Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында


  Қазіргі  психологиялық  романдардағы  ғашықтық  желі  және



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата14.02.2017
өлшемі0,56 Mb.
#4127
1   2   3   4   5   6

4.3.  Қазіргі  психологиялық  романдардағы  ғашықтық  желі  және 

шеберлік.  Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  шығармасы  әр  шығармашылық 

кезеңіне  жауапкершілікпен  қарайтын  қаламгер  қолтаңбасын  айғақтайды. 

Шығармадағы  қилы тағдырлар – жеке басының қамы мен атақ-даңқ мәселесін 

жоғары  қойған  Әзім,  ел  мен  жеріне  адал  еңбегін  арнаған  Жәдігер,  өз  орнын 

таппаған  Бәкизат  бейнелері  оралымды  шыққан.  Үшеуі  де  заманы  ортақ, 

тағдыры  үйлес,  әрқайсысы  өмір  сүрудің  өзіне  лайық  жолдарын  таңдаған. 

Жазушы халық өмірінің ауыр да ащы шындығын суреттей отырып, кейіпкерлер 

характерлерін де өз ортасының шындығына лайық дамытады.  

Бәкизаттың өмірі де өкінішке толы. Кезінде небір марқасқа жігіттерді көзге 

ілмеген  тәкаппар  Бәкизат,  бүгінгі  –  отбасы  тірлігіне  байланған  қатардағы  көп 

әйелдің бірі, өзін құлай сүйсе де, өзі қаламаған Жәдігердің жары. Бәкизат пен 

Әзімнің  арасы  суып,  Бәкизаттың  қиналып  жүргенінде,  оны  бұл  жағдайдан 

арашалап  алған  –  Жәдігер  еді.  Жәдігер  Бәкизатты  шын  сүйді.  Сұлу  қыздың 

көңілін  тауып,  сый  көрсету  қолынан  келмесе  де,  жасандылығы,  жылтырағы 

жоқ,  таза  жүрегімен  сүйген  еді.  Ал,  Бәкизатта  ондай  шынайы  сүйіспеншілік 

болған  емес.  Сондықтан,  Жәдігердің  мінез-қылығы,  сөйлеген  сөзі,  әрекеті 

Бәкизатқа түрпідей тиді. Осының өзі Бәкизат психологиясындағы драматизмді 

шиеленістіріп  жібереді.  Ә.Нұрпейісовтің  романында  адам  болмысының 

ерекшелігі  тұтастай  ашылады.  Шығармадағы  үш  адамның  тағдыры  арқылы 

үлкен  әлеуметтік-қоғамдық  адами  күрделі  проблемаларды  тереңнен  қозғай 

білген.  Жазушының  психологиялық  талдауы  әр  түрлі  тәсілдер  арқылы  жүзеге 

асады. Кейде автордың тікелей толғануы немесе кейіпкердің сырт келбеті мен 

ой-толғаныстары  арқылы  беріледі.  Көркем  шығарманың  реалистік  қуатын 

арттыруда  шығармадағы  портрет,  монолог,  диалог,  пейзаж,  мінездеме, 



 

37 


композиция құру мен сюжет өрбітудің ерекшелігі мол. Жазушы кейіпкерлерінің 

жан сезімін тереңнен, бар шынайы болмысымен ашып беру үшін, оның өміріне 

қатысты тікелей де, жанама да оқиғаларды әр қырынан алған.  

Жазушы  Ш.Құмарова  шығармашылығы  көпке  танымал.  Әсіресе,  өзінің 

машықты  тақырыбы  –  махаббат  мәселесін  жырлауда  өз  кейіпкерлерінің  асқақ 

рухқа,  терең  романтизмге  толы  болмысын  шынайы  ашады.  Ш.Құмарова 

шығармашылығына  байланысты  мерзімді  басылымдарда  жарық  көрген 

мақалаларда  қаламгер  шығармаларының  болмысы  сан  қырынан  ашылады. 

Өмірдің  шынайы  келбетін  шегіне  жеткізе  суреттеген,  қазақ  қыздарының 

бойындағы алуан қасиеттерді сипаттаған жазушы шығармасының бірі – «Әйел 

шырағы» деп аталады. Мұнда адам бойындағы адамгершілік, махаббат мәселесі 

көтеріледі.  Жазушы  романның  бас  кейіпкері  Пәризатты  жаны  пәк,  көңілі 

қаяусыз,  жауапкершілігі  мол  адам  етіп  суреттейді.  Ол  –  жазушының  биік 

мұратынан  туған.  Пәризаттың  мінез-құлқы,  жүріс-тұрысы,  көркі  аса 

жарасымдылықпен  бейнеленіп,  табиғи  дала  аруының  болмысын  береді.  Осы 

қасиеттерді автор кейіпкердің әрекеттерімен бірлікте көрсетеді. Мәселен, анасы 

мен ағасына о баста қамқорлық көрсетуі, берекесі қашқан шаңырақтың жылуын 

қайта  жандандыруы,  аға  мен  жеңге  арасындағы  дәнекерлігі,  жұбайы 

Әбдіқайымның  мінезіндегі  кемшілікке  деген  кешірімділігі  –  оның  таза, 

парасатты  болмысын  айғақтайды.  Пәризат  күйеуі  Әбдіқайымның  көңілі  ауған 

Ақтеңгемен алғаш ауруханада кездеседі. Ауыр науқастанып, келген Ақтеңгенің 

жарқ  еткен  ажарын  алғаш  көргенде,  «неткен  сұлу  әйел»  деп  таңырқайды. 

Осыдан кейін оған бауыр басып, тезірек сауығып кетуіне тілекші болады. Өзіне 

жақын  тартып,  бүкпесіз  еркін  әңгімеге  шақырған  Ақтеңгеге  риза  болып,  кезі 

келгенде  ақылдасып,  мұң-сырын  ақтарысып  жүреді,  екеуі  де  сырлас  дос 

тапқандай қуанады.  

Романда  басқа  да  әйелдер  бейнесін  толықтыратын  кейіпкерлер  бар. 

Олардың қатарында Шамшынұр, Нәписа, Үкібалаларды атауға болады. Осылар 

арқылы  да  автор  отбасындағы  әдет-дағдыларды,  кейіпкерлер  бойындағы  әр 

түрлі  тұрмыстық  жағдайларда  бой  көрсетіп  отыратын  қасиеттерді  бір-бірімен 

кейде  салыстыра,  кейде  қарама-қарсы  қоя  отырып  ашады.  Әйел  характерін 

нақты  әрекеттер  үстінде  ашып,  оның  ішкі  дүниесіндегі,  болмыс-бітіміндегі 

ерекшеліктерді айқындайды.  

Ш.Құмарованың  «Сезім  патшалығы»  романы  тәуелсіздік  алған  Қазақстан 

жеріндегі  нарық  заманының  көрінісі,  аумалы-төкпелі  кезеңдегі  адамдар 

психологиясын,  қиыншылық  зардабын  суреттейді.  Сонымен  қатар,  романда 

ұлттық  қасиет,  салт-дәстүр  көріністері  мол  орын  алған.  Жазушы  әділет  пен 

адамгершілікті  марапаттап,  жамандық  пен  зұлымдыққа  қарсы  бағытталған 

белсенді  күресті  сипаттайды.  Толассыз  тартысқа  құрылған  романдағы  бас 

кейіпкер  Жәнібек  белгілі  тіс  дәрігері,  орнықты  отбасы  бар  адам.  Сөйте  тұра, 

өзінің  қарамағындағы  жетім  қыз  Гүлмирамен  көңілдес  болады.  Бұл  Жәнібек 

отбасының шырқының бұзылуына әкеп соғады. Төрт құбыласы түгел, шалқып 

өмір сүріп жатқан Жәнібек сырқатқа ұшырап, мүгедектер арбасына таңылады. 

Әйелі Ризат күйеуіне опасыздық жасап, тастап кетеді, дос-жарандарының бәрі 

теріс  айналып  кеткенде,  Гүлмира  ғана  қасынан  табылады.  Романда  жас  болса 


 

38 


да,  өмір  талқысынан  сағы  сынбаған  Гүлмираның  ақылдылығы,  төзімділігі  – 

Жәнібекті  сүйген  жүрегінің  әмірімен  атқарылады.  Қаншама  қиындықты  көрсе 

де,  Гүлмира  жақсылықты  болашақтан  күтеді,  бақыт  пен  бақ  атаулы  тек 

күреспен келетінін түсінеді.   

Жазушы  «Сезім  патшалығында»  қазіргі  заманның  ыңғайына  бейімделген 

кейіпкерді  де  суреттейді.  Ол  –  албырт  та  өжет,  сұлу  да  ақылды  Қызғалдақ 

бейнесі.  Адамдардың  қадір-қасиеті  олардың  адамгершілік  пен  арға,  махаббат 

пен  парызға  деген  көзқарасымен  өлшенетіні  ақиқат.  Олай  болса,  замандастың 

ішкі  әлемінің,  парасаты  мен  азаматтық  бет-бейнесінің,  өмірдегі  арман-

мұратының  әдеби  шығармада  көрініс  табуы  қаламгердің  де  ой-толғанысынан 

хабар  береді.  Ойы  биік,  өресі  кең  замандас  тұлғасын  жасауда  Ш.Құмарова 

өзінің  шығармашылық  даралығын  да  таныта  алды.  Ол  -  әдебиеттің  көне 

бастауларынан  желі  тартып  келе  жатқан  сүйіспеншілік,  махаббат  сезімінің 

ерекшелігін  адам  бойындағы  әр  түрлі  сезім-қасиеттерімен  ұштастыра  береді. 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  Ш.Құмарованың  шығармалары  бүгінгі  күннің 

эстетикалық қажеттігін өтеуге тұрарлық көркем дүниелер.  

60-80-інші 

жылдардағы  адам  мәселесіне  көптеп  қалам  тартқан 

жазушылардың бірі – Ә.Тарази. Жазушының «Бұлтқа салған ұясын» романында 

түрліше  тағдыр  иелері  арасындағы  қарым-қатынастар  көрінеді.  Солардың 

ішінде  отбасының  жайма  шуақ  қызығынан  аулақтап,  өз  бақытын  сырттан 

іздеген Ұлмекен, Омар тағдырлары суреттеледі.  

Кезiнде түкiрiгi жерге түспей тұрған, үлкенге де, кiшiге де «Омеке» болған 

азаматтың  басына  iс  түскенде  адамдардың  басқаша  қырынан  танылуы,  тiптi 

келiншегi  Сәуле  жұмыстан  екi  ай  босап,  тағдыр  тәлкегiне  ұшыраған  кезде 

жарына ешқандай жәрдем бере алмауы өкiнiштi-ақ. Сәуле үшiн ең басты мақсат 

жақсы тұру, жақсы киiну, жүру. 

Сәуле  Омардың  жүрек  қалауымен  сүйiп  қосылған  жары  емес.  Кезiнде 

Омардың шешесi өз төркiнiне барып, жақын ағайынның қызы, «кеудеге тепсең 

де  кетпейтiн  өз  адамымыз»  деп  осы  Сәуленi  жетектеп  келген.  Он  алты  жыл 

бiрге  тұрғанда  жар  болып  сырласып  көрмеген,  кедейлiктiң  зардабын  көбiрек 

көрген Сәуледен басқа жағдайды күту де мүмкiн  емес едi. 

Ұлмекен  болса  Омарды  шын  сүйген  болатын.  Өзiнiң    неше  жыл  отасқан 

жұбайы Досымнан да кетiп қалып, қиналғанда  Омардың қасында болады. Сол 

күннен  бастап  Омар  бар  дүниенi  ұмытты,  өзiнiң  мүшкiл  халiн  ұмытты,  күрес, 

намыс, ұят қалды жайына, он алты жыл бойы өмiр арбасына бiрге жегiлiп келе 

жатқан серiгi Сәуледен Ұлболсын жақын болады. 

Ұлмекен  Омардың  бақыты  үшiн  өз  бақытын  құрбан  қылады.  Адам  өмiрi 

қысқа,  махаббат  одан  да  қысқа.  Бiрақ  махаббаттың  мәнi  өмiрдiң  өз  мәнiнен 

әлдеқайда  терең.  Махаббат  ұзақтығымен  емес,  тереңдiгiмен  қызық, 

тереңдiгiмен  қымбат.  Мiне,  автор  Ұлмекен  бейнесi  арқылы  оқырманға  осыны 

жеткiзгiсi  келген.  Шығарма  соңында  Әкiм  Тарази  Ұлмекендi  жеңiлтектiктен 

арылтып,  адамгершiлiк  қасиетiн  айқындап,  Омармен  кездеспеуге,  оның 

отбасын  бұзбауға,  өз  күйеуi  Досымға  қайтып  барған  келiншектiң  бейнесiн 

ашады. 


 

39 


Қолында  байлық  та,  қызмет  те  бар  адамдар  бақытты  ма?  Олар  үшiн  өмiр 

сүрудегi  ең  қажеттiлiк  не?  Баланың  ойыншығындай  жасанды,  әдемi  өмiрмен 

өмiр  сүруге  бола  ма?  Болса  неге  Омар,  Ұлмекендер  жоқ  iздеп  тағдырдың 

тәлкегiне  түседi.  Жан  қиналысын  бастан  өткередi.  Бәрiнен  безiнiп  тыныш 

өмiрiн  азапқа  айналдырған    романындағы  Омар,  Ұлмекеннiң  тағдыры 

оқырманға ой салады. 

Ә.Тарази  қаламынан  туған  шығармалардың  негізгі  тақырыптық  өрісі  – 

адамгершілік  мәселесін  қозғайды.  Терең  парасат  пен  рухтың  төзімділігі  –  бұл 

шығармалардың үлкен жетістігі.  

Өмiр  сүрген  қоғамында  болып  жатқан  оқиғалардың  баршасы  жазушы 

жүрегi  арқылы  өтедi  десек,  көркем  сөздегi  қадамын  өмiрге  ендi  араласа 

бастаған  жiгiттер  мен  қыздардың  iшкi  сезiм  сырларын  шешумен  бастаған, 

әдебиетiмiзде өзiндiк үнiмен дара шыққан қаламгерлердiң бiрi – Р.Тоқтаров. 

Р.Тоқтаровтың 

қаламынан 

туған 


«Бақыт», 

«Тұлпардың 

сыны» 

романдарында үнемi жас адамдар өкiлі, солардың уыз махаббаты, ардақты асыл 



достықтары сөз болады. 

Бұл  шығармаларда  негiзiнен  жастар  өмiрi,    олардың  алдағы  үлкен  жолда 

адаспай, жаңылмай дұрыс өмiр сүруiне, жолдағы кездесетiн ауыртпалықтар мен 

түрлi келеңсiз жайларды кезiнде ақылға жүгiндiрiп, өмiр сынынан сүрiнбей өтсе 

екен  деген  мақсатпен  жазылған.  Бәрiнен  бұрын,  жазушы  жақсылық  пен 

жамандықты  негiзгi  объект  етiп  ала  отырып,  iшкi  сұлулықты,  iшкi  тереңдiктi, 

рухани  күштiлiктi  жоғары  қойып  дәрiптейдi.  Жазушының  авторлық  баяндауы 

қарапайым  тұрмыстық  детальды  сәттi  пайдалана  бiлген.  Қаламгер  өз 

оқырманының  жан  дүниесiне  кiре  отырып,  адам  тағдыры,  қоғам  келбетi, 

кейiпкерлердiң психологиялық жиынтық болымысы сияқты қасиеттердi аса бiр 

сыршылдықпен ашып көрсетедi. 

Автор  «Бақыт»  романындағы  Қайыр,  Анар,  Жәлел,  Зәру,  Едiлбайлармен 

бiрге  қуанады,  бiрге  күйiнедi.  Сол  арқылы  жалпы  өмiрдегi  әр  түрлi  пиғылмен 

өмiр сүретiн, адамдардың арасында өмiр кешедi. 

Р.Тоқтаров жастар тiрлiгiн суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны 

сұлу,  мұраты  асқақ  жiгiттер  мен  қыздардың  барша  ұнамды  қасиеттерiн 

жинақтап  көрсете  бiлген  шым-шытырық  оқиғалы,  көп  кейiпкерлi,  түрлi 

махаббатқа құрылған тағы бiр шығармасы –“Тұлпардың сыны” романы. 

Алматыға келiп оқуға түсе алмай, елге барғанымен тосып отырған ешкiмi 

жоқ  жетiм  қыз  Мағрипаның  басынан  өткен  түрлi  жағдайлар  сөз  болады. 

Романда  Қара-Жұман  мен  Мағрипаның  арасындағы  алғашқы  пәк  те  нәзік 

сезімдері,  бiр-бiрiне  деген  сенiмi,  таза  да  шынайы  алғашқы  махаббаттары 

суреттелсе,  Мағрипа  мен  Гераттың  арасындағы  махаббат  -  бүгiнде    жастар 

арасында  өте  жиi  кедесетiн,  алғашқыда  өлiп-өшiп,  күйдiм-сүйдiмге  салып,  

арты орны толмайтын өкiнiшпен аяқталатын махаббат.  

Романдағы  тағы  бiр  тоқталып  өтетiн  кейiпкерiмiз  -  Иренғайып.  Автор 

Иренғайыптың  мойнына  бiр  азамат  көтеретiн  жүктi  артады.  Бойында 

адамгершiлiк  қасиетi  мол,  өте  кiшпейiл  де  қарапайым  жiгiт.  Өмiрде  жолы 

болмай  жүрген    Мағрипаға    қиналғанда  сүйеу  болған  адал  жары.  Романдағы 

басты  кейiпкер  Мағрипаның  өмiрден  опық  жеп,  ендi  ешкiмге  сенгiсi 



 

40 


келмейтiндiгi,  тiптi  өзiн  адал  сүйген  адамы,  яғни  күйеуi  Иренғайыптың  өзiне 

күдiкпен қарайтындығы нанымды жағдай.  Жазушы Мағрипаның бұндай күйге 

қалай  түскенiн  Иренғайыптың  ойымен  берген:  «Мүмкiн,  бұған  Мағрипаның 

шын  жетiмдiгi  себепкер  болған  шығар?    Жетiм  адамға  еш  нәрсе  шын,  толық 

күйiнде орайласпайды. Ол бiрге туған ағаны, ет бауыр iнiнi, ата сыйлас үлкендi, 

көкейтестi досты талап еттi. Ол солардың қайсысының болсын шын болғанын, 

ең  құрмады  шынға  ұқсас  болғанын  тiледi.  Ол  жұрттың  бәрiне  де  алаңсыз 

сенiммен қарап, еркелей құшақ жайып ұмтылды. Ол солардың ешқайсына шарт 

қойған  жоқ.  Шарт  қоюды  қулық,  арамдық  деп  бiлдi.  Сондықтан  да  жазықсыз 

шапалақ  жедi.  Бiр  емес,  екi  емес,  әлде  неше  рет  жеп,  осы  күйде  шарға  бойы, 

қарға  тартып  қалды»  [48,486-б].  Шығармада  Иренғайыптың  адамгершiлiгiн, 

сүйген  адамына  деген    адалдығын  тағы  да  бiр  дәлелдейтiн  тұсы  осы.  Осыған 

дейiн  жiгiт  атаулыға  сенiмсiздiкпен  қарау,  тұрақсыздық  тек  соларға  ғана  тән 

сияқты  сыңар  жақты  ойдан  -  жаны  да,  ары  да  таза  Иренғайыпты  таныған  соң 

мүлдем арыламыз. 

Шығармада  кездесетiн  басқа  да  жастар  арасындағы  түрлi  сезiмдегi 

махаббаттар  сөз  болады.  Олар:  Ақдидар  мен  Гераттың,  Саумалкүл  мен 

Гераттың  арасындағы  белгiлi  бiр  есеппен  құрылған  сезiмдер.  Жазушы 

романдарындағы  кейiпкерлер  ауылдан  шыққан.  Қазақ  жастарының  басынан 

кешiрген  және  кешiрiп  отырған  арғы-бергi  әлеуметтiк  өмiрдегi  күрделi 

жағдайларды барынша татымды бейнелеп беруге ден қойғанының анық куәгерi 

болып отырмыз 

 Жазушы  өз  кейiпкерлерiнiң  жан  дүниесiн  бiлу  үшiн  психологиялық   

талдаудың  портрет,  пейзаж,  монолог,  диалог,  ортақ  төл  сөз  сияқты  көркемдiк 

құралдарын  пайдалана  отырып,  кейiпкерлердiң  характерiн  толық    қанды  етiп 

ашады.  Р.Тоқтаровтың  қай  шығармасын  алсақ  та  геройдың  iшкi  жан  сезiмiн 

суреттеу басым. 

Р.Тоқтаровтың  романдарының  мақсаты  адамгершiлiктi,  адалдықты, 

тазалықты ту ғып тiккен махаббат атты ұлы сезiмнiң мәңгiлiк екендiгiн анықтай 

отырып, өскелең жас ұрпаққа үлгi етедi. 

Әрбiр жазушының көркемдiк-стильдiк iзденiстерi қаһарманның iшкi әлемiн 

ашуға  қызмет  етедi.  З.Шашкин  де  осы  тұрғыда  көп  iзденiс  танытқан  жазушы. 

Ол  шығармаларында  образдың  iшкi  сезiмiнiң  иiрiмдерi  мен  характерiн 

көрсетуде, оның психологиясы мен күйiнiш-сүйiнiшiн, сөйлеу төркiнiн, қимыл-

қозғалысын,  бет-пiшiнiн  суреттеудi  молынан  пайдаланады.  Жазушы  осы 

көркемдiк  тәсiлдер  арқылы  қаһарманның  iшкi  әлемiне  ене  отырып,  оның  жан 

дүниесiнiң сипатын көз алдымызға елестетедi. 

Шығармадағы    Дәмеш  образының  көлеңкелеу  тұсы  –оның  осыған  дейiнгi 

сүйген  жiгiтi  Қайырды  тез  ұмытып,  аз  уақыт  iшiнде  Ниязбен  көңiл  қосуы. 

Мүмкiн шын сүю, нағыз ғашық болу дегендi Ниязды көрiп, онымен араласқан 

кезiнде  түсiнуi  де  мүмкiн  ғой.  Ғашықтық  сезiм  айтып  келмейдi.  Жүрек 

қалауымен  болады.  Шығармада  Дәмештен  айырылдым  деп  қатты  қайғырған  

Қайырды  да  байқамаймыз.  Сондықтан    ауыр  науқастан  айығып,  қиналғанда 


 

41 


өмiрiне  арашашы  болған,  жаңа  өмiрдi  Ниязбен  бастауы  да  З.Шашкин 

творчествосының сәттi табысы болып саналады. 

З.Шашкин 

шығармаларының 

мазмұны, 

көтерген 

тақырыбының 

қомақтылығы  кейiпкерлерiнiң  жаңашылдық  сипатымен  ғана  емес,  әдеби 

формасының  сонылығымен  де  көз  түседi.  Жазушы  төл  әдебиетiмiзде  әбден 

қалыптасқан  сүрлеуде  қайталамай,  өзiнше  көркемдiк  тәсiлдер  қолдануға, 

әсiреқызыл,  жалтырақ  сөзге  үйiрлiк,  шұбалаңқылықтан  бойын  аулақ  салып, 

қазақ прозасына аз сөзбен көп ойды бiлдiру, оқиға қоюлығы, сюжет ширақтығы 

сияқты  екпiндi,  публицистикамен  төркiндес  стильдi  әкелуге  әрекет  еткен.  Өз 

шығармаларында  ол  iшкi  диалогты  көбiрек  қолдануға  тырысқан.  Сонымен 

қатар  iшкi  монолог,  портрет,  пейзаж  беруде  де  жазушының  өз  ерекшелiктерi, 

iзденiстерi бар. 

Жалпы,  жазушыларымыздың  соңғы  кезде  адамгершiлiк  мәселесiн  көбiрек 

қозғауы,  адамның  iшкi  жан  дүниесiне  жiтi  үңiлiп,  жанына  тереңнен  барлау 

жасап,  сөйтiп,  сезiмiн  тәрбиелеуге  құлшынуы  жайдан-жай  болмаса  керек. 

Бұның  өзi  бiр  жағынан  заңды  да.  Өйткенi,  бүгiнгi  уақыт  талабы  адамгершiлiк 

пен  азаматтыққа  қатты  көңiл  бөлiп,  бәрiн  де  адам,  адамдық  фактор 

шешетiндiгiн,  бәрi  де  адамгершiлiкке  келiп  тiрелетiнiн  күн  тәртiбiне  қойып 

отыр.  Осындай  шығармалардың  бірі  –  жазушы  Роллан  Сейсенбаевтың 

“Шайтанның тағы” романы. 

Романдағы  Баян,  Қайрат,  Омар  басындағы  махаббат  мәселесін  жазушы 

Баянның  мінез-құлқын,  нанымын,  сенімін,  ой-пікірін,  өмірге  көзқарасын, 

психологиясын,  күйініш-сүйінішін,  басқаларға  қарым-қатынасын  шебер 

суреттеудің  негізінде  барлық  жағдайларды  тұтастай  көз  алдымызға  жайып 

салады.  

Баянның  тағы  бiр  қыры; оның  мiнезiнiң  ашық  та  ешқандай  жасандылығы 

жоқ екенiн байқатса, екiншiден, қазақ қыздарының бойындағы ұяңдықтан гөрi, 

қала  тәрбиесiмен  өскен  батылдығы  басым  екендiгiн  байқатады.  Бiр  кездегi 

алып-ұшып, тыным бермейтiн сүюден гөрi, жай-күйдi ұғыну басым. Баян ессiз 

ғашықтыққа  емес,  естi  ақылына  бой  беретiн  келiншек.  Романның  соңында  өз 

шешiмiн  тура  айталатын,    ақылды  да  адамгершiлiгi  мол,  адал,  парасатты  әйел 

образын сомдай алғандығын көреміз.. 

Шығармада  жазушы  жастардың  қажымас  қайраты,  құдiретi  мен  жан 

сұлулығы,  қайғы-қасiретi  және  олардың  тек  сырт  дүние  болмысын  ғана  емес, 

iшкi жан дүниесiн тереңнен көрсетуде үлкен жетiстiкке жеткен, әрi жан-жақты 

ашып көрсете бiлген.  

XX ғасырдың орта шеніндегі қоғамдағы өзгеріс пен әлеуметтік жағдайдың 

қайнаған  ортасында  болған  жастар  бейнесі  көптеген  шығармаларға  арқау 

болды.  Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романы  соғыстан 

кейін  жаңа  өмірге  құштарлықпен  қадам  жасаған  жастар  әлемін  суреттеуге 

құрылған.  Соғыс  жылдарының  ауыртпалығына  төтеп  беріп,  рухани  сынақтан 

абыроймен  өткен  роман  кейіпкерлері  өз  бойларына  бейбіт  өмірге  деген 

сүйіспеншілікті,  білімге  деген  ынтаны,  дос-жар  көңілдің  кірбіңсіз  қалпын 

сақтаған  қаһармандар.  Бұл  туынды  адамгершіліктің  асқақ  рухын,  соны  өз 



 

42 


бойларына  жиған  жастардың  жан-дүниесін  алуан  түрлі көркемдік  тәсілдермен 

көрсетіп,  оқырманның  көңіліне  ізгілік  дәнін  сеуіп,  болашаққа  жол  нұсқайтын 

шығарма.  Кейіпкерлерін  суреттеуде  автор  бірінші  жақта  баяндау  әдісін 

қолданған.  Романның  бас  кейіпкері  майдангер,  университет  студенті, 

журналист  Ербол  Есенов.  Оның  мінез  сипаты,  жеке  басының  қасиеттері  әр 

алуан адамдармен қарым-қатынасында ашылады. Сырттай қораш көрінгенімен, 

Ербол өз ортасына сыйлы, көңілі кең, досқа адал, білмекке құмар ойлы жас. Ол 

адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді серік еткен төзімді, абырой-арды жоғары 

ұстайтын  адам.  Оны  жазушы  романдағы  Меңтайға,  Танаға  байланысты 

әрекеттер  үстінде  ашады.  Ол  Меңтайды  тек  сұлулығы  үшін  ғана  емес, 

адамгершілігі,  өнегелі  тәрбиесі,  терең  ақылы  үшін  де  құлай  сүйеді.  Бірін-бірі 

сүйген қос ғашықтың арасына тікенек болып енген Тұмажан секілді ойы таяз, 

әрекеті  қарау  кейіпкерді  кірістіру  арқылы  жазушы  адамдық  қасиет  деген 

ұғымның бағасын тереңдете түседі. Жақсы қыздың абыройы тәнінде ғана емес, 

жанында  болатынын,  Меңтайдың  басты  қасиеті  ақылдылығы,  адалдығы, 

арлылығы,  жанының  жұмсақтығы  деп  түйген  Ербол  басына  түскен  қатал 

сыннан  абыроймен  өтеді  де,  бұл  оның  адамгершілік  өресін  биіктете  түседі. 

Ә.Нұршайықов  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттері  ауыр  сәттерде  де,  махаббат  пен 

еңбекте  де  адамгершілік  өлшемдерімен  бағаланады.  Романдағы  Ербол  мен 

Меңтай  бейнелері,  олардың  шынайы  қарым-қатынасы  оқырманға  терең  ой 

салады.  

Әдебиет  әлеміндегі  ілгеріге  ұмтылу  ағарту  дәуірінен  бастап,  ғылыми-

философиялық мағынада түсіндіріліп келеді. Бұл мәселе әсіресе, өткен ғасырда 

терең мәнге ие болды. Себебі, тарихи дамудың бұл кезеңінде қоғамнаң әр түрлі 

саласындағы өзгерістер адамзат санасына ілгерілеу, серпіліс әкелді.  

Әдебиет  пен  өнер  –  қоғамның  рухани  мәдениетіндегі  кешенді  құбылыс. 

Олардың  бір-бірімен  үздіксіз  байланыста  болуы,  дамуы,  өткеннің  озығын, 

бүгіннің  жаңалығымен  үнемі  қабыстырып  отыруы  –  олардың  өміршеңдігін 

тереңдетіп,  эстетикалық  танымдық  қуатын  өсіреді.  Көркемдік  әлемінде 

жаңашылдыққа  ұмтылу-үздіксіз  жүріп  отыратын  заңды  құбылыс.  Бұл  ретте, 

шығармашылық  иелерінің  ролі  үлкен.  Себебі,  айнала  тіршілікті  жалықпай 

зерттеу, жаңа соқпақтар табу, бағыт-бағдарды межелеу, көркемдік биікке жету 

– суреткер еңбегінің ажырамас бөлігі.  

Көркем  шығармада  адам  бейнесі,  оның  әр  түрлі  мінез-сипаты  мен  көңіл-

күйінің суреттелуі әр дәуірде өз ерекшелігімен көрініп отырған. Соның ішінде 

тамырын  үзбей  қазірге  дейін  жырланып  келе  жатқаны  –  махаббат  тақырыбы. 

Оның  фольклор  мұраларынан  бастап, бүгінге дейінгі  көлемді  романдарға өзек 

болуы  –  махаббат,  ғашықтық  сарынының  мәңгіге  жеткен  өміршеңдігін 

көрсетеді. Біздің талдауға өзек еткен көркем туындыларымыз да осы ғашықтық 

сарынның арқауының әлі де жалғаса беретінін дәлелдейді.  



ҚОРЫТЫНДЫ. 

  Қазақ    романдарындағы  ғашықтық  мәселесін  сөз  етерден 

бұрын  жалпы  осы  сүйіспеншілік  мәселесі  дәстүрлі  халықтық  әдебиетімізде 

қалай  көрініс  тапқанына  шолу  жасадық.  Ондағы  мақсатымыз  –  ғашықтық 

тақырыбының  жүйелену,  даму,  әр  қырымен  көріну  жолдарына  әдеби  және 

ғылыми тұрғыдан баға беру. 


 

43 


 

 Қазақ  романдарындағы ғашықтық  сарындарды талдау нысанасына алған 

ғылыми жұмыс бірнеше тарауға жіктеліп, әрбір тарауда маңызды бір мәселені 

талдадақ. «Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ романының бастау-арналары» деп 

аталатын  бірінші  бөлімде  халық  ауыз  әдебиетіндегі  сүйіспеншіліктің 

жырлануына  тоқталадық.  Әсіресе,  лиро-эпостық  жырлардағы  ғашықтық 

мәселесі  тереңдей  қарастырылып,  ғылыми  тұрғыда  зерделенеді.  Екінші  бөлім 

«Тарихи  шығармалардағы  ғашықтық  сарын»  деп  аталып,  іштей  «Тарихи 

романдардағы  ғашықтық  сарынның  көркемдік  шындықты  ашудағы  қызметі», 

«Тарихи  романдардағы  ғашықтық  сарынның  символдық  және  философиялық 

мәні»  атты  тараушаларға  бөлінеді.  Бұл  тараушалардағы  талдау  өзегі  –  тарихи 

тақырыптағы  туындылардың  ғашықтық  желілерді  қалай  арқау  еткендігі  сөз 

болады.  Ұлттық  әдебиеттегі    тарихи  романдарды  негізге  ала  отырып,  ғылыми 

талдаулар,  сараптаулар  жүргізілді.  С.Мұқановтың  «Ботагөз»,  М.Әуезовтің 

«Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы,  Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан»,  З.Шашкиннің 

«Тоқаш  Бокин»,  Ә.Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романдарындағы 

ғашықтық  желілерге,  ғашық  жандардың  психикасын  суреттеу    тәсілдеріне 

тоқталдық. 

Үшінші 

бөлім 


«Ақын, 

сал-серілер 

өміріне 

арналған  

шығармалардағы  махаббат»  делініп,  өнер  тақырыбындағы  туындылар 

талданған. Бұл бөлімнің бірінші тараушасында С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» 

романындағы 

ғашықтық 

характердің 

берілуін 

қарастырсақ, 

екінші 


тараушасында  С.Жүнісовтің  «Ақан  сері»  роман-дилогиясындағы  ғашықтық 

сарынның  әлеуметтік  маңызы  сөз  болады.  Төртінші  бөлім  психологиялық 

романдардағы махаббат тақырыбы жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, 

махаббат  мәселесін  психологиялық  талдау  жолдарымен  таныту  ерекшелігі, 

психологизмнің  ішкі  әлемдегі  сезім  ахуалын  берудегі  қызметі,  ғашықтық 

желілерді  суреттеудегі  қаламгерлік  шеберлік  мәселелері  жүйелі  түрде 

талданады.

 

         




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет