Әож 811. 512. 122′373. 1 Қолжазба қҧқығында



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі466,22 Kb.
#5541
1   2   3   4   5

Даң  формасындағы  әр  фонема  –  идеофон  (идеофонема)  белгілі  бір 

еліктеуіш  мағынаға  ие.  Еліктеудің  негізі  сипатын,  болмысын  осы 

фоносемантикалық  модельде  дауыссыз  д  және  ң  дыбыстар  (идеофондар) 

кӛрсетеді.  Ал  фоносемантикалық  сӛз  ортасындағы  дауысты  дыбыс 

(идеофонема) еліктеуіш түбір суреттейтін дыбыстың күштілігін, әлсіздігін және 

тонын  сипаттайды.  Сӛз  етіліп  отырған  даң  фонемотипінің  (имиативінің) 

анлаутындағы д ӛзінің артикуляциялық сипатына, ерекшеліктеріне қарай t(т) – 


 

16 


ға  ӛте  жақын,  тек  д  ұяң  “жұмсақ”  болса,  т  қатаң  (шулы)  дауыссыз  –  ал  басқа 

артикуляциялық  ерекшеліктері  (альвеоляр,  таңдай  алды,  тіс,  жабысыңқы, 

шұғыл) бірдей. 

Т  /  д  дүрсілдейтін,  дүңкілдейтін,  тарс  –  тұрс  ететін,  тарсылдайтын, 

тақылдайтын,  соғу,  қағу  әрекеттерінен  туындайтын  кешенді  табиғи  дыбыстар 

шығаратын  нысандарды  (денотаттарды)  символдайтын  сӛздердің  анлаутында 

кездеседі.  Осы  позициядағы  бұл  дауыссыз  дыбыс  (идеофонема)  кӛптеген 

біртектес  немесе  біртектес  емес  тілдердегі  аталған  дыбыстарға  еліктейтін 

сӛздерде  кездеседі.  Бұл  құбылысты  фоносемантикалық  заңдылықтар  немесе 

фоносемантикалық универсалия қатарына жатқызуымызға болады. 

Қазақ  топонимиясында  дыбыс  еліктеуіш  тағы  бір  гидронимиялық  термин 

және гидроним бар. Ол сарқырау “судың биіктен тӛмен қарай күшті сарынмен 

құлай  ағуы,  сарылдау”  деген  мағынасы  бар  етістіктен  жасалған  сарқырама 

гидрографиялық  (гидронимиялық)  термині  және  Сарқырама  гидронимі.  Осы 

атаудың  дыбыс  еліктеуіш  түбірі  сар  болатын  болса,  түбірлес  сӛздердің  де 

мағыналары  жақын  немесе  бірдей  болуы  тиіс.  Осындай  сӛздер  қазақ  тілінде 

бар:  “сарқ  –  сҧрқ”  сұйық  заттың  қатты  қайнауы,  бұрқ  етуі;  “сар  -  сар” 

сарқырап шыққан дыбыс; сарыл “сар – сар еткен дыбыс, сырыл”; сарылда “сар 

-  сар  еткен  дыбыс,  дыбыс  шығару,  сарқырау”;  сарыл  “сарылдап,  күрілдеп 

дыбыс  шығарған  ағын”  [10,  556-558].  Келесі  сӛздің  ұмыт    болған  түпкі 

мағынасы,  фоносемантикалық  этимоны  сар  –  түбіріндегі  мағыналарымен 

байланасы  бар  деп  есептейміз.  Салыстырыңыз:  сарын  кӛне.  1.  Ән  жанрының 

бір қалыпты дауыспен, ырғақты айтылатын түрі. 2. Әуен, саз, ырғақ [10, 558]. 



Сар  /  шар  түбірі  “сарылдап  ағу  ”,  “сарқырау”  (суға,  ағынға,  сарқырамаға, 

водопад)  мағыналарында  тек  қана  қазақ  тілінде  ғана  емес,  басқа  түркі,  түркі 

емес тілдерде де кездеседі. А.М. Малолетконың мәлімдеуінше: «Қырғыз тілінде 

шарқыратма,  қарақалпақта  сарқырама  етістіктен  жасалған  зат  есім  болып 

келеді,  ол  «гҥрілдеу»,  «кҥркіреу»  мағынасында,  яғни  «су»  номенклатуралық 

формантысыз  келеді.  Вахан  тілінде  шор-ас  сӛзбе-сӛз  «кҥркіреуді»  білдіреді, 

мұның  ӛзі  кӛрсетілген  қырғыз  және  қарақалпақ  терминдеріне  жуықтайды. 



Куркуре  (Алтайдағы  ӛзен  атауы),  кҥрлек  (Томск  ауданы  және  Мрассу 

шүйесіндегі  бұлақ)  ӛзендерінің  атауы  құрылымы  мен  семантикасы  бойынша 

жақын келеді. Кӛксу ӛзенінің (Алтай) алтайлық куркулек атауына ие екі ағысы 

бүгінгі  күнде  калька  тәсілінде  келген  орысша  Громатуха  (Тӛменгі  және 

Жоғарғы) атауына ие. Пушту тілінде шаршара сӛзбе-сӛз сусылдаусудырлау 

(дыбыс еліктеуіш) дегенді білдіреді».  [7, 72]. 

Келтірген  үзіндіден  кӛріп  отырғанымыздай,  түркі  емес  тілдерде,  атап 

айтсақ,  вахан  тілінде  шор,  пушту  тілінде  шар  судың  сарқырап  шыққан 

дыбысына еліктейді. Күр (кур) судың дыбысталуының тағы бір түрін кӛрсетеді 

және  кур  түбірі  дыбыс  еліктеуіш  гидронимдерінде  кездеседі  (А.М. 

Малолетконың мәліметтеріне қараңыз). 

Қазақ топонимиясында да осы кҥр түбірлі дыбыс еліктеуіш гидронимдерде 

кездеседі.  Т.  Жанұзақтың  “Алматы  облысы бойынша  Қазақстан  географиялық 

атаулары”  атты  сӛздігінде  Кҥркілдек  гидронимі  жӛнінде  былай  делінген: 

Кҥркілдек  –  Талдықорған  аймағындағы  ӛзендердің  бірі.  Ӛзеннің  күрілдеп, 


 

17 


сарылдап  ағуымен  байланысты  қойылған  атау”.  Кҥр  атты  дыбыс  еліктеуіш 

түбірден жасалынған қазақ тілінде бірнеше сӛз бар. 



Кҥр  -  дегі  әр  дыбыстың  (идеофонның,  идеофонеманың)  ӛз  фоносеманти-

калық (имитативтік) сипаты бар. Анлауттағы дауыссыз к еліктенген дыбыстың 

(шудың)  түрінен  (типінен) хабардар  етеді,  дифференциялайды  (салыстырыңыз 

барқ  –  қарқ;  күрк  –  шүрк;  құрқ  –  күрк  т.б.).  Инлауттағы  дауысты  дыбыс 

(идеофонема)  ҥ;  мысалы,  а  -  ға  қарағанда  еліктеуге  түскен  дыбыстың  басқа 

тонын  және  (салыстырмалы  түрде)  әлсіздеу  екенін  кӛрсетеді,  салыстырыңыз: 

тарқылдау – тырқылдау (күлу) [бұл жерде ы - мен ҥ – бір тектес, яғни жіңішке 

дыбыс  ретінде  сәйкестендіріледі];  қарқылдап  күлу  -  кҥркілдеп  күлу  т.б. 

Ауслауттағы  р  вибранты,  әдетте,  дыбыс  бейнелеуіш  сӛздерде  діріл,  тербелген 

(вибрацияға  түскен)  дыбыстарға  еліктейді.  “Кҥр”  деген  дыбыс  еліктеуіш 

түбірге түрлі модификатор қосу арқылы еліктенген дыбыстың (шудың) бірнеше 

түрін  немесе  типін  кӛрсетуге  болады.  Осы  заңдылықты  қазақ  тілі 

материалдарынан, мысалдарынан да байқауымызға болады. 

Мәселен,  кҥр  фоносемантикалық  түбірге  қосылған  п,  с,  т  модификатор-

лары  бар  сӛздердің  дыбыс  еліктеуіш  сипаты  түрліше  болады,  әрқайсысының 

ӛзіндік  дыбыс  еліктеуіш  айырма  белгілері  бар.  Салыстырыңыз:  кҥрп  –  кҥрп, 

сүт сауғанда, сүтті піскенде шығатын үн; кҥрпіл күрп - күрп еткен үн, дыбыс; 

кҥрпілде,  мал  сауғанда  сүттің  ыдысқа  күрп  –  күрп  етіп  құйылуы;  кҥрпілдек, 

күрп  -  күрп  ете  беретін  (қар)  –  бұл  қатардағы  дыбыс  бейнелеуіш  сӛздерде 

түбірге жалғанған п модификаторы; кҥрс, салмақты нәрсе құлағанда шығатын 

дыбыс;  кҥрс    кҥрс,  бірінен  соң  бірі  құлағанда,  қатты  жӛтелгенде  шығатын 

дыбыс; кҥрсіл, қатты шығатын дыбыс, гүрсіл, тарсыл; кҥрсілде 1. кҥрс - кҥрс 

ету,  тарсылдау,  2.  тұмау  тигенде  қатты  жӛтелу;  -  бұл  қатардағы  дыбыс 

бейнелеуіш  сӛздерде  түбірге  жалғанған  с  модификаторы;  кҥрт  –  кҥрт,  қатты 

нәрсені шайнағанда, не бір зат сынғанда шығатын дауыс; кҥртілде, күрт - күрт 

еткен  дыбыс  шығу;  қытырлау  –  бұл  қатардағы  бейнелеуіш  сӛздерде  түбірге  

жалғанған т модификаторы. 

Қазақ жер - су атауларының құрамында судың (ағынның) үні мен дыбысына 

еліктеудің негізінде қалыптасқан, пайда болған гидронимдер кездеседі. Сондай 

гидронимдер  қатарына  Шар,  Шарбҧлақ,  Шарын  (Чарын),  Сарпылдақ, 

Сорсу, Сорбҧлақ, Шарлама т.б. гидронимиялық атауларды жатқызамыз. 

Сар  /  шар  /  сор  /  шор  имитативтері  ӛзен,  бұлақ  атауларында  судың 

сарылдап,  шарылдап,  сорылдап,  шорылдап,  яғни  қатты  екпінмен  немесе 

“шорылдаған”  кезде  баяу  тар  жермен  ағуының  дыбыстық  сипатын  кӛрсетеді. 

Сонымен  қатар  осы  фоносемантикалық  модельдің  дыбыс  символикалық 

қызметі  бар:  анлауттағы  с  /  ш  судың  (немесе  кез  келген  сұйықтың)  шумен 

жылжуын,  ағуын,  ағудың  түрлерін  кӛрсетсе,  инлауттағы  ашық  а  ағынның 

кӛлемін,  кең  жайылғанын  (үлкендігін)  білдіреді,  ал  ауслауттағы  р  -  вибрант 

ретінде аққан судың (сұйықтың) дірілшуҥн сипаттарын символдайды. К.Ш. 

Хұсайын соршор – дың дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш) мәндерін былай 

кӛрсеткен:  Сор,  шор  подр.  звукам,  звукам  струящейся  воды  (белгілеген  біз  – 

М.А.),  сосания,  швырканья,  сор  –  „сосать,  всасывать,  высасывать  поглощать‟, 

сорап! обращение к верблюду с тем, чтобы он пил воду, сорапта – „пить воду 


 

18 


(о  верблюде)‟,  тҥйеше  сорапта  –  „пить  воду  подобно  верблюду  (с  шумом, 

большими  глотками)‟;  сорпа  „бульон‟,  сорпылда  -  „шумно  сосать,  издавать 

швыркающие  звуки‟,  сорғала  –  „струиться,  течь  тонкой  струей‟,  шорылда 

„течь с шумом, журчать, литься или течь с булькающим звуком‟ [9, 111-112]. 



Ср  /  шр  консонанттық  тұлғасы  (қаңқасы)  бар  сӛздер.  Г.Е.  Корниловтың 

мәлімдеуінше, судың, сұйықтықтың ағу түрлерін кӛрсетеді: “группа согласных  



ср / шр – символизирует и просто различные виды течения воды, жидкости...” 

[1, 141]. 

Сонымен,  шар  /  сар  /  сор  /  шор  түбірі  бір  гидрографиялық  нысандардың 

дұрыс  этимологиясын  табу  үшін    этимологиялық  ізденістермен  қатар,  аталған 

нысандарды ӛз кӛзімен кӛріп сараптама жасалуы тиіс. Егер нысанның түсі сары 

(сарғылт) немесе дәмі тұзды, соры бар жердегі нысан болса  -  “сары”, “тұзды” 

мәнді этимологиясы дұрыс болғаны. Ал егерде нысандардың аталған сипаттары 

болмаған  кезде,  судың  ағуына  байланысты  дыбыстық  т.б.  сипаттарын 

айқындауымыз  қажет.  Таулы  -  қырлы  жермен    сарылдап,  шарылдап

сорғалап немесе шорылдап ағатын ағыны қатты су нысандарының жоғарыда 

кӛрсетілгендей фоносемантикалық этимоны бар деген сӛз.  



2.2 Қазақ тіліндегі дыбыс символикалы гидронимдердің фоносеманти-

калық этимологиясы.  

Балқаш  этимологиясы  жайында  С.П.Толстов,  С.Е.Малов,  И.В.Сергеев, 

Е.Қойшыбаев,  А.Т.Қайдар,  Т.Жанұзақ,  К.Ш.Хұсайын  т.б.  жазды.  Осы 

гидронимнің  шығу  тӛркіні,  мағынасы  жайында  ізденістер  жүргізген  жоғарыда 

аталған  ғалымдардың  пікірлерін  Т.Жанұзақ  ӛз  мақаласында  былай  етіп 

келтіреді: 

«Тарихи-лингвистикалық 

зерттеулерде 

Балқаш 

ӛзенінің 

этимологиясы туралы бірқатар пікірлер келтіріледі. Орта ғасырларда бұл ӛзенді 

осы  жердің  байырғы  тұрғындары  Кӛкшетеңіз  және  Атракӛл  деп  атаған. 

Танымал  тарихшы-шығыстанушы  С.П.Толстов бұл  жӛнінде  былай  деп жазды: 

bal/bar  ортақ  негізіне  ие  Балқаш  атауы  б.д.д.  ІІІ-ІІ  ғ.ғ.  орал-алтай 

семьясындағы  қандай  да  бір  ежелгі  тілден  шығып  тарайды,  оның  ӛзі  «су» 

ұғымымен  байланысты  болып  келеді.  Белгілі  түркітанушы  С.Е.Маловтың 

пікірінше, «жалпылама таралған Балқаш этимологиясы – батпақтағы тӛмпешік, 

томар; былқылдақ жер, балшық» түрінде келеді» [11, 297-298]. 

Кӛріп отырғанымыздай,  балқаш  сӛзінің  этимологиясын  ғалымдар  «батпақ, 

балшық, 

былқылдақ, 

лай, 

сазды» 


ұғымдарымен 

байланыстырған. 

Қарастырылған  этимологиялық  топшылауларда  осы  сӛздің  (түбірдің)  дыбыс 

бейнелеуіш қасиеті, сипаты сӛз етілмеген. 

Қазақ  тілінің  сӛздіктерінде  берілген  балқаш  сӛзінің  мағыналары,  біздің 

пікірімізше,  семантикалық  дериваттар.  Балқаш  сӛзіндегі  бал  түбірінің  негізгі 

(бастапқы)  мағынасы  «су,  ылғал»  ұғымдарымен  байланысты  болған  кӛрінеді. 

Осы  синкретикалық  түбір  семит-хамит,  үндіеуропа  және  алтай  тілдерінде 

кездеседі.  Ол  жӛнінде  Т.Жанұзақ  былай  дейді:  «bal//bul  синкретипті  түбірін 

семит-хамит,  үндіеуропа  және  алтай  тілдерінен  табамыз.  Мұны  В.М.Иллич-

Свитыч ӛз жұмысында едәуір сенімді түрде кӛрсете білді. Ғалымның деректері 

бойынша,  семит.  Bi,  ар.  bji  –  сулау,  араластыру;  сир.  bji  –  араластыру, 

ылғалдау; кӛне египет. bеj (<bеj) – ылғалдану. Кӛне ағылшын тілінде Blantan


 

19 


кӛне неміс. Blantan – араластыру, былғау; алтай тілдерінде: моңғол  bul – лас, 

эвенк.  bula  -  –  батпақ,  қорыс.  bulra  –  араластыру,  былғау.  Кӛрініп 

тұрғандай,  барлық  жоғарыда  келтірілген  этимологияларда  синкреттік  түбір 

bal/bul/be/bll ылғал, су мағынасына ие» [11, 298]. 

Фоносемантика  немесе  имитатив  теориясы  тұрғысынан  қарағанда  бал/бул 

түбірін  семит-хамит,  үндіеуропа  және  алтай  тілдерінде  бірдей  немесе  жақын 

мағыналарындағы  сӛздерінде  кездесуі  аталған  түбірдің  имитативтік  дәуірді 

меңзейтін  дыбыс  бейнелеуіш  (дыбыс  символиканы)  табиғатының,  сипатының 

тілдік (ареалдық) белгісі, дерегі болып табылады. Фоносемантикалық сӛздердің 

аталмыш  белгісін  бал/бел/балт(д)  түбірі  бар  гидрографиялық  терминдердің 

кӛптеген тілдерде таралуы негізінде де кӛрсетіп, деректеуге болады. Бұл жерде, 



бал/бел/бул  (балт(д))  т.б.  синкретикалық  түбірлердің  консонанттық  негізі, 

сүйегі болған түбір бл фонемотипі екенін аңғаруымызға болады. 

Сондай-ақ,  түбір  бл  фонемотипіне  байланысты  географиялық  мәндегі 

апеллятивтердің  алуан  түрлі  тілдерде  таралғандығын  Э.М.Мурзаевтың 

сӛздігінен  де  кӛруімізге  болады.  Сӛздікте  бал/бел  түбірінен  жасалынған 

«батпақ»,  «саз»,  «ылғалды,  сулы  жер»,  «кӛл»,  «лай»,  «балшық»  т.б. 

мағыналары бар географиялық апеллятивтер литва, латыш, славян, түркі, тува, 

кӛне славян, молдаван, румын, албан, итальян, грек, гагауз, кӛне болгар, қазақ, 

азербайжан,  половец  (құман)  тілдерінде  кездеседі.  Осы  құбылыс,  біріншіден, 



бал/бел  түбір  сӛздердің  кӛнелігін  кӛрсетеді;  екіншіден,  аталған  түбірдің 

имитативтік  (фоносемантикалық)  сипаты  болуы  мүмкін.  Екінші  тұжырым 

біріншімен  байланысты,  себебі  кӛптеген  тілдерде  (әсіресе,  генетикалық, 

ареалдық  байланысы  жоқ  тілдерде)  кездесетін  түбір  сӛздердің  ӛте  кӛне,  яғни 

тілдің пайда болу дәуіріне жетелейтінін байқаймыз. 

Балқаш  гидрониміндегі  фоносемантикалық,  имитативтік  түбірін  бал  деп 

есептейтін болсақ, немесе сол атаудағы фонемотипті түбір  бл фонемотипі деп 

айқындасақ,  сол  түбір  (фонемотип)  құрамындағы  идеофондардың  дыбыс 

символикалы мағынасын ажыратып символикалық әлеуетін  анықтай аламыз. 



Бал  –  түбірінің  немесе  түбір  бл  –  фонемотипінің  анлаутта  тұрған  л 

идеофоны  судың  немесе  сулы  нысанның  (ол  лай,  балшық  болуы  мүмкін) 



жылтыр,  сырғу,  тайғанақтау,  тайғақтау,  сырғанау  сипатын  символдайды. 

Г.В.Корниловтың  мәлімдеуінше,  «...  түрліше  дыбысталған  немесе  кең  түрде 

айтылған үнді л -  түрлі ортада түрліше күшпен қатты, сұйық, газ тәрізді жанды 

немесе  жансыз  заттың,  жарықтың  және  т.б.  сырғуын,  жылжуын  білдіреді»  [1, 

161]. 

Батпақты,  балшықты,  яғни  балқашты  жермен  жүргенде  адам  сырғанап, 



тайғақтап,  сонымен  бірге  «былш-былш»,  «балш-балш»  етіп  жүреді.  Сол 

балқып, былжырап, былқ-былқ етіп және де жоғарыда кӛрсеткен дыбыстар 

шығарып  тұратын  ылғалды,  батпақты  жерлерді  символикалық  (бұл  жерде 

дыбыстық 

символика 

жӛнінде 

айтып 


отырмыз) 

түрде 


бал/б..л 

фоносемантикалық  түбірі  бейнелейді.  Проф.  К.Ш.Хұсайынның  мәлімдеуінше, 

«якут  және  түрікмен  тілдерінде  бал  дыбыс  бейнелеуіш  түбірі  таза  формада 

келеді,  ал  басқа  түркі  тілдерінде  туынды  сӛздер  құрамында  сұйық  негізге 



 

20 


жанасу  арқылы  алынатын  шылпылдайтын,  шалпылдайтын  дыбыстарға 

еліктеуді білдіреді»  [9, 183]. 

Балшықты,  батпақты  жерлердің  тактильдік,  сенсорлық  және  дыбыстық 

ерекшеліктерін  дәлме-дәл  дыбыс  бейнелеуіш  идеофондар  (идеофонемалар) 

имитативтік  түбір  (фонемотип)  құрамында  беріп,  жалпы,  сол  нысанды  дыбыс 

символикалық  түрде  бейнелеп  кӛрсетіп  тұр.  Басқаша  айтқанда,  балқаш  сӛзі  - 

балшықты,  батпақты,  сазды  жердің  дыбыстық  суреті.  Академик  Ә.Қайдардың 

пікірінше:  «Атаудың  бірінші  сыңарындағы  бал  «сулы,  балшықты,  батпақты», 

яғни Балқаш – балшықты, батпақты жер, тартпа: балшық < бал+шық сұйық 

батпақ, жабысқақ балшық, саз» [2, 191]. 



Бал  және  бҧл  түбірлерінің  жалпы  немесе  бастапқы  мағынасы  «су,  ылғал» 

ұғымымен байланысты болғанымен (бұл жерде тағы ескеретін бір жай – түбір – 

имитативтің  мағынасы  кешенді  мағына  болатыны,  ал  сол  имитативтен 

туындаған,  жасалған  қазіргі  сӛздерде  бұрынғы  кешенді  мағынаның  бір  ғана 

бӛлігі  сақталған),  ӛзара  бал  –  мен  бҧл  мағыналарының  айырма  белгілері  бар. 

Бал – түбірі негізінен «балшық, батпақ» мағыналарымен және «балшылдау, 

былшылдау,  шылқылдау,  шалпылдау»  сынды  мағыналарымен  байланысса, 

бҧл – түбірі «кӛз, бастау, бҧлақ» және «араластыру, бҧлғау, лайлау» сынды 

мағыналарына  қатысты  қолданады.  Салыстырылып  отырған  бал  – және  бҧл – 

түбірлердің  консонанттық  сүйегі  бірдей,  біркелкі,  тек  инлауттағы  дауысты 

дыбыстар  әр  түрлі  болып  келеді:  а  –  ашық,  езулік  дауысты  болса,  ҧ  –  жуан, 

еріндік  болып  келеді.  Сонда  инлауттағы  -а-  мен  -ҧ-  ның  (имитатив  дәуірінде 

осы фонемалар идеофон қызметін атқарған) дыбыс символикалық және дыбыс 

еліктеуіш мағынасы, қызметі бір-бірінен бӛлек болғаны. 

Сонымен, Балқаш гидронимінің бал – түбірі фоносемантикалық сипатқа ие, 

нақтылап  айтсақ,  осы  түбірдің  дыбыс  символикалы  және  де  сонымен  қоса 

дыбыс  еліктеуіш  мағыналары  бар.  Жұмыста  аталмыш  түбірдің  дыбыс 

бейнелеуіш  ерекшеліктері  мен  сипаты  жӛнінде  фоносемантикалық  талдау 

жүргізілді. 

Біздің  ойымызша,  қазақ  гидронимиясында  Балқаштан  басқа  да 

фоносемантикалық  сипаты  бар  су  (ӛзен,  кӛл,  бҧлақ  т.б.)  атаулары  бар. 

Солардың қатарына біз Іле, Сырдария, Елек, Желек (Шелек), Ҧлан, Ҧласты, 

Шҧлба  т.б.  гидронимдерді  жатқызамыз.  Аталған  гидронимдер  этимологиясы 

жайында  біраз  ғалымдар  ӛз  пікірлерін  ұсынған.  Кейбір  этимологиялар 

гидронимдік  атаулардың  фоносемантикалық  сипатына  сай  келеді,  бірақ 

фоносемантикалық  тұрғыдан  олар  дәлелденбеген,  дәйектелмеген,  жай  ғана 

болжамды, не болжамсыз түрде айтыла салған. Мысалы, «іл» деген сӛз (түбір) 

–  іле  атауындағы  «су»,  «ылғал»  мағынадағы  сӛз  делінген,  ал  не  себепті  іл 

формасының  осындай  мағына  беретіндігі  түсіндірілмеген,  фоносемантикалық 

этимологиясы ашылмаған. 



2.3Қазақ 

оронимдерінің 

этимологиялық 

фоносемантикасы. 

Фоносемантикалық  этимологиясы  бар  атаулардың,  соның  ішінде  оронимдік 

атаулардың құрылымындағы және құрамындағы географиялық (орографиялық) 

терминдердің шығу тӛркіні кӛне дәуірлерге, тіпті тілдердің алғаш пайда болған 

кезеңіне, имитативтік дәуірге жетелейді. Г.Е. Корниловтың жорамалы бойынша 


 

21 


адамзат  тілінің  тарихы  тӛрт  дәуірге  бӛлінеді:  1)  имитатив  дәуірінен  алдыңғы 

кезең  (доимитативный)  –  маймылдар  дыбыстайтын  үндерге  ұқсас  дыбыстық 

сигнал  белгілер;  2)  имитативтік  кезең  (имитативтік  түбірлер)  “әлсіреген” 

күйінде қазіргі тілдер қорында сақталған, бұл олардың тіларалық біркелкілігі – 

кӛнелігін кӛрсетеді; 3) постимитативтік (бұл дәуір имитативтік дәуірден кейін 

күні  бүгінге  дейін  жалғасуда)  дәуір;  4)  “болашағы  белгісіз  дәуір”  -  әбден 

формалданған, ғылымның тіліне (метаязык - метатіліне) ұқсас тіл – болашақтың 

тілі [1, 12-13]. 

Қазақ оронимдерінің этимологиясын фоносемантикалық тұрғыдан сипаттау 

үшін біз имитативтік дәуірде пайда болған, ӛмір сүрген имитивтік түбірлердің 

(архетиптердің)  түп  –  тӛркініне,  болмысына  бағдар  жасауымыз  қажет. 

Имитативтік  дәуірдегі  тілдің  сапалық  күйі  қазіргі  тілдердің  табиғатымен 

салыстырғанда мүлдем басқаша болған, себебі имитатив қазіргі  түсінігіміздегі 

“сӛз”  емес  еді,  қызметі  және  семантикасы  жағынан  қазіргі  сӛйлемдерге  тән 

денотаттардың  дыбыстық  символикалық  бейнесі  болған.  Қазақ  оронимдерінің 

(жалпы  алғанда  –  топонимдерінің,  географиялық  апеллятивтерінің,  басқа 

сӛздердің)  фоносемантикалық  этимологиясын  анықтау  үшін  біз  имитативтік 

түбірлердің дыбыс символикалық қасиетін айқындап, талдауымыз керек, онсыз 

сӛздің (атаудың) фоносемантикалық тӛркіні ашылмайды. 

Зерттеу  нысанымыз  болып  отырған  оронимдердің  фоносемантикалық 

этимологиясын  анықтау  үшін  сол  оронимдердің  құрамында  кездесетін 

географиялық (орографиялық) терминнің кӛп тілдерде (орасан кең ареалдарда) 

кездесетінін  анықтауға  талпыныс  жасадық.  Соған  орай  аталған  терминдердің 

(түбірлердің)  имитативтік,  фоносемантикалық  болмысы,  сипаты  бар  екендігі 

жӛнінде  жорамал,  болжам  жасалынды.  Сол  болжамды,  жорамалды  дәлелдеу, 

дәйектеу үшін имитативтік түбірге фоносемантикалық талдау жүргіздік. 

Осындай  тәсіл,  әрекеттерді  біз  Талғар  оронимінің  этимологиялық 

фоносемантикасын  талдау  барысында  қолданамыз.  Талғар  атауының 

этимологиясына  қалам  тартқан  А.  Әбдірахманов,  Е.  Қойшыбаев,  Т.  Жанұзақ 

сынды  ғалымдар  осы  тәсілдерді  біршама  қолданған,  бірақ  фоносемантикалық 

талдау  жүргізбеген.  Мәселен,  А.  Әбдірахманов  Талғар  тау  атының 

этимологиясы  жӛнінде  былай  деп  жазған:  “Біздіңше  Талғар  атауы  екі 

компоненттен құралған: Тал+ғарТал – тәжік тілінде “холм, пригорок, горка, 

возвышенность,  бугорок”  (Таджикско  –  русский  словарь.  М.,  1954,  стр.  377). 

Атаудың  екінші  бӛлімі  ғар  кӛптеген  тілдік  семьяларда,  соның  ішінде  түрк 

тілдерінде тау дегенді білдіреді” [12, 168-169]. 

Э.М.  Мурзаевтың  сӛздік  мақаласында  берілген  тілдік  деректер  кар  /  ғар 

сӛзінің  фоносемантикалық  (имитативтік)  сипаты  бар  деген  гипотеза  – 

болжамды  дәйектейді.  Имитатив  теориясы  бойынша  белгілі  бір  сӛздің, 

терминнің  (түбірдің)  тілдер  семьясы  аралығындағы  біркелкілігі  оның  кӛне 

(ежелгі, алғашқы) имитативтік екендігін дәлелдей түседі, себебі барлық тілдер 

(немесе,  ата  –  тіл  (праязык)  ӛзінің  даму  тарихында  ең  алғашқы  (тілдің  пайда 

болуы)  дәуірін  ӛз  басынан  ӛткерген.  Жоғарыда  берілген  тілдік  деректерді 

салыстыра  келсек,  кар  /  ғар  түбірдің  бастапқы  мағынасы  “тас”,  “жартас” 

болған  кӛрінеді,  сол  бастапқы  мағынадан  “тау”,  “тасты  жар”,  “шың”,  “биік”, 


 

22 


“қыр”,  “қорым  тас”  (гравий,  галька)  т.б.  ӛрбіген  кӛрінеді.  Осыған  орай  айта 

кететініміз  -  ғар  /  кар  имитативінің  фоносемантикалық  сипатын  “тау”  емес 

“тас” мағынасымен байланыстырудың қажеттілігі. Басқа сӛзбен айтқанда, ғар / 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет