Әож 930 (574) Қолжазба құқығында


Жұмыстың  деректік  негізі



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жұмыстың  деректік  негізі.  Жұмыстың  хронологиялық  ауқымының 
кеңдігі  оның  деректік  негізінің  ауқымды  және  әртүрлі  сипатта  болуына  әсер 
етеді.  Диссертациялық  жұмыстың  деректік  негізін  қазақ  жерінде  болған 
саяхатшылардың, кейбір әскери адамдар мен шенеуніктердің, археологтардың, 
этнографтардың  және  тарихшылардың  еңбектері    құрады.  Басты  дерек  қоры 
болып ортағасырлық қалалардың құрылуы мен нығайуы, даму тарихы бойынша 
қалам  тартқан  кеңестік  және  отандық  тарихшылардың,  этнологтар  мен 
археологтардың  бүгінгі  күнге  дейін  жарияланған  еңбектері  саналады. 
Тарихнамалық  деректерді    ӛзіндік  ерекшеліктеріне,  мазмұны  мен  сипатына 
қарай тарихнамадағы мерзімдемелік әдісті пайдалана отырып, тӛңкеріске, яғни 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі,    кеңестік  кезең    және  тәуелсіздік 
жылдарындағы  деректер  деп  шартты  түрде  үш  кезеңге  бӛліп  топтастыруға 
болады.  Сонымен,  хронологиялық  тұрғыда    үш  топқа  жіктелген  деректерге 
жеке жеке тоқталып ӛтейік:  
Бірінші топқа тӛңкеріске дейінгі кезеңдегі   ізденістер. Бұл топқа Түркістан 
археология  әуесқойларының  үйірмесі,  Орыс  географиялық  қоғамы,  Орынбор 
мұрағаттық  комиссиясы  сынды  бірлестіктердің  мүшелері,  орыс  үкіметі 
шенеуніктері мен офицерлері жазған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың 
орны мен басты жол бағыттары туралы еңбектері жатады. Солардың қатарында 
Ш.  Уәлихановтың  [12],  Н.Н.  Пантусовтың  [13,  14],  Г.В.  Фишердің  [15],  Н.А. 
Абрамовтың  [16,  17,  18],  П.И.  Лерхтің  [19],  Л.Д.  Ивановтың  [20],  В.А. 
Каллаурдың  [21,  22,  23,  24,  25,  26],  В.  Григорьевтың  [27],  Л.С.  Бергтың  [28], 
Н.С. Лыкошиннің [29], А.К. Кларе., А.А. Черкасовалардың [30], П. Рычковтың 
[31], И. Казанцевтың [32], т.б. аса маңызды шығармаларын атауға болады. Бұл 
зерттеулер  ӛз  ерекшеліктерін  күні  бүгінге  дейін  сақтап  келеді.  Себебі  тарихи 
жазба  дерек    ретінде    саналатын  осы  еңбектер      сол  кездерде  болған  немесе 
қалдықтары  біршама  дұрыстау  сақталған  кӛптеген  ескерткіштер,  жәдігерлер 
туралы  нақты,  шынайы  мәліметтердің  негізінде  жазылғандығында  деп 
есептейміз.  Уақыт  ӛте  жойылған  Қазақстандағы  тарихи  ескерткіштер,  қалалар 

 

жайлы  ақпараттардың  бір  бӛлігі  патшалық  Ресей  тұсында  зерттеу  жүргізген 
ғалымдардың  еңбектерінің  арқасында  ғана  бізге  жетіп  отыр.  Осындай  заттай 
және  жазба  жәдігерлерді  бойына  сақтаған  деректердегі  тарихнамалық 
фактілерді айқындап, оларға баға беру ғылым үшін маңызды болып табылады. 
Олар бір жағынан мазмұны бай тарихи жазбалар болса, екінші жағынан  құнды 
тарихнамалық деректер ретінде дерек қорын толықтырады.  
Ұлы  Жібек  жолы  және  оның  тарихы  туралы  тарихнамалық  деректердің 
біразын  мерзімді  басылым  материалдары  құрайды.  Сондай  мерзімді 
басылымдардың  ең  құндысы  -  «Туркестанские  ведомости»  журналы.  Бұл 
басылым тӛңкеріске дейінгі кезеңде ұзақ уақыт бойы шығарылып тұрды. Оның 
беттерінде Ұлы Жібек жолы қалаларына қатысты ғылыми мақалалар, жазбалар 
жарық кӛрді. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңдерінің мерзімді басылым 
жарияланымдарында  Жібек жолы бойындағы қалалар жӛнінде мәлімет беретін 
ғылыми  мақалалар  жарық  кӛрді.  Шағын  ғылыми  зерттеу  түріндегі  бұл 
туындылар  Ұлы  Жібек  жолының  тарихына  қатысты  құнды  деректер  болып 
табылады. 
Екінші топты кеңестік кезеңдегі, немесе 1917 жылдан 1991 жылдарға дейін 
жазылған  ғылыми  ізденістер  жиынтығы  құрайды.  Олардың  арасында 
әлеуметтік  топтың  не  мемлекеттің,  кӛп  жағдайда  кеңестік  құндылықтардың 
артықшылық  идеясы  тұрғысынан  жазылған  шығармалар  бар.  Дегенмен,  Ұлы 
Жібек  жолы  бойындағы  Қазақстанның  ортағасырлық  қалаларын  зерттеу  ісі 
кеңестік  кезеңде  біршама  жүйеленді,  яғни  бұл  кезең    кешенді  жұмыстар 
атқарылғандығымен ерекшеленеді. Осы кезеңге жататын  В.В. Бартольдтің [33, 
34, 35], А.Н. Бернштамның [1, 148 б; 8, 6 б; 36], Ә.Х. Марғұланның [9, 152 б.], 
К.А. Акишевтің [37], К.М. Байпақовтың [38, 39, 40], С.П. Толстовтың [41], Е.К.  
Неразик  [42],    Л.С.  Васильевтің  [43],  Б.Е.  Кӛмековтың  [44],  М.Е.  Массон  [45], 
Е.И. Агеева [46, 47], Т.Н. Сенигова [4, 160 б; 48], Г.И. Пацевич [49], Ю.А. Зуев 
[50],  Р.З.  Бурнашева  [51],  т.б.  іргелі  еңбектері  құнды  тарихнамалық  деректер 
болып  табылады.  Бұл  зерттеулердің  басым  кӛпшілігі  археологиялық  қазба 
жұмыстарының 
қорытындылары 
негізінде 
жазылды. 
Археологиялық 
экспедициялардың  барысы  мен  нәтижелерінде  кӛптеген  есептер  жазылып, 
материалдар  дайындалды.  Сондай  есептер  мен  материалдар  да  елеулі  маңызы 
бар деректер тобын құрайды. Қазіргі таңда ортағасырлық қалаларды зерттеумен 
шұғылданатын  кеңестік  кезеңде    құрылған  экспедициялар  (мысалы,  Оңтүстік 
Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясы)  әлі  күнге  дейін  жұмысын 
жалғастырып  келеді.  Қос  кезеңнің  куәсі  іспеттес  мұндай  экспедициялардың 
материалдарын  талдау,  Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалаларға 
қатысты  отандық  тарихнаманың  дамуын,  ғылыми  тұжырымдамалардың 
ӛзгерістерін кӛруге мүмкіндік береді.    
Үшінші  топтың  деректері  болып  еліміз  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бері 
жинақталған  Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  туралы  еңбектер  
саналады.  Оларды  жаңа  тарихи  жағдайда  пайда  болған  және  балама 
теорияларға негізделген зерттеулер деп  қарастыруға болады. Себебі, бұл кезде 
бұрынғы  кеңестік  таптық-партиялық  идеологиядан  ада  ғылыми  ізденістер 
дүниеге келді. Ғылымда ұлттық мемлекет пен ұлттық мүдде тұрғысынан бұрын 

 
10 
айтылмай  келген  тақырыптар  кӛтеріле  бастады.  Ӛркениетті  теорияға  сүйеніп 
дайындалған  зерттеулердің  қатарында  іргелі  монографиялар,    салиқалы 
ұжымдық  еңбектер,  докторлық  және  кандидаттық  диссертациялар,  ӛзіндік  ой-
тұжырымдарға  негізделеген  ғылыми  мақалалар  бар.  Мәселен,  У.Х. 
Шәлекеновтың  [3,  121  б;  52,  53],  К.М.  Байпақовтың  [54,  55,  56,  57],  М. 
Елеуовтың  [2],  Б.А.  Байтанаевтың  [58],  Р.  Насыров  [59],  М.  Хошимов  [60],  З. 
Самашев;  Ф.  Григорьев;  Г.  Жумабекова  [61],    т.б.  іргелі  зерттеулерінің 
ғылымнан алар орны елеулі.  
Бұл  кезеңнің  басты  артықшылығы  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасы 
бойынша 
түбегейлі 
зерттеулер 
жүргізіліп, 
Қазақстан   
аумағындағы  Жібек  жолы  бойындағы  ежелгі  және  ортағасырлық  қалалардың 
орындары  ашылып,  тың  мағлұматтарға  қол  жеткізіліп,  отандық  археология 
тарихнамасы  жаңа  ақпараттармен  толықты.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасының іске асырылуына қосылған үлесті таразылайтын ғылыми бас 
қосулар  ӛткізіліп,  олардың  материалдары  да  жарық  кӛрді.  Мұндай  ғылыми 
топтамалар  да  тарихнамалық  дерек  қорымызды  толықтыра  түседі.  Тақырыпқа 
қатысты 
кеңестік 
және 
тәуелсіздік 
жылдары 
ӛткізілген 
ғылыми 
конференциялардың  материалдарының  жинақтары  дерек  ретінде  біраз 
мәліметтер береді. 
Аталғандардың барлығы Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларға, 
тарихына байланысты тарихнамалық  деректердің аз еместігін байқатады. Сол 
тарихнамалық  деректерді  талдап,  ұтымды  тұстары  мен  кемшіліктерін  кӛрсету 
отандық тарих ғылымының дамуына септігін тигізеді. 
Диссертацияның  ғылыми  жаңалығы.  Диссертацияда  қол  жеткізілген  
басты  ғылыми жаңалықтар болып мыналар саналады: 
-Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  тарихнамасы  алғаш  рет 
кешенді түрде талданып, олардың тарихы туралы кӛзқарастар сараланды; 
-Мәселені  әртүрлі  кезеңдерде  зерттеудің  басты  ұстанымдары  анықталып, 
зерттелуге тиіс мәселелері айқындалды; 
-Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  тарихының    ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі  кезеңдегі 
зерттелуінің бағыттары кӛрсетілді; 
-Кеңестік  кезеңдегі  Ұлы  Жібек  жолы  тарихының  зерттелу  жолдары  мен 
тәсілдері, кемшіліктері және олқылықтары алғаш рет арнайы қарастырылды; 
-Тәуелсіздік  тұсындағы  еңбектердегі  Ұлы  Жібек  жолының  тарихын 
зерттеудің  барысы,  туризмді  дамытудағы  рӛлі  таразыланып,  зерттелмеген 
тұстары  ашылды; 
-Кеңестік  және  тәуелсіздік  кезеңдеріндегі  Жетісудағы  Ұлы  Жібек 
жолының  бойындағы  қалалар  тарихын  зерттеу  мәселелері  алғаш  рет  арнайы 
сараланды; 
-Зерттеушілердің 
Ұлы  Жібек  жолының  Оңтүстік  Қазақстандық 
аумағындағы қалаларының қалыптасуы мен дамуы жӛніндегі пайымдауларына 
талдаулар жасалды; 
-Тарихшылардың  Ұлы  Жібек  жолының  Батыс  Қазақстандық  қалаларына 
қатысты ой-пікірлеріне, кӛзқарастарына тарихнамалық баға берілді; 

 
11 
-Зерттеушілердің  Қазақстан  аумағындағы  Ұлы  Жібек  жолы  қалаларының 
әлемдік  ӛркениет  пен  мәдениетке  қосқан  үлесі  турасындағы  тұжырымдары 
таразыланып,  қазіргі  кезеңде  халықаралық  маңызды  керуен    даңғылын  қайта 
жаңғыртып,  республикада  туризмді    дамытуға  байланысты  пікірлері  ашып 
кӛрсетілді. 
Диссертацияның методологиялық негіздері мен әдістері 
Бүгінгі  таңдағы  дүниежүзілік  әлеуметтанушылық  ғылым  саласында 
зерттеудің  методологиялық  негіздері  туралы  түсініктерде  оның  бірнеше 
бағытын айқындай отырып, олардың  қажеттілерін қатар пайдалану жүйесі  кең 
орын  алуда.  Дәл  осыдан  методологиялық  плюрализм  ұғымы  пайда  бола 
отырып,  ғылыми  зерттеу  жұмыстарында  жетекші  ұстанымға  айналды.  Біз  де 
ӛзіміздің осы зерттеу жұмысымызда бұл ұстанымды негізге алдық. Ұлы Жібек 
жолы  мен  оның бойындағы  қалалар  туралы  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ. 
басында  жарық  кӛрген  еңбектердің  методологиялық  бағыттарын  айқындау 
қиындау.  Ӛйткені  олардың  кӛпшілігі  қалалар  мен  елді  мекендердің  орындары 
мен  қалдықтарын  сипаттауға  арналған.  Біздіңше  бұл  сол  кезеңдегі  Ресейлік 
ғылымның  даму  дәрежесімен  де  байланысты  болса  керек.  Оның  үстіне  сол 
кездегі  жекелеген  ғалымдар  ғана  болмаса  біздің  тақырып  мәселесіне 
байланысты  еңбектерді  саяхатшылар,  шенеуніктер,  әскери  қызметтегілер  
жазған  еді.  Бұлардың  кӛзқарастарының  ғылыми  методологиядан  алыстау 
болғандығы  түсінікті.  Ал  В.А.  Каллаур,  П.И.  Лерх,  В.В.  Бартольд  сияқты 
ғылымға  бейім  зерттеушілердің  бұл  кездердегі  еңбектерінен  тарихи 
ескерткішерді  біртіндеп  даму  үрдісінде  қарастыру,  сипаттау  байқалады.  Бұдан 
біз олардың эволюционизм негіздерімен таныс болғандығын байқаймыз.  
Эволюционизмді  марксизм  негізін  салушылардың  қоғамдық ғылымда  кең 
пайдаланғандығы белгілі. Олардың ілімі бұл салада кеңестік кезеңде дамытыла 
отырып,  диалектикалық  және  тарихи  материализм  ұғымына  ұласты.  Әкімшіл-
әміршіл  басқару  жүйесі  бұл  методологиялық  бағытты  бұрмалап,  ауқымын 
тарылтып  жіберді.  Қоғамдық  ғылымдарда  ол  енді  таптық-партиялық, 
формациялық  дегендерді  басты  ұстаным  етуге  дейін  тарылды.  Бұны 
тарихшылар мен археологтарда негізге алуға тиісті болды. Дәл осы бағыт және 
тоталитарлық  үкімет  саясаты  кеңестік  кезеңде  Ұлы  Жібек  жолы  тарихының 
ұзақ  уақыт  арнайы  зерттелмеуіне  ықпал  етті.  Кеңестік  зерттеушілердің 
методологиялық  ұстанымдарын  анықтау  барысында  біз  мынаны  да  байқадық. 
ХХ ғ. орта кезінен бастап дами бастаған қазақстандық археология ғылымының 
ӛкілдері  тарихшылармен,  әдебиетшілермен,  философтармен  салыстырғанда 
таптық-партиялық  ұстанымдарға  кӛп  кӛңіл  аудара  бермеген.  Олар  табылған 
археологиялық  заттай  артефактілерге,  ескерткіштерге  нақты  сипаттама  жасай 
отырып  ӛздерінің  тұжырымдарын  баяндап  отырған.  Дегенмен  олардың 
еңбектерінде  тарихи  кезеңдерді  сипаттау  барысында  біртіндеп  даму  идеясы, 
яғни  эволюционистік  методологиялық  бағыт  басым  орын  алады.  Міне 
сондықтан  да  біз  ӛз  зерттеу  жұмысымызда  дәстүрлі  методологиялық 
бағыттардың  ішінде  эволюционизмге  кӛңіл  аудара  отырып,  кеңестікке  дейінгі 
және  кеңестік  кезеңдердегі  зерттеушілердің  ұстанымдарын  ажырату,  жасаған 
тұжырымдарының негізділігін айқындау барысында оны пайдаландық.  

 
12 
Еліміз  тәуелсіздік  алған  кезеңде,  еркін  ойдың  кең  таралуы  барысында 
біздің  елге  де  ӛркениеттік,  феноменология,  неомарксизм  сияқты  жаңа 
макротеориялар мен методологиялық бағыттар енді. Олар кейбір зерттеушілер 
еңбектерінде  басты  ұстаным  ретінде  де  орын  алды.  Мәселен,  біздің  тақырып 
кӛлеміндегі Ұлы Жібек жолы бойымен материалдық және рухани мәдениеттің, 
дәлірек айтқанда құрылыс ӛнері,  бейнелеу, сәндеу ӛнерлері, діни бағыттардың 
таралуы,  ғылыми  білімнің  алмасуы  туралы  мәселелер  ӛркениеттік 
макротеорияға  негізделе  отырып  сипатталды.  Олардың  мән-мағынасын 
айқындау, жетістіктері мен біржақтылықтары жӛнінде пайымдаулар жасау осы 
ӛркениеттілік макротеориясына тарихнамалық тұрғыда кӛңіл бӛлуді талап етті. 
Біз  қарастырған  еңбектер  әзірге  феноменологияның  методологиялық  бағыт 
ретінде қазақстандық тарихи еңбектерге арқау бола қоймағандығын байқатады. 
Бірақ  Біз  Ұлы  Жібек  жолының,  оның  бойындағы  кейбір  қалалар  мен  оларда 
болған  жағдайдалдың  феномендік  құбылыс  болғандығын  ескере  отырып, 
феноменологиялық  тұрғыда  зерттелуі  қажет  мәселелерді  анықтауға  назар 
аудардық. 
Қорғауға  ұсынылатын  негізгі  тұжырымдар:  Қазақстан  аумағындағы 
Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  қалалар  тарихының  тарихнамасын  талдау  
нәтижесінде тӛмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады: 
-кеңестікке  дейінгі  еңбектерде  Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы 
қалалар  тарихы  үстірттеу  зерттеліп,  негізінен  сырттай  сипаттау  дәрежесінде 
қалды.  Дегенмен  де  бұл  еңбектердің  авторлары  мәселені  зерттеудің  алғашқы 
бағыт-бағдарын  кӛрсетіп,  кейінгі  зерттеулердің  дұрыс  жүргізілуіне  септігін 
тигізді. 
-Ұлы Жібек жолы тарихы кеңестік кезеңде арнайы зерттеле бастады, бірақ 
әлі  де  болса  кӛлемді  еңбектер  аз  болды.  Осы    кезеңде      Ұлы  Жібек  жолы 
бойындағы  қалалар  отырықшы-егіншілік  мәдениетінің  ескеркіштері,    ірі  сауда 
орталықтары ретінде сипатталды; 
-еліміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткізуі  барысында  Ұлы  Жібек  жолы  мен 
оның  тармақтарының  тарихын  зерттеу  кеңейе  түсті,  ол  тарихи-археологиялық 
қана  емес,  туристік  зерттеу  объектісіне  де  айналды.  Осындай  тұжырымның 
негізінде  зерттеушілер    Ұлы  Жібек  жолы  бойымен  туризмді  дамыту  және 
экономикалық,  әрі  мәдени  байланыс  жолдарын  қалпына  келтіру  туралы 
ұсыныстар жасады; 
-тарихшы-зерттеушілер  ӛз  еңбектерінде  Жетісу  қалаларының  негізі  ерте 
кездерде-ақ  қаланды  және  олардың  қалыптасып,  дамуында  Ұлы  Жібек  жолы 
маңызды  рӛл  атқарды  деген  тұжырым  түйіндеді.  Тарихнамада  осы  ӛлкедегі 
отырықшылық мәдениеттің сонау қола дәуірінен бастау алатыны дәлелденді; 
Зерттеу жұмыстары Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта 
Азия  мен  Оңтүстік  және  Оңтүстік-батыс  Азия  аймақтарына  және  Каспий  мен 
Қара  теңіздің    солтүстік  жағалауларына  ӛтуі,  бұл  аумақтағы  қалалардың 
санының  кӛбейуі  мен  ертерек  дамуына  тиімді  ықпал  еткендігін  кӛрсетті. 
Оңтүстік  Қазақстан  аймағында  жүргізілген  зерттеулер  ортағасырлық 
қалалардың мәдениеті туралы мол хабар берді. Ӛлкеде орналасқан қалалардың 

 
13 
шетелдік 
қалалармен 
тығыз 
байланыстар 
орнатқандығы 
жайында 
археологиялық және жазба ескерткіштердің негізінде тұжырым түйінделді; 
-мамандар  Алтын  Орда  дәуіріндегі  Еділ  бойы  қалаларының  қолӛнер 
ӛндірісі  Хорезмнің,  бірінші  кезекте  Үргеніштің  қолӛнер  дәстүрлеріне  тәуелді 
болғанын    атап  кӛрсетті.  Сол  себепті,  Алтынорда  қалаларының  материалдық 
бейнесін  де  Хорезм  және  тіпті  бүкіл  Орта  Азия  қалаларына  тән  ортақ 
кӛріністері арқылы сипаттады; 
-Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  тарихы  әртүрлі 
кезеңдерде,    әрқилы  идеологиялар  шеңберінде  негізінен  зерттелген.  Мәселені 
тарихнамалық тұрғыда талдау оның зерттелмеген тұстарының ғылымнан орын 
алып отырғандығын дәйектеді; 
-Ұлы 
Жібек 
жолының 
тармақтары, 
ежелгі 
дүниедегі 
және 
ортағасырлардағы Қазақстан аумағындағы жолдар мен кӛптеген қалалар әлі де 
болса археологиялық, тарихи тұрғыда зерттеуді қажет етеді.  
Жұмыстың хронологиялық шеңбері - ХІХ ғасырдан бастап осы кезеңге 
дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл уақыт аралығында Ұлы Жібек жолы мен 
оның бойындағы қалалар туралы мәселе біршама терең  зерттелді. Әсіресе ХХ 
ғ.  ІІ  –жартысынан  бастап  Қазақстан  қалаларын  археологиялық    зерттеу 
жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Тәуелсіздік кезеңінде халықаралық керуен 
жолы тарихын зерттеу жаңа серпін алды. Осылайша зерттеудің мерзімдік шегі 
ХІХ ғасыр екінші жартысы ХХІ ғасырдың бас кезі аралығы болып саналады. 
Зерттеу  жұмысының  теориялық  және  тәжірибелік  құндылығы.  
Қазақстан  аумағындағы  Ұлы  Жібек  жолының  тарихын  зерттеген  еңбектерді 
тарихнамалық  дерек    ретінде  талдау  жасаумен  диссертациялық  жұмыстың 
теориялық құндылығы анықталады. Сондай-ақ, еңбекті  Қазақстан тарихнамасы  
бойынша  жазылатын  еңбектерде  қолдануға  болады,  ӛйткені  ол  ежелгі  және 
ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихы  тарихнамасын  толықтыра  түседі. 
Диссертацияның  нәтижелері  мен  басты  тұжырымдарын  Ұлы  Жібек  жолы  мен 
оның  бойындағы  қалалар  тарихына  қатысты  іргелі  еңбектер  жазуда 
пайдалануға  болады.  Дербес  зерттеу  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушылар 
үшін элективті  пәндерді  оқытуда  және семинар сабақтарын ӛткізуде тиімді. 
Сонымен  қатар,  зерттеу  жұмысын  тарихшылар  және  туризм  саласы 
қызметкерлері  Ұлы  Жібек  жолының  қалаларына  қатысты  нақты  мәліметтерді 
анықтама алу үшін қолдана алады.  
Зерттеу  жұмысының  сыннан  өтуі.  Ғылыми  зерттеу  жұмысының  негізгі 
мазмұны  бірнеше  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың 
секцияларында  баяндалды.    Зерттеу  тақырыбының  мазмұнына  сәйкес  үш 
ғылыми  мақала  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің  тізіміне 
енген ғылыми мерзімді басылымдарында жарияланды. Диссертациялық жұмыс 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  «Деректану  және 
тарихнама» кафедрасында орындалып, қорғауға ұсынылды.  
Диссертацияның  құрылымы.  Жұмыс  тақырыптың  ӛзектілігін,  зерттелу 
деңгейін, деректік негіздерін, мерзімдік шегін, методологиялық ұстанымдарын, 
ғылыми  тұжырымдары  мен  жаңалығын,  т.б.  кӛрсететін  кіріспеден, 

 
14 
тарихнамалық  талдаулар  жасалған  екі  тараудан,  қорытындыдан  және 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
15 
1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАРИХНАМАСЫ 
 
1.1    Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  тарихы  ХІХ  ғ. 
дейінгі еңбектерде 
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен елді мекендер туралы мәліметтер 
сонау  ежелгі  дәуірден  бері  әртүрлі  дәрежедегі,  әртүрлі  тілдердегі    еңбектерде 
сақталып  келеді.  Олардың  авторлары  -    ұлты  ғана  емес,  кәсібі  бойынша  да 
әртүрлі.  Олардың  кӛпшілігі  қытай,  араб  және  еуропалық  саяхатшылар, 
миссионерлер,  саудагерлер  және  тағы  басқалар  болды.  Сондықтан  да  бүгінгі 
таңда  мұндай  еңбектер  негізінен  тарихи  дерек  ретінде  пайдаланылып  келеді. 
Бұл еңбектерге ерекше маңыз берген патшалық Ресей болды. Себебі олар қазақ 
жері  мен  Орта  Азияны  жаулап  ала  отырып  Иран,  Үндістан  және  Қытаймен 
сауда-экономикалық  және  саяси  байланыстар  орнатудағы  ежелгі  жолдарды 
пайдалану  үшін  оның  мүмкіндіктерін  зерттеуге  тиісті  еді.  Сол  себепті  болар 
Қазақстан мен Орта Азияны жаулау барысында, әсіресе бұл аймақтарды басып 
алғаннан  кейін  ежелгі  жол  тораптарын  зерттеп,  олардың  сипаттамаларын 
берген  әртүрлі  дәрежедегі  мақалалар  мен  еңбектерді  жариялады.  Олардың 
біразы  белгілі  «Туркестанский  сборникте»  жинақталған.  Соның  бірі  В. 
Григорьевтың  кӛлемді  мақаласы  «Об  арабском  путещественнике  Х  века,  Абу-
Долеф  и  странствовании его  по  Средней  Азии»  деп  аталады  [27,  6-8  б.].  Араб 
әдебиетіндегі атақтылардың қатарында Әбу –Долеф Мисыр ибн-Мугалгил әль-
Янбуидің болғандығын, Азияның кеңістігін сипаттауы бойынша ортағасырлық 
кезбелердің  ішінде оған тек қытайлық Сюань  Цзянь, венециялық Марко  Поло, 
араб  Ибн  Батутта  ғана  тең  келетінін  атап  кӛрсетеді.  Оның  Х  ғасырдың 
ортасында  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістандағы  түрік  елдерін,  Тибетті, 
Қытайды бүкіл Индияны аралап шыққанын жазады. Ол ӛзі болған елдер туралы 
ерекше  әңгіме  жазып  оны  «рисале»  деп  атаған  екен.  В.  Григорьев  оның 
еңбегінің  басқа  араб  жазушыларының  еңбектері  арқылы  белгілі  болғанын, 
еуропалықтар  арасында  оны  тек  Ф.  Вюстенфельд  пен  К.  Фон  Шлецер  неміс 
тіліне  аударып  пайдаланғанын  айтады.    Автордың  кӛрсетуі  бойынша  Әбу 
Долеф  914  -  943  жылдары  билік  еткен  сасанид  мемлекетінің  билеушісі  Ахмет 
ұлы  Насрге  қытай  билеушісі  елші  жіберіп  құдаласуды,  ұлына  қызын  беруді 
сұрайды.  Оған  Наср  келіспегеннен  кейін  қытай  билеушісі  ӛз  қызын  Насрдың 
баласына беріп туысқандық байланыс орнатуды ұсынады. Бұған Наср келісімін 
береді де, қытайға елші аттандырады. Сол елшіліктің құрамында Әбу Долеф те 
болады. Сӛйтіп ол түріктер мен қытай жерлерін аралау мүмкіндігіне ие болады. 
Әбу  Долеф  Хорсан  мен  Мавреннахр  қалаларынан  шыққаннан  кейін  қандай 
елдерге  қанша  күнде  барғанын  жазып  отырған.  Ол  қалалар,  жүрген  жолдары 
жӛнінде нақты ештеңе айтпайды. Сондықтан В. Григорьев оның Қытайға жету 
үшін қандай бағытта, қандай жолмен жүргенін анықтаудың қиынға түсетіндігін 
бірнеше  рет  атап  кӛрсетіп  отырады.  Біз  үшін  құндысы  автордың  басқа  да 
еңбектер  негізінде  бұрынғы  уақыттарда  Амудария  мен  Сырдария  бойынан 
Қытай  мен  Тибетке  баратын  тӛрт  жол  тармағы  болғандығын  мақаладағы 
ескертпесінде  сипаттауы  еді.  Оның  біріншісі  –  Таразға  барып,  Жоңғария 
арқылы  Қарашарға  немесе  Жоғарғы  Барсаджарға  баратын  жол,    екіншісі  – 

 
16 
Ферғана  арқылы  Жоғарғы  Барсаджарға;  үшінші  жол  –  Тохирстан  мен  Памир 
арқылы, ал тӛртіншісі – Памир мен Вахан арқылы деп жазады [27, 10 б.]. 
Ш.Ш.  Уәлиханов  Жетісуда  1856  және  1857  жылдары  екі  рет  болған  еді. 
Оның «Поездка на Иссык-куль», «Записки о киргизах» сынды шығармаларында 
кӛне  мәдениеттер  куәсі  болған  обаларға,  қалалар  қирандыларына, 
ирригациялық  жүйелерге  үлкен  назар  аударып  отырғаны  байқалады.  Ғалым 
ескерткіштерді  сипаттағанда,  оларды  ӛлке  тарихымен  байланыстырады, 
жекелеген  археологиялық  нысандарды  салыстырады  [9,  37-43  б.].  Ш.Ш. 
Уәлиханов  кӛрсетіп  кеткен  қалалардың  бірі  Шілік  ӛзеніндегі  қала  болып 
табылады. Бұл қалашықтан Ш.Ш. Уәлиханов қыш ыдыстар сынықтарын, інжу-
маржан моншақтарын тапқандығын айтады [12, 55 б.]. Талғар ӛзенінің жоғарғы 
жағынан  Ш.Ш.  Уәлиханов  жергілікті  халық  «Рүстем  обасы»  деп  атаған 
ескерткішті  кездестіреді.  Ал,  бұл  Жібек  жолының  қазақстандық  аумағындағы 
алғашқы  ірі  қалалардың  бірі  болған  Талғар  қаласының  атауларының  бірі  еді 
[12,  60  б.].  Қала  ортағасырлық  дерек  кӛздерінде  Тальхиз  деп  те  кӛрсетілгенін 
айта отырып, Т.В. Савельева, К.М. Байпақов секілді ғалымдар оның жергілікті 
атауы  –Талғар  деп  кӛрсеткен  жӛн  дейді  [6,  45  б.].  Талғар  қаласына  қатысты 
А.М. Беленицкий, И.Б. Бентович, О.Г. Большаков сынды зерттеушілер, оны ӛте 
үлкен емес бекініс деп қана атап ӛтеді [62]. Шындығына келгенде қала аумағы 
7-9  гектар  жерді  қамтиды.  Қазіргі  күні  Талғар  қаласы  -  Іле  Алатауында 
орналасқан,  кең  кӛлемді  қазба  жұмыстары  жүргізіліп  жатқан  ірі  тарихи  қала. 
Мұнда  жыл  сайын  Талғар  археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі  –  Т. 
Савельева) үздіксіз зерттеулер жүргізіп келді.   
Аймақтағы  Шеңгелді  қаласын  да  Ш.Ш.  Уәлиханов  алғашқылардың  бірі 
болып  атайды.  Сол  уақыттарда  қаладан  қыштан  жасалынған  су  құбырының 
қалдықтары  табылған  болатын.  Кейіннен  қалада  бір  ғасырға  таяу  уақыттан 
кейін  зерттеу  жүргізген  А.Н.  Бернштам  оны  ортағасырлық  Екі-Оғыз  (Эквиус) 
қаласы  деп  есептеді  [57,  142  б.].  Мұны  «Из  истории  городов  и  строительнего 
искусства  древнего  Казахстана»  деп  аталатын  еңбегінде  Ә.Х.  Марғұлан  да 
қолдаған  болатын  [9,  17  б.].  Бірақ,  А.Н.  Бернштам  ӛз  айтқандарына  ӛзі  күмән 
келтіріп, Екі Оғыз тіпті Ілебалық та болуы ықтимал екендігін жазады [36, 11 б.]. 
Соңғы қаланы Ә.Х. Марғұлан Қапшағай бӛгені тӛңірегінде деп кӛрсетті [9, 159 
б.]. Академик К.М. Байпақов Гетум жолсапарындағы деректерді  талдай  келеді 
де,  Ілебалық  деген  сӛз  Іле  ӛзені  бойындағы  қала  деген  мағына  береді  дейді. 
Оның  пікірінше  қала  ең  алдымен  Іле  ӛзенінің  жағасында  орналасқан.  Әзірге 
қала  орны  анықталмай  отыр.  Ғалым  оны  Жаркент  маңындағы  Кӛкталда 
орналасуы мүмкін деген пікір ұстануда [5, 301 б.].  
Тарихнама  үшін  Н.А.  Абрамовтың  ХІХ  ғасырдың  60-70  жылдары 
жариялаған  мақалалары  да  белгілі  бір  дәрежеде  құндылыққа  ие  болып 
табылады.  Ол  ӛзінің  «Алматы  или  укрепление  Верное  с  его  окрестностями», 
«Древнее  укрепление  при  речке  Чингильда»,  «Древние  курганы  и  укрепления 
при в Семипалатинской и Семиреченской областях» сынды мақалаларында осы 
ӛлкенің  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  бірқатар  ескерткіштерін  сипаттап  беріп 
кетті [16,  260 б.]. Әсіресе оның Іле мен Жоңғар  Алатауындағы археологиялық 
нысандарды сипаттауы ӛз құндылығын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. 

 
17 
Патша үкіметінің Шығыс елдерімен сауда –экономикалық байланыстарды 
жандандыру  жолдарын  іздестіргенінің  және  соның  барысында  ежелгі  Ұлы 
Жібек  жолы  тармақтарын  да  зерттегендігін  1876  жылы  шыққан  «Результаты 
экспедиции полоковника Ю.А. Сосновского для исследования торгового пути в 
Китай»  атты  мақаладан  да  кӛреміз  [63].  Мұнда  негізінен  алғанда  Зайсаннан 
Қытайдың  орталық  аудандарына  бару  жолдары  сипатталады.  Сонымен  қатар, 
Тянь-Шаньнан    Турфанға,  одан  ары  Қашқарға  баратын  және  оның 
солтүстігіндегі  Тянь-Шаньн    арқылы  Баркӛлге  баратын  жол  мен  оның  екі 
тармағы да қысқаша баяндалады. 
Ежелгі  сауда  жолдары  және  онымен  жүргендер  туралы  бірнеше  қызықты 
мәліметтер  мен  зерттеулер  қорытындылары  «Туркестанские  ведомости» 
газетінде  де  жарияланып  тұрған.  Соның  бір  мысалы,  1870  жылғы  20 
қарашадағы  14  санында  «Древний  торговый  путь  в  Среднюю  Азию»  деген 
атпен жарияланған [64]. Онда орыстардың І Петр кезінен Орта Азиядағы сауда 
жолына  назар  аударғанымен,  бұл  жолдың  ӛте  ежелден  ӛмір  сүріп  келе 
жатқанын,  еуропалықтардың  Орта  Азия  мен  Каспий  теңізі  арқылы  баяғы 
замандардан  теңіз  және  ӛзен  жолдары  арқылы  сауда  жасап  келгендігі 
баяндалады.  
Біздің  тақырып  кӛлеміндегі  мазмұнды  мақалалар  топтамасы  осы  газеттің 
1889  жылғы  қыркүйек-қазан  айларындағы  үш  санында  (№№  38,  39  және  40) 
жарық  кӛріпті.  Ол  «Западный  Туркестан  в  ҮП  столетии,  по  описанию 
китайского  путещественника»  деп  аталады  [65].  Бұл  мақала  мұсылмандыққа 
дейінгі Батыс Түркістан туралы мәліметтердің ӛте аздығын атап ӛте келе, 629 – 
646 жылдарда Сюань  Цзаньның  Түркістаннан  Үндістанға барып, одан Окстың 
жоғары  жағы  мен  Памир  арқылы  қайта  кеткенін  ерекшелейді.  Оның  жинаған 
мәліметтерінде  француз  синологы  С.  Жюльеннің  аударған  екі  кітабы  арқылы 
танысқанын  және  оларды  Н.  Бичурин  аударған  қытай  жылнамаларымен 
салыстыру  арқылы  толықтырып,  түсініктеме  беріп  отырғанын,  сӛйтіп  Сюань 
Цзаньның 
жазбаларындағы 
Батыс 
Түркістан 
туралы 
жазғандарын 
баяндайтынын  атап  кӛрсетеді.  Мақаланың  негізгі  бӛлімі  алты  тақырыпшадан 
тұрады.  Олар  рет-ретімен:  «Сюань  Цзаньның  жазбалары  мен  ӛмірбаяны 
негізіндегі  Батыс  Түркістандағы  жолы»,    «Сюань  Цзань  маршрутын  қазіргі 
уақыттағы  жерлермен  салыстыру»,  «Сюань  Цзаньның  жүріп  ӛткен  жолынан 
тыс  жатқан  жерлер  туралы  мәліметтер»,  «Батыс  Түркістанның  жалпы 
сипаттамасы»,  «Батыс  Түркістандағы  дін  туралы  мәліметтер»,  «Тугустар 
туралы  мәліметтер»  деп  аталған.  Әрбір  тақырыпшаның  астында  қысқаша 
жоспары беріліп отырған.  Осылардың ішіндегі кӛлемдісі бірінші, екінші және 
алтыншы  тақырыпшалары.  Мақаланың  соңында  авторы  ретінде  Н.  Аристов 
кӛрсетілген.  
Сюань  Цзаньның жүрген  жолдарының  бағыты былайша кӛрсетіледі:  Тянь 
Шаннан ӛту - Цинь чжи кӛлі - Суй ӛзені бойындағы қала – Мың бұлақ – Талас 
қаласы – қытай қалашығы – Бейшуй қаласы – Нучилин иелігі – же-ши иелігі - 
Бе ӛзені – Самогяр иелігі – Гшуанна иелігі – Гуахоло иелігі – Темір қақпа – Хуо 
иелігі  –  Бахоло  иелігі  –  Батыс  Түркістан  аумағынан  шығу.  Бірінші 
тақырыпшада  осы  жол  бойындағы  қалалар,  ӛзендер  мен  кӛлдер,  жер  бедері, 

 
18 
табиғаты,  кейбір  жемістері  мен  ӛсімдіктері,  тұрғындары  мен  олардың  кәсібі, 
ерекшеліктері, әдет-ғұрпы жӛнінде мәліметтер берілетінін жазған. 
Екінші  тақырыпшада  Н.  Бичурин  және  басқа  да  ӛлкені  арнайы  зерттеп-
тексергендердің  мәліметтеріне  сүйене  отырып,  Н.  Аристов  Сюань  Цзаньның 
жазбаларындағы  жер-су,  ӛзен-кӛл,  қала  мен  елді мекен  атауларының  қытайша 
дұрыс  жазыла  бермегендігін  кӛрсете  отырып,  дұрыс  атаулары  мен  кейінгі 
кездегі, яғни ӛзі ӛмір сүріп отырған уақыттағы атауларын дәйектеуге баса назар 
аударды.  Сюань  Цзаньның  Тянь  Шаньннан  Шығыс  Түркістан  жақтан  Бедел 
асуы,  немесе  Ыстық  кӛл  жақтан  Зауке,  дәлірегінде  Барысқауын  асулары 
арқылы  ӛткенін,  Суше  деп  атаған  қаланың  Тоқмақтың  жанында  болғанын,  ал 
Суе  ӛзенінің  Шу  ӛзені  екендігін,  Бинь  –юй  дегеннің  Мың  Бұлақ  деп 
аударылатынын  және  оның  Талас  ӛзенінің  жоғары  жағында  екенін,  Талас  деп 
атаған  қаласының  кейінгі  Әулие-Ата  екенін,  Баймуйдың  Ақсу  ӛзені  екенін, 
Нучиляннің  Сайрам  аумағы,  Гунь-юйдің  –  Отырар,  Чже-шидің  –  Ташкент, 
Самогяннің  –  Самархант,  Мидің  –  Шехрисябз,  Геншуанның  –  Қарши, 
Тухолоның  –  Тохирстан  екендігін  оның  жазбаларының  негізінде  жүрген 
жолдары,  оның  қашықтығы,  сипаттамалары  арқылы  салыстыра  отырып 
дәлелдейді.  
Ал  үшінші  тақырыпшада  Сюань  Цзань  жүріп  ӛткен  жолдан  шеткері 
қалған,  бірақ  олар  туралы  естігендерін  жазып  кеткен  жерлерге  қысқаша 
тоқталады.  Тӛртінші  тақырыпшада  Батыс  Түркістандағы  елдер,  халықтар, 
олардың  тілі,  жазуы,  кимі,  тұрмысы,  салт-дәстүрі,  кәсібі  жӛнінде,  бесінші 
тақырыпшада  діні,  ал  алтыншы  тақырыпшада  билеушілері  жӛнінде 
баяндайтынын жазады. 
Императорлық  археологиялық  комиссияның  ӛкілі,  Түркістан  археология 
әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, шығыстанушы  Н.Н. Пантусов Жетісу  тарихи 
жәдігерлерін зерттеуде біршама еңбек сіңірді. Оны ғалым ретінде әсіресе тарих, 
нумизматика,  археология,  этнология,  лингивистика  мәселелері  қатты 
қызықтырды.  Мемлекеттік  қызметте  жүріп  ол  түрлі  ғылым  салаларымен 
шұғылданды.  Жетісу  жерін  кӛп  аралаған  Н.Н.  Пантусов  ғылыми  деректерге 
сүйеніп,  Верный  бекінісін  ортағасырлық  Алмату  қаласымен  салыстырады.  Ол 
Бабыр сұлтанның жазбаларына сілтеме жасай отырып, «Фергана по «Запискам 
султана  Бабура»  атты  мақаласында  Верный  тарихы  (қазіргі  Алматының) 
ортағасырлық  Алматудан  бастау  алатындығын  алғаш  пайымдағандардың  бірі  
еді  [13,  35-36  б.].  Н.Н.  Пантусов  Іленің  жоғарғы  ағысындағы  Құлжа  ауылы 
маңындағы ортағасырлық қаланы Алмалық деп есептейді [14, 180 б.]. Оның бұл 
пайымдауы әріптесі В.В. Бартольд тарапынан да қолдау тапты [33, 450 б.]. Н.Н. 
Пантусов  ұсынысымен  Жетісу  ескерткіштерін  қорғауға  қатысты  бірқатар 
ӛкімдер де шықты. 
Г.В. Фишердің «Озеро Балхаш и течение р. Или от выселка Илийского до 
ее  устьев»  атты  1884  жылы  шыққан  Ілені  сипаттайтын  мақаласында  Балқаш 
ӛңірінің  кӛне  отырықшылық  мәдениеті,  ежелгі  суландыру  жүйелері  жайлы 
азды-кемді  мағлұматтар  бар  [15,  18  б.].  Кейіннен  Л.С.  Берг  те  Г.В.  Фишердің 
сӛздерінің  рас  екендігін  нақтылай  түсті.  Бұл  зерттеуші  кӛне  суландыру 
жүйелерінен  бірқатар  қыш  ыдыстардың  сынықтарын  да  ұшырастырады  да, 

 
19 
Іленің  құрғап  қалған  арналары  бұрын  үлкен  мәдениеттің  ошағы  болғандығын 
делелдейді [28, 60 б.] . 
Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  сынды  кӛне  ӛркениет  аймақтарының 
ортағасырлық тарихы мен археологиясының зерттелуіне В.В. Бартольд ӛзіндік 
үлес  қосқан  еді.  Оның  Жетісудың  тарихына  қатысты  еңбегінен  басқа  бүкіл 
Орталық Азия мамандары «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью 
1893-1894  гг.»  секілді  іргелі  жұмысын  әлі  күнге  дейін  пайдаланады  [34,  78-90 
б.].  Онда  ХХ  ғасыр  бас  кезінде  Солтүстік-шығыс  Жетісудан  кездейсоқ 
табылған бірлі-жарымды археологиялық олжалар аталып кетеді. Мысалы, 1901 
жылғы Археологиялық комиссияның есебінде Верный қаласынан табылған ХІІІ 
ғасырға  жататын  мәнеттер,  ӛрнекті  қыш  ыдыстар,  Шағатайлық  кезеңнің 
мәнеттері жайында сӛз қозғалады [38, 37 б.].  
Жалпы  алғанда,  Талас  алқабы  мен  Тараз  қаласының  тарихы  бойынша 
еуропадағы алғашқы жазба мәліметтер жиынтығын 1838 ж. француздың белгілі 
шығыстанушысы  М.  Картмер  құрастырған  деп  есептелінеді.  Сондай-ақ,  Талас 
пен  Шу  алқабындағы  археология  мен  сәулет  ӛнерінің  ескерткіштері  туралы 
мәліметтер оқымысты–географтардың, шығыстанушылардың, натуралистердің, 
сонымен  қатар  саяхатшылар  мен  ӛлкетанушылардың  еңбектерінде  кӛптеп 
кездеседі.  
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  Қазақстанның  ертедегі 
ескерткіштерін 
зерттеумен 
Императорлық 
қоғамның 
Археологиялық 
комиссиясы  айналысқан.  Соның  белді  мүшелерінің  бірі  суретші  М.С. 
Знаменский 
1864 
жылы 
бекіністік 
құрылыс 
Ақыртастың 
қираған 
қалдықтарының  бірнеше  кескіндерін  жасаған  болатын  [66].  Бұл  ескерткіш 
бірден  ӛзінің  жұмбақ  белгіленуімен,  ӛзіндік  жоспарлануымен,  ірі  тас 
блоктарының қалануымен қызықтырған еді. Одан кейін Ақыртаста 1867 ж. П.И. 
Лерх  болып,  оның  құрылысына  қарап  ескерткішті  будда  храмы  деп  есептейді 
[19,  24  б.].  Ақыртасты  В.А.  Каллаур  да  ӛзінің  «Акыр-Тас»  атты  мақаласында 
зерттегені  белгілі.  Мақалада  ескерткішке  жалпы  сипаттама  жасалды. 
Суландыру  жүйелеріне  кӛңіл  бӛлінді.  В.В.  Бартольд  Ақыртасты  христиандық 
кешен  деп  есептеген  болатын.  Оның  «О  христианстве  в  Туркестане  в 
домонгольский период» [35, 180-182 б.] - деген еңбегінде аңыздар келтіріп, оны 
христиандық  құрылыс  –  несториандықтардың  монастыры  деп  түсіндіреді. 
Оның бұлай деп жорамал жасауына тас блоктардың біріне салынған балықтың 
суреті  себеп  болған.  Балық  суреті  христиандықтың  символы  болғандығы 
белгілі.  Сол  себепті  де  бұл  ғалым  қателікке  ұрынды.    Ақыртаста  болған  Д.Л. 
Иванов  ескерткішті  мейлінше  толымды  түрде  суреттеп,  әрбір  блоктарының 
суретін салып кӛпшілікке жеткізеді  [20, 78-81 б.]. 1945 жылы ескерткішті  Т.К. 
Басенов  басқарған  Қазақ  ССР  Министрлер  кеңесі  жанындағы  сәулет  ӛнері  ісі 
жӛніндегі  экспедиция  да  зерттеген.  Т.К.  Басенов  оны  ҮІІІ-ІХ  ғасырларда 
салынған сарай-қамал деп есептеді. Бүгінгі күні Ақыртас мемлекеттік «Мәдени 
мұра»  бағдарламасы  бойынша  қайта  зерттеліп  жатыр.  Қазіргі  уақытта 
ғалымдардың  кӛпшілігі  (К.М.  Байпақов,  К.  Байбосынов,  т.б.)  Ақыртасты  ерте 
орта ғасырлар кезеңінде толық бітпей қалған сарай деп есептеп отыр [67]. К.М. 
Байпақов оны ІХ-Х ғасырда салынған қарлұқтардың ордасы деген пікірде.  

 
20 
1890  жылы  шығыстанушы  Е.Ф.  Каль  Әулиеата  уездінде  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізеді.  Шығыстанушы  уезд  аумағынан  кӛне  қорғандар  мен 
күзет мұнаралары жайлы мағлұматтар табады. Осы кезде ол Жетітӛбе бейітінде 
қазба  жүргізеді.  Алынған  мағлұматтарды  кейіннен  жарыққа  шығарып,  Жетісу 
археологиясына  ӛзіндік  үлесін  қосады.  В.В.  Бартольд  1893-1894  жылдары 
Шымкент  -  Әулиеата  -    Мерке  –  Пішпек  (Бішкек)  –  Ыстықкӛл  –  Верный 
маршруты  бойынша  жүріп  ӛтеді.  Жолай  ӛзіне  қажетті  орасан  зор  ғылыми 
мәліметтер  жинастырады.  Ғалым  жоғарыда  аталған  есептік  мақаласында 
Жетісу  ортағасырлық  қалаларын,  оның  ішінде  Тараз  қалашығы  мен  Талас 
алқабының  археологиялық  және  сәулет  ескерткіштерін  анағұрлым  қызықты 
етіп  бере  білді.  В.В.  Бартольдтың  Түркістан  археология  әуесқойларының 
үйірмесіндегі бірқатар әріптестері де осы аймақта нәтижелі зерттеулер жүргізді. 
Бұл  үйірменің  жетекші  мүшелері  –  В.А.  Каллаур,  В.П.  Лаврентьев,  Н.П. 
Остроумов, Ә. Диваев, т.б. Жетісу жеріндегі қалалық мәдениеттердің, мұндағы 
халықтың тарихының мәселелерін зерттеді.  
Әсіресе  В.А.  Каллаурдың  «Древности  в  низовьях  реки  Талас»  [21,  29  б.], 
«Археологическая поездка по Аулие-Атинскому уезду» [22, 32 б.], «К истории 
г.  Аулие-Ата»  [23,  17  б.],  «Древние  местности  Аулие-атинского  уезда  на 
древнем  караванном  пути  на  запад  от  Аулие  –  Ата»  [24,  13  б.],  «Поездка  на 
Ахыр-Тас (Ахур-Таш, Таш-Акыр) и его окресности» [25, 27 б.], «Находка клада 
древних  монет  в  г.  Аулие-Ата»  [26,  7  б.],  т.б.  еңбектерін  патшалық  Ресей 
кезіндегі  Қазақстан  археологиясына  қосылған  үлес  деп  бағаласақ  артық  емес 
сияқты.  Бұларда  ортағасырлық  қалалардың  орнын  анықтауға,  түрлі  елді 
мекендер  мен  қорымдарға,  тас  мүсіндерге  байланысты  сипаттамалар  беріледі. 
Ал В.П. Лаврентьев Әулиеата маңындағы қалашықтардың «дӛңестер» реестрін 
жасаса,  П.И.  Лерх,  Л.Д.  Иванов  –  Тараз,  А.И.  Добросмыслов  -  Әулиеата 
қалаларындағы сәулет ӛнері ескерткіштерін зерттеуге кӛңіл бӛлген [68] . 
Ұлы  Жібек  жолы  ӛткен  келесі  бір  үлкен  аймақ  Оңтүстік  Қазақстанның 
қазақ  тарихында  алатын  орны  ерекше.  Сырдария  аймақтың  негізгі  суландыру 
ошағы  бола  отырып,  кӛктем  мен  жаз  айларында  Қаратау  және  Талас 
Алатауынан  ағып  келетін  ӛзендер  (Келес,  Арыс,  Боролдай,  Бӛген,  Шаян  т.б.) 
арқылы  арнасынан  асып  жатты  және  жер  шаруашылығына  қолайлы  болды 
[69].  Бұл  аймақты  зерттеу  арқылы  археологиялық  қазба  жүргізу  барысында 
Қазақстан  тарихында  сауда,  мәдени  және  саяси  мәнімен  қатар  жер 
шаруашылығы  және  мал  шаруашылығымен  айналысқан  тайпалардың 
арақатысы арқылы гүлденген ӛлкенің жаңа беттері ашылып отыр. Қалалардың 
дамуы,  этникалық  құрамы  ортағасырлық  қала  ӛркениетінің  ӛсуі  ерекше 
дәлелденіп келеді.  
1867  жылы  патшалық  Ресей  басып  алған  Түркістан  аймағындағы  қазақ 
даласы  мен  Бұқара,  Қоқан  хандығы  қарамағындағы  басқа  да  жерлер 
біріктіріліп,  Түркістан  генерал-губернаторлығы  мен  әскери  округы  болып 
құрылады.  Патша  әскерінің  жаңа  құрылған  әскери  округқа  шоғырлануы 
Ресейдің Орта Азияға ішкерілей енуіне жол ашты. 
Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жергілікті  халықтардың  материалдық  және 
рухани  мәдениетін  қарулы  күшпен  жаулап  алуы  Түркістан  аймағында  Ресей 

 
21 
рухын орнықтыруға  жеткіліксіз болғандықтан, енді  патша ӛкіметі мемлекеттік 
деңгейде  идеологиялық  тегеурінді  әрекет  жүргізе  бастайды.  Кӛздеген  саяси-
әлеуметтік және экономикалық міндетті жүзеге асыру идеологиялық саясаттағы 
негізгі қару  —  баспасӛзге  тәуелді  екендігін  түсінген  ӛлке  басшысы  К.П.  Фон-
Кауфман,  Түркістан  генерал-губернаторлығының  ресми  органын  шығарудың 
қамына  кіріседі.  Осы  ӛлкенің  тарихына,  этнографиясына,  статистикасына, 
географиясына  қатысты  материалдар  оқырмандарды  Ресей  иелігіндегі  әлі  аз 
зерттелген, бірақ дүние жүзі ғалымдарының ерекше ынтасын тудырып отырған, 
осы  елмен  жан-жақты  таныстыруды  кӛздейді.  Соның  ішінде  Орта  Азия  мен 
Қазақстандағы  орта  ғасырлық  ірі  қала  Отырар  мен  оның  айналасындағы  кӛне 
ескерткіштердің орны айрықша болды. 
Алғашқыда орыс зерттеушісі П.И. Рычковтың 1762 жылы жазған Орынбор 
губерниясы  топографиясында  1813  —  1814  жылдарда  Қоқанда  болған  орыс 
аудармашысы  Филип  Назаровтың  жазбасында,  1832  жылы  А.И.  Левшиннің 
кітабында,  1865  жылы  француз  тілінде  жазылған  Б.  Залескийдің  еңбектерінде 
тек  Отырардағы  қаланың орны  туралы  жазылды.  Бұрынғы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет