тайпаларының Бесшатыр, Есік,
Тегіскен, Үйқарақ археологиялық ескерткіштері деректеріне сүйене отырып,
олардың Қытай, Үнді, Таяу және Орта Шығыс елдерімен байланысының
болғанын дәлелдейді. Ол сондай-ақ: «Во время существования государств
Бактрии, Парфии, Хорезма, Согда, Усунь и Кагюй во П в. до н.э. – первой
половине І тыс. н.э., когда Шелковый путь начинает активно функционировать,
сюда проникает римское стекло, китайский шелк, зеркала, и лаковая посуда,
европейские фибулы-застежки и разные камни-печатки из Сасанидского
Ирана», - деп бұл кездерде шет елдермен байланыстың кең ауқымда
болғандығын айқындай түседі [92, 21 б.]. К.М. Байпақов дәл осы кезеңде
Амудария, Сырдария, Зеравшан, Мұрғаб, Шу және Талас ӛзендерінің бойында
антикалық кезеңде негізі қаланған ортағасырлық қалалардың қалыптасып
дамыған деп есептейді. Ол сондай-ақ ҮІ ғ. екінші жартысында Орталық
Азияның Кореядан Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор кӛшпелілер
империясы Түрік қағандығы құрамына енгенін де атап кӛрсеткеніне назар
аударған дұрыс деп ойлаймыз. Бұл жерде автор Түрік қағанатының тарихи
кеңістігін дұрыс кӛрсетіп отыр. Сол себепті де Түрік қағандығы тарихын осы
кӛрсетілген аумақты толық қамти отырып оқып, зерттеп, оқытуымыз қажет деп
есептейміз. Зерттеуші Ұлы Жібек жолы бойымен жүргізілетін сауда мен
тасылатын тауарлар туралы мәселені тақырыпша ретінде ерекшелей баяндайды.
Әсіресе Рим, Византия, Индия, Иран, Араб халифатынан, кейіннен Еуропа мен
Ресейден тасылатын тауарлардың түрлері мен тізімінің сан жетпейтіндігін айта
отырып мыналарға мән береді: «Это мирра и ладан, жасминовая вода и амбра,
кардамон и мускатный орех, женьшень и жельч питона, ковры и полотна,
красители и минеральное сырье, алмазы и яшма, янтарь и короллы, слоновая
кость и «рыбьи бивни», слитки серебра и золота, меха и монеты, луки и стрелы,
мечи и копья и многое другое.
По Шелковому пути вели на продажу «поток ровных» коней Ферганы,
арабских и нисийских скакунов, верблюдов и слонов, носорогов и львов,
гепардов и газелей, ястребов и соколов, павлинов, попугаев и страусов.
По Шелковому пути распространялись культурные растения: виноград,
персики и дыни, пряности и сахар, овощи и фрукты, зелень.
Однако главным предметом торговли оставался шелк. Шелк наряду с
золотом превратился в международную валюту, им одарили царей и послов,
выплачивали жалованье наемному войску и государственные долги» [92, 22 б.].
Ӛзінің бұл тұжырымдарын зерттеуші археологиялық қазбалар барысында
Талғардан және Отырардан табылған шетелдік заттар мен монеталар бойынша
дәлелдей түседі. «Мәдениеттер диалогы» деп атаған тақырыпшасында тӛрт
әлемдік патшалық туралы идеяны қайталай отырып, Носир Хисроу, Жалалидин
Руми
сияқты
ақындардың
еңбектері
негізінде
қолданбалы
58
ӛнердің,архитектураның және қабырғалық бейнелеудің, музыка мен бидің, цирк
ӛнерінің, сахналық ӛнердің Батыс пен Шығыс арасында ӛзара ықпалдаса
түскенін жазған.
Ұлы Жібек жолымен таралған діндер, олар туралы археологиялық
мәліметтер жӛнінде жаза келе, мынандай тұжырым жасайды: «Завершая
экскурс в проблему «Шелкового пути» - этого яркого феномена мировой
цивилизации, характеризуя торговые дороги, которые шли из Европы в Азию и
в обратном направлении, пересекая безбрежные просторы Центральной Азии,
переваливая высокие горы, спускаясь в плодородные долины, степи и пустыни,
а также описывая диковинные товары, древнее искусство и пути религий,
следует
подчеркнуть
сложность
исторической
и
духовной
жизни
средневековья. В городах и степях Центральной Азии, где встречались Запад и
Восток,
Европа
и
Азия,
создалась
благоприятная
почва
для
взаимопроникновения и взаимообогощения непохожих культур. Оседлые
горожане и кочевые племена смогли в результате взаимодействия создать
культуру, которая яркой жемчужиной сверкает в ожерелье древних культур
человечества» [92, 27-28 б.]. Автордың бұл қорытындысымен толықтай
келісуге болады.
Конференцияда жасалған келесі маңызды баяндама археолог, Р.Б.
Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының кандидаты Ә. К. Акишевтыкі болды. Ол «Ұлы Жібек
жолы – миссионерлер жолы» деп аталған [92, 29-42 б.]. Онда қазақтың ежелгі
даласының тарихына шолу жасала келе, Цинь Ши Хуандидің кезінде оның
сарайында Орта Азия мен Шығыс Түркістаннан шыққан Ху деп аталған
халықтың сиқыршылары мен кӛріпкелдері үлкен ықпалға ие болған және солар
арқылы даосизм мен конфуцишілдікке зороастризм идеялары, әсіресе жанның
мәңгілігі мен дұрыс ӛмір салты туралы кӛзқарастар енген, хан императорлары
ӛлмейтін жағдайға аспантұрғындарының тағамдары болып есептелетін
тағамдарды пайдаланып, Жетісу үйсіндері мен ферғаналықтардың аспан
сәйгүліктері арқылы жетуге болады деп санағандығын жазады. Орталық
Азиядағы Кушандар билігі тұсында мұнда буддизм таралып, буддалық
сутралар мен джатактарды тохар, Сақ, соғды, қытай, кейінірек түрік тілдеріне
аудару басталды.
Буддалық миссионерлер саудагерлер мен дипломаттар болды. Орталық
Азияның кейбір мемлекеттерінде буддизм жария, шартты дінге айналды. Ү-ҮП
ғасырларда буддизм Жетісуда да орын тепті. Кейбір түрік қағандары буддизмді
қабылдады. Мұның бәрін автор ең алдымен Сюань – Цзянның 729 жылы
басталған саяхатымен байланыстыра дәлелдеп, түсіндіреді. Ұлы Жібек жолы
бойымен жүрген келесі бір миссионерлік қозғалысты 424 жылы несториандық
(шығыстық) шіркеудің Византия пентархынан бӛлініп, тәуелсіздік алып,
автокефалия жариялауымен байланысты Мервте, Самарқандта, Навакетте
шіркеулерінің пайда болды дейді. Ал Талас ӛзені бойындағы арабтар мен
қытайлықтардың арасындағы шайқастан соң, исламның қазақ даласына кеңірек
ене бастады деп есептейді. Оның ойынша Ұлы Жібек жолы бойындағы
қалаларда әртүрлі діни қауымдар қатар ӛмір сүрді. Римдік шіркеу
59
несториандарды дінсіздерден да жаман, эретиктер деп есептеп, олардың
айтқандарына сенбеді, Азияны ертегілер елдері деп санады. Тек монғолдар
славяндарды талқандап, Еуропаға келгенде естерін жиып, елшілерін жібере
бастады, олар барған жерлерінен христиандарды тапқанына мәз болды, олар
жӛнінде кӛбірек жазды. Александр ІҮ, Климентий ІҮ сияқты Рим папалары мен
еуропалық елдердің билеушілері Пруссиядағы, Богемиядағы еретик, язычник
монғолдарға қарсы крест жорығын ұйымдастыру және басқа да мәселелерді
ойластырды. Ал Орта Азия мен Қазақстанда мұсылмандық гүлдене бастады.
Бірақ жоңғарлар мешіттерді қиратып, буддизмді таратуға әрекет етті. Ал орыс
отарлауымен байланысты буддизм ошақтары ӛртеліп, талқандалып, христандық
шіркеулер кӛбейе бастады. Ә.К. Акишев осының бәрін жекелеген деректер
бойынша негіздеп, сендіре жазады. Қалған баяндамалардың арасынан К.Ш.
Хафизованың жаңа дәуірдегі Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы [92, 49-54 б.],
Г.М. Исхаковтың Ұлы Жібек жолы атауы және оның уақыты [50, 83-88 б.],
М.Қ. Әбусеитованың Ұлы Жібек жолы туралы ортағасырлық жазбаша деректер
[92, 151-164 б.] туралы мәселелерге арналған баяндамаларын ерекшелеуге
болады. Басқаларына қарағанда бұл еңбектерде Ұлы Жібек жолы туралы
мәселелер нақты сипатталады.
Тарих ғылымдарының докторы, «Қайнар» университетінің профессоры
К.Ш. Хафизова Қазақстанның оңтүстігі құрамына енген Темір империясы
кезінде қытайлықтармен сауданың жүргенін атап ӛте отырып, Абылай
тұсындағы сауда келісімдеріне тоқталады. Автор қытайлық деректерді
пайдаланған. Олардан кӛлемді үзінділер келтіріп те отырады. Қазақтардың
басты сауда тауары жылқы болғанына баса назар аударады. Негізгі сауда тауар
эквиваленті жібектің кесіндісі болды деп кӛрсетеді. Шынжан арқылы сауда
жүргізудің дамуы барысында жылқы ғана емес, мал ӛнімдерін, ағаш ыдыстар
мен сандықтарды да Қазақстаннан шығарудың басталғанын ерекшелеген.
Тарих ғылымдарының кандидаты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану
институтының аға ғылыми қызметкері Г.М. Исхаковтың баяндамасы негізінен
пікірталасты мәселе кӛтеруге бағытталған, сондықтан да онда кейбір мәселелер
біржақты сипатталады. Баяндамашы сӛзін Ұлы Жібек жолы мәселесінің сол
кездері кең түрде зерттеліп, талқыланып жатқандығын, 1990 жылы тамызда
Үрімшіде осы мәселеге арналған Халықаралық симпозиумның болғанын, онда
бірнеше қытай тарихшыларының б.з.б. П ғасырдағы Чжан Цянның батысқа
саяхаты уақытынан бастап есептеп, Ұлы Жібек жолына 2100 жыл толғандығы
жӛнінде пікір айтқанын және Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталады дейтін
пікірдің де ӛмір сүріп отырғанын жаза келе бұл жол қашан, қайда басталды, әрі
ол үнемі жібектік» деп аталды ма? – деген сұрақтарға жауапты тарихи
фактылерден іздейік дейді.
Біздіңше Г.М. Исхаков бұл жердегі сӛздері арқылы Ұлы Жібек жолы
атауына да, оның басталған жері мен уақытына да күмәнмен қарайтын сияқты.
Оны баяндамасының мазмұнынан да байқаймыз. Ол: сауда жолдары ежелгі
уақыттарда да ӛмір сүрді және олар Қытаймен ешбір байланыста болмады, –
деп мәлімдейді. Оның мысалы ретінде б.з.б. І мыңжылдықта ахеменидтік
Ираннан Шығыс Түркістан арқылы Алтайға, Минусин қазаншұңқырына
60
баратын Оңтүстік Сібір мен Алдыңғы Азияны байланыстырған жол болды,
дейді және ол ойын Пазырық қорғанынан табылған заттар арқылы дәлелдеуге
ұмтылады. Б.з. б. П ғасырда сюннулер Орталық Азияның кең аймағын жаулап
алды, бұдан соң Орта Азия мен Таяу Шығыстың сауда байланысы кеңейді де
Шығыс Түркістан мен Солтүстік Монғолия арасындағы жол әрекет ете бастады
дейді де, ол жолға «ұйғыр жолы» деген ат ойлап табады. Біздіңше ондай
жолдың, яғни Орталық Азия мен Сібір, Монғолия арасын байланыстыратын
жолдың болғаны туралы бұған дейінгі зерттеушілер де жазған. Бірақ олар
«ұйғыр жолы» деген атауды айтқан емес еді. Ал Г.М. Исхаков солай атағанына
және ол атауды бірнеше рет айтқанына қарамастан ешқандай дерекке сілтеу
жасамайды. Сол себепті де біз бұл атауды оның ӛзі ойлап тапқан, яғни
шындыққа сай келмейтін атау деп есептейміз. Ол сондай-ақ «құс жол», «құлан
жолы», «мың жол» деген жолдар болғанын атап кетеді. «Жібек жолы» атауын
К. Рихтгофен 1877 жылғы «Қытай» атты еңбегінде айтты, содан бері ол жалпы
аталып келеді, -дейді. Ханьдықтар б.з.б. П ғасырда Ганьсу коридорын , одан
соң Шығыс Түркістанды игеруі Орталық Азиядағы жолдар жүйесін ӛзгертті,
дей келе оны екі тармақ бойынша жүрді деп есептейді. Жалпы автор ӛзінің
қазақстандық болғанына қарамастан, бұл екі жолды да және басқа да жолдарды
тек Шығыс Түркістан арқылы Орта Азияға, одан ары Батысқа кететін жолдар
ретінде сипаттайды. Оның жазуы бойынша қазіргі қазақ даласынан Ұлы Жібек
жолы ӛтпеген сияқты сезіледі. Сондықтан Г.М. Исхаковтың кӛзқарастары ғана
емес, кейбір тұжырымдары да ғылыми негізсіз, тіпті сын кӛтермейтін дәрежеде
болып шыққан.
Конференциядағы келесі бір маңызды баяндама М.К. Әбусейтованың кең
кӛлемдегі ортағасырлардағы Сеид Али Раистың «Мират ал-Мамалик»,
Рузбиханның «Михман наме-и-БухараХафиз Таныштың «Шараф-наме и шахи»,
Махмуд ибн Валидің «Бахр ал-асрар», «Акбарнаме», «Раузат ар-ризван» және
тағы басқа да араб, парсы тілдеріндегі шығыстық деректерге сүйене отырып
жасаған баяндамасы болды. Автор Ұлы Жібек жолының ХҮІ ғ. екінші
жартысынан бастап жаңаша серпін алғанын, ХҮІ – ХҮП ғасырлардағы жазба
деректердің Қазақстан аумағы арқылы Қытай, Индия, Орта Азия жерлерін
байланыстырып жатқан сауда жолының болғанын, ол арқылы діндарлар, әскери
топтар да ӛткенінен мәлімет беретінін айтады. Оның есептеуі бойынша сауда
Астрахан мен Маңғыстау арасында Каспий теңізі арқылы теңіз жолымен және
Каспий жағалауы, Бұқара, Хиуа арқылы құрылықтағы жолмен жасалып
отырған. Зерттеуші қазақтардың Орта Азия елдерімен байланысы мәселесіне
баса назар аударған. Ол сондай-ақ, ортағасырлық жазбаша деректерді зерттеу,
ғылыми айналымға қосу мәселесінің әлі де кӛп ізденісті қажет ететіндігін, бұл
бағытта жұмыстардың қажет екендігін жазады. Автордың бұл ойы қолдауға
тұрарлық. Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық кезеңдерінің
кӛптеген мәселелері тарихи деректерді ғылыми айналымға қосуды және сол
негізде тереңірек зерттеуді қажет етіп отырғаны рас. Біз осы ғылыми
жұмысымызда сол ардың бір мәселесінің зерттелу дәрежесі мен алдағы
міндеттерін айқындауды ғана қолға алдық. Ал алда зерттелуі қажет мәселелер
қаншама?
61
Сол 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қаз МҰУ-да «Түркі ӛрениеті»:
тарихы, бүгінгі жағдайы және болашағы» атты халықаралық конференция ӛтті.
Онда К. Қожахметов жасаған баяндамада б.з.б. П-І мыңжылдықтарда –ақ
Қазақстан мен Орта Азия халықтары мен кӛрші елдер арасында сауда
қатынастарының болғандығы, ал Ұлы Жібек жолының екі тармағы- Солтүстік
және Оңтүстік бағыттары болғандығы кӛрсетіле келе: «Казахстан во все
времена функционирования Великого Шелкового пути являлся его
центральным звеном. Тюркские племена в незапамятные времена освоили
степные просторы огромного евразийского региона, на востоке доходя до
Желтого и Охотского морей, на западе – до Карпатских и Балканских гор. Их
государства, как малые, так и великие, оставили последующим поколениям
немало окультуренных пространств и духовного наследия, которые составили
основу общетюркской и часть общечеловеческой цивилизации», деп
тұжырымдайды [93, 40-41 б.]. Біз автордың бұл кӛзқарасын шындық деп
есептейміз.
2001 жылы Байпақов К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. бірігіп
жазған Ұлы Жібек жолындағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның
ертеортағасырлық архитектурасы туралы жазған кӛлемді еңбек жарық кӛрді [7,
238 б.]. Бұл қазақстандық тарихнамадағы археологиялық архитектураға
арналған, сызбалары, жобалары, аэрофото және реконструкциялық суреттері
берілген, археолог, архитектор және тарихшы бірлесіп жазған ең кӛлемді
алғашқы еңбек. Еңбектің бірінші тарауы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның
архитектуралық ескерткіштерінің зерттелуі туралы мәселені Ш. Уәлихановтың
1854 жылғы Ыстық кӛлге сапарындағы жазбаларынан бастап, 150 жылдық
тарихы бар деп кӛрсетеді. Сол кезеңнен бергі қазақ жеріндегі архитектуралық
ескерткіштер туралы әртүрлі дәрежедегі еңбектерге қысқаша талдау жасап
ӛтеді. Екінші тарауда аймақтың тарихи-географиялық сипаттамасы, Қазақстан
аумағындағы Ұлы Жібек жолы туралы және қалалар мен қалашықтардың
археологиялық зерттеулер барысындағы айқындалған белгілері мен
ерекшеліктері жӛнінде жазылған. Үшінші тарау тұрғын үй архитектурасына
арналған. Онда археологиялық қазбалар барысында зерттелген сарайлар,
байлар мен қарапайым тұрғындардың үйлері арнайы қарастырылған. Тӛртінші
тарауда діни орындар, храмдар, шіркеулер және жерлеу орындарының
құрылысы жӛніндегі мәселелер баяндалады. Ал соңғы, бесінші тарауда
құрылыс материалдары, конструкциялар мен архитектуралық сәндеу жӛнінде
жүргізілген зерттеу нәтижелері жазылған. Біздің тақырыбымызға тікелей
қатыстысы екінші тараудың «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы» деп
аталған екінші тақырыпшасы. Оның авторы К.М. Байпақов Ұлы Жібек
жолының негізгі бағыттарын, даму кезеңдерін, ӛзгеру бағыттарын қысқаша
баяндай келе, ҮП – ХІҮ ғасырларда онымен елшілердің саудалық керуендері
жүріп отырғанын атап ӛтеді. Бұл тақырыпшадағы мәселелер негізінен бұған
дейінгі еңбектерінде баяндалған, тек Отырар ӛңірінен табылған монеталар,
Қойлықтың саудадағы орны жӛніндегі мәселелер жаңа мәліметтермен
толықтырылған.
62
2001 жылы Қазақ-Иран тарихи байланыстарына арналған семинар болып
ӛтті. Оның материалдарының арасында, соңынан Қаз МУ хабаршысындың
тарих сериясында У.Х. Шалекеновтың Ұлы Жібек жолының дамуына
ирандықтардың қосқан үлесі туралы мәселеге арналған мақалалары жарық
кӛрді [94, 47-54 б.]. Бұл мақаласында У. Шалекенов оның мақсаты туралы:
«Ұлы Жібек жолының тарихи дамуына иран тілдес соғдылардың қосқан
тамаша үлестеріне қысқаша тоқталмақшымыз. Ӛйткені, Ұлы Жібек жолының
Византиядан Иран арқылы Орта Азияның батысынан шығысына дейін созылып
жатқан ең ұзақ бӛлігі», - деп кӛрсетеді. Соғдылықтардың кӛне тарихына шолу
жасай келе, автор: «Соғды мемлекетін мекендеген тұрғындар – ертеден
Орталық Азияның этникалық құрамалар мен аралас құралас жайлаған тайпалар
және халықтар. Негізінен олар үндіевропалық парсы және түрік тілдерінде
сӛйлеген. Соғдылық кӛпестер ерте заманнан бері ӛздерінің үстін басып ӛтетін
халықаралық Жібек сауда жолын ӛздерінің қолдарына ұстап, кӛрші елдерге,
сондай-ақ, түріктерге сауда бойынша үлкен әсерін тигізген және сауданы
халықаралық кӛлемде жүргізген», деп есептейді. Зерттеуші Ұлы Жібек
жолының халықаралық сауда жүйесі дәрежесіне кӛтерілуімен соғдылық
саудагерлердің Талас, Шу және Жетісу аймағындағы қалаларға таралып,
сауданың дамуына ӛзіндік үлес қосып отырғанын айта отырып: «Бірақ,
соғдылардың саны Қазақстан жерінде кӛп болмағанға ұқсайды», - деп атап
кӛрсетеді. Автордың бұл тұжырымы кейбір зерттеушілердің соғдылықтардың
Ұлы Жібек жолының дамуындағы рӛлін, оның бойындағы қалаларды
негіздегенін баса кӛрсетуге ұмтылысын қолдамайтындығын байқататын
сияқты. Біздің бұл ойымызды автордың келесі бір кӛзқарасы айқындай түседі:
«Біздіңше, Қазақстан жеріндегі кӛне заманда салынған, кӛп санды ескерткіштер
– осы жерді мекен еткен ата-бабамыздың маңдай терімен, саналы еңбегімен
тұрғызылған мұралар. Ортағасырлық шаһарларда, әсіресе, Ұлы Жібек жолының
бойындағы қалаларда соғдылар тұрған болса, олар сол шаһарлардың бір
бӛліктерінде қоныстанған, ал негізгі тұрғындар түріктер болған, соғдылар
түріктерге қарағанда сан жағынан аз болып түріктің тілін, әдет-ғұрпын М.
Қашқаридің кезінде-ақ, Баласағұнды мекендеуші соғдылар «түріктердің киімін
және әдет-ғұрпын қабылдағанын» айтқан [95].
2002 жылы «Қазақ тарихы» жұрналында С. Байтленнің «Ұлы Жібек
жолындағы қала» атты Тараздың 2000 жылдығына арналған мақаласы
жарияланды [96]. Онда Ұлы Жібек жолының маңызы Қазақстан, соның ішінде
әсіресе Талас бойымен, Тараз арқылы ӛтетін бағыттары жӛніндегі мәселелерге
кӛбірек назар аударылған.
2004 жылы Ақтӛбе қаласында Ж. Ғизатовтың Сарайшық қаласына
арналған еңбегі жарық кӛрді [97]. Кітаптың кӛлемді бӛлігі «Ұлы Жібек жолы –
дүниежүзілік ӛркениет жолы» деп аталған тараудан тұрады. Автор 1990 жылы
Үрімшіде ӛткен халықаралық симпозиумда кӛпшіліктің Ұлы Жібек жолының
бастауы б.з.б. 138 жылы Чжан Цянның Орта Азия мен Ауғанстан аймағына
барып қайтқан уақытынан бастау алады десе, С. Руденко, Лубо-Лесниченко, К.
Байпақов оның алғашқы тармақтарының ӛте ерте кездерден – б.з.б. Ш –П
мыңжылдықтардағы «Дала жолы», «Сақ жолы», «Кӛктас жолы», «Нефрит
63
жолы», «Бұлғын жолы» деп аталған керуен жолдарынан басталатынын
айтатынына тоқталады.
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы, әсіресе мәдени қарым-
қатынастардағы орны туралы мәселелерге ерекше назар аударады. Қазақстан
аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихына арнайы кӛңіл бӛлінген. Бұл
мәселелер «Қазақстан тарихының» тӛрт томдығының 1996 жылғы бірінші
томындағы және К. Байпақов пен А. Нұржановтың еңбегіндегі мәліметтерге
негізделе баяндалған. Ұлы Жібек жолының П – Ү ғасырлардағы Қытайдан
шыққаннан кейінгі үш бағыты, ҮІ ғ. Түрік қағанатының қамқорлығына ӛтуі,
ҮП – ХІҮ ғасырларда басты бағытының Оңтүстік Қазақстан арқылы ӛтіп
отырғандығы, ол кездегі бағыттары сипатталады. Кітапта әсіресе, Ұлы Жібек
жолының Сарайшық арқылы ӛтетін бағытына баса кӛңіл бӛлінген. Оның
ойынша, Сыр бойына жеткен керуен ХШ –ХІҮ ғасырларда Аралдың
солтүстігімен батысқа қарай жол тартып, Солтүстік Каспий ӛңірі, Сарайшық
арқылы Алтынорданың астанасы Сарай қаласынан Каффа қаласына бағыт
ұстап, аттанады. Автор Сарайшық арқылы ӛтетін Ұлы Жібек жолының
тармағының ХШ ғасырда қайта жандануының басты екі себебін кӛрсетеді.
Біріншісіне моңғол жаулап алуы барысында Дешті Қыпшақ пен Мауреннахр
аумағының бір саяси кеңістікке еніп, тұрақтылықтың қалыптасуы және соның
барысында сауданың дамуын жатқызса, екіншісін Алтын Орданың
астаналарының Еділ ӛзенінің тӛменгі ағысы бойында болуы, Еуропа мен
Византия саудагерлері мен елшілерінің Бату мен Берке сарайлары және
Сарайшық арқылы ӛтуін тиімді етуінде деп санайды. Мұның барлығы
Сарайшықтың жедел ӛркендеуіне ықпал еткендігі туралы автордың
тұжырымымен келісуге болады, бірақ оның ӛзге бекеттермен салыстырғанда,
мұнда түсім екі есе артық түсіп отырғандығы туралы қорытындысы
сенімсіздеу. Ол туралы дәлелдемелері де әлсіздеу болып шыққан.
2004 жылы «Зерде» жұрналында жарияланған З. Искакованың «Ұлы Жібек
жолы - ӛркениет жолы» атты мақаласы жібектің «тафта», камшат жібек» камқа,
парша, атлас, ақсамит атауларының түркі сӛздері екендігі туралы қызықты
пікірлері арқылы ерекшеленеді [98, 18-19 б.].
Қазақстанда 2005 жылы жарық кӛрген келесі бір кӛлемді де, қызықты
еңбектің авторы М. Хошимов [60, 284 б.]. Іс жүзінде бұл Ұлы Жібек жолының
Орта Азиялық бағыттарын зерттеуге арналған қазақстандық алғашқы кӛлемді
еңбек. Автор кіріспеде ӛркениеттердің пайда болуымен, олардың даму
дәрежесіне қарай байланыстары орнады. Ол байланыстар керуен жолдары
арқылы жасалып отырды және онда тауардың белгілі бір түрінің басымдық
алуымен байланысты «Лазурит», «нефрит», «алтын», «күміс», «янтарь»,
«камшат» деген сияқты аттары да болды. Кейбір жолдарды ірі мемлекеттер
бақылап, қамтамасыз етіп отырды. Мұндай жолдар «хан жолы», «эмир жолы»,
немесе «елші жолы» деген атқа да ие болды. Осындай жолдардың ішіндегі ең
ірісі Орталық Азия арқылы Қытай, Индия, Жерорта теңізі мен Еуропаны
байланыстырып отырған неміс ғалымы Фердинант Паул Вильгельм 1977 жылы
«Қытай» атты еңбегінде «Ұлы Жібек жолы» деп атаған жол болды, - дейді. Бұл
жерде біз «Ұлы Жібек жолы» атын берді деп отырған неміс ғалымының және
64
оның еңбегінің шыққан уақытының жоғарыда айтқан Г.М. Исхаковтың атаған
авторы мен уақытына сай келмейтінін байқаймыз. Ол «Жібек жолы» атауын К.
Рихтгофен 1877 жылғы «Қытай» атты еңбегінде пайдаланып, содан бері
ғылыми айналымға қосылғанын жазған еді. Біз аттары бірдей кітаптың
басылымын кӛрсетуде қателік кетті деп санаған күнде авторларының аты-
жӛндері мүлде бӛлек екенін байқаймыз. Ӛкініштісі біз сӛз етіп отырған екі
зерттеуші де ӛз еңбектерінде «Ұлы Жібек жолы» атауын алғаш айтты
дегендердің еңбектеріне сілтеу бермеген. Ал бұл жерде екі авторы туралы сӛз
болып отыр деп есептеген жағдайда, әрине бұрынырақтағысы, бір ғасыр бұрын
айтылған атау бірінші айтылуы және оның ғылыми айналымға ену уақыты
мойындалуы қажет деп санаймыз.
М. Хошимов Ұлы Жібек жолының әрекет ете бастауы б.з.д. 2 ғасырда
дипломат және барлаушы Чжан Цянның қытайлар үшін Орта Азияны ашуымен
басталды дей келе, С. Кляшторный мен В. Ливщицтың [99, 7-9 б.]. еңбегіне
сүйене отырып кейінгі кездердегі зерттеулердің бұл жолды Тураннан Қытайға
Соғды тұрғындары ашса, батыстан А. Македондық (Ескендір Зұлқарнайы) пен
Селевкидтердің шапқыншылығы барысында Тұранға дейін эллиндер мен
македондықтар ашты, сӛйтіп екі жақтан келетін жолдар қосылып, ол Ұлы
Жібек жолы ретінде ӛмір сүре бастады дейді. Орталық Азия халықтарының
Қытайға баратын жоды Чжан Цяннан бұрын –ақ білгенін Г.М. Исхаковта
жазады. Бұл жерде біздің бір мәселеге тоқтала кеткіміз келеді. С. Кляшторный
мен В. Ливщиц айтқан А. Македондық пен селевкидтерден екі ғасыр бұрын
сақтар жеріне ахеменидтер, алдымен Кир, одан соң Дарий І шапқыншылықтар
жасап, олардың бір бӛлегінен алым-салық алып отырғаны белгілі. Демек,
парсылар Орталық Азияға келетін, ал сақтар ахеменидтер астанасы болған
Персопольға, Екбатанға, яғни Қосӛзен бойына бара алған. Ал Персопольға
батыстан Жерорта теңізіне баратын «Патша жолы» келіп жататыны да белгілі.
Ендеше сақтардың ахеменидтер тұсында-ақ Парсы жері арқылы Жерорта
теңізіне шығу мүмкіндігі болған. Ал А. Македондық және оның артынан
ергендер Орта Азияға сол ахеменидтер кезінен сақталған жол арқылы жеткен.
Ахеменидтер кезінде қазіргі қазақ даласынан ӛтіп Оңтүстік Сібірге дейін
жететін жол болған. Оны Пазырық және Аржан қорғандарынан табылған
ахеменидтік ӛнер туындылары сақталған заттай ескерткіштер дәлелдеп отыр.
Сонықтан С. Кляшторный мен В. Ливщицтің пікірін еуроцентристік бағыттың
ықпалындағы, кате, біржақты ой ретінде санаймыз. М. Хошимовтың бұған
кӛңіл аудармағаны да оның тарихи терең біліміне күмән келтіруімізге негіз
болады деп кӛрсетеміз.
Еңбектің бірінші тарауы «Антикалық керуен жолдары» деп аталады. Онда
автор Орталық Азиядағы ежелгі керуен жолдарын жасағандар ӛмір салты
жылдам, әрі жеңіл болуға үйреткен кӛшпелілер болды деп тұжырымдайды.
Біздіңше бұл шындықты бейнелейді. Оның жекелеген зерттеушілердің, соның
ішінде Т.Ш. Шириновтың [99, 40-45 б.] еңбектеріне сілтеу жасай отырып қола
дәуірінде-ақ мал бағушы және отырықшы-егінші тайпалар арасындағы айырбас
саудасы Орта Азияның солтүстік және оңтүстік аудандары арасындағы тұрақты
байланысты қамтамасыз еткендігі, оған Маргиана мен Бактриядан, Хорезмнен
65
табылған андроновтық ыдыстар дәлел болатындығын айтады. Заман баба мен
Гуджейліден табылған лазуритті сәндік бұйымдардың да Орта Азияның
солтүстігі мен оңтүстігі арасында сауда жолының болғандығын, ол жолдың
Бадахшанды, Бактрия мен Маргиананы ежелгі Хорезммен, Согдымен, Орталық
Қазақстанмен және Оралмен байланыстырып тұрды деп есептейді. Б.з.б. Ш
мыңжылдықта Бадахшаннан оңтүстік-батысқа қарай лазурит алып жүретін жол
Мундичак, Шахри Сохта қоныстарынан Хилменж ӛзеніне, одан ары Дашти Лут
даласының оңтүстігімен ежелгі Месопатамияның Ур, Урук, Киш, Лагаш және
басқа қалаларына барған жолдың болғанын жазады. Үшінші бір жол Орта
Азияны үнділіктердің ӛркениет ошақтары Хараппа мен Маханджодаромен
байланыстырғаны жӛніндегі Т.Ш. Шириновтың тұжырымын қолдайтынын
білдіреді. Оның есептеуі бойынша б.з.б. Ш – П мыңжылдықтарда үнді
тауарлары батысқа екі құрылықтық жолмен жеткізілетін болған. Солтүстік-
батысы Хараппадан шығып Болан асуы арқылы асып, Кокча, Мургоб Герируд
(Теджен) ӛзендері бойымен, оңтүстік Орта Азия мен Иранның солтүстік-
батысына келсе, батыс жол Белуджистан, Мундичак, Шахри Сохта арқылы
Дашти Лут жазығының оңтүстігімен Месопатамия қалаларына барған.
Зерттеуші б.з.б. П мыңжылдықта сауда жолы Месопатамиядан Иран арқылы
оңтүстік Түркменстанға, Ферғанаға дейін жетіп отырған. Ал екінші бір жол
Ферғанадан батысқа Қазақстандық далалар бойынша Орал мен Еділ бойына,
үшінші бір жол Ферғанадан шығысқа Давань арқылы Синьцзян, Солтүстік
Қытайға барған деп санайды. А.С. Сагадуллаевтың б.з.б. І мыңжылдықтың
бірінші жартысындағы археологиялық география ескерткіштерін зерттеу
барысында Туран аумағында болған жолдардың бес бағытын кӛрсеткенін айта
отырып оларға қысқаша сипаттама береді [99, 8-17 б.]. М. Хошимов ең ежелгі
жолдардың қалыптасуы туралы мәселеде тӛмендегідей тұжырым жасаған:
«Таким образом, можно отметить, что к эпохе энолита восходит начало
интенсивного освоения земледельцами новых районов Средней Азии. В эпоху
бронзы эти пути служили не только целям расселения земледельцев и
скотоводов – расширения их ареалов обитания, но все чаще для экономических
и культурных связей. В раннем железном веке сформировались районные и
межобластные пути транзитного сообщения, торговли и обмена. Они
использовались в завоевательских походах Ахеменидов и армии Александра
Македонского» [60, 13 б.]. Оның бұл тұжырымдары қолдауға тұрарлық деп
ойлаймыз. Тек қазақстандық тарихнамада бұл мәселелердің, дәлірек айтқанда
энолит, қола дәуірлеріндегі ғана емес ерте темір дәуіріндегі де қазіргі қазақ
жеріндегі жолдар туралы зерттеулердің жоқтығы болашақ зерттеушілерді
ойландыруы қажет деп есептейміз. Ежелгі дәуірдің белгілі жолдары туралы
екінші тараушасында мәселені «лазурит жолын» баяндаумен бастайды. Аспан
түстес кӛгілдір тасты Бадахшандағы қазба орнынан Бактрия арқылы Иранға,
Түркменияға және Алдыңғы Азияға апаратын жолдың осылай аталғанын, оның
Қытайда қымбат бағалы силық ретінде қабылданып, кӛптеген елдерде қасиетті
заттар жасауда және зергерлік бұйымдар үшін пайдадланылғанын Э.
Ртвеладзенің еңбегіне сүйене отырып жазады [100, 14 б.]. Қытайға лазурит
Шаш, Қотан арқылы жеткізілді. Иран, Месопатамия, Египет, Алдыңғы Азия
66
жерлерінен табылған ең ежелгі лазуриттік заттар б.з.б. 4-3 мыңжылдықтарға
тән екендігін айтады. Оның дәлелеі ретінде ассирия патшасына жазылған
хаттан үзінді келтіреді.
Дунхуаннан шығып Хотан арқылы Вахан аңғарымен Памирді айналып
ӛтетін жолды «нефрит жолы» деп атағандарын, нефриттің де ежелгі Қытайда
жоғары бағаланғанын кӛрсетеді.
«Алтын жол» атты жол бойынша сақтардың әйгілі алтыны тасылды, ол
Бактрияны Соғды мен Хорезм қалалары арқылы байланыстырды дейді.
Біздіңше негізгі мекені қазіргі қазақ жері болған сақтардың бұл «алтын жолы»
тарихын зерттеу қазақстандық тарихшылардың үлесіндегі дүние. Ӛйткені
байқап отырғанымыздай ӛзбек зерттеушілерінің «алтын жолды» толық
сипаттауды
ӛз
міндеті
санамайтыны
байқалады.
Олар
мұны
қазақстандықтардың үлесіндегі нәрсе деп ойлайтын болса керек. Онысы дұрыс
та. Қазақстандық таихнамада зерттелмеген келесі бір жол «Күміс жолы». М.
Хошимов бұл жолды Туранның Болғар патшалығымен сауда жолы ретінде
сипаттайды. Алғаш ол жол Бағдат пен Ираннан Кавказ бен Хазар қағандығы
арқылы Болғар патшалығына жетіп отырса, Х ғ. басында Бағдат халифы мен
Хазар қағаны арасындағы келіспеушілік жолдың Туранға ауысуына әкелді.
Сӛйтіп, Бұқараға жеткен керуен Амудария, Хорезм, Үргеніш, Ембі арқылы
жүріп, Еділдің сол жағалауымен Болғар патшалығына жетті. Ол бойынша
Тураннан Шығыс Еуропаға ең алдымен күміс дирхемдер, сонымен бірге күріш,
жүзім, кептірілген жемістер, маталар тасылса, Болғар патшалығынан тері,
былғары, мал, бал, құлдар сатып алынып отырды. Автор Туран жерінде
Исмаилдық күміс дирхемдердің кӛп кездеспейтінін, ал керісінше Шығыс
Еуропа мен Балтық жағалауында олардың бірнеше қоймасының табылғанын
айта отырып, яғни олар әлемдік ақша қызметін атқарған деген қорытынды
жасайды.
Қазақстандық тарихшылар назар аударуы қажет келесі бір жол – «Астық
жолы». Ежелгі Еуропаны да басып ӛткен бұл жол туралы б.з.б. V ғасырда
Геродоттың астықты жӛнелтетін басты қала Ольвия екендігі, оған астықтың
ӛздері үшін ғана емес, сату үшін де ӛсіретін сақтар, скифтер, каллипидтер,
алазандар және «егіншілер» мекендейтін Днепр мен Буг арасынан келіп
жататынын кӛрсеткенін жазады.
«Камшат жолы» туралы да қазақстандық тарихшылар арнайы зерттеу
жүргізбеген. Жетісудан шығытын бұл жол оңтүстік Сібір мен Солтүстік
Монғолияға баратын болған. М. Хошимов кӛрсеткендей ол одан ары Онон,
Шилка, Амур немесе Керулен, Далай-нор кӛлі, Аргун, Амур арқылы Амур
бойы мен Приморьенің ең шеткі аудандарына дейін жеткен. Соғды саудагерлері
тіпті қазіргі Илан ауданында Мунданьцзян мен Сунгари ӛзендері маңында
Угочен атты қала салған. Еңбекте «Камшат жолы», «Патша жолы», «Әмір
жолы», «Елшілер жолы», «император жолы» сияқты негізінен жергілікті сипат
алған жолдар туралы да қысқаша мәліметтер келтіре отырып: «Но ни одному из
этих путей древности и средневековья не было суждено сыграть такую
громадную роль в исторических судьбах народов Европы и Азии, какую
сыграла в истории человеческой цивилизации в целом трансконтинентальная
67
магистраль, котроая в течении более полутора тысяча лет, с конца П в. до н.э.
до начала ХҮІ в. связывала (столица Ханской империи как в древности
называли Китай-Ноян и Чанань-Сиань) Китай через Ценральную Азию и Иран
с городами и странами восточного средиземноморья – римскими, а
впоследствии Византийскими владениями и тем самым с европой, грандиозной,
небывалой по своей протяженности магистрали, вошедший в историческую
литературу последнего столетия под общим названием «Великий Шелковый
путь», - деген қорытынды жасайды [60, 22 б.].
Кітаптың келесі тараушасы «Туран халықтары Ұлы Жібек жолын
негіздеушілер» деп аталған. Автор Ұлы Жібек жолы бойынан екі халықтың ізі
айқын байқалады дей отырып, оларды соғдылықтар мен түріктер деп
кӛрсеткен. Алдымен соғдылықтардың Туранның Қытаймен байланыстағы
орнына кең түрде тоқталады. Соғдылықтар тіпті б.з.б. 4-3 ғасырларда ӛздеріне
қола дәуірінен, тіпті одан да ертеректе белгілі болған Орта Азияның батысын
қосып жатқан керуен жолдар арқылы Шығыс Түркістанға қоныстана бастады.
Олар тіпті қазіргі Гуньсу провинциясында болған Дуньхуан қаласына дейін
жетіп, сонда тұрақты түрде мекендеді. Ал грек-македондық шапқыншылық
соғдылықтардың Қытайға қоныстануын ұлғайта түсті. Б.з.б. Ш ғасырда циндік
астана Счньянға дейін жетті. Зерттеуші осы мәселелерді баяндай отырып,
Қытай Тұран үшін П ғасырдан, яғни Чжан Цзянның қытайлықтарға Орта
Азияны ашуынан әлдеқайда бұрын, Соғдианадан Қытайға баратын ежелгі
жолдар бойынша, ашылды, - деп тұжырымдайды. V-VI ғасырларда Ұлы Жібек
жолы бойының кӛп бӛлігі соғдылықтардың қолында болды. Тек VП ғасырда
араб халифатының құрылуымен басымдық араб саудагерлеріне ӛтті, -деген
тұжырым да жасалады. Соғдыда (Самарханд пен Бұқарада) және Ферғанада
жасалған жібектер Ұлы Жібек жолымен тарала отырып, Қытаймен бәсекеге
түсті, кейіннен ол саудадан ығыстырыла бастады, - деген де ой айтады.
Біздіңше бұл әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сияқты. Ӛйткені автордың
дәлелдемелері жеткіліксіздеу.
М. Хошимов Ұлы Жібек жолының дамуына үлес қосқандардың ішінде ең
еңбегі сіңген Тұран халықтарының бірі түрік халықтары деп есептейді. Бұл
тұжырымын қытайлық императорлардың сүйіктісі болған, тіпті жырлар арнап,
ескерткіштер тұрғызған сәйгүліктерді алуға ұмтылысымен де дәлелдейді. ҮІ
ғасырда Ұлы Жібек жолы айналасындағы саяси картаны басып қалған жаңа
мемлекет, Түрік қағандығының құрылуы және оның Қытайға жорық жасап,
жібекпен алым-салық тӛлеп отыруға кӛндіруі, түріктердің тілі мен мәдениетінің
шетелдіктерге, ең алдымен қытайлар мен оның билеушілеріне үлгі тұтатын,
мақтаныш ететін дүниесіне айналуына алып келді. Сӛйтіп Ұлы Жібек жолы
ӛнер мен мәдениеттің таралу жолына айнала түсті. Жібек саудасының да
маңызы артты. Жібек тіпті саудада ғана емес әскери істер мен халықаралық
қатынастарда да үлкен орын алып отырды. Мәселен, Еуропада елдері арасында
жалдамалы әскер және әскерге қажетті заттар үшін жібекпен тӛлем тӛлеп
отырды. Сасандар әулеті билеген Иран Византияның күшейіп кетуіне жол
бермеу үшін оған жібек ӛткізбеуге тырысты. Тіпті Ұлы Түрік қағанының
жіберген екі елшілігіне де шешімді жауап бермей, ашық түрде болмаса да
68
жібекпен сауда жасауға келісім бермейтінін байқатты. Ал Византияның
парсыларды айналып ӛтіп Үндістаннан жібек алуға ұмтылысы тиімсіздеу
болды. Түріктердің Қытайдан алым-салық ретінде алып отырған жібектерін
тиімді бағаға ӛткізуі қажет еді. Сондықтан, жібекті Византияға жеткізіп
отыратын бұрынғыдан ұзақ әрі қиын жол – Каспийдің солтүстік жағалауымен
Қавказ арқылы Константинопольге баратын жол таңдап алынды. Түрік қағаны
мен Византия императоры бір-біріне елшілер жіберіп, әскери-саяси одақ құрды.
Олардың бұл келісіміндегі басты мәселе жібекпен сауда болды. Зерттеуші бұл
мәселелерді деректер бойынша айқындай отырып жазған.
Автор басқа зерттеушілерде кӛп айтыла бермейтін Ұлы Жібек жолының
қамтамасыз етілуі, ондағы жағдай, қызмет түрлері жӛніндегі мәселеге біршама
тоқталып ӛткен. «Но самое главное, тюркские народы смогли создать на
Великом Шелковом пути почтовую службу и обслуживающий сервис, на
протяжении всей трассы», - деген қорытынды жасайды және оны Р.
Насыровтың мақаласындағы Кураш ибн Жапардың «Китаб-ал-харадж» атты
945 жылы жазылған еңбегінен дәлелді дерек келтіре отырып анықтаған [59, 14-
17 б.]. Түріктер сол дәуірдің ӛзінде Ұлы Жібек жолы бойындағы әртүрлі
елдермен байданысқан арнайы ұйымдастыруды қажет ететін, бір елден екінші
елге жеткізіп отыратын, мыңдаған жыл бойы әдеттегі керуеннен бес есе
жылдам және тұрақты почта қызметінің жүйесін құрды. Бұл ғана емес, әсіресе
Әмір Темір мен оның ұрпақтарының кезінде Ұлы Жібек жолын абаттандыруға
кӛп кӛңіл бӛлініп, орасан зор қаржы жұмсалып, жолдағы қызметтің бүтіндей
кешені жасалды. Сауда керуендері ғана емес, саяхатшылар, саудагерлер,
елшілер Әмір Темір империясының даңқына сай қызмет кӛрсетіп, олардың
қауіпсіздігін және жақсы жағдайын қамтамасыз етті. Осының барлығын
баяндай келе: «Весь этот сложный и взаимосвязанный дорожно-торговый
комплекс обслуживали тысячи и тысячи людей. Они обеспечивали проводку
караванов через знойные и безводные пустыни, через горы по опасным тропам,
их охрану и даже вели спасательные работы при стихийных бедствиях. На их
долю приходились и другие заботы: ремонт дорог, мостов, заготовка дров и
фуража, воды.
Но самая великая заслуга тюрков в том, что они создали вокруг Шелкового
пути и его окрестностях Великих тюркских держав поддерживающих
процветание этой международной трассы» [60, 37 б.] - деп Ұлы Жібек жолының
дамуында түріктердің орасан зор жұмыс жасағанын ерекше шабытпен жазады.
Автордың келесі бір ерекшелеген мәселесі Тұрандағы керуен жолдары мен
олардың тармақтары туралы болды. Тұран мемлекеттері алғашында Батыс
Қытайдан Батыс Еуропаға қытай тауарларын жеткізуде делдалдық қызмет
атқарды. Кейін уақыт ӛте келе күшейген олар ӛз тауарларын әлемнің барлық
түкпіріне жеткізе бастады, - дей отыра, Ұлы Жібек жолының тармақтары
оңтүстік пен солтүстікке таралып, Тұран халықаралық ұлы рыноктардың біріне
айналғанын жазады. Оның бұл жердегі Тұранның жер шарының тӛрт түкпіріне
тауарларын жеткізгендері, олардың түрлері туралы ойлары К.М. Байпақовтың
жазғандарымен сәйкес келеді.
69
Ал Ұлы Жібек жолының Тұрандағы тарихын автор ӛте ерте кезден,
неолит, тіпті палеолит дәуірінен басталған деп есептейді. Ол тұжырымын
болашақ Самарқандтың орталығынан табылған жоғарғы палеолиттік адамтар
тұрағынан табылған Үнді теңізінің түбіне тән теңіз қауашағының табылуы сол
уақыттардың ӛзінде Тұран мен Индия арасында байланыс болғанын
дәлелдейтін ескерткіш ретінде бағалай отырып, айқындайды. Алдымен
парсылық, содан соң гректік жазба деректерге тоқтала келе, Орта Азияның
сауда байланыстарындағы байланыс жолдарының, соғыс жолдарының Ұлы
Жібек жолының қалыптасуына ықпалына мән береді. Қытай жазбалары
негізінде Қытайдан Батыс ӛлке елдеріне негізінен оңтүстік және солтүстік деп
аталған екі жолдың бағытталғандығын нақты тораптары бойынша сипаттаған.
Оңтүстік жол – Юй -Мынь-гуаньнан шығып Шань-шань арқылы, Лобнор кӛлін
айнала ӛтіп, Оңтүстік тауларының (Кунь-лунь қыраты) солтүстігімен
Қашқардағы Жаркентке, одан Ваханға барып, екіге бӛлініп, біреуі – Бактрия
мен Парфияға, ал екіншісі Үндістанға баратын болды.
Екінші солтүстік жол – батыс Цинь билеушісі иелігінен шығып, Қашқарға,
одан Ферғана мен Қаңлылар еліне, одан ары Арал бойына жеткен. Бұл
бағыттарды автор Бичуриннің еңбегінен үзінділер келтіре отырып дәлелдейді.
«Мавреннахр, Дешті-Қыпшақ және мәдениеттің ӛзара баюы» атты бӛлімде
Ұлы Жібек жолы бойымен діни бағыттардың таралуы мәселесі сӛз етіледі.
Буддизмнің Индиядан Орта Азия, ал христиандықтың Иран, Арабия мен Сирия
арқылы таралғанын атап кӛрсеткен. Будда дінінің таралуында парфиялықтар
мен қаңлылардың рӛлін ерекше атайды. Жалпы бұл діндердің таралуы туралы
айтқанда олардың Орта Азияға емес, Қазақстанға енуіне баса кӛңіл аударған.
Мәселен, буддизмнің Испиджабтағы, христиандықтың Навакеттегі, Тараздағы
ескерткіштерітуралы археологиялық және жазбаша деректерге сүйене отырып
жазады. Манихейлік туралы жазғанда да оның Жетісуда, Таразда орын
алғанына тоқталады. Зороастризмнің де Оңтүстік Қазақстанға таралуын
баяндайды. Исламның да Орта Азиядан гӛрі қазақ жеріне енуі кең сипатталған.
Біздіңше бұл жағдай ең алдымен, тарихи еңбектерде Орта Азия елдеріне
қарағанда Қазақстандық зерттеулерде аталған мәселенің, яғни діндердің таралу
тарихының жақсырақ зерттелуінде болса керек.
Еңбектің
қорытындысында
керуен
жолдарының
пайда
болуын
ӛркениеттердің қалыптасуымен байланыстыра түсіндіре келе, олардың маңызы
бойынша бӛлінгендігін былайша сипаттайды: «Существовали дороги
межгосударственного
и
государственного
значения,
контролируемые
межгосударственными
органами,
централизованной
властью,
государственными институтами, где государством даны гарантии за
сохранность караван и за обеспечение его службами обеспечения (вода,
питание, фураж, пункты отдыха, охрана). Таких дорог существовало
несколько: «хан йули», «амир йулы», «элчи йули» и т.д. Самым крупным из
них был «Великий Шелковый путь», по преобладающему товару провозимая
через эту межконтинентальную трассу... Для обслуживания этой дороги в
Туране сооружались колодцы, сардобы, сторожевые посты (караултепе(,
почтовые станции («ямы») с запаными людми, укрепленные рабады, караван
70
сараи и гостиницы («лянгары»). Наводились плывучие переправы («гусары») и
строились крепкие мосты и акведуки. Необходимость подготовки больших
торговых караванов заставляло изучать будущие маршруты, появились
своеобразные дорожные атласы – итенеры и дорожники» [60, 254 б.]. Біз бұл
еңбекте автордың керуен жолдарының ұйымдастырылуы, абаттандырылуы,
керуеншілер үшін барлық жағдайдың жасалып отырғандығы туралы мәселені
жиі кӛтеріп отыратынын баса айтқымыз келеді. Ӛйткені басқа зерттеушілер
керуен жолдарының бағыты, ондағы қалалар туралы айтқанымен, дәл осы
мәселелерге кӛп назар аудара бермейді. Еңбектің құнды жақтарының бірі
осында деп ойлаймыз.
Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Ұлы Жібек жолы
бойымен туризмді дамыту және экономикалық, әрі мәдени байланыс жолдарын
қалпына келтіру мен жасау туралы мәселелердің кӛлемінде де кӛптеген
шаралар ұйымдастырылып, олар жӛнінде мақалалардың жарық кӛргеніне де
назар аудара кетуді дұрыс деп есептейміз. Олар тарихшылардың ғана емес,
экономистердің, саясат пен мәдениет қайраткерлерінің еңбектері болғандығына
қарамастан Ұлы Жібек жолының ӛткені мен бүгініне және болашағына
байланысты маңызды кӛзқарастарды білдіреді. Біз бұл мақалаларды тӛрт топқа
бӛле отырып қарастыруды жӛн деп таптық.
Біріншісі Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруының бастауында тұрған
және оны қайта ӛркендету жұмыстарына кӛп еңбек сіңіріп жүрген еліміздің
президенті Н. Ә. Назарбаевтың ойлары мен оның бұл саладағы іс-әрекеттері
жӛніндегі
еңбектерден
құралады.
Тәуелсіздік
тұсындағы
осындай
мақалалардың бірі 1994 жылы Қазақстан президенті баспасӛз қызметінің
консультанты Ш. Ізтелеуұлының жазуымен жарық кӛрді [101]. Онда Анкарада
шығатын «Ипек иолу» атты мәдени-экономикалық жұрналда «Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті» атты мақала жарияланғаны айтылады.
Осы басылымдағы 1998 жылы шыққан хабарламада Қазақстан президенті Н.Ә.
Назарбаевтың АҚШ конгресінде сол кездері талқыланып жатқан «Жібек жолы»
страегиясы туралы» атты заң жобасының авторы, АҚШ сенаторы Сэм
Браунбекті қабылдағандығы туралы жазылған [102]. Онда С. Браунбэктің
елбасына «Жібек жолы» стратегиясы туралы» заң жобасының мазмұны
жӛнінде түсінік бергендігі, оны президентіміздің жоғары бағалағандығы
жӛнінде жазады. Жалпы бұл қабылдау ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлы
Жібек жолына қатысты мәселелерді халықаралық кӛлемде ӛз назарында ұстап
отырғандығын, яғни оған үлкен мән беретіндігін дәлелдей түседі деп
есептейміз. Бұл ойымыз Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ –ның аясында теңізге шығуға
мүмкіндігі
жоқ,
дамудағы
мемлекеттердің
кӛлік
министрліктерінің
конференциясын Алматы қаласында ӛткізуге бастамашылық жасай отырып,
оның ашылуында сӛйлеген сӛзі де нақтылай түседі. Онда Қазақстанның
Евразия елдерінің ішінде транзиттік-кӛліктік мүмкіндігінің зор екендігін атап
кӛрсете отырып: «Наша страна сотрудничает с ООН по программам АЛТИД
(развитие наземной транспортной инфраструктуры в Азии) и СПЕКА
(Специальная программа ООН для экономик ЦА), развивается региональный
проект ПРООН «Развитие региона Шелкового пути», - деп еліміздің
71
халықаралық ұйымдардың Ұлы Жібек жолы бойындағы кӛлік қатынастары
жобаларына ат салысып келе жатқанын және оны дамытуға мүдделі екендігін
нақтылай түскен еді [103].
Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына «Жібек жолы – Қазақстан»
Ұлттық компаниясы мен оның президенті А. Құлыбаев кӛп еңбек атқарып
келеді [104]. Оның мақалаларында «Жібек жолы – Қазақстан» Ұлттық
компаниясының құрылу тарихы, оның елімізде туризмді дамыту мақсатында
атқарған іс-шаралары кең түрде баяндалады [105]. Бұл компанияның атқарған
жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы мәселелер А. Құлыбаевпен И.
Новиковтың [106] және С. Байтлесованың [107] сұқпаттарында да айтылады.
Мерзімді басылымдарда сондай-ақ Е. Никитинскийдің [108], Н.
Вержбицкаяның [109], А. Есалидің [110] мақалалары жарияланып, оларда да
«Жібек жолы – Қазақстан» компаниясының еліміздің ғана емес халықаралық
ауқымда жүргізіп жатқан жұмыстары қысқаша баяндалған. Бұл айтылғандар
жоғарыда кӛрсетілгендердің екінші тобын құрайды.
Ал үшінші топ Ұлы Жібек жолы бойымен жүргізілуге тиісті жолдарды
қалпына келтіру және жасау мәселелеріне арналған мақалалардан тұрады.
Олардың алғашқыларының бірі 1992 жылғы Қазақстан Республикасының кӛлік
министрі Н. Есенғаринмен болған сұқпат [111]. Келесі бірі С. Пірімбетовтың
мақаласы [112]. Бұл екеуінде де Қазақстан, Орта Азия арқылы Азияның
оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы елдер арқылы жолдар салу мәселелері
қысқаша баяндалады. Қазақстан мен Ӛзбекстанның аумағынан ӛтетін автокӛлік
жолдарының халықаралық байланыстағы орны туралы мәселелер А.
Шермұхамедов, В. Топалиди, Г. Хамраев бірлесіп жазған мақалаға арқау болған
[113]. Е. Гуринаның мақаласында Қытайдан Қазақстан мен Ресей арқылы
Еуропаға ӛтетін темір жол туралы баяндалады [114]. Бұл топтағы мақалалардың
ішінде Г. Бекмағамбетованың еңбегі кӛлемі, ғылыми бағыты бойынша
ерекшеленеді [115]. Зерттеуші онда нақты деректерге сүйене отырып Қазақстан
мен Орта Азиядағы халықаралық кӛлік дәліздері жӛнінде баяндайды. Алдымен
ТРАСЕКА бағдарламасы бойынша Қазақстаннан ӛтетін Достық-Ақтоғай –
Алматы – Арыс – Қандыағаш – Мақат – Бейнеу – Ақтау теміржол бағытына
тоқталады. Қытайдағы Ляньюнган теңіздік айлағынан Достық арқылы Еуропаға
және Ресейге ӛтетін теміржол бағыттарының маңызын біршама кеңірек
сипаттайды. Бұдан соң Қазақстан, Ӛзбекстан және Қырғызстан арқылы ӛтетін
халықаралық, субаймақтық және аймақаралық автомагистралдар, олардың
бағыттары нақты кӛрсетіле отырып баяндалады.
Бір назар аударарлығы кейінгі жылдарда Ұлы Жібек жолының рухани
және мәдени дамудағы орны және оны жаңғырту мәселелері жӛнінде арнайы
мақалалар жарық кӛре бастады. Міне оларды біз тӛртінші топқа
топтастырғанды дұрыс деп есептедік. Ұлы Жібек жолының мәдени
дәстүрлердің жаңғыруы туралы мәселе М. Әуезовтың мақаласында сӛз болады
[116]. А. Артемьев Қазақстандағы ислам мен христиандықтың таралу тарихы
мен ӛзара ықпалын Ұлы Жібек жолымен де байланыстыра сипаттайды [117].
72
Ұлы Жібек жолы бойымен мәліметтердің таралғандығы, оның бойындағы
елдерге бүгін де ақпараттар ағынының ӛтіп жатқандығы туралы мәселе М.
Әуезовтың екінші бір мақаласында айтылады [118].
2004 жылы қазан айының 20-24 жұлдыздары аралығында Түркістан
қаласында 1-Халықаралық түркі дүниесі туризм құрылтайы болып ӛтті. Оның
мақалалар жинағында М. Хошимовтың Ұлы Жібек жолындағы діни-исламдық
рухани ескерткіштер [119], Б. Тұяқбаева мен И. Проскуринаның Жібек жолы
бойында урбанизация үрдісі мен туризм инфрақұрылымын дамыту
мәселелеріне арналған [119, 104-108 б.] баяндамалары жарияланды. 2007 жылы
«Ұлы Жібек жолындағы Керуен сарай» мегажобасының аясында Шымкент
қаласында «Кітап және Ұлы Жібек жолы» атты халықаралық конференциясы
ӛтті. Онда Б.А. Байтанаевтың баяндамасында Ұлы Жібек жолы бойындағы
Оңтүстік Қазақстанның ежелгі қалалар туралы жазбаша деректерге шолу
жасалған [58, 24 б.].
Қорыта айтқанда, Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларды
кеңестік дәуірге дейінгі зерттеушілерден біршама еңбектер бізге келіп жетті.
Олардың кӛптеген ескерткіштерге берген сипаттамалары күні бүгінге дейін ӛз
мәнін, мағынасын жойған жоқ. Ӛйткені ол ескерткіштердің кӛбі уақыт ӛте келе
жойылды, бүлінді немесе қирады. Сондықтан, сол кезеңдегі зерттеушілерден
қалған мәліметтер олармен танысудың жалғыз деректік кӛзі болып табылады.
Сонымен қатар Орта Азия тарихын кӛтеруге деген құлшыныстың жоғары
дәрежеде болмағандығын, қазба жұмыстарына арнайы қаржы бӛлінбегендігін
атап ӛтуіміз қажет. Сол себепті де бұл кезеңдегі еңбектер кӛбінесе үстірт
сипаттау, тарихи ескерткіштердің сыртқы бейнесі мен жағдайына шолу жасау
кӛлемінде қала берді. Ғылыми тұрғыдағы кӛлемді еңбектер ӛте аз болды.
Ал кеңестік кезеңде Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның бойындағы
қалалардың тарихы алдыңғы уақытпен салыстырғанда әлдеқайда тереңірек
зерттелді. Ғалымдар Жібек жолы қалаларында ӛмір сүрген халықтардың
антропологиялық, этникалық белгілерін анықтау мәселелерін де зерттеген.
Кеңестік тарихшы-зерттеушілер жазба деректер және кешенді түрдегі
археологиялық зерттеулер негізінде Ұлы Жібек жолы бойы қалаларының
әлемдік ӛркениеттегі рӛлін кӛрсете білді. Халықаралық керуен жолының тек
сауда қатынастарын жандандырғанын ғана емес кӛршілес елдердің ӛзара
шаруашылық, мәдени байланыстарын ӛрістеткендігі ғалымдар еңбектерінен
кӛрініс тапқан. Бірақ ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін кеңестік тоталитарлық
жүйенің әртүрлі обьективті және субьективті себептері ықпалымен
зерттеушілер Ұлы Жібек жолы тарихы мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛле алмады.
Бұл Ұлы Жібек жолы тарихының арнайы, кешенді түрде зерттелуін
кешеуілдетті.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы мен
оның бойындағы қалалар тарихының зерттелу ауқымы кеңейе түсті. Бірнеше
халықаралық конференциялар, семинарлар ӛткізіліп, әртүрлі келісім шарттар
жасалды. Оларда Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту, туризмді дамыту, оның
тарихын, туризм орталықтары мен инфрақұрылымдарын жасау мәселелерін
тереңдете және жан-жақты зерттеу мақсаттары қойылды. Соның барысында
73
жазылған жаңа тарихи ой негізіндегі еңбектерде Ұлы Жібек жолының ерте
және ортағасырлық Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени және
саяси дамуындағы орны, оның даму кезеңдері туралы тың тұжырымдар
жасалды.
Бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолы бойымен бүкіл қазақ жерін басып ӛте
отырып бірнеше мемлекеттерді байланыстырып отыратын халықаралық мұнай,
газ құбырларының, автокӛлік жолдарының салынуы Ұлы Жібек жолы мен оның
бойындағы қалалар тарихының әлі де кӛптеген мәселелерін зерттеуді,
зерделеуді қажет ете түседі деп ойлаймыз. Мәселен, Ұлы Жібек жолының
қалыптасуында үлкен рӛл атқарған, ежелгі «лазурит жолы», «нефрит жолы»,
«дала жолы», «астық жолы» сияқты жолдардың тарихын зерттеу, Ұлы Жібек
жолының тармақтары туралы мәселені зерттеуге кӛмек береді деп есептейміз.
Ұлы Жібек жолы тармақтары қалаларының ӛткені және олардың маңызы
зерттеушілердің назарынан тыс қалып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы
және оның тармақтарындағы қалаларды терең зерттеуде шығыс тілдеріндегі
жазба деректер ғылыми айналымға кеңінен тартылуы тиіс. Мұнымен қатар,
оларда кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілгенде
ғана ол тармақтар мен олардағы қалалардың тарихи дамуы туралы кешенді
зерттеулер жасап, кӛлемді еңбектер жазып, шынайы да, салмақты пікір айтуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |