акмеологияның пайда болуына әкелді. «Педагогикалық акмеология» бүгінгі
күні қолданбалы акмеологияның барынша кӛп қарастырылған бағыттарының
бірі болып табылады. Педагогикалық акмеологияның қарқынды дамуы жалпы
акмеологияның және оның қолданбалы бағыттарының қалыптасуына ықпал
етті. Ал қысқаша айтқанда, педагогикалық акмеология – педагог еңбегінде
кәсібилікке жету жолдары туралы ғылым.
Педагогикалық акмеологияға адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид
ретінде зерттеп, жалпы алғанда ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан кӛпқырлы
біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды, адамның қол
жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын
қарастырады. Сондықтан да педагогикалық акмеология білім сапасын
арттыруда ӛте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығының
жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталды дамыту мәселесін тиімді
шешуге бағытталады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында педагогикалық
акмеологияның пәндік саласы кең, осы ғылым саласы тұлға кәсібилігінің түрлі
38
жақтары мен оның іс-әрекет кәсібилігінің деңгейлерін, сондай ақ педагог
тұлғасының
кәсіптік
жетілуінің
шыңына
жетудегі
шарттары
мен
заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай оның пәндік саласына мыналар кіреді:
а) болашақ педагог-акмеологтың кезең кезеңімен қалыптасу үдерісін
зерттеу;
ә) педагогикалық іс әрекетте кәсіби жетістіктерге жетудің мотивтерін
анықтау, осыған байланысты білім алушылардың мотивтері, құндылықты
бағдарлары, мақсаттарын зерттеу;
б) жеке оқу пәндері мен құралдарының білім алушылардың тұлғалық
дамуына ізгілікті бағдарлануы;
в) магистранттың болашақ мамандығы бойынша кәсібилікке жетудің
траекторияларын, акмеограммасын жасау;
г) болашақ мамандарды даярлаудағы акмеологиялық технологиялар
әзірлеу және т.б.
Педагогикалық акмеология педагог тұлғасы жетілуінің деңгейлері мен
кезеңдерін, сонымен бірге «шеберлік» деңгейін анықтайды.
Шеберлікке қарай ұмтылысты акметектоника сипаттайды. Акметектоника
– «бұл іс-әрекет субъектісінің кәсіби «акмесін» моделдеу және дамыту, түзету,
бағалаудың кешенді жүйесі, сонымен қатар субъектінің эталонға ішкі тұлғалық
саналы қозғалысы болып табылады, осы қозғалыс ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-ӛзі
дамыту, жүзеге асыру негізінде ӛз дамуының қозғаушы күшін анықтауға
мүмкіндік береді» [143].
Cонымен қатар педагогикалық акмеология іс-әрекет кәсібилігінің
деңгейлері мен кезеңдерін айқындайды. Олардың ішінде мыналар негізгі болып
табылады :
- мамандықты игеруі;
- педагогикалық шеберлік;
- мамандықта педагогтың ӛзін-ӛзі ӛзектілендіруі;
- педагогикалық шығармашылық.
Mамандықты игеру деңгейі жоғары білім беру орындарында білім алу іс-
әрекеті мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында кәсіптік білім
алу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Aл кәсіптік-педагогикалық іс-әрекет арқылы болашақ маманның педагог
ретіндегі
мамандықта
ӛзін-ӛзі
ӛзектілендіруі
мен
педагогикалық
шығармашылықтың шындалуы жүреді. Педагогтің кәсіптік шығармашылығы –
оның білімдер, дағдылар, біліктер мен кәсіби маңызды қасиеттері дамуының
жоғарғы деңгейінде кӛрініс беретін және оның кәсіби іс-әрекетте жетістігін
қамтамасыз ететін психикалық жаңа құрылым.
Mіне осы соңғы екі деңгейлерге дейін (мамандыққа ӛзін-ӛзі ӛзектілендіруі
мен педагогикалық шығармашылықтың шындалуы) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру жағдайында қандай негізін салушы жұмыс түрлері
ұйымдастырылатынын қарастыруымыз керек.
Инновациялық әлеует кәсіби бағыттылығы бар креативтік іс-әрекетке
дайындықты білдіреді. Жаңа тиімді алгоритмдерді және тұлғаның қайтадан
39
жасампаздық бағыттылығын игеруде іс-әрекеттің жоғары тиімділігіне әкелетін
кәсіби құзіреттіліктің кәсіптік міндеттерін шешудің жаңа тәсілдерін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. А.А. Бодалев пен Л.А. Рудкевич жүргізген
зерттеулер және жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандардың кәсіби іс-
әрекетін талдау оларға ортақ белгіні – инновацияларға бейімділікті, жаңа және
бейтаныс жайттарға дайындықты, әр нәрсені «байқап кӛруге» қажеттілікті
анықтады [144].
Kәсіби
білім беруде акмеологиялық амалды енгізудің мәні
магистранттардың шығармашылық әлеуетін ӛзектендіретін зерттеуші және
қалыптастырушы әсерлердің бағытын анықтаумен, олардың кәсіби және
іскерлік жетістікке қол жеткізу мотивациясын кӛтерумен ашылады. Ол үшін
оқыту мен тәрбиелеудің, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және дамытудың үдемелі қазіргі
әдістемелері мен технологияларын игеруге магистранттарға жағдай жасалуы
тиіс. Педагогтарды дайындау саласындағы осы кӛзқарасты жүзеге асырудың
мақсаты – тҧлғаның акмеологиялық дайындығын оның негізгі қасиеті мен
кәсібилігінің басты кӛрсеткіші ретінде қалыптастыру.
Жоғарыдан
кейінгі
білім
жағдайында
ғылыми-педагогикалық
мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру кӛзделеді, ол
болашақ маман тұлғасының интегралды сипаттамаларының бірі болып, оның
кәсіби дамуының (ӛзін-ӛзі дамытудың) объектісіне айналады.
Болашақ мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудағы
акмеологиялық амал шешімді қабылдау үшін ақпаратты жинақтауды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді: нені және қалай жетілдіруге болады.
Сонымен, іс-әрекет және тұлға кәсібилігі негізінде жатқан қасиетті дамытуға
бағытталған тұлғаның қызығушылықтарын жүзеге асырудағы ықпал ету
акмеологиялық болып табылады. Осы ӛзара әрекеттесу акмеологиялық
мақсаттарға қол жеткізуді қамтиды (шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру,
игеру, дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіруге, ӛзектілендіруге бағытталған тиімді ӛмірлік
стратегияларды қалыптастыру және т.б.).
Қорыта айтқанда, магистратура жағдайында болашақ мамандарды
дайындаудың акмеологиялық негіздері осы үдерісті акмеологиялық әдіс-
тәсілдер тұрғысынан қарастыруды кӛздейді. Акмеология әдіснамалық тұрғыдан
іргелі-қолданбалы сипаттағы кешенді ғылым ретінде анықталады. Oның
іргелілігі басқа ғылымдарда қарастырылмайтын шынайылық заңдылықтарын
танып білумен нақтыланады. Акмеологияның қолданбалы сипаты практикаға
бағдарланған акмеологиялық технологияларда кӛрініс береді.
Aкмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне
ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану,
қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-
әрекет саласында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жӛнінде ғылым.
Кемелденуді ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі түзету, ӛзін-ӛзі басқару құралдары
арқылы ӛзін-ӛзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Жеке тұлғаның
дамуын зерттеуде психология мен акмеологияда ортақ және ӛзгеше кӛзқарастар
40
бар. Бұл айырмашылықтар акмеологиялық білімнің және ғылым ретінде
акмеологияның ӛзгешелігі мен ӛз алдына дербестігін сипаттайды.
Aкмеологияның жоғарыда сипатталған ерекшеліктеріне мән беру оның
педагогикалық мәселелерді шешудегі әлеуетін ашуға мүмкіндік берді, біз
қарастырып отырған «акмеологиялық дайындық» ұғымын негіздеуге ықпал
етті. Олар жайлы жұмысымыздың келесі параграфында баяндалады.
1.3 Болашақ ғылыми-педагогикалық мамандардың акмеологиялық
дайындығының мәні, мазмҧны, қҧрылымы
Бүгінгі таңда белең алып отырған білім сапасының тӛмендігі, мемлекет
тарапынан реформалар жүргізілгенімен оның нәтижесінің болмауы,
білімгерлердің ӛздігінен білім алу дағдысының тӛмендігі, олардың
оқытушылармен бірлескен шығармашылық әрекеттеріндегі кемшіліктер кӛп
жағдайда білім саласындағы шығармашылықтың болмауынан туындап отыр
деп санаймыз. Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие
үдерісінде
білім
алушылардың
білімге
деген
қызығушылықтарын,
талпыныстарын арттырып, ӛз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге
жол ашу болып табылады.
Жұмысымыздың алғашқы тақырыптарында қарастырылып кеткендей
бүгінгі білім алушы орынында отырған тұлғаның ертең білімді ұстаз,
тағылымды тәрбиеші, басқадан ойы озық тәлімгер болуы маман болып
қалыптасудың баспалдақтарында басталады. Оның «акме» жағдайда табысты
еңбек етуі студент, магистрант шақта бойына «шығармашылық» сапаларды,
«креативтілік» қасиетті, кәсіпті меңгерудегі «белсенділікті», «шеберлікті»
дарытумен тікелей байланысты. Сондықтан жұмысымызда бұдан әрі қарай
бірізділікті сақтау логикасына сәйкес аталып кеткен ұғымдардың мәнін ашып,
олардың ӛзара байланыстылығын және тәуелділігін кӛрсетіп, акмеологиялық
дайындық тұрғысынан зерттеліп отырған мәселеде қандай орын алатынын
анықтаймыз.
«Шығармашылық» ұғымына қызығушылық адамзат қоғамының ӛмір сүруі
барысында сақталып келеді. Барлық кезеңдердің ғұлама ойшылдары
шығармашылық үдерісінде табиғат пен әлем арасындағы үйлесімділік
тетіктерін, табиғи және әлеуметтік катаклизмаларды болдырмаудың жолдарын,
қоршаған әлем мен адам санасының дамуын зерттеп, кӛрсетеді.
Философиялық сӛздікте «шығармашылықты – бұрын болмаған жаңа
нәрсені жасап шығару», - деп түсіндіреді [145]. Үлкен энциклопедиялық
сӛздікте «шығармашылық» қайталанбайтын, тарихи–қоғамдық мәні бар,
жоғары сападағы жаңалық ашатын іс–әрекет» деп түсіндіріледі [146]. Осы
анықтамалардың негізінде «шығармашылық» ұғымын жаңа ӛнім жасау немесе
бұрынғы ӛнімді жаңалап жетілдіру, іс–әрекеттегі қайталанбайтын, ӛзгеде жоқ,
нәтижелі ӛнім алынатын адамның мақсатты әрекеті ретінде қарыстыра аламыз.
Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, бұрыннан белгілі нәрсені
қайталауды немесе кӛшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ
бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің ӛзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны
41
жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс
деуге болады.
H.А. Бердяев ӛзінің шығармашылықты зерттеу жұмысында, егер адам
рухани бастаудан бас тартып, ӛзінің күштерін «технократиялық патшалықты»
құруға жұмсаса, онда ол ӛзінің адами бейнесіне сенбейді, ӛзінің шынайы
мазмұнынан алшақтайды деген, нәтижесінде жоғары шығармашылықтың
қайнар кӛзі мен жоғары мақсаттылық қарастырылмай, шығармашылықтың
бұлақтары жабылып, шығармашылықтың пәні жоғалады – деп түсіндіреді
[147].
Cонымен, философиялық тұрғыдан, шығармашылықты талдау, мәселені
шешу үдерісі ретінде адам қажеттілігін қанағаттандыратын тәсілдерді іздеу мен
әлеуметтік қайшылықтарды шешудің табиғи байланысын бірге қарастыруда
шығармашылық теориясы негізгі орын алады және қоғам ӛмірінің мәнін, адам
мен оның философиясын түсінудің кілті болып саналады. Дегенмен жаңалық
деп не нәрсені анықтауға болатындығы үнемі сұрақ туындатады. Осы сауалға
жауап іздестіру барысында философтар «субъективті жаңалық» немесе
«объективті жаңалық» деген ұғымдарды қолдануды ұсынған.
Психологияда шығармашылықты адамның табиғи іздестіру қажеттілігін
қанағаттандыру теориясымен (С.М. Бондаренко, В.С. Ротенберг және т.б.)
байланыстырады, сондықтанда, кӛптеген психологтар, шығармашылықты
«іздестіру белсенділігі» ретінде анықтайды [148]. Осы тұрғыдан, іздестіру
белсенділігін мәселелік жағдаяттың немесе сол жағдаятты шешу барысында
субъектінің ӛзгеруіне бағдарланған белсенділік ретінде қарастырады. Іздестіру
белсенділігінің кӛріністерін ірі ғалымдар мен шығармашыл тұлғалардың
жоғары нәтижелі жұмыс еңбегінде байқалады, себебі олар күтпеген жағдайда,
ӛздерінің бұрынғы қалыптасқан зерттеу жұмысын және жетістіктерін тастап,
жаңадан басқа бір іс-әрекетке ауысып кететін болған.
Б.М. Теплов ӛз еңбектерінде адамның шығармашылық құраушысы ретінде
оның қоршаған әлемді ӛзгерте алу мен түрлендіру қабілетін қарастырады. Ең
бастысы әрекет етіп отырған адамның субъективті қызығушылығы болуы тиіс,
ол бір қайталанбас дүние жасап отырғанына әбден сенуі керек, іс-әрекет құпия
түрінде ӛтіп тұрса да, адамның қиялы мен ерігіне тәуелді болатынын айту
керектігіне кӛңіл бӛледі [149].
K.А. Абульханова-Славскаяның зерттеулерінде тұлғаның қоғаммен ӛзара
әрекеттесуінің
күрделі
динамикалық
жүйесі
ретіндегі
іс-әрекет
шығармашылықты дамытудың кӛзі болып қарастырылады [150]. В.Н.
Дружинин адамның шығармашылық құраушысын жоғары интеллект пен
шығармашылық қабілеттер жиынтығы ретінде тұжырымдайды [151]. Д.Б.
Богоявленскаяның жұмыстарында адамның шығармашылық бастауы оның
белсендігі болып анықталады [152]. Бұл сипаттамалар шығармашылық
феноменінің жүйе екендігін және оның ішкі құрамалардан тұратынын
дәлелдейді. Жалпы айтқанда, шығармашылық - ӛзінің жаңашылдығымен,
ӛзгешелігімен ерекшеленетін, ӛнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның
бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің)
42
болуымен сипатталынады.Cонымен, жоғарыда қарастырылған анықтамаларды
талдау негізінде, біз шығармашылық тек адам белсенділік танытып, әрекет
болған жағдайда пайда болады деп тұжырымдаймыз. Осы тұрғыдан алып,
қарастыратын болсақ, бұл жерде тұлғаның ішкі белсенділігі үлкен маңызға ие.
Шығармашылық үдерістің ғылыми талдауы барысында оның кезеңдері,
фазалары анықталынады. Шығармашылық кезеңдерін анықтауда кӛп жағдайда
бақылау әдісі қолданылады. Бұр ретте батыс зерттеушілері Дж. Гилфорд
[153], Е.П. Торренс [154] еңбектері орасан зор. Олар шығармашылық үдерістің
әр кезеңінде тұлғаның бойында әр түрлі сапалық қасиеттер дамитындығын атап
ӛтеді. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға
деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық
елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой-
қиялды дамытса, еңбектің нәтижесі тұлғаны жоғары кӛңіл-күйге бӛлеп, жаңа
істерге, шығармашылық әрекеттерге қанаттандырады.
ХХ ғасырдың соңында, ғалымдардың осы бағыттағы зерттеулерін
жалпылап, Я.А. Пономарев шығармашылық үдерістің тӛрт фазасын анықтайды:
-
«бірінші «саналы жұмыс» - дайындалу фазасы (жаңа идеяның интуитивті
кӛрініс беруі);
-
екінші фаза (санадан тыс жағдайындағы мидың жұмысы) – пісіп жетілуі
(проблеманы санадан тысқары талдау).
-
үшінші фаза (санадан тысқары туындаған идеяның саналы деңгейге ӛтуі)
– яғни шабыттану (сана деңгейіне проблеманы шешудің идеясы жетеді,
алғашқысында, ұстаным, болжам түрінде пайда болады).
-
тӛртінші фаза (саналы түрдегі жұмыс) – идеяның дамуы, оның соңғы
тұжырымдалуы мен тексерілуі» [155].
Cонымен,
жоғарыда
қарастырылған
психолог-ғалымдардың
тұжырымдарына сүйенетін болсақ, шығармашылық – бұл бірегей игілік және
тұлғаның маңызды сапасы мен ӛзіндік ерекшелік түрлерінің бірі ретінде және
тұлғаның табиғи, әлеуметтік әлемді қайта құрып, ӛзгертуге бағытталған
санадан тысқары болатын және саналы әрекет негізінде пайда болатын
шығармашыл тұлғаның ең маңызды ерекшілігі болып анықталған,
психологияда «жағдаят үстілік белсенділікпен» түсіндірілетін құбылыс. Осы
кӛзқарас тұрғысынан, шығармашылыққа бағытталған адам үшін бір
шығармашылық мәселенің шешілуі аяқталған жұмыс емес, керісінше басқа
жаңа іс-әрекеттің басталуы деген сӛз. Психологтардың зерттеулерінде
шығармашылық «қабілеттілік», «дарындылық», «креативтілік», «белсенділік»
ұғымдарымен түсіндіріледі.ХХ ғасырдың І – ші жартысында неміс психологы
В.Штерн алғашқылардың бірі болып жеке тұлғаның тұтастық ұстанымынан
келе дарындылық пен қабілетті барлық психологиялық үдеріс пен даралық
сапаларды ӛзара тығыз қарастырады [156].
Қабілет – осы және басқа ӛндірістік іс-әрекетті табысты орындау жағдайы
болып табылатын тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетті
анықтаудағы ең басты үш кезең бар: біріншіден, қабілет бір адамды екінші
адамнан ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті
43
қамтамасыз етеді, үшіншіден, қабілет тек білім, дағды, шеберлікті меңгеруді
жеңілдетеді.
Қабілет – жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бӛлігі болып табылады.
Ғылымға алғаш рет қабілеттілік туралы ұғымды К.К.Платонов енгізген [157].
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалардың саны ӛте кӛп.
Мысалға, «қабілет деп - әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге
жеткізетін
адамның
қасиеттерінің
синтезін
айтады»
(А.Н.Леонтьев) [158], «қабілет – білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері» (А.В.Петровский)[159], «қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін
ойдағыдай нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті» (Т.Тәжібаев)
[160].
Cонымен, қабілетті жеке даралықтың бір деңгейінде орналастыруға
болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.
Қабілет деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе
қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты
адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп
атқаруы. Қабілеттің екі деңгейі бар: ӛнімді (білімді жоғары дәрежеде игере
алуын қамтамасыз етеді, әрекетті меңгеру); шығармашылық (жаңа, соны
нәрсені жасап шығаруды қамтамасыз етеді).
Психологтардың
кӛзқарасы
бойынша
«шығармашылық
қабілет»
субъектінің қандай да бір жаңалық табудағы әрекеті. В.А. Крутецкий ӛзінің
шығармашылық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер
қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда
дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттірінің жиынтығының бірлігі
деуге болады» деп тұжырымдайды [161].
Ғылыми зерттеулерде дарындылық тұтастық сипаттама, қабілеттерді
жүйеге
біріктіру
(Б.Б.Коссов)
[162],
адамның
«жүйелік
қасиеті»
(Д.Б.Богоявленская) [163]. әрекет мақсатында қабілеттердің ықпалдасып
кӛрінуі (В.Д.Шадриков) [164] деп қарастырылады.
«Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына ӛте жақын. Дарындылық
әрбір адамның ақыл – сана, оқу, шығармашылық, кӛркем ӛнер, адам аралық
қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде кӛрініс береді. Дарынды
адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан
қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға
сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен
салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары. Дарындылық дәрежесінің
артуы қажетті білімдермен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға
тікелей байланысты.
Дарындылық қандай бастапқы құрылым жағдайы мен жоғары нәтижеге
жету мүмкін екенін кӛрсетеді. Бірақта бұл нәтижеге жете алмауы да мүмкін.
Креативтілік – дарындылықтың маңызды сипаттамасының бірі екені туралы
ойды Н.С.Лейтес еңбектерінен кӛреміз [165]. Осылайша, креативтілік ойлау
дарындылығының компоненті (дарындылықтың басқа түрі сияқты) немесе оны
дарындылықтың ӛз алдына жеке, ерекше түрі ретінде қарастыруға бола ма
44
деген сауал әлі де пікірталасты қажет етеді. Дарындылық – бұл
«шығармашылық дарындылық» деген пікір де бар.
Д.Б.Богоявленская «шығармашылық» пен «шығармашылық дарындылық»
ӛзі үшін синоним сӛздер екенін айтады [166]. Осылайша, «шығармашылық
дарындылық» дарындылықтың ерекше, ӛз алдына жеке түрі ретінде
қарастырылмайды, ол жеке модальдық емес, кез-келген еңбек түріне тән.
Шартты түрде айтсақ, «шығармашылық дарындылық» кез-келген әрекет
орындаудың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар әрекет субъектісінің
бастамасы бойынша оны дамыту, ол әрекет субъектісінің ұстанымы
нәтижесінің сипаттамасы.
A.И.Савенков креативтілік дарындылық ретінде статистикалық емес,
динамикалық сипаттама үнемі қозғалыста болатын, дамитын, сондықтан үнемі
ӛзгеріп тұратынын ескеру қажеттігін айтады [167]. Автор аталған динамикалық
бағыттың артықшылығын дарындылық ұғымының элитарлық болмау
идеясынан кӛреді.Қазіргі таңда, креативтілікті зерттеу барысында қалыптасқан
шығармашылықтың жаңа психологиялық тұжырымдамасы пайда болды. Осы
тұжырымды түсіндіруде креативтілікті бағалаудағы психометриялық кӛзқарас
қолданылады. Осы кӛзқарастың негізін салушыларына Дж. Гилфорд, Э.П.
Торренс жатады.
Kреативтілік
–
ағылшынның
―Creativity‖
сӛзінен
аударғанда
шығармашылық деген мағынаны береді, яғни шығармашылық психиканың
даму тетігі мен негізі ретінде қарастырылады (Н.В. Кипиани [168],
А.М.Матюшкин [169], Я.А. Пономарев [170], И.Н. Семенов [171] және т.б.).
Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырады (Н.Г. Алексеев [172],
С.М. Бернштейн [173], В.С. Библер [174], О.К. Тихомиров [175], Э.Г. Юдин
[176] және т.б.).
Педагогикада креативтілік мәселесіндегі күрт ӛзгеріс 70 жылдары
басталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-жаңашылдар пайда
болды. Мысалы, Ш.А.Амонашвили [177], И.П.Волков [178], С.Н.Лысенкова
[179] , В.Ф.Шаталовтардың [180] жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі
ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Олардың білім
берудегі инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа
әдістері насихаттала бастады, жаңашылдық нәтижелері тек педагогтарды ғана
емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың психологиялық ерекшеліктері
мен педагогикалық психологиядағы шығармашылық әрекет тетіктерін оқып-
үйрене бастаған психологтарды да қызықтырады (И.А. Зимняя [181], Н.В.
Кузьмина [182] және басқалар).
Қазақстандық ғалым Р.Омарова диссертациясында қазіргі кезеңдегі білім
берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық
бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі
шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты екенін ғылыми түрғыда
дәлелдеп, шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет
сапасын дамытудың негізгі ӛзегі болып табылатынын айта келіп,
«инновациялық креативті білім беру» ұғымына анықтама береді. Ғалымның
45
пайымдауынша «инновациялық креативті білім беру» –қазіргі мектептерде
оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен
жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағыттайтын интеллектуалдық үдеріс [183].
Kреативтіліктің әмбебап танымдық шығармашылық қабілет ретінде
қарастырылуы шет елдік психолог Дж. Гилфорд [184 ] еңбектерінің жарыққа
шығуымен байланысты. Гилфорд ойлау операцияларының екі түрін ажыратып
кӛрсетеді: конвергентті және дивергентті. Ол конвергентті ойлауға деген
қабілеттілікті тесттік интеллектпен теңестіріп, оны IQ жоғары жылдамдықтағы
тестпен ӛлшеуге болатынын кӛрсетеді. П.Торренс «креативтілікті» білім
игеруде кездесетін қиындықтарды, білімдегі ақауларға немесе үйлесімдіктердің
бұзылуына жоғары сезінушілік ретінде қарастырып, осы мәселелердің
анықталуының, олардың шешімдерін іздестірудің, болжамдарды ұсынудың
және оларды тексерудің, болжамдарды ӛзгерту мен қайта тексерудің, сонымен
қатар шешімдердің нәтижесін қалыптастыру мен жариялаудың қабілеті болып
табылады – деп түсіндірген. Креативтілік моделінің негізгі үш белгісі: ой
ұшқырлығы
(нәтижелігі-ӛнімділігі);
жағдаяттардағы
икемділік;
тұлғалық ерекшелік, ӛзіндік шешім [185].
M. Воллах және Н. Коган ӛз еңбектерінде Гилфорд пен Торренстің және
олардың шәкірттерінің интеллекті ӛлшеудің тестік үлгілерін креативтілікті
ӛлшеуге қолдануын үлкен қателік ретінде қарастырады. Осылайша осы тестер
интеллекті ӛлшеуге арналған тестер секілді IQ-ді ӛлшейтін болған [186]. Осы
авторлар уақыттың қатаң лимиттеріне, жарысу ахуалына және жауаптардың
дұрыстығының бір түрінде болатынына қарсы пікірлер айтқан, яғни
креативтіліктің дәлдік ӛлшемін жоққа шығарған. Осы тұрғыдан олардың
пікірлері Гилфордтың дивергентті және конвергентті ойлау түрлерін ажырату
туралы ойларымен үйлеседі. М. Воллах және Н. Коганның пікірлері бойынша
шығармашылықты кӛрсету үшін еркін ахуал қажет. Ең бастысы,
шығармашылық қабілеттерді зерттеу мен тестілеуді кәдімгі шығармашылық
жағдайда жүргізу керек. Сол кезде сыналушы тапсырманың мазмұны бойынша
қосымша ақпаратты еркін пайдалана алады. Воллах пен Коганның бұл
кӛзқарастары креативтілік пен интеллект арасындағы байланыс мәселесіне
басқаша қарауға септігін тигізді. Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген
анықтамалары мен ұғымдарын талдай және жалпылай отырып, Р. Холлменн
былай дейді [187]:
«Креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны
(Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеті (Кюби), жаңа қарым-
қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармалардың туындауы
(Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті (Лассуэль), жаңа
шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар), жаңа ұғымға тәжірибені
кӛшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)».
Eнді креативтілікті зерттеудегі әлеуметтік-тұлғалық кӛзқарасты талдап
кӛрейік. Осы кӛзқарас тұрғысынан креативтілік тұлғаның жүйелі қасиеті
ретінде анықталынады. Шығармашылықтың альтернативті тұжырымдамасын
46
психолог Эдварл де Боно ұсынады. Ол шығармашылық тетігін түсіндіруде
латералды ойлаудың маңыздылығын кӛрсетті.
Шығармашылық ойлау, Эдварл де Бононың пікірінше, латералды ойлау
дегенді білдіреді (lateralis – боковой) [188]. Зерттелінетін мәселенің барлық
қырларын, соның ішінде ерекше логикалық ойлауда қолданылмайтын әдістерін
қарастырады. Осы тұрғыдан латералды ойлайтын адам ешқашан қателеспейді
екен.
Cонымен
қатар, креативтілікті зерттеуде отандық ғалым Қ.М.
Нағымжанова зерттелетін мәселенің тұжырымдамалық негізін қабылдау
арқылы жүйені сапалы интерпретациясы креативтік ұғымының үш
қырлылығын сипаттайды:
1.
Педагогикалық креативті үдеріс оның эвристикалық мазмұнымен
реттелетін, сонымен қатар идеяны анықтауда креативті нәтижеде жүзеге
асырылған креативтілікті қалыптастыру мақсатында ізденістік-әрекеттік және
коммуникативтік – бірлескен әрекет ретінде;
2.
Педагогикалық креативті нәтижеде белсенетін жасаушы үдеріс, бұл
материалдық құндылық ретіндегі жаңа зат, жаңа ӛнім, рухани аумақтағы жаңа
нәтижені объективті және субъективті жасау ғана емес, бір мезетте тұлғаның
креативті әлеуетін қалыптастыру болып табылады;
3.
Педагогикалық креативтілік тұлғалық категория ретінде әлеуетті,
рефлексивті және ӛзектенетін креативті қамтиды және креативті үдеріс пен
нәтижеде тұлғаның ӛзін-ӛзі ӛзектендіруі негізінде оның даму динамикасын
жүзеге асыратындығын атап кӛрсетеді. [23,92 б.]
Cонымен, кӛптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның
ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Креативтілікті
қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе
креативтіліктің мына тӛмендегі құрылымдық бӛліктерін бӛліп кӛрсетуге
болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық
қабілеттер, ӛзіндік ой-пікірлерде тұра білу, ӛзіне сын кӛзбен қарау, қисынды
ойлау, жаңаны сезгіштік, әр нәрсеге күмән келтіру.Cоңғы жылдары жүргізілген
зерттеу жұмыстарында креативтіліктің бірнеше сипаттамалық параметрлері
қарастырылады. Соның бірін тӛмендегі суретте келтіріп отырмыз.
47
Сурет 1 - Креативтіліктің сипаттамалық параметрлері
Tұлғаның әлеуетінің маңызды элементтері ретінде И.А. Беспалов «акме-
мотивацияны» анықтайды. Бұл тұлғаның ерекше психикалық құрылымы. Ол
адамның ӛзін-ӛзі дамытудағы белсенділігін туындататын ұмтылыстардың
барлық түрлерін қамтиды (мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар,
мақсаттар, әдеттер және т.б.).
И.А. Беспаловтың пікірінше, акме-мотивацияның негізінде жетістікке қол
жеткізу мотивациясы жатыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шығармашыл
тұлғаның акмеге қол жеткізуде ішкі ұстанымы болуы тиіс. Оны И.А. Беспалов
тұлғаның акмеологиялық бағыттылығы деп анықтайды [189].
Oсыған
орай, болашақ мұғалімдерді кәсіби шығармашылыққа
бағыттайтын оқу орындарының негізгі мақсаттары – әрбір білім алушының
осы сипаттамаға сәйкес болып қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау болып
табылады.
B.Д. Шадриковтың «кәсіби маңызды қасиеттер» тұжырымдамасы негізінде
тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері – бұл кәсіби іс-әрекетті игеру жетістігіне
және оның тиімділігіне әсер ететін іс-әрекет субъектісінің жеке қасиеттері
[190]. Тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері кәсіптік білім беру барысында,
болашақ мамандарды немесе магистранттарды оқу-кәсіптік қауымдастыққа
тарту және оқу-кәсіптік іс-әрекетті игеру арқылы дамиды, жетілдіріледі.
B.И.Aндpeeв ӛзiнiң oқу-шығapмaшылық, oқу-зepттeушiлiк бaғдapлaмacындa
iздeнiмпaздық пeн жacaмпaздық ic-әpeкeттepдi дaмытудың жoлдapын кӛpceтiп,
мaңызды тұжыpымдaмa жacaғaн. Oлapдың eң тиiмдiлepi peтiндe мынaлapды
кӛpceткeн: ic-әpeкeттiң қapaпaйым түpiнeн күpдeлiлiккe бipтiндeп кӛшу;
күpдeлi тaпcыpмaлapды opындaй aлaтын cтудeнттepдiң ӛзгeлepгe жәpдeм
•Идеяларды ӛндіріп шығару
қабілеті.
•Ерекше идеяларды ойлап
шығару қабілеттілігі.
• Бір жүйедегі құбылыстардан
екінші бір жүйедегі құбылыстарға
оңай ауысып кетуге мүмкіндік
беретін қабілеттілік.
•Идеяларды максималды түрде
шығара алу қабілеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |