Әож 378. 04: 002 Қолжазба құқығында



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата24.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#10253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

-
 
үшінші  бағыт,жеке  қызмет  түрлері  бойынша  теориялық  білім  мақсаты, 
міндеттері, мазмұны, ұстанымдары мен әдістері, технологиялары, ұйымдастыру 
формалары, күтілетін нәтижелермен сипатталуы болып табылады. 
   Педагог  үлгісі  мен  оның  біліктілік  сипаттамасы  туралы  кӛріністерді 
айқындау  оның  кәсіби  іс-әрекетінің  психологиялық-педагогикалық  сипаты 
болып  табылады.  Сондықтан  да  ол  педагогикалық  оқу  орындары  мен 
университеттерді бітіруші түлектер қызметінің үлгісін нақтылап беріп, жинақы 
түрге  және  бір  қалыпқа  келтіреді  және  сол  мақсатқа  жетуі  үшін  соған  сәйкес 
нормативті талаптар мен бағалау кӛрсеткішінің сәйкес тиімділігін жасайды. 
 "Маман үлгісі" деген түсінік және оған тығыз байланыстағы "жоғары білімі 
бар маманның біліктілік сипаттамасы" түсінігі білім беру мазмұнын және оны 
таңдаудың  негізі  мен  құрылымдарын  ашады.  Маман  үлгісінде  тек  қана  оның 
жеке жақтары мен сипаты ғана емес, олардың оқу-тәрбие үдерісі нәтижесіндегі 
алған  жетістіктер  және  жоғары  оқу  орны  қызметіндегі  практикалық  үдеріске 
қажеттілігін кӛрсететін мамандардың білімділігі мен қабілеттіліктері жатады. 

55 
 
Үлгі    мен    тұпнұсқаның    арасында    айырмашылық  болады,  ӛйткені  үлгі 
белгілі-бір  шектеулер  негізінде  құрылады.  Үлгі  түпнұсқаның  маңызды 
жақтарын  кӛрсете  отырып,  оның  мәнін  түсінуге  кӛмектеседі.  Үлгіқұру 
кезінде  оның  зерттеу  объектісінің  түпнұсқаға  сай  келуін  қадағалау  қажет. 
Үлгіүнемі  түсіндіру,  анықтау  құралы  бола  отырып,  танымдық  рӛл  аткарады. 
Қазіргі заман ғылымында үлгі ұғымын материалдық немесе тұжырымдамалық 
жүйе ретінде түсіндіреді:   
     -  біріншіден,  қандайда  бір  формада  түп  нұсқаның  маңызды  қасиеттері  мен 
қарым-қатынасын  бейнелеп, кӛрсетеді; 
     - екіншіден, нақты берілген мағынада  оның орнын басады; 
     - үшіншіден, түп нұсқа туралы жаңа ақпарат ұсынады. 
Ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ  маманның  коммуникативтік 
құзыретілігінің мәні, құрылымы және мазмұны туралы нақты түсініктің болуы 
оның қалыптасу үлгісін құруға мүмкіндік береді. 
     И.А.Зязюн 
мен 
Г.М.Сагачтардың  ойынша,  оқытушыға  қажетті 
коммуникативтік құзыреттіліктердің бірнеше түрін серіктесін тыңдай және ести 
білу,  аудиторияда  ӛзінің  мінез-құлқын  басқара  білу.  Коммуникативтік 
құзыреттіліктерді  әлеуметтік  ӛзара  байланыстың  ӛнері  ретінде  қарастыра 
отырып,  түсіндіре  білу  дағдысын  алға  шығарады  [124].  Біз  автордың  пікіріне 
қосыла  отырып,    болашақ  бастауыш  сынып  мамандарын  дайындауда 
ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып,  оқушыларға  білім  беру 
бағдарламаларын меңгерту   барысында яғни жаңа материалды түсіндіре білуі, 
білім  алушылармен  субъектілік  қатынасқа  түсуде  қоммуникативтік  құзыретті 
болу,- қажет деп есептейміз. 
А.А.Бодалевтың  пайымдауынша,  қарым-қатынас  құзыреттілігінің    жоғары 
деңгейіне жету үшін білім алушылардың жеке дара психологиялық ерекшелігін 
білуі  қажет,  соған  сәйкес  әрбір  студенттің  психикалық  жағдайы  мен  тәртібіне 
қарай  қарым-қатынастың  тәсілін  таңдап  қолдану,  қоғамдық  моральға,  жалпы 
адамзаттық  құндылыққа  қарама-қайшы  келмейтін,  нақты  жеке  адамның 
ерекшелігіне  сай  жауап  беретіндей  психологиялық-педагогикалық  ракурсте 
болу керек [125]. Бұдан шығатын қорытынды үлгінің   білім алушылардың жеке 
дара  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қарым-қатынастың  білім 
алушы  үшін  оң  әсер  тудыруға  ықпал  етуі,  оның  жақсы  нәтижеге  алуға 
болатынын кӛрсетеді. 
 
 Зерттеу  жұмысымызда  болашақ  мамандардың  ақпараттық  технологиялар 
арқылыкоммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  үлгісін  құру  қажеттігі 
туындады.  Үлгі  құрудың  мақсаты  –  болашақ  манадардың  ақпараттық 
технологиялар  негізінде  коммуникативтік  құзыретілігін  қалыптастыруға 
негізделеді. 
Болашақ  мамандардың  ақпараттық  технологиялар  арқылы  коммуникативтік 
құзыреттілігін  қалыптастыру  үлгісін    құру  барысында  оның  құрылымын  білу 
қажет: 
   -    ақпараттық  қоғамда  болашақ  маманның  ақпараттық  технологиялар 
коммуникативтік құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптарды ескеру; 

56 
 
    - 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыретілігінің  мәселесі  бойынша  зерттеудің  негізгі 
идеялары, тұжырымдамалық ойлары; 
   - 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылыболашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыретілігін  қалыптастыру  үшін  шешілуге  қажетті 
міндеттердің айқындалуы; 
   - 
болашақ 
мамандардың 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  маңызды  компоненттері 
және олардың арасындағы функционалды байланыстардың болуы; 
   - 
болашақ 
мамандардың 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  формалары,  технологиялары, 
әдістері және құралдары; 
  - 
болашақ 
мамандардың 
ақпараттық 
технологиялар 
негізінде 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі  ӛлшемдері  мен 
кӛрсеткіштері, деңгейлерінің айқындалуы. 
Ақпараттық технологиялар  арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік 
құзыретілігін қалыптастыру үлгісін  әзірлеу белгілі әдіснамалық  негізге сүйене 
жүзеге  асырылады.  Психология-педагогикалық  әдебиеттерге  талдау  жасау 
ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыретілігін қалыптастыру үлгісін құруға мүмкіндік берді. 
Шетелдің  ғылыми ойлары ақпараттық әрекеттестік пен ақпаратпен алмасуды 
тұлғаның  негізі  болып  табылатын  факторы  (Э.Торндайк,  Ж.Пиаже  және 
басқалар)  ретінде қарастырылмайтын теориясымен қатар сана дамуында  ішкі 
ақпарат  пен  алмасудың  маңызды  орын  анықтайтын  бірқатар  теорияларға  (К. 
Марке, Дж. Мид, Ч.-Х. Кули) сүйенеді.  
Ақпараттық  амалдың  орталық  идеясы  ақпараттық  феномендер  мен 
үдерістері,  ақпараттың  нақты,  біртұтас  мәні  ретіндегі  түрлі  объектілерді 
зерттеуден құрайды.  
Г.А.Ларионованың  пайымдауынша,    ақпараттық  амал  –  құрамына  ақпарат 
теориясында  дамыған  идеялар  мен  математикалық  құралдар  кешеніне  енетін 
зерттеудің  жалпы  ғылыми  құралы,  -  болып  табылады  [126].  Біз  зерттеу 
жұмысымыздың  тұрғысында    зерттеудің  жалпы  ғылыми  құралы  ретінде 
ақпараттық  технологиялар  мен  коммуникативтік    құзыреттіліктер  туралы 
теориялық ой-тұжырымдарды басшылыққа алу қажет, - деп санаймыз. 
В.И.Загвязинскийдің пікірінше, зерттеу объектісінің қиындығы «зерттеушіні 
қарапайым ұқсастықтар іздеуге итермелейтіні» кӛрсетілген; ондай ұқсастықтар 
жүйеге қатынас бойынша үлгіге айналады. Аналог бойынша ақпаратты үлгіден 
прототипке  кӛшіру  мүмкіндігі  туындайды,  теориялық  деңгейдің  арнайы 
әдістерінің  бірі  –  үлгілендіру  әдісінің  мәні  осында,-  деп  қорытынды  жасаған 
[127].  Автор  теориялық  білімдер  және  эмпирикалық  мәліметтер  негізінде  шын 
мәніндегі  сынақ  жүргізуде  орын  алуы  мүмкін  жағдайларды  ойша  қарастыра 
отырып,  белгілі  бір  ӛзгерістегі  үлгі  сипатталатын  және  идеалды  объект 
құрылатын  ойша  болжам  жасайды.  Идеалдық  үлгі  танушы  үшін  ең  маңызды 
байланыстар мен қатынастарды анықтайды.  

57 
 
  Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  педагогикалық  тәжірибеде 
кең  қолданыстағы  ақпараттық  амалдар  үдерісін  қамтамасыз  ететін,  белгілі 
іскерлік, дағды мен білімді қалыптастыруға ықпал етеді. 
Зерттеу 
жұмысымызға 
байланысты 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылыболашақ 
мамандардың 
комуникативтік 
құзыреттілігін  
қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық үлгісін құру қажеттігі туындады. 
«Модель»  дайындалған  зерттеу  нысанының  түп  нұсқа  үлгісі  болып 
табылады.  Үлгіде  зерттеу  мәселесінің  шешімін  табудағы  оқыту  үдерісінде 
болашақ  мамандардың  комуникативтік  құзыреттілігін    қалыптастыруға    деген 
тұрақты  қызығушылығын  кӛрсететін  теориялық,  әдістемелік  білімдерінің 
кӛрсеткіштері мен  ӛлшемдері, деңгейлері сипатталады.  
Болашақ  мамандарды  даярлау    оқыту  үдерісінде  іске  асырылады.  Әртүрлі 
абстракциялық бағыттағы және объективті шындыққа жақындаудың кӛмегімен 
адамның  миына  объективті  дүниенің  шағылысуының  бір  тәсілі  ол  –  үлгілеу 
болып  саналады.  Философиялық  кӛзқарас  тұрғысынан  ол,  заттар  мен  ақиқат 
құбылысты  тануды  жеңілдететін  ықшамдау  тәсілінің  дамуы  сияқты 
сипатталады. 
Ғылыми зерттеулерде үлгі – оқыту мен оқу үдерісін зерттеудің әдістері мен 
тәсілдері жүйесіндегі қажетті бӛлік  дегенмен оның тиімді қолданылуы зерттеу 
әдістерінің барлық жиынтығын пайдалануға байланысты болады.  
Үлгі - әрі шындықты бейнелеу түрі, әрі жинақталған мәліметтерді жинақтау 
мен білімді ары қарай дамытуға қажетті танымдық әдіс ретінде қарастырылады.  
Үлгілеу  әдіс  ретінде  ӛз  табиғатында  іс-шарабола  отырып,  зерттеу  пәнінің 
белгілі  бір  қисынды  зерттелу  мәселесінің  аяқталу  шегін  білдіретін  абстракті-
логикалық  ойлау  негізінде  жүзеге  асатын,  педагогикалық  зерттеудің  басқа  іс- 
шаралармен бірге оның теориялық бӛлігін құру мүмкіндігін шамалайды. 
 Зерттеу жұмыстарында «үлгі» термині мынадай мағыналарды береді:  
- үлгіні құру немесе таңдау жӛніндегі әрекеттер және объект туралы білім алу 
мақсатында оларды зерттеу; 
- кез-келген құбылыстар мен үдерістерді жанама зерттеу әдісі. 
Педагогикалық  деңгейде  зерттеу  жұмысының  негізінде  құрылған  үлгі 
нәтижесінде  педагогикалық  жағынан  мақсатты  құрылған  әрекеттердің 
бірізділігі  мен    жүйесі  түрінде  бейнеленуін  аламыз,  бұл  әрекеттер  қойылған 
болжамның дұрыстығын немесе бұрыстығын шешуге алып келеді. 
Үлгі – оқыту үдерісі мен оқытуды зерттеудің мақсаты, міндеттері, мазмұны, 
құралдары  және  әдістері,  технологиялары,  ұстанымдары,  компоненттерін 
жүйелейтін  буын.  Зерттеу  аясында  құрылған  үлгі  белгіленген  нәтижеге  жету 
үшін оның барлық жиынтығын дұрыс пайдалану керек. 
У.Э.Эшиби  бойынша,  үлгі    дегеніміз  –    зерттеу  әдісі  ретінде  алғанда 
қарапайымдыландыру үлгісінің ӛзі біршама қиын және қарама-қайшылықтарға 
толы  үдеріс  ретінде  сипатталады.  Себебі:  ол  зерттеудің  тапсырмаларын, 
мақсатын және мәнін анықтайтын, жұмыс болжамын қалыптастыратын, зерттеу 
мәнін және оның қасиеттерін суреттеу мен бағалаудың құралдары мен әдістерін 

58 
 
таңдауды  жүргізетін  зерттеу  процедураларымен  байланысты.  Сонымен  бірге 
үлгілендіру әдісі ӛз табиғатында абстрактілік-логикалық ойлау негізінде жүзеге 
асатын іс-шара бола тұра, педагогикалық зерттеулердің ӛзге де іс-шараларымен 
бірге  зерттеу  мәнінің  зерттелетін  жақтарының  белгілі  бір  логикалық  шектерін 
кӛрсететін  оның  теориялық  бӛлімдерін,  зияткерлікпен  кӛру  үлгілерін  құру 
мүмкіндігін аңғартады. 
 Зияткерлікпен  кӛру  үлгісі  педагогикалық  түсініктер  жүйесінде  қалыптасқан 
тілде жұмыс болжамы пішінінде, педагогикалық зерттеулер мәні жӛніндегі үлгі 
түсініктермен  байланысты  эталон  ретінде  кӛрініс  береді.  Үлгінің  ӛзі 
материалды  түрде  ӛмір  сүрмейді,  ол  ойлау  образдары  пішінінде 
«құрастырылған» зерттеушінің санасында ғана бар ойлау құралы, сондықтан да 
оны идеялық үлгі деп атайды. 
 Л.А.Беляеваның  пікірінше,  үлгі  құрудың  мазмұнды  жақтарын  анықтай 
отырып, үлгіні бағалаудың келесі ӛлшемдерін  бӛліп кӛрсетеді: 
-
 
объектілік 
аймақтар 
арасындағы 
тәуелділікті 
анықтайтын, 
байланыстылық; 
-
 
үлгілендіретін  объектіні  қадағалау  және  тіркеу  мүмкіндігі,  яғни 
бақылаушылық; 
-
 
тұрақтылық (кӛрсетулік және техникалық). 
«Үлгілік  білім  беру»  түсінігі  мен  идеясы  алғаш  рет  ХХ  ғасырдың  60-шы 
жылдары  АҚШ-да,  Англияда  пайда  болды.  Сол  кезде  білім  алушыларға 
берілген  білім  материалдарында  әрекеттердің  мақсатқа  сай  негіздері, 
ақпараттар  қоры  және  алған  қойылған  білім  алу  міндеттеріне  қол  жеткізудің 
әдістемелік құралы  болса, онда оқу бағдарламасы шеңберінде білім алушылар  
білім  материалдарымен    ӛздігінен  жұмыс  істей  алады  деген  болжам  айтылған 
еді. «Үлгі – оқу мазмұндары мен оларды меңгеру технологиялары біріктірілген 
мақсатты  функционалды  түйін.  Тек  модуль  ғана  мазмұны,  оқыту  әдісі, 
дербестік  деңгейі,  оқушының  оқу-танымдық  әрекеттері  қарқыны  жағынан 
дараланған оқытудың бағдарламасы бола алады» [128]. 
Авторлардың пікірлерін қорытатын болсақ,  үлгі түсінігі шындықтың белгілі 
бір тұстарын тереңірек түсіну мақсатында кӛрсету құралы ретінде анықталады. 
Қандай  да  болмасын  үлгілендіру  барысында  ғалымдар  оның  қозғалысының 
құрылымын  талдауды  қарастырады.  Соның  ішінде,  қандай  да  болмасын 
функционалдық  үлгі  оны  белгілі  бір  үдерістің  жүзеге  асуының  қандай  да  бір 
мезетінде  сипаттайтын  элементтер  жиынтығы,-  деп  атап  кӛрсетеді.  Мұнда 
үдерістің  ӛзгермелі  табиғаты  бір  қалыптан  екінші  қалыпқа,  бір  элементтен 
басқасына кӛшу ретінде анықталады.  
Н.Д.Хмельдің    пікірінше,    үлгіні  біртұтас  педагогикалық  үдерісті  жүзеге 
асырудың маңызды  бӛлігі болады  деп есептейді:  яғни,  зерттеуші  – ұстаз үшін 
үлгі  зерттелетін  құбылыстың  идеалдық  үлгісін  қайта  жасаудың  тәсілі  болып 
табылады.  Бұл  нысан  және  оған  қатынастық  мәндерді  кӛрсететін  кӛрнекілік 
құралдардың  бірі  (шартты  бейне,  схема  т.б.)  [129].  Жалпылама  түрде  үлгі  – 
зерттеу  пәнінің  белгілі  бір  жақтарын,  байланыстарын,  қызметін  кӛрсететін 
элементтер  жүйесі.  Үлгінің  негізі  –  зерттелетін  объекті  мен  оның  үлгісі 

59 
 
арасындағы  белгілі  бір  сәйкестік.  Формалары  бойынша  үлгілер  материалдық 
(заттық,  денелік)  және  идеалдық  (иеалдағы,  ойдағы)  болып  бӛлінеді. 
Зерттеушілер  материалдық  үлгідердің  табиғи,  үлгі-приборлар,  бейнелеу 
үлгілерін  ажыратады,  ал  идеалдық  үлгіні  түсінік,  ұғым,  заңдылықтар  және 
олардың байланысы арқылы кӛрсетеді. Үлгі – бұл таным құралы. Бақылау және 
эксперимент нәтижесінде қалыптасқан кез келген теориялық түсінік түпнұсқа - 
объектімен салыстырмалы түрде үлгі ретінде қабылдануы мүмкін.  
Үлгі – бұл сызба, физикалық құрылымдар, таңбалық түрдегі немесе формула 
түрінде  зерттелетін  объектінің  (немесе  құбылыстарына)    келешекте  қажеттігі 
үшін  құрылған  жасанды  объект,  ол  бұл  объектінің  элементтері  арасындағы 
ӛзара  байланысын  және  қатынасын  қарапайым  түрде  жалпылама  қамтылған 
құрылым түрінде бейнелеп, суреттейді. 
Р.Беллдің  пікірінше,  коммуникативтік  құзыреттілік  үлгісінің  алғашқы 
нұсқасы  ӛзінің  сапалық  компоненті  ретінде  тілдік  және  әлеуметтік 
құзыреттілікті  қамтиды.  Коммуникативтік  құзыреттілік  шешім  қабылдау 
механизмі ретінде қарастырылып және ӛзіндік «мехнизм» ретінде жұмыс істеп, 
коммуникативті жағдай мен қарым-қатынас  мүмкіндігімен хабарлама ниетінің 
сәйкестігін білдіреді. Үлгінің маңызды элементтерінің бірі вербалды емес кері 
байланыс  болып  табылып,  соның  негізінде  сӛйлеуші  ӛз  пікірінің  кӛлемі  мен 
мазмұнын дәлелдеп түзетеді [130].  
В.В.Рыжов коммуникативтік әлеует құрылымының негізгі алты блогын атап 
ӛтті:  қарым-қатынас  орнатуда  мотивацияның  басымдық  үлгісі;  қарым-
қатынаста    тұлғаның  байланысқа  түсуі;  қарым-қатынасқа  мазмұндық 
бағытталу;  әлеуметтік-перцепциялық  қабілет  пен  біліктілік;  коммуникативтік 
байланыста  оның  орнын  бейнелейтін  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық 
сипаттамасы; ӛзіндік рефлексиясы – яғни, ӛзін-ӛзі бағалауы және қабілеттілігі  
[88].  
Л.Оталаның  пікірінше,  құзыреттіліктің  құрылымдық  компоненттеріне 
құндылық,  мақсат,  қатынас,  тәжірибе,  білім,  білік,  дағдының  бірлігінде 
қарастырып,  оның  ішінде  қабілет  пен  қарым-қатынас  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынасқа,  барлық  ақпараттық  байланыс  пен  қатынасқа  ерекше  мән 
беріп,  оның  негізінде  адам  болып  жатқан  ӛзгерістер  туралы  ақпарат  алады, 
ӛзгермелі ортаға бейімделеді, деп түйіндеме жасаған [131].   
Мұнда  ӛлшемдер  жалпы  (мақсатты  құруда  тіркелетін  талаптарды  кӛрсетеді 
және  соңғы  нәтижелерді  диагностикалау  үшін  қолданылады)  және  жеке  деп 
(үдерістің  нақты  міндеттерін  кӛрсетеді  және  аралық  нәтижелерді  талдауға 
қолданылады)  бӛлінеді.  Екінші  тәсіл  –  бағыттылығымен,  қолдану  әдістерімен 
және орнымен анықталады. Бұл тәсілде сыртқы формасына қарай нәтижелердің 
кӛрінуімен  байланысты  ӛлшемдер  (когнитивтілік;  әрекеттің  түрін  анықтауға 
қабілет;  әрекеттік  ӛлшем  және  т.б.)  және  жасырын  түрде  нәтижелердің 
кӛрінуімен  байланысты  ӛлшемдер  (мотивациялық-қажеттілік;  тұлғаның  кәсіби 
маңызды сапалары; құндылық бағдарлары және т.б.) анықталады.  
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  «ӛлшем»  терминінің  біртұтас 
анықтамасы жоқ.  

60 
 
Ш.Т.Таубаева  ӛлшем  –  білім  алушыларды  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту, 
қалыптастыруда  жеткен  жетістіктердің  белгіленуін  салыстыратын    ғылыми 
негізделген эталондар кӛрсеткіші,  – болып табылады,- деген анықтама берген. 
Автор сонымен қатар кӛрсеткіш – тұлғаның даму үдерісін сипаттайтын деңгейі, 
оның  оқытылуы,  тәрбиелілігі  визуальды  бақылануы  және  білім  алушының 
тәжірибесінде  қалыптасқан  білімі,  дағдысы,  іскерлігі,  тәртібінің  белгіленген 
мӛлшерде  жүзеге  асырылуы,  –  деген  анықтама  берген    [132].    Бұл  бізге 
ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыреттілігінің  құрылымын  анықтай  алатын  ӛлшемдерді  нақтылауға 
мүмкіндік берді.  
   Ақпараттық 
технологияларарқылы 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін    қалыптастыруда  басшылыққа  алатын  негізгі 
ұстанымдар: 
     –    педагогикалық  іс-әрекеттің  жекелеген  мәнді  әртүрлі  жағдаяттарға  бӛліну 
ұстанымы,  жаттығулар  жүйесін  ұйымдастыруға  негіз  болатын  нақты 
шарттардың  контексінде  білім  алушылардың  тәртібінің  тактикасы  мен 
стратегиясы олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады;  
    –    жоғары  коммуникативтік  ұстанымы  білім  алушылардың  белсенділігін 
арттырып,  олардың  топтағы  және  білім  беру  ұйымдарында  практикада  ӛзара 
субъектілік  әрекетке  түсу  қарқындылығының  негізінде  білім  алушылардың 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру; 
   –  рефлексия ұстанымы  әрбір білім алушымен  және топпен кері байланысты 
және  сабақтың  нақты  нәтижесін  тұтастай  қамтамасыз  етіп,  болашақ 
мамандардың  кәсіби  тұрғыда  және    болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптасуына ықпалының үлесі;   
–    жоғары  оқу  орны  практикалық  сабағы  мен  мектеп  тәжірибесінің  үнемі 
байланысы ұстанымы  білім мен дағдыны тиімді қолдануы  негізінде  болашақ 
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;  
Оқытудың  ғылымилығы  ұстанымы  маңызды  болып  есептелінеді,  себебі  ол 
ғылым  мазмұны  мен  оқу  пәнінің  байланыс  заңдылықтарына  сүйенеді.  Бұл 
ұстаным  оқу  пәні  мазмұнының  ғылыми  таным,  пайда  болу,  ӛзгеру  және  даму 
үлгісіне  сәйкес жаңа ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялық 
дәлелденгенін  талап  етеді.  Мұның  барлығы  логикалық  ойлау  қабілетін 
дамытады, танымдық ғылыми  ұстанымы сүйенеді. Ғылымилық ұстанымы іске 
асыру  пәнінің  қазіргі  жағдайлардағы,  болашақтағы  орны  жәйлі  ғылыми 
түсініктерді  қалыптастырады,  шығармашылық  іс-әрекеттің  кӛрінуіне  ықпал 
етеді.Ғылымилық  ұстанымы  және  оның  қазіргі  талапқа  сәйкестігі  онда 
ақпараттық  технологиялардың  жаңа  нәтижелері,    ақпараттық  ресурстарды 
толыққанды  қолдану  негізінде    болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа нәтижеге жету.   
Оқытудың  жүйелілік  ұстанымы  «ұғымдар  мен  пән  бӛлімдерін  оқытып, 
түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстырылған және ӛзара алмаса алуын 
құрастыра  алуында»,  яғни,  жаңаны  үйрену  (ұғымдар,  ережелер,  талдаулар) 
білім алушылар бұрын ӛтіп кеткен материалды терең түсінуімен сипатталады.    

61 
 
Курстық,  диплом  жұмыстарын  тұтастай  орындау  барысында    ақпараттық 
технологияларды  жүйелі  пайдалануы  негізінде    болашақ  мамандардың 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. 
Тұтастық ұстанымы сӛйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қамтиды. 
Олар оқу, жазу, ауызша сӛйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның 
ерекшелігі:  бір  сабақтың  үстінде  осы  жұмыстардың  барлығын  жүйелі  түрде 
қолдана отырып, ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін 
осыған  бағындыра  білу.  Болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  тұтастық  ұстанымын  тікелей 
басшылыққа алу қажет деп санаймыз. 
Тіке  байланыс  ұстанымы  бойынша  оқыту  үдерісі  адамдардың  тек  тікелей 
жүздесуі,  сӛйлесуі,  ӛзара  қарым–қатынасы  арқылы  болады.  Ӛйткені,  тілдік 
қатынастың  ӛзі  адамзаттың  бір–бірімен  тікелей  қарым–қатынасына, 
пікірлесуіне,  сӛйлесуіне  негізделген.  Сондықтан  қатысымдық  әдісті 
қолданудың  басты  шарты  –  бүкіл  оқыту  жүйесінің  тікелей  байланыс  арқылы 
мүмкіндігінше жиі болуы. Болашақ педагогтардың ӛзара тікелей қатынасқа түсе 
білуі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі болып табылады.  
Сатылап  даму  ұстанымыбойынша  адам  мен  адамның  тіке  байланысы  да, 
оқушының  жеке  қабілетін  ескеру  де,  сӛйлеуге  үйрету  де  жүргізілетін 
жұмыстардың  түрлері  де  бірте–бірте  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан 
күрделіге, аздан кӛпке т.б. сатылап дами береді. Аталған ұстанымның болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарының 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыруда оқушының жас, жеке ерекшелігін ескеру қажеттігін және соған 
сәйкес қатынасты сатылай құруды басшылыққа алуы тиіс.  
      Сӛз  мәдениетіне  негізделген  оқыту  үдерісін  айқындауда  ескерілген  ең 
маңызды  ұстаным  –қатысымдық  (коммуникативтік)  ұстаным.  Бұл  ұстаным 
бойынша  ескерілетін  оқыту  қағидалары  сӛйлесім  компонентінің  бес  түрі 
бойынша: оқылым,  тыңдалым,  айтылым, жазылым, тілдесім негізіндегі  білім 
нәтижелері  мен  білім  алушының  ақпаратты  қабылдау  және  ӛз  ой–
тұжырымдарын қорытып шығару әрекеттеріне сүйене отырып анықталады.  
Белсенділік және ӛзінділік  ұстанымы онда іс-әрекеттік тұрғыда әрбір білім 
алушының  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық  
технологияларды белсенді және мақсатқа сай ӛздігінен пайдалануы. Яғни, бұл 
жерде  әрбір  білім  алушының  білім  мазмұнын  тұтас  топтың  белсенді  және 
саналы  түрде  ұғынуы  маңызды  болмақ.  Бұл  ұстанымды  іске  асыру  -  оқыту 
барысында  әрбір    білім  алушының  деңгейін  арттыратын  әдістерді  қолданған 
кезде  ғана  мүмкін,    мысал  ретінде  олардың  жеке  ӛзі  бір  компьютерде  жұмыс 
істеген  кездерінде    болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыруға болады.  
Пәнаралық  байланыс  ұстанымы  мұнда  тақырыптардың  курс  аралық 
байланысында  білім  алушылардың  білімі  мен  біліктіліктерінің  интеграциялық 
дамуы.  Мысалы:  «Қазіргі  педагогикалық  технология»  мен  «Бастауыш 
сыныптарда шет тілін оқыту әдістемесі»  пәндерін кіріктіру негізінде  болашақ 
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. 

62 
 
  Оқу  бағдарламаларын  құрастыруда  отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді 
ескеру  ұстанымы  бойынша  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  озат 
тәжірибелерін  оқып,  үйреніп,  ӛз  тәжірибесіне  енгізу  арқылы  болашақ 
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады.  
  Педагогика  ғылымы  және  ғылыми  техникалық  дамудың  нәтижелерін 
қолдану ұстанымы бұл оқыту үдерісінде электрондық оқулықты, мультимедиа 
технологияларын  практикалық  сабақтарда  пайдалану  негізінде  білім 
алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады. 
Субъектілік  ұстанымы.  Субъект  (лат.  subjectum  —  бастауыш)  ұғымы 
психологиялық әдебиеттерде тӛмендегіше түсіндіріледі:  -  болмысты тану мен 
ӛзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ;  -  белсенділікті жеткізуші;- 
субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және ӛңдеудің негізі ретінде; - 
іс-әрекеттегі  белсенділіктің  тасымалдаушысы.  Ғылыми  психологияның  негізі 
делінген  диалектикалық  материализм  субъектіні  тарихи  дамудың  ӛнімі  деп 
қарайды  және  оның  белсенділігін  адамдар  қарекетінің  ерекшеліктерімен 
байланыстырады. Осы әрекет барысында объектінің нақты, іс жүзіндегі ӛзгеруі 
субъектінің  қарекеті  соған  негізделіп  реттелетін  субъектідегі  бейнелерге 
барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады.Тұлғаның 
ӛзіне  деген  құнды  және  ортаға  қатысты  рухани-адамгершілік  қатынастарын 
анықтайтын 
қасиеттер 

белсенділік, 
дербестік, 
жауапкершілік, 
шығармашылдық  және  т.с.с.  субъектілік  ұстанымның  құраушылары  болып 
табылады. Бұл ұстанымға сәйкес білім алушы үшін оқу әрекетінің мәні, маңызы 
болуы  тиіс,  үдеріс  барысында  оның  жеке  ерекшеліктері  ескерілген,  осы 
әрекетте  ол  ӛзін-ӛзі  басқара,  ұйымдастыра  алатындай  жағдайлар  болуы  тиіс. 
Бұлайша  ойластырылған  білімдік  үдерісте  субъектаралық  қарым  қатынасқа 
жоғары мән беріледі. Біздің зерттеуіміздің мақсатына сай бұл ұстаным негізінде 
субъектаралық, бірлескен қарым-қатынас негізінде студент –студент, оқытушы 
–  студент  арасындағы  белсенді  білімдік  әрекет  орын  алады  да  нәтижеде 
психологиялық даму жеделдейді.   
Даму ұстанымы. Жоғары оқу орындарындағы бағдарланған технологиялар  
білім  алушылар  тұлғалық  тұрғыда  және  кәсіби  дамуын  қамтамасыз 
ететіндіктен, жоғарыда сипатталып ӛткен әрекет оның бастапқы «ұясы» ретінде 
қабылданады.  
Тұлғаны  дамыту  –  дәстүрлі  педагогикада  жан-жақты  дамыған,  белгілі  бір 
әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық 
субьектілік  ұғымда  оны  дамыту  адамның  ӛзіндік  танымын,  қажеттіктерін 
бағыттап отыру, қолдау кӛрсету, яғни ӛзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім 
қабылдау  және  нәтижесін  ӛзі  бағалау  секілді  ішкі,  адамның  ӛз  бойындағы 
мүмкіндіктер  арқылы  ӛзіндік  дамытуға  бағыттау  деп  түсіндіріледі.  Тұлғаға 
бағдарланған  білім  беру  идеялары  туралы  зерттеушілер  оның  негізгі 
түсіндіруден  –  түсіндіруге,  монологтан  –  диалогке,  әлеуметтік  бақылаудан  – 
дамытуға,  басқарудан  ӛзін-ӛзі  басқаруға  кӛшу,  ал  педагогтің  негізгі  міндеті 
қарым-қатынас  болып  табылады  деп  кӛрсетеді.  Оның  басты  идеясы  –  білім 
берудегі  субъектарлық  қатынастарды  қалыптастыру  арқылы  тұлғаның 

63 
 
ынталануына түрткі болу, сӛйтіп ӛзіндік таным мен ӛзіндік білім алуға, ӛзіндік 
бағалауға жағдай туғызу.  
Кәсіби  бағыттылық  ұстанымы    білім  алушылардың  кәсіптік  пәндерді 
меңгеруде    ӛзіндік  жұмыстарында  ақпараттық    технологияларды  пайдалану 
арқылы  электрондық  оқулықтар  мен  интернет  желісін,  мультимедиа 
құралдарын 
 
қолдану 
негізінде 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырады.  
Нәтижелі-шығармашылық  ұстанымы  білімді  меңгеру  барысында  білім 
алушылардың  шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталады. Сабақта алған 
кез-келген  білім  оқытушы  ұйымдастыратын  және  бағыттайтын  жұмыстарда 
білім 
алушылардың 
шығармашылығы 
коммуникативтік 
құзыреттілік 
тұрғысынан  қарастырылады.  Оқытушы  білімді  меңгерту  үдерісінде  білім 
алушылардың  эвристикалық  қабілеттерін  дамыта  отырып,  оқу  іс-әрекетін, 
олардың  қызығушылығы  мен  бейімділігін  дамыту,  эссе  жазу,  дебатқа  қатысу, 
ғылыми  жобаларға  қатысу,  ғылыми  мақал  жазу  және  т.б.  сияқты  жаңа 
нәтижелер 
жасауға 
бағыттайды, 
сонда 
ғана 
олардың 
ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  коммуникативтік  құзыреттілігінің 
қалыптасу деңгейінің нәтижесі кӛрініс береді. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыруда  әдіснамалық  тұрғыда  негіз  болып  табылатын  амалдарға 
сипаттама беруді жӛн кӛрдік.  
Кӛпсубъектілі (диалогтық) амал 
Микросоциумды  және  білім  беру  үдерісінің  субъектілері  арасындағы 
қатынасты қарастыруға  бағдарлайды, ӛйткені жеке тұлға қоршаған адамдармен 
қарым- катынас жемісі мен нәтижесі болып табылады. 
Іс-әрекеттік амал 
Білім  алушының  оқу  іс-әрекетін,оқытушының  кәсіби  іс-әрекетін  зерттеуге 
бағдарлайды,студенттердің,  оқытушылардың  әр  түрлі  іс-әрекеттегі  жеке  дара 
қабілеттерінің  және  жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасу  мүмкіндіктерін 
айқындауға жағдай жасайды
Жеке тұлғалық амал 
Студентке деген құндылық қатынасты қалыптастыруға, адамның жекетұлғалық 
қасиеттері    мен  даралығының  ӛрістерінің  (зияткерлік,  түрткілік,  кӛңіл–күй, 
еріктік,  пәндік-тәжірибелік,  экзистенциалдық,  ӛзіндік  реттеу)қалыптасуына 
негіз болатын білім берудің ерекше мазмұнын айқындауға бағдарлайды. 
Жүйелік амал 
Жүйелік амал педагогикалық құбылыстарды олардың ӛзара байланысы түрінде 
қарастыруга  бағдарлайды.Жүйелік амал барысында педагогикалық жуйе ӛзара 
байланысты  құрамдас бӛлшектердің  жиынтығы ретінде қарастырылады.  Олар: 
білім  беру  мақсаты,  педагогикалық  үдеріс  субъектілері,(ұстаз  бен  дәріс 
алушылар),білім  беру  мазмұны  (білім,білік,дағды,шығармашылық  іс-әрекет 
тәжірибесі мен кӛңіл–күй-әрекет қатынас тәжірибесінің жүйесі), педагогикалық 
үдерісті ұйымдастыру әдістері мен түрлері,мәліметтер қоры (құралдар). 
Мәдениеттанымдық амал 

64 
 
Адамның 
шығармашылық 
тұлға 
ретінде 
қалыптасуын 
қарастыруға 
бағдарлайды,  ӛйткені  адам  игерген  мәдениеті  (құндылықтар  жүйесі, 
тәжірибелік  іс-әрекет  тәсілдері)арқасында  дамып  қана  қоймай,  оған  ӛзіндік 
ерекше жаңалығын да қосады. 
Синергетикалық амал 
Білімнің  синергетикасы  білім  берудің  байырғы  үлгілерінен  ӛзге,  жаңа 
педагогикалық  әлемді  синергетикалық  тұрғыдан  қарастыратын,  білім 
алушыларға  ӛзін-ӛзі  танудың,  ӛзін-ӛзі  дамытудың  жаңа  әдістерін  меңгеруге 
бағытталған жаңа әдіснамасын  жасауды алға  шығарады. 
Білім  алушылар  үшін  жаңа  әрекеттерге  деген  олардың  эмоциялық  қарым-
қатынастарын (ым, бет қимылдары,  дауыс ырғағын) олармен тікелей байланыс, 
қатынас  жасағанда  ғана  кӛруге  болады.  Ақпараттық  технологиялар  кӛбінесе 
вербальды    және  вербальды  емес  ақпараттарды  бұрмалайды,  естілім 
шеберліктерін жүзеге асыруды қиындатады. Мысалы, білім алушының жазбаша 
және  ауызша  түрде  берген  кәсіби  әрекеттер    туралы  ойларының 
айырмашылығы  бар:  жазбаша  берілген  есепте  мұқият  дайындалғандық, 
мәселеге  ресми  түрде  қарау  байқалады.  Жанама  қарым-қатынаста  білім 
алушының ӛз пікірін дайындауға уақыт берілмейді, сондықтан да педагог одан 
нақтылы  вербальды    ақпаратты  алып  қана  қоймай,  сондай-ақ  маңызды 
вербальды емес ақпаратты да алады. Кәсіби әрекеттерге деген алғашқы қарым-
қатынасты  анықтаған  соң,  бұл  қарым-қатынасқа  әсер  ету,  оны  ӛзгерту  мен 
түзету  мүмкіндіктері  туындайды.  Мотивацияны  кӛтеруге  дейін  ақпараттық 
технологиялар мен жанама қарым-қатынасты үйлестіруді қолдануға болады.  
Коммуникативтік    құзыреттілікті  қалыптастыруда  бір  жағдайдан  екінші 
жағдайға  ӛте  білу  іскерлігі,  оны  тосыннан  қолдана  білуге  машықтандыру  секілді 
стандарттық  дағдыларды  меңгеруде  бірнеше  сатылардан  ӛтуі,  оларды  қарым-
қатынасқа дайындаудың ең маңызды аспектісі,- болып табылады. Коммуникативтік 
біліктілікті қалыптастыру сатысында мынадай ӛзіндік сипаттамалары айқындалған:   
а)  жаңа  жағдайда  оқушыға  белгілі  білім  мен  дағды,  шешім  нұсқалары,  қарым-
қатынас  жасай  білу  тәсілін  жеткізе  (тасымалдай)  білу  іскерлігі,  олардың  нақты 
жағдайдағы  ерекшеліктеріне  сай  ӛзгеріп  отыруы;    ә)  білім  алушыға  бұрыннан 
белгілі  ой,  білім,  дағды,  тәсілдер  қисындасуындағы  (комбинациясында)  жаңа 
коммуникативтік жағдайға сай шешім таба білу іскерлігі; 
б)  нақты  коммуникативтік  жағдайларды  шешуде  жаңа  әдістер  мен  тәсілдерді 
қолдана білуі.  
А.Н.Леонтьевтің  пайымдауынша,  коммуникативтік  құзыреттілік  топтарын 
«бағдарлау»  деп  жалпы  аталатын,  ӛз  кезегінде  ұсынылған  үш  аспектіде: 
кеңістікте,  мерзім  бойынша,  әлеуметтік  қатынас  ретінде  қарастырған:  1) 
cеріктестерінің    мінез-құлқын  бағдарлай  білу,  оның  кӛңіл  күйі;  серіктесінің 
мінезін  дұрыс  түсіну,  т.б.  адамның  мінез-құлқын  анықтайды;    2)  қарым-
қатынаста  серіктес  боларлық  және  олардың  ӛзара,  т.б.  байланысын  бағдарлай 
білу іскерлігі жақындық дәрежесі мен сенім білдіру ӛлшемдерінде ӛзінің және 
серіктестерінің  жыныстық  жас  ерекшеліктері  мен  рӛлдік  дәрежесіне  
қатынасын білдіреді;  3) қарым-қатынас жағдайында бағыт таба білу іскерлігі. 

65 
 
Бұл  ептіліктің  маңыздылығы  нақты  жағайдағы  қарым-қатынас  ережесінің 
маңызды бейнесі ретінде анықталады [77].   
Күнделікті  ӛмірдегі  қарым-қатынаста  сӛйлеу  әрекетінің  барлық  түрі  –
айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым – бірімен бірі тығыз байланысты. 
Ӛзге тілге оқытуда біз осының бірінен екіншісіне үнемі ауысып отырамыз. Ал 
егер осылардың ара салмағын салыстырып қарайтын болсақ, күнделікті қарым-
қатынаста біз, адамдар, кӛбінесе айтушы мен тыңдаушы рӛліндеміз. Адамның 
оқыған кезде тыңдағанға қарағанда кӛп мӛлшерде сӛз қабылдайтыны рас.  Бірақ 
бұл сӛздердің санына ғана қатысты, ал сапасына келгенде адам тыңдау арқылы 
қарым-қатынасқа  тезірек  шығады.  Сондықтан  сӛзді  тыңдап  қабылдау  ӛзге 
тілмен танысуда, оны оқып-үйренудің негізі, тірегі  болып саналады. Жалпы кез 
келген 
тілге 
оқытып-үйрету 
тыңдатудан 
басталады. 
Әдіскер-ғалым 
Ф.Оразбаеваның  сӛзімен  айтсақ:  «Сӛйлесім  әрекетіне  тән  айтылымның  
қатысымдық  табиғатын  айқындайтын  белгінің  бірі  –  адам  мен  адамның  
ұғынысу  қажеттігін  ӛтейтін  тыңдалым  процесі.  Ауызша  сӛйлеу  іске  асқан 
жерде есту де, тыңдау да қатар жүреді» [98, 116 б]. 
Ж.Даулетбекованың  пікірінше,  оқылым  мен  тыңдалым  барысында  студенттің 
сырттан  алатын  ақпаратты  қабылдауға  қатысты  естіген  немесе  оқыған 
материалдарын  түсіну,  ондағы  негізгі  және  қосалқы  мәселелердің  ара  жігін 
ажырата  алу,  мәтін  құрамындағы  сӛздердің  мағынасын  түсіну,  бейтаныс 
сӛздердің  мағынасын  жалпы  мәтін  мазмұнына  сүйеніп  болжай  алу,    оқыған 
естіген  ақпаратты  қайта  қорыту,  оған  баға  беру,  сол  материалдар  бойынша 
ӛзіндік  қорытынды  жасау  секілді  біліктіліктерді  қалыптастыруға  болады.  Ал, 
айтылым  мен  жазылым    әрекеттерінде  студенттің  ӛз  бетінше  ізденуі, 
шығармашылық  тұрғыдағы  қабілетттері,  дара  ойлауға  ұмтылысы  негізінде 
туындайтын біліктіліктер қалыптастыруға мүмкіндіктер мол[26]. 
М.Кабардов шетел тілін меңгеруші ӛзінің жеке ерекшеліктеріне қарай түрлі 
болып  келеді  –  «коммуникативті»,  есту  жадысы  дамыған  адам  басқа  тілде 
сӛйлейтін ортаға түссе, сӛйлеудің негізгі стереотиптерін есту арқылы тез ұғып 
алады.  «Коммуникативті  емес»  деп  саналатын  болашақ  мамандар  тіл  жүйесін 
ескеруі  керек,  олардың  кӛру  есі  басым  болады.  Олар  шетел  тілінде  жазылған 
мәтінді  кӛрулері  керек,  осылайша  олар  естіп  қабылдауға  қарағанда  мәтінді 
кӛргенде  оңай  үйренеді  [133].  Сондықтан  да,  коммуникативтік  құзыреттілікті 
қалыптастыруда  даралану  туралы  айтқанда  болашақ  маманның  ӛзіндік 
шығармашылық  белсенділігіне  бағытталып,  тек  соның  тілді  меңгерудегі 
оңтайлы  стратегиясын  іздеу  және  оның  бойындағы  жасырын  резервтерді 
пайдалану  керек.  Сонымен,  ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ 
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық үлгісін 
мотивациялық,  операциялық-мазмұндық  және  іс-әрекеттік  компоненттерінің 
бірлігінде  қарастырылып,  олардың  ӛлшемдері  мен  кӛрсеткіштердің  негізінде 
теориялық үлгі жасалды. 
    Мотивациялық  компоненті    ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ 
мамандардың ӛзін-ӛзі дамытуға талпынуы, қызығушылығының артуы, белсенді 
іс-әрекетке  комуникативтік    құзыреттілігін  танытуымен  сипатталады.  Оқу  іс-

66 
 
әрекетінде  коммуникативтік  құзыреттіліктің  әртүріне  деген  қатынасы, 
танымдық  қызығушылықтың  дамуына  байланысты  туындайтын  бірнеше 
мотивтердің  бірлігінен  тұрады.  Сондықтан  мотивация  білім  алушылардың 
белсенділігін,  қызығушылығын  тудыратындай  жағдайлар  мен  жағдаяттарды 
шешетін тапсырмаларға байланысты болады. Бұл ӛз кезегінде  білім алушының 
жеке  тәжірибесіне,  даралығына,  ішкі  ұмтылысы  мен  ынтасына  байланысты 
болады.Мотивацияның  пайда  болуы  оқу  материалының  мазмұнына,  оқу  іс-
әрекетінің  ұйымдастыруда    ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде 
білім 
алушылардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыруға 
байланысты  оқытудың  ұжымдық,  топтық  формада  ұйымдастырылуына    және 
олардың  нәтижесін  бағалауға  тікелей  қатысты  болады    Мотивациялық 
компонентті талдау мұнда бірінші қатарға коммуникативтік мәселелерді шешу 
үшін яғни олардың қарым-қатынасқа қызығушылығы, практикалық әрекетте ӛз 
білімдерін,  біліктілікпен  жүзеге  асыруға  қажеттілігінің  пайда  болуы,  білім 
алушылардың  ақпараттық  технологияларды  меңгеруге  деген  ниетті  мен  
қызығушылықтарын қояды.  
   Мазмұнды-операциялық  компонент  ақпараттық  технологиялар  арқылы 
болашақ  мамандардың  ӛзін-ӛзі  дамытудағы  ізденімпаздығын,  білімділігі, 
белсенді іс-әрекетте   комуникативтік құзыреттілігінің  амалдарын қамтиды.  
Мазмұнды-операциялық  компонент  ауызша  және  жазбаша,  монологтық  және 
диалогтық  сӛйлеуді  меңгеру,  коммуникацияның  вербальды  емес  құралдарын 
меңгеру, ауызша және жазбаша түрде әр түрлі хабарламаларды құру шеберлігі, 
диалог  пен  полилогқа  қатыса  білу  шеберлігі,  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру 
үшін  ақпараттық  технологияларды  меңгеру  сияқты  аспектілерді  қамтиды. 
Бүгінгі  таңда  білім  беруде  қол  жетерлік  әрі  кең  қолданылатын  ақпараттық 
технологиялардың  білім  алушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастырудағы  мүмкіндіктері  әртүрлі.  Мұндай  технологиялардың  мысалы 
ретінде  электрондық  пошта,  желілік  конференция,  чаттар  (Messenger,  ICQ), 
бейнеконференцияларды  атауға  болады.  Жоғарыда  аталған  технологияларды 
талдау  негізінде  мазмұнды-операциялық  компоненттерді  қалыптастыруға 
ықпал етеді деп қорытынды жасауға болады. 
Іс-әрекеттік  компонент  –  ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ 
мамандардың  ӛзін-ӛзі  дамытудағы  әрекетті  ӛздігінен  айқындауы,  белсенді  іс-
әрекетте 
коммуникативтік 
құзыреттілігінің 
нәтижесі 
тәжірибеде 
шығармашылықпен  қолдана  білуінен  кӛрінеді.  Іс-әрекеттік  компонент 
коммуникативтік  құзыреттіліктің  ӛзін  бағалауды,  сондай-ақ  коммуникативтік 
мәселелердің  кең  аясындағы    мәселелерді  ақпараттық  технологияларды 
қолданумен шешілуінің  жалпы  кӛріністерін сипаттайды.   
Іс-әрекеттік компонент мотивациялықпен тығыз байланыста болады, ӛйткені 
коммуникативтік құзыреттіліктің ӛзін  бағалау тиісті білімдер, шеберліктер мен 
дағдыларды  жетілдіруге  мотивациялануы  керек.  Бұған  қоса,  қазіргі  заманға 
лайық  маман  коммуникативтік  мәселелердің  кең  аясында  бағдар  ала  білуі, 
кәсіби әрекеттердің нақты жайына ақпараттық технологиялардың қайсысының 
лайықты  екендігін  анықтай  білуі  керек.  Жүргізген  талдау  болашақ 

67 
 
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру  үшін ақпараттық 
технологияларды табысты түрде қолданудың негізгі шарты – мақсатты қоюдан 
бастап,  алынған  нәтижелерді  талдауға  дейінгі  бүкіл  үдерістерді  тұрғызуға 
ықпал ететін субъектілік қасиеттерінің коммуникативті болуымен сипатталады. 
     Сонымен, 
білім 
берудің 
мазмұны 
тұрғысынан 
коммуникативтік 
құзыреттіліктің  мотивациялық,  тұлғалық  және  іс-әрекеттік  компоненттерін 
қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың алға қойған міндеттеріне сәйкес 
келетіндерді қолдана отырып, педагогтың іс-әрекеттерін де ӛзгерту қажет. Білім 
беру  бағытының  алғашқы  сатыларындағы  педагогтың  рӛлі  ӛте  маңызды.  Ал 
егер  білім  алушылардың  мотивациясы  анық,  екінші  жоғары  білім,  біліктілікті 
жоғарылату  мен  мамандықты  ӛзгерту  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,  онда 
ақпараттық  технологияларды  қолданудың  үлесі  ӛте  жоғары.  Педагог  кӛбінесе 
кеңесші,  тьютор  рӛлінде    психологиялық  қолдау  кӛрсетеді.  Мұнда  жанды 
қатынас, 
тәжірибемен 
(педагогикалық 
мамандық 
ерекшеліктерімен 
байланысқан) алмасу қажет.  
    Біртұтас  үлгі  ішкі  әрекет  механизмдерінің  қызмет  етуінің  тиімділігі 
ӛлшемдері  бойынша  кӛрсетілген  мәселелерді  шешудің  тиімділігін  бағалауға 
ықпал  етеді.  Үлгінің  шешетін  түпкілікті  мәселелерінің  бірі  –  үлгіленетін 
жүйенің орнын анықтау. Үлгі мазмұнын талқылау оның негізгі элементтері мен 
ӛзгерту  жағдайларының  қызмет  ету  сипатын  анықтауға,  адамның  жалпы 
дамуының бірнеше ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді. 
    Бірінші  ерекшелік-ақпараттарды  сыртқы  жүйеден  бұрмалаусыз,  толық 
кӛлемде  қабылдау.  Бұл  үшін  адамның  барлық  сезім  органдарының  қолайлы 
жұмысын,  оқу  материалдары  мен  мәдени  құндылықтарды  қабылдап,  ӛңдеп, 
меңгеру үшін оқушының қалыпты да жұмысқа қабілетті күйін қамтамасыз ету 
керек. 
    Екінші ерекшелік – бұл сырттан келген ақпараттың ойлаудың құрылымы мен 
қажеттілік  жүйесінің  даму  деңгейіне  сәйкес  келуі.  Бұл  ақпараттың  адамда 
―қызықты‖, ―қозу‖, ―кӛңіл-күйге ортақтасуы‖ арқылы жүзеге асырылады. 
    Үшінші  ерекшелік  –  ішкі  арна  байланыстары,  реттеу  бағдарламалары  мен 
құрылымдарының  тиімді  жұмысын  ―Мен  тұжырыммен‖  қамтамасыз  ету.  Бұл 
үшін педагогтың оқушыға қатысты жеке, бағдарлы жолы жасалуы қажет. 
Тӛртінші  ерекшелік  -  нәтижелі  кері  байланыс  арқылы  ӛзінің  маңыздылығы 
(қоғамдық  қолдау)  мен  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруды  (жеке  жетістік)  қамтамасыз 
ететін  сыртқы  іс-әрекетті  қалыптастыру.  Бұл  жерде  ерекше  айта  кететін  жай: 
кері байланыс шығармашылық сипатта болуы керек. 
Бесінші ерекшелік-адамның дамуы тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарына кешенді 
түрде жетумен ғана мүмкін болады, яғни адамның жеке, дара адам, субъект пен 
ӛзіндік  тұлға  болып  дамуы.  Мұндағы  тәрбиелеудің  қажеттілік  иерархиялары 
мен құндылық нысаналарын қалыптастыру, ал оқытудың ойлау құрылымы мен 
когнитивті жаңадан пайда болғандарды қалыптастыру. 
 
 
 

68 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет  1    –  Ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ  мамандардың    -
коммуникативтік құзыреттілігін    қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық 
үлгісі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет