Әож 811. 512. 122′373. 1 Қолжазба қҧқығында



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі466,22 Kb.
#5541
1   2   3   4   5

1.2Физика-географиялық 

апеллятивтердің 

фоносемантикалық 

сипаттамасы.  Кез  келген  тілдің  топонимиясында  сол  елдің  жерінің  физика-

географиялық  құрылымын  сипаттайтын  апеллятивтер  құрап  жер-суға  қатысты 

жалқы  есімдердің  негізі,  семантикалық  тірегі  болып  келеді.  Сол  себепті 

кӛптеген  топонимдердің  мағынасын  оның  құрамындағы  географиялық 

апеллятивтер анықтайды. 

Зерттеу  барысында  қазақ  тіліндегі  жалпы  географиялық  есімдердің 

(географиялық  апеллятивтер,  халықтық  географиялық  терминдер)  және 

топонимдердің құрамындағы дыбыс бейнелеуіштік сӛздерді табу және сипаттау 

үшін  С.В.Ворониннің  фоносемантикалық  талдау  тәсілін  қолдандық.  Соның 

негізінде фоносемантикалық (имитативтік) сипаттама жасалатын сӛздегі белгілі 

бір дыбыстың немесе дыбыс тіркесінің (сг, гс, сгс т.б. ежелгі түбірлер) белгілі 

бір  түсінікпен  (мағынамен)  немесе  түсініктер  (мағыналар)  кешенімен 

байланысы  жӛнінде  жорамал,  болжам  ұсынылады.  Дәлел,  дерек  ретінде 

фонетикалық  және  семантикалық  белгілері  ұқсас,  жақын  немесе  дәл  келетін 

лексемалар  туыстас  бір  тілден  келтірілді,  ал  кӛп  жағдайда  бірнеше  тілдер 

(ностратикалық, тілдер семьясы, туыстас тілдер) ауқымында қарастырылды. 

Атап  айтқанда  зерттеуде  қазақ  тіліндегі  қыр,  шоқы,  кӛл  географиялық 

апеллятивтер  фоносемантикалық  негізде  басқа  туыс  немесе  туыс  емес 

ностратикалық 

деңгейде 

кездесетін 

бірнеше 


географиялық 

термин  


апеллятивтермен салыстырылып, талданды. Сондай – ақ гидрографиялық, яғни 

су  нысандарының  физикалық  сипаттары  орографиялық,  яғни  жер  бедері 

нысандарынан  мүлдем  бӛлек  болатыны  белгілі.  Сол,  Денотаттық 

құрылымдарда айырма ерекшеліктерге тән сипаттар дыбыстық деңгейде қалай 

символданып,  белгіленетіні  де  фоносемантикалық  талдау  барысында 

анықталады. 

Қазақ 

топонимдер 



(гидронимдер) 

құрамында 

жиі 

кездесетін 



гидрографиялық халықтық апеллятив – су: (Ақсу, Қарасу, Қасқасу, Қызылсу 

т.б.)  Түркі  тілдерінде  бұл  географиялық  терминдер  «бҧлақ»,  «су»,  «ӛзен» 



 

10 


(кішігірім),  кӛл  (кішкентай)  деген  ұғымдарды  береді.  VІІІ  ғасырға  жататын 

кӛне  түркі  ескерткіштерінде  suв  формасы  «су»  мағынасын  береді.  Ӛзбек, 

кұмық, ноғай тілдерінде де бұл термин сув; хакас және тува тілінде суг түрінде 

кездессе,  Сібір  түркі  тілдерінде  тӛмендегідей  формаларда  тіркелген:  су,  чул, 



шул, ю, суг (варианттары зуг, сунг, зу). 

Түркі тілдеріндегі «сумен» байланысты формалардың моңғол тілдерінде де 

параллельдері  бар:  монғ.  суваг  «канава»,  «ров»,  «траншея»,  «канал», 

«теснина»; моңғол жазба тілінде subaz, сойон тілінде sulak «ручей, приток». 



Su  түбірі  бар  usun  «вода»,  «река»  барлық  моңғол  тілдерінде  кездеседі: 

жазба моңғол тілінде usun, моңғол тілінде ус(ан), бурят тілінде уһа(н), калмақ 

тілінде usn болып келеді. 

Түркі  және  моңғол  тілдері  арасындағы  лексикалық  бірліктердің  ауысу 

процестері - кӛнеден келе жатқан тілдік құбылыс. Бұл проблема ғылыми ортада 

кеңінен  таныс.  Талай  ғасыр  кӛршілес  отырған  халықтардың  арасында  тілдік, 

этнологиялық т.б. деңгейлерде ауысулар байқалатыны заңды құбылыс. 

Ал енді тибеттің, қытайдың шу-ын алсақ, эвенк тіліндегі ў-ды моңғолдың u-



sun-нымен  және  удмұрт  тіліндегі  ву-мен  салыстырсақ,  параллельдер  кӛбеюі, 

ностратикалық деңгейді кӛрсетеді. 

Фоносемантикалық  (имитативтік)  сӛздердің  басты  белгілерінің  бірі  – 

олардың  ностратикалық  деңгейде  таралуы.  Ностратикалық  параллельдер 

фоносемантикалық атаудың имитативтік табиғатын, сипатын кӛрсетумен қатар 

оның  ӛте  кӛнелігін,  тілдің  шығу  дәуірінде  пайда  болғандығын  білдіреді.  Сол 

ежелгі,  бастапқы  замандарда  қалыптасқан  фоносемантикалық  сӛздің  барлық 

тілдерде  ӛлі  түбір,  рудимент  немесе  туынды  сӛздердің  құрамында  сақталып 

қалуы  заңды  құбылыс,  себебі  барлық  тілдер  ӛз  басынан  алғашқы  имитативтік 

дәуірді ӛткерген. 

Сонымен,  дыбыс  арқылы  денонатты  бейнелейтін  сӛздер  ататегінен 

фоносемантикалық  (имитативтік)  сипатқа  ие.  Демек,  пайда  болған,  туындаған 

кезінде барлық тілдер бірдей ӛте ұқсас дыбыстық тұлғаны және семантикалық 

ортақтықты  иемденген.  Әдетте,  олар  бір  дыбыс  немесе  бір  буынды  дыбыстар 

тіркесі (гс, ег, гес, сгс, сгсс) болып келген. Академик Ә.Қайдардың пікірінше: 

«...қайсыбір  тілдегі  есту,  кӛру,  акустикалық,  қимылдық  қабылдаулардың  ӛте 

ежелгі дыбыстық символдары ретінде Г және сГ моносилабтары: *а, *ә, *е, *о, 

*ӛ,  *ҧ,  *у,  *ы,  *і,  сондай-ақ  *ты,  *ды,  *пы,  *шы,  *сы  тағы  басқа  да  дыбыс 

тіркестері танылды» [2, 17]. 

Біздің  болжамымыз  бойынша,  түркі  және  басқа  тілдердің  ататілінде 

(праязык) у дауысты идеофон (имитатив), фонемотип (С.В.Воронин) «су» деген 

кешенді  мағынаны  білдірген.  «У»  -  судың  кешенді  түстік,  дыбыстық, 

тактильдік,  сенсорлық,  қимылдық  т.б.  сипаттарының  бір  ғана  дауысты  дыбыс 

(моносиллаб) арқылы берілген бейнесі. Ал, кейінірек у-ға анлаутты қосылған с 

дыбысы  судың  жылжитын,  ағатын,  сылдырайтын,  сырғанайтын,  сорғалайтын, 

жылтылдайтын,  жалтылдайтын  т.б.  сипаттарын  осы  идеофон  арқылы 

бейнелеген.  Түркі  тілдерінің  географиялық  терминологиясында  у//су  –дан 

туындаған, ӛрбіген географиялық (гидрографиялық) апеллятивтер тізімін және 

мағынасын  атақты  географ,  топонимист  Э.М.Мурзаев  келтірген:  «Түркі 



 

11 


тілдеріндегі: (“су” - М.А.) бірқатар туынды терминдерді қалыптастырады: суат 

-  құдық  түбінде,  ӛзеннің,  кӛлдің  жағасында  мал  суғаратын  орын,  мұның  ӛзі 

түрік  тілінің  suwat  “водопой”  сӛзіне  сәйкес  келеді;  болгар  тіліндегі  суват-

“жазғы  тау  жайылымы”,  “суат”;  саат  -  “кӛл  бойындағы  суат  орны”,  суат  - 

“алды  бӛгелген  су  айдыны”,  қырым  -  татар  тіліндегі  учансу  -  “сарқырама”, 

ӛзбек  тіліндегі  учарсув  -  “сарқырама”,  сӛзбе  -  сӛз  аударғанда  “ұшатын  су”, 



субойи  -  “жағалау”,  “су  бойы”,субаши  -  “кӛл  басталуы”,  “ағыстың  басы, 

суғаруға  арналған  суды  бӛлетін  лауазым”,  суак  -  “суландыратын,  су  жүретін 

ор”, “арық” әзірбайжанша субасма - “тасқын су”, “сел”, суайрычи - “суайрық”, 

сулу  -  “су  (басқай)”,  сузус  -  “сусыз”,  суамбар  -  “су  айдыны”,  “су  қоймасы”. 

Жалпы түркілік  карасу, хакастық  - харасуг - “қайнар кӛз”, “бұлақ”, “бастау”; 

алтай тіліндегі талайсу - “теңіз” (моңғол тілінде далай - “кӛз жетпес”, “орасан 

зор”); хакас тіліндегі суглыг - “сулы”; агынсу - “ағын су” т.б. 

Еуропа  мен  Азияның  ұлан  байтақ  даласында  су  терминімен  келетін 

гидронимдердің  саны  шексіз  (оның  нақты  кӛріністері  басым  мӛлшерде  сӛздің 

екінші бӛлігінде келеді): Қарасу, Сарысу, Ақсу, Қызылсу, Тугтусу, Қашқасу, 

Кӛксу,  Ҧлысу,  Қайсу,  Адылсу.  Енисей  мен  Абақан  бассейнінде  кӛптеген 

гидронимдер  суг  терминімен  келеді:  Қазынсуг,  Сарысуг,  Уньсуг,  Ызаксуг, 



Демирсуг; Алтайда - Суг, Сугат, Қарасук [6, 528-529]. 

Біздің пікірімізше, бастапқы немесе ілкі имитативтердің тілдердің алғашқы 

шығу,  пайда  болу  дәуірінде  фонетикалық  (фоносемантикалық)  варианттары 

болған. Ол варианттар артикуляциялық жағынан жақын, бір  – біріне ыңғайлас 

келетін  идеофондардың,  яғни  дыбыстардың  болуынан  пайда  болған.  Осы 

тұрғыдан алғанда, пу идеофондардың фоносемантикалық варианттары ретінде 

олардың  артикуляциялық  сыңарлары  деп,  уа,  в,  б,  иу  (ю),  й,  дж,  ж,  ч,  с,  ш 

идеофондарды  атауға  болады.  Осы  идеофондар  (фоносемантикалық 

варианттар)  имитативтер  құрамына  енген  соң,  имитативтер  деңгейінде 

имитативтердің фоносемантикалық варианттары құрамында жаңа имитативтер 

пайда  болған.  Осы  жаңа  имитативтер  қорын  кӛбейте  түсе,  жаңа  нысандарды 

немесе  аталған  нысанның  жаңа  (әлі  дыбыстық  формада)  белгіленбеген, 

сипатталмаған  ерекшеліктерін  атау  үшін  (дыбыс  символика  түрінде) 

қолданылған. 

Осындай  жолмен  (алгоритіммен)  пайда  болған  (и,  у  (ю)  идеофондар 

негізінде) имитативтер қатарына йыл, ол, уол, йол, ул, іл(ил), жыл, жил, уль, 



ыль, иле, иль, эл, джал, (құрамында л идеофоны бар); немесе  юг (юк), юга, 

йогы,  югон,  ҧйық,  юкмес,  йоки,  ѐкка  (құрамында  г  (к)  идеофоны  бар) 

имитативтерді  жатқызуға  болады.  Палеотопонимика  мәселесін  зерттеген  А.М. 

Малолетконың  пікірінше,  түркі  тілдеріндегі  ол  /  ул  (хол  /  хул)  “мокрый, 

сырой,  влажный”  мағыналарында  басқа  тілдерде  ӛзінің  фонетикалық, 

семантикалық паралельдері (сыңарлары) ретінде кездеседі. [7, 74] 



1.3  Жер  бедері  (орографиялық)  апеллятивтердің  фоносемантикалық 

сипаты.  Географиялық  аппелятивтер  қоры  кез  келген  тілдің  негізгі  (базистік) 

қоры түріне жатады, яғни түп - тӛркіні диахроникалық тұрғыдан қарағанда ең 

тӛменгі  қабаттарда,  тіпті  “алғашқы”  ілкі  сӛздер  санатында  екенін 

болжауымызға болады. Ал, Г.Е. Корниловтың “имитатив теориясы” бойынша 



 

12 


тілдердің ең алғашқы пайда болған кезеңі “идеофондар” және “имитативтер” 

дәуірі болған десек, әрине, географиялық аппелятивтердің ең ежелгісі, кӛнесі - 

имитативтік, идеофондық негізінде жасалынған сӛздер, тілдік қабаттар. 

Дыбыстық  символикаға  ие  орографиялық  аппелятивтердің  құрамындағы 

дыбыстардың,  дыбыс  тіркестерінің,  яғни  идеофон,  имитативтердің  аталған 

нысандармен  сәйкестігі  дыбыстардың  фонологиялық,  артикуляциялық 

сипаттарының  сәйкестіктеріне  негізделген.  Фоносемантика  саласында 

зерттеулер  жүргізген  ғалымдар  осындай  сәйкестіктерді  анықтаған.  Мәселен: 



шар  тәрізді,  томпақ,  шығыңқы  заттардың  атауларындағы  түбірлерде  бір 

немесе бірнеше лабиалды дыбыстар бар екені жӛнінде А.М. Газов  – Гинзберг, 

В.Г.  Лобин,  С.В.  Воронин,  А.  Йоханенссон  сынды  ғалымдар  жазды. 

Ғалымдардың пікірінше, осы сәйкестік еріндік символизмге негізделген: “ауыз 

(ерін) қимылы томпақ (шар тәрізді) заттар формасын бейнелейді”. Бұл аталған 

қимыл  лабиальды  (еріндік)  дауыстыларды  (о,  ӛ,  ҧ,  у,  ҥ)  дыбыстағанда 

жасалады. 

Еріндік  дауыстылардың  символизіміне  негізделген  фоносемантикалық 

орографиялық аппелятивтерге тӛбе, шоқы, қуыс т.б. аппелятивтерін жатқызуға 

болады.  Жер  бетінен  биікте  жатқан  табиғи  нысандардың  (тӛбе,  дӛң,  шоқы, 



тӛмпешік  т.б.)  басым  кӛпшілігінің  құрамында  еріндік  дауыстылардың 

ұшырасуы  кездейсоқ  емес.  Дыбыс  бейнелеуіштік  сӛздердің  тілдік  тұлғасында 

міндетті түрде фонемотип (С.В. Ворониннің термині) бар. Фонемотипте аталған 

заттың  кем  дегенде  бір  сипатына  қатысты  фонема  болуы  тиіс  фонемотиптер 

акустикалық,  дыбысқа  еліктеуіш  сӛздерде  кездеседі.  Мысалы,  “томпақ”, 

домалақ”, “ҥрлеген” заттардың сипатына сәйкес келетін дәл сондай сипаттар 

еріндік  (лабиалды  немесе  лабиальданған)  дауысты,  дауыссыздарда  бар.  Сол 

себепті  осы  аталған  артикуляциялық  фонемотип  “томпақ”,  “домалақ”, 

ҥрленген” заттарды атайтын сӛздерде қолданылады.  

Зерттеу  нысаны  болып  отырған  фоносемантикалық  сипаты  бар  деп 

есептелетін географиялық аппелятивтерді және географиялық жалқы есімдерді 

(топонимдерді) біз “дыбыс бейнелеуіш сӛздер” (звукоизобразительные слова) 

қатарына  жатқызамыз.  Дыбыс  бейнелеуіш  сӛздер  фоносемантика  теориясы 

бойынша екі түрге бӛлінеді: дыбысқа еліктеуіш сӛздер (звукоподрожательные 

слова),  екінші  түрі  –  дыбыстық  символикалық  сӛздер  (звукосимволические 

слова).  Біз  талдап  отырған  географиялық  аппелятивтердің,  терминдердің  

құрамында, негізінде, дыбыстық символикалық сӛздер жиі ұшырасады. Себебі 

дыбыстық  символикалық  сӛздер,  әдетте,  ең  кӛне  “алғашқы”  сӛздер  қатарына 

жатады. Соған қарағанда, географиялық аппелятивтердің белгілі бір бӛлігі ӛте 

ерте  дәуірлерде,  тіпті  тілдердің  алғаш  пайда  болған  дәуірінде  қалыптасқан, 

“ӛмір сүрген” болуы мүмкін. Ал енді, дыбысқа еліктеуіш сӛздер сипатындағы 

географиялық  топонимдер  қазақ  топонимиясында  бар  және  осы  аталған 

топтағы фоносемантикалық сӛздер жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. 

Зерттеудің  теориялық  -  әдістанымдық  негізі  ретінде  имитатив  теориясын 

(Г.Е.  Корнилов)  және  де  фоносемантика  (С.В.  Воронин)  теориясын  қатар 

пайдаланғандықтан,  қазақ  тіліндегі  географиялық  аппелятивтер  мен 

топонимдерді  талдаған  кезде,  “имитатив”,  “идеофон”,  “фонемотип”, 


 

13 


фоносемантикалық сӛз” т.б. терминдерді аралас қолдандық. Түптеп келгенде 

имитатив  теориясы”  мен  “фоносемантика  теориясы”  бір  -  бірінен  онша 

алшақ емес, кӛп жағдайда бір-бірін растап, толықтыра түседі. 

Зерттеу  барысы  аталған  теориялық  ұстанымдарға  сүйене  келе,  қазақ 

тіліндегі  орографиялық  аппелятивтерге  фоносемантикалық  талдау  жасауға 

болатынын кӛрсетті. Соның нәтижесінде байқалатын жайт: қазақ орографиялық 

сӛздік  қорындағы  фоносемантикалық  атаулардың  түп  –  тӛркіні  сонау 

имитативтік”  дәуірде  жатқандықтан,  бастапқы  фонемотиптер  қазақ  тілінен 

басқа  (түркі,  үндіеуропа,  семит  т.б.)  тілдерде  кездесетін  орографиялық 

аппелятивтер  құрамында  ұшырасады.  Сол  себепті  зерттеу  нысаны  етіп  алған 

фоносемантикалық  қазақ  аппелятивтерін  басқа  тілдердегі  фоносемантикалық 

географиялық  (орографиялық)  аппелятивтер  қатарында,  солардың  кең 

ауқымында  қарастырдық.  Осылай  қарастырғанда  ғана  талдауға  түскен 

аппелятивтердің  фоносемантикалық  табиғаты  ашыла  түседі  және  де  сол 

атаулардың ӛте кӛнелігі дәйектеледі.  

Қазақ  оронимдері  мен  топонимдерінде  жиі  кездесетін  басқа  да  түркі 

тілдерінде кең тараған орографиялық аппелятивтердің бірі - тӛбе. Қазақ тілінде 

тӛбе, топырақ, қҧм немесе тастан үйіліп қалған биік дӛң, шоқыТӛбе - бастың 

ең  үстіңгі  бӛлігі,  бір  заттың  ұшар  басы,  ең  жоғарғы  жағы.  Кӛне  түркі  тілінде 



töpü – “темя”, “макушка”, “голова”, “вершина” екені кӛрсетілген. 

Топонимист  ғалым  Э.М.  Мурзаевтың  сӛздігінде:  Teпe  –  вершина,  бугор, 

сопка, холм (тюрк). Др. – тюрк. töpü – темя; “макушка”; “голова”; “вершина”. 

Варианты: дене, добо, топпа, тепа, тобе, тюбэ, тäпä. В рус. геогр. литературе 

часто  принята  форма  тепе.  В  Западной  Сибири  –  тубя.  Тепелик  – 

“мелкосочник”, “холмогорье” (азерб). В тадж. яз. заимствовано в форме теппа

в  перс.  –  тебе,  тубе,  тепа.  В  болг.  диал.  тепе  –  “холм”,  “бугор”,  “вершина”, 

“пик” из турецк. яз. Ясные параллели: бур.   добо – “холм ”, халха – монг. добо 

–  “небольшая  горка”,  “холм”,  “курган”,  “насыпь”,  добек  –  “вершина  горы”, 

“пик”;  эвенк.  Дуеэ  –  “конец  какого  –  то  предмета”;  “вершина”,  “исток  реки”; 

орочское дувэдуэ – “конец”, “острие”, “мыс”; маньчж. дубэ “конец”; “вершина 

горы, дерева”, “устье реки”, “край”, “предел”, Ср. Хинди тибба, тибби, типа – 

“холм”; “горка”, “невысокая и небольшая возвышенность” [6,549] деп берілген. 

Э.М.  Мурзаев  келтірген  мәліметтерге  қарасақ,  аталған  түбір  түркі 

тілдерінде  ғана  емес,  сонымен  қоса  палеоазиат,  тұңғыс  –  маньчжур,  иран, 

хинди тілдерінде кездеседі. Осы орографиялық терминнің аса кең аймақта және 

туыстығы жоқ кӛптеген тілде таралуы кездейсоқ нәрсе емес. Егер кейбір тілдер 

арасында  (мысалы,  түркі  мен  моңғол,  түркі  мен  тұңғыс-  маньчжур)  ауыс  – 

түйіс, тілдік тоғысулар (контакттар) орын алса, соның нәтижесінде кірме сӛздер 

(тӛбе  сӛзіне,  мысалы,  қатысты)  болуы  мүмкін  болса,  тегі  мен  орналасуы  ӛте 

алыстағы  тілдер  арасындағы  ортақ  сӛздердің  тӛркіні  –  имитативтік 

(фоносемантикалық) табиғатында екенін мойындауымыз керек. 

Тӛбе”  мәнді  орографиялық  аппелятивтердің  негізі  болған  имитатив 

формасын туб / тоб / тӛб / доб / теп / деп санауымызға болатын сияқты. С.В. 

Воронин кӛрсеткендей: “домалақ” шар тәрізді үрілген томпақ заттың маңызды 

белгісінің  бірі;  еріндік  дауысты,  дауыссыздар  белгілерінің  бірі  де  осы;  бұдан 



 

14 


домалақ  нәрсені  білдіретін  дыбыс  бейнелеуіш  сӛз  түбірінде  еріндіктердің 

артикуляторлық  фонемотипіне  тиісті,  ең  болмағанда  бір  фонеманың  болу 

қажеттігі  келіп  шығады:  салыстырыңыз:  тҥр  tepalak,  tembalak  “домалақ  шар 

тәрізді”,  rob  “домалақ  ыдыс”  [8,  67-68].  Жоғарыда  кӛрсеткен  “тӛбе”  мәнді 

дыбыс  бейнелеуіш  сӛздердің  имитативтік  түбірінде  бір  емес,  кем  дегенде  екі 

еріндік  дауыс:  /  о  /  у  /  ӛ  дауысты  фонемотиптері  және  б  /  п  дауыссыз 

фонемотиптер бар. Ал енді у / о / ӛ фонемотиптері “томпақ”, “домалақ”, “шар 

тәрізді”  денотаттарды  дыбыстық  түрде  белгілейді  десек,  денотаттардың  осы 

аталған  сипаттары  “шығыңқы”,  “кӛтеріңкі”,  яғни  “биікте”,  “бас  жағында”, 

“басында”,  “тӛбесінде”  деген  ұғым  түсініктермен,  сипаттармен  ыңғайлас, 

сыңарлас  жақын  болып  келеді.  Демек,  аталған  фонемотиптер  –  дауыстылары 

немесе  дауыссыздары  болсын  “кӛтеріңкі”,  “ҥстіңгі”,  “басындағы”,  “бас”, 

тӛбе”, “биік” деген мағыналарды бедеріне қатысты бере алады. 

Осы  фонемотиптер  тек  қана  жер  бедеріне  қатысты  нысандарды 

(денотаттарды) 

олардың 

аталған 


сипаттарына 

сәйкес 


 

дыбыстық 

(символикалық)  деңгейде  суреттемейді,  басқа  да  нысандарды    (заттарды) 

имитативтік  тұрғыдан  белгілеуге  атсалысады.  Қазақ  тілінің  материалдарын 

қарасақ:  доп,  топ,  дӛң,  дӛңгелек,  дҥмпи,  томпаю,  тобыр,  доңғал,  доболдай 

т.б.  сӛздерде  лабиальді  (еріндік)  фонемотиптер  аталған  сипаттарды  кӛрсетіп 

тұр. Жоғарыда келтірілген сӛздер тізімінде ң дауыссызы еріндік болғанымен, м 

сияқты  мұрын  жолды  болып  келеді  және  үнді  немесе  сонар  дауыссыздар 

қатарына жатады, яғни артикуляциясы ӛте жақын. 

Қазақ  тіл  білімінде  фоносемантика  теориясының  негізін  қалыптастырған 

профессор  К.Ш.  Хұсайынның  мәлімдеуінше,  қазақ  тілінде  лабиальді  немесе 

лабиальданған  дауысты,  дауыссыз  дыбыстардың  негізінде  “томпақ”, 

шығыңқы”,  “домалақ”,  “шар  тәрізді”  заттарға,  сол  заттарға  қатысы  бар 

қимылдарға байланысты ӛзі жинақтаған жүзге жуық (әрине, олардың саны одан 

кӛп) сӛздер бар [9, 153-154].  

Ғалымдар  келтірген  осындай  мол  тілдік  (фоносемантикалық)  деректер 

негізінде  лабиальді  (лабиальданған),  еріндік  дауысты  және  дауыссыз 

дыбыстардың  (фонемалар)  ӛз  кезінде  фонемотип  (идеофон)  қызметін 

атқарғандығының  дәлелі  мен  дәйегі  бола  алатындығын  аңғардық.  Ал  осы 

аталған  фонемотиптердің  мағыналық  сипатына  тоқталсақ,  “томпақ”, 

домалақ”,  “шар  тәрізді”,  “шығыққы”,  “кӛтеріңкі”,  “ҥстіңгі”  т.б.  солардан 

туындаған  немесе  ӛте  жақын,  сыңарлас  мағыналарды  осы  фонемотиптер 

(идеофондар) дыбыстық символика түрінде бейнелейді. 

Біздің  қарастырып  отырған  орографиялық  аппелятивтерде  бір  буынды 

(дауыссыз  +  дауысты  +  дауыссыз)  ілкі  түбір  –  имитативтердің  ортасында 

фонемотип  о  /  у  /  ӛ  /  ю  болып  келеді  де,  анлауттағы  дауыссыз  фонемотип 

(идеофонема, идеофон) д / т болып келеді, ал анлауттағы (соңғы позициядағы) 

идеофон  –  фонемотип,  әдетте,  б  /  п  дауыссыз  еріндік  фонема.  Жоғарыда 

келтірілген мысалдардан кӛріп отырғанымыздай, о / у / о / ю фонемотиптердің 

және  соңғы  позициядағы  (анлауттағы)  б  /  п  еріндік  дауыссыз  фонемотиптің 

(идеофонның) мағыналық сипаты айқын. 


 

15 


Екінші тарау “Қазақ топонимдерінің этимологиялық фоносемантикасы 

” деп аталады. Тақырып үш тараушада сараланады. 

2.1 Қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш топонимдердің фоносемантикалық 

сипаты.  Кез  келген  тілдің  дыбыс  бейнелеуіш  лексикасын  екі  түрге  бӛліп 

қарастыруға  болады:  дыбыстық  еліктеуіш,  дыбыстық  символика.  Бұл 

тараушада  қазақ  тіліндегі  топонимиялық  лексиканы  (топонимдерді)  осы 

аталған екі түрге бӛліп қарастырамыз. 

Дыбыс  бейнелеуіш  сӛздердің  фоносемантикалық  сипаты,  әсіресе,  дыбыс 

еліктеуіш сӛздерде айқын кӛрінеді. Дыбыс символикалы сӛздердің имитативтік 

табиғатын  анықтаудың  ӛз  қиыншылықтары  бар,  себебі  аталған  сӛздердегі 

дыбыстар  табиғи  нысандардың  дыбыстарына  емес,  дыбыстан  бӛтен  түрлі 

сипаттарға  еліктеуден  пайда  болған.  Біз  қазақ  тіліндегі  гидрографиялық, 

орографиялық  апеллятивтер  мен  топонимдік  атаулардағы  “үндемейтін”,  “тіс 

жармайтын”  “сенсорлық”,  “тактилдік”,  “түстік”  (визуальдік)  т.б.  сипаттардың 

дыбыс  символикалық  сӛздер  құрамындағы  дыбыстарға  айналуын  анықтауды 

мақсат еттік. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  дыбыс  еліктеуіш  сӛздер  ӛзара  екі  түрге  бӛлінуі 

мүмкін:  1.  Жанды  нысандар  шығаратын  дыбыстарға  еліктейтін  сӛздер.  2. 

Жансыз табиғи нысандар дыбыстарына еліктейтін сӛздер. 

Мәселен,  Даңғырлақ  топонимінің  фоносемантикалық  тұлғасын  біз  дыбыс 

еліктеуіш  сӛздердің  екінші  түріне  жатқызамыз.  Академик  Ә.  Қайдардың 

сӛздігінде  даң  бір  буынды  түбір  –  негіздің  мағынасы  былай  берілген:  “подр. 

шуму,  голосу,  звону  жестяных  предметов,  больших  колоколов,  ударных 

инструментов; даңғыр < дағ + ғыр громыхание (металического предмета)” [2, 

200]. 


Осы  келтіріліп  отырған  фоносемантикалық  сипаты  бар  сӛздерге  ортақ 

түбірді  біз  фонемотип  немесе  имитатив  ретінде  қарастырдық.  Сонда  ол  түбір, 

фонемотип (имитатив) үш идеофонды даң(нг) – (д + а + нг) формасында ӛзінің 

дыбыс  еліктеуіш  қызметін  атқарған.  Дыбыс  еліктеуіш  түбір  –  имитатив 

болғандықтан,  “бұл  фонемотип  қандай  дыбысқа  (немесе  табиғи  дыбыстар 

кешеніне)  еліктейді?”  деген  сауал  туындайды.  Ол  дыбыстардың  (шудың) 

сипаты  (жоғарыдан  қараңыз)  мынадай  болып  келеді:  “ішкі  қуыс  заттың  басқа 

нәрсеге  соғылуынан  шығатын  қаңғыр  –  күңгір  дыбыс”,  “күмбірлеген, 

саңғырлаған дыбыс”; “даң – дүң” еткен “қаңғыр - күңгір” еткен дыбыс; “даңғыр 

-  дүңгір”  еткен,  “салдыр  –  гүлдір”  еткен;  “даңғырлап  қатты  дауыс  еткен” 

дыбыс;  айғай  –  ұйғаға,  у-шуға  ұқсайтын  дыбыс.  Академик  Ә.  Қайдардың 

кӛрсетуінде  бір  буынды  даң  түбірі  темір,  жез  бұйымдар,  заттар  шығаратын 

(ұрғанда) дыбысқа, шуға еліктеуден туындаған.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет