сӛз.   
 
Aкмеологияның 
мән-мағынасынан    тұлғаның  үдемелі  дамуымен 
байланысты    тұрақты  байланыстарды  бейнелейтінін  түсінеміз.  Қазіргі  таңда 
теориялық  акмеологиялық  зерттеулерде  тұлғалық-кәсіби  дамуды,  тұлғалық 
әлеуетті  күшейтуді,  кәсіби  іс-әрекетте  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуі  сияқты 

37 
 
 
акмеологиялық заңдылықтарды негіздеуге әрекеттер жасалуда.  
Б.Г.  Ананьев  кез  келген  дамудың  негізінде  ең  алдымен  интеллектуалды 
даму жатыр деген ой айтқан [141]. Жеке тұлғалық даму адамның білімі толып, 
дүниетанымы  кеңейіп,  зияткерлік  білігі  жетілген  кезде,  яғни  әлеуеттің 
жаңартылмалы  бӛлігі  жүзеге  асқан  кезде  орын  алады,  оған  оқыту  барысында, 
ең  бастысы  ӛз  бетінше  оқу  кезінде  қол  жеткізуге  болады.  Кӛбінесе 
интеллектуалды  дамудың  нәтижесінде  жеке  тұлғаның  қарым-қатынасының 
адамгершілікке толып, сапасы жағынан ӛзгеше үлгі мен мінсіздікке бағдарлану 
қалыптасады. Бұл акмеологиялық және психологиялық ұстанымдар үшін ортақ 
нәрсе. 
Дегенмен акмеология дамыған сайын акмеологиялық және психологиялық 
кӛзқарастардың  жақындай  түскені  байқалады.  Осындай  жақындай  түсудің 
кезеңдерін А.К. Маркова тӛмендегіше сипаттаған еді [142]:   
-
 
құрамдас бӛлшекті амал тұрғысынан біртұтас жүйелі-құрылымдық амалға 
қарай; 
-
 
жүйелі-құрылымдықтан генетикалық, тарихи және серпіндіге қарай; 
-
 
технологиялықтан антропологиялық орталыққа қарай; 
-
 
шектеулі іс-әрекеттіктен субъектілікке қарай; 
-
 
қатаң ережеліден дараланған, ықтималға қарай; 
-
 
антропоорталықтан гуманистікке қарай; 
-
 
гуманистіктен акмеологиялыққа қарай. 
Oсылайша,  есейген  жеке  тұлғаның  дамуын  зерттеуде  психология  мен 
акмеологияда  ортақ  және  ӛзгеше  кӛзқарастар  бар.  Бұл  айырмашылықтар 
акмеологиялық білімнің және ғылым ретінде акмеологияның ӛзгешелігі мен ӛз 
алдына дербестігін сипаттайды.  
Aкмеология  атқаратын  қызметіне  қарай  әртүрлі  салаларға  бӛлінеді.  Атап 
айтсақ,  әскери,  медициналық,  экстримальді  жағдай  акмеологиясы  және 
педагогикалық.  Акмеологияның  пән  ретінде  құрылуы  педагогикалық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет