ҚОРЫТЫНДЫ
Отан тарихының әлі де болса кӛлеңкелі, қалтарысты беттері жетерлік. Оны
шешу үшін тарихнамалық бағыттағы алар орны ізденістерге мейлінше дұрыс
кӛңіл бӛлу қажет. Бұл жерде ең алдымен, сол ғылымның немесе мәселенің даму
тарихына үңіліп, одан кейін күрделі проблемаларды айқындап, түйіткілі сан
алуан сауалдарын анықтау керектігі белгілі жайт.
Осындай мәселелер Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалалардың
тарихнамасынан да орын алып отыр. Қазақстан археологиясы дамып, елеулі
нәтижелерге қол жеткізе бастаған кезде ол да жаңа тарихи кӛзқарас тұрғысынан
тарихнамалық талдауды қажет етіп отыр.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан, Шауғар, Отырар және
Отырар ӛңірі туралы деректер кӛне заман және ортағасыр тарихшылары,
географтары, жиһанкездерінің еңбектерінде қалалар ӛмір сүріп тұрған кездің
ӛзінде-ақ жазылды. Олардың бірі осы ӛңірде болып кӛрген, білгенін қағаз
бетіне түсірсе, екіншілері ауыз екі естігендерін, үшіншілері бұрын хатталып
жазылған шығармаларды пайдаланды.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларды
археологиялық негізде зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып
күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді. Сондықтан да Ұлы Жібек жолының
тарихнамасын талдауды шартты түрде үш кезеңге бӛлуге болады. Солардың
алғашқы кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі.
Ежелгі және ортағасырлық отырықшы және қалалар мәдениеттерін тарихи
тұрғыда зерттеуді ХІХ ғ соңында П.Х. Лерх, В.В. Бартольд бастаған еді.
Олардың екеуі де Түркістан археология үйірмесінің мүшесі болатын. Қазақстан
археологиясының ғылым болып қалыптасуына орыс зерттеушілері В.В.
Радлов, П.С. Савельев, В. Розен, В.В. Бартольд, Н.В. Веселовский, А.А.
Спицын, және В.А. Городецовтардың да тигізген үлестері бар. Осындай
ғалымдар мен ӛлкетанушылар Жібек жолы туралы айтарлықтай дәйекті
материалдар қалдырды. Сол себепті де ежелгі және ортағасырлық қалаларға
берген сипаттамалары құнды болып саналады. Патшалық Рессейдің ғалымдары
мен зерттеушілері Жетісудағы қалаларды сипаттау мен тіркеу, материалдарын
жинақтау жұмыстарымен айналысты. Ал Оңтүстік Қазақстандағы кӛне және
ортағасырлық ескерткіштерді зерттеуді олар бірнеше бағытта жүргізді. Түркістан
археологиялық үйірмесі құрылғанға дейін зерттеулер жүйелі, әрі мақсатты
жүргізілмегенімен Рессей империясының Орта Азия және Қазақстан жерін
жаулап алғаннан кейін осы аймақтағы кӛне ескерткіштердің кӛптігі орыс
қызметкерлері мен шенеуніктерінің қызығушылығын тудырды. Кӛшпелілерде
ӛркениет болмаған және болуы да мүмкін емес деген идеологияға шырмалған
зерттеушілердің Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар, олардың мәдениеті
туралы кері кӛзқарастар қалыптасты.
Түркістан археологиялық үйірмесінің құрылғаннан соң да оның құрамында
археолог мамандардың болмауы зерттеушілердің қазба жұмыстарды ӛз
дәрежесінде жүргізілмеуіне алып келді. Дегенмен де олар Оңтүстік Қазақстан,
141
оның ішінде Сырдарияның тӛменгі және орта ағысы қалаларының орнын
зерттеп, ӛзіндік қайталанбас тарихи және тарихнамалық деректер қалдырды.
Ресейге бодан болған жылдардан бастап Қазақстан жеріне келген
саяхатшылар, саяси-ғылыми қызметкерлер, басқару жүйелері адамдарының
жазғандары жеке кітап болып, арнайы журналдарда, газеттерде мақала болып
жарық кӛрген. Тарихқа қатысты бұл еңбектердің мазмұнында шындыққа
жататын да, жатпайтын да жақтары бар. Оларды бір-бірінен ажырату үшін
тарихын жазып отырған халықтың басынан ӛткерген ӛмірін жетік білетін нағыз
ұлттық рухтағы тарихшылар болу керек. Ӛйткені шет елдерден, сондай-ақ
Ресейден келген авторлардың қазақ халқының тілі, ӛмірі, салты туралы
жеткілікті хабарлары болмаған. Олардың ғылыми тұжырымдары қазақ
халқының ӛмірінен алшақ жатты. Оған қосымша, отарлаушы елдің кейбір
ғалымдары жергілікті халыққа үстемдік кӛзбен қарап, кӛрген-білгенін соған
негіздеп жазған. Соған қарамастан, қазақ тілін білмейтін тарихшылар орыс
тіліндегі деректерге аксиома ретінде қараған және қазір де солай қарайтындары
кездеседі. Бұндай соқырлық кӛзқарастан бас тартып, орыс зерттеушілерінің
еңбектеріне мейлінше терең қарап, олардың тек шынайы жағын ажырату қоғам
үшін де, ғылым үшін де кӛкейкесті екендігі дау тудырмаса керек.Осы орайда
Қазақ халқының тарихын зерттеудегі еуроцентристік, шовинистік пиғылдар
үстемдік еткен саяси жүйелердің қасақана дүниеге келтірген рухани қаруы
болғандығын тарихи және тарихнамалық талдаулар жүргізуде ескерген абзал.
Кеңестік кезеңде Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы
қалаларға жүргізілген археологиялық жұмыстар мен зерттеулерге М.Е. Массон,
А.Ю. Якубовский, А.Н. Бернштам, А.Х. Марғұлан, С.П. Толстов, Е.И. Агеева,
Г.И. Пацевич, Т.Н. Сенигова, К.А. Акишев, И.И. Копылов, К.М. Байпаков, У.Х.
Шәлекенов, Л.Б. Ерзакович, Е.А. Смағұлов, М.Б. Ходжаевтар жетекшілік етті.
1936 ж. СССР Ғылым Академиясының Н.Я. Марр атындағы заттай
мәдениет тарихы (Ленинград), Ғылым Академиясының Қазақстандық бӛлімі
(филалы) және Қырғыз ССР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Ғылым
комитеті құрған Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.
Бернштам) алғашқы экспедиция 1936-1938 ж.ж. Талас ӛңірі мен Қаратаудың
оңтүстік беткейінде ал 1938-1941 ж.ж. Шу ӛңірінде кең кӛлемде археологиялық
зерттеулер жүргізді. 1938-1941 жылдары экспедиция 21 ортағасырлық
қалалардың орнын ашты, оның 12-сі әдебиеттерде белгілі қалалар, ал 9-ы
жаңадан ашылған қалалар еді. 1946 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясы
құрылды. Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография
институтының археология бӛлімі археология бӛлімі республика кӛлемінде
археологиялық зерттеулерді ұйымдастырушы, үйлестіруші ғылыми орталыққа
айналды.
Шу-Талас ӛңірлерін және Қаратаудың ортағасырлық қалаларын 1946-1948
ж.ж. А.Х. Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан экспедициясы зерттеді. Міне
осы кезден Қазақстанның кӛне қалаларына қазба жұмыстары қазіргі уақытқа
дейін ӛз жалғасын тауып келеді.
Қазақ АССР-і ғылым Академиясының президиумының шешімімен 1970
жылы 24 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық
142
экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл ортағасырлық қалаларды зерттеудегі
жұмыстарды кешенді түрде ұйымдастырған экспедициялардың бірі болып
табылады. Бұл экспедицияда кӛптеген ғалымдар ӛсіп-тәрбиеленді. Оңтүстік
Қазақстандағы зерттеулердің басым бӛлігі осы экспедицияның еншісіне тиесілі.
Осы «ежелгі мәдениет аралығы» ғасырдан астам уақыт бойы зерттеліп
жатыр, әрбір зерттелу маусымында Отырар тарихына тың жаңалықтар
қосылуда. Қазақстан егеменді ел болып ата тарихымызға қатысты бар
мұрамызды түгелдеп сұрыптауға және жоғымызды түгелдеп тауып есепке алу
мақсатында 2002-2004 жылдары «Мәдени-мұра», «Кӛне Отырарды жаңғырту»
бағдарламалары қабылдады.
Қазақстан археологиясы кӛптеген мәліметтер жинады. Орта ғасырлық
мәдениеттен сыр шертетін заттай деректерге қол жеткізді. Қазақстанда
жүргізілген археологиялық және палеоантропологиялық зерттеулер бұл
жерлерде ӛте ерте замандардан-ақ ӛзіндік заттай мәдениеті бар жергілікті
тайпалардың ӛмір сүргендігін дәлелдеді. Мұның бәрі еліміздің мәдениетінің,
ғылым-білімінің артуының, ӛндіргіш күштердің ӛсуінің арқасында қол жеткен
табыстар.
Отандық тарихнамада Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалалардың
мәселелері кӛп ретте ашылмаған тақырыптардың қатарына жатады. Тарихнама
үшін белгілі бір мәселеге бірнеше ғалымның ой-пікірі, кӛзқарастары қажет
дейтін болсақ, орта ғасыр қалаларының кӛпшілігін кӛбіне бір ғана ғалым
зерттейді. Бір археологиялық нысанда аралары үзілістермен болса да, бірнеше
зерттеулер жүргізілсе, сол мәселе жайында ғалымдар арасында пікір
алшақтығы орын алған болар еді. Сондықтан, кейде орта ғасыр қалаларының
тарихнамасы сан алуан пайымдаулар болмағандықтан, ақсап та жатады. Сонда
да болса, диссертацияда осы уақытқа дейін орын алған зерттеулер бір жүйеге
келтіріліп, ғылымның даму тарихына назар аударылды. Ғалымдардың
тұжырымдары кейде ортағасырлық деректермен бірге талданды. Әрбір зерттеу
кезеңдерінің ӛзіндік тарихнамада алар орнына баға берілді.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан аумағындағы Жібек жолы тарихының
зерттелуі туралы мына тӛмендегі жайтты айтуға болады: біріншіден, зерттеулер
республикадағы тарихи сана қалыптастыру мемлекеттік тұжырымдамасына
сәйкес жүргізілген; екіншіден, зерттеушілердің қатаң маркстік-лениндік
методологиядан бас тартып, қазіргі отандық тарих ғылымында белең алып келе
жатқан ӛркениет теориясының ауқымында Жібек жолының тарихына қатысты
тың тұжырымдар жасаған; үшіншіден, керуен жолы бойындағы қалалардың
экономикалық, мәдени жағдайы жоғары болғандығын баса кӛрсеткен;
тӛртіншіден, Батыс пен Шығысты байланыстыратын халықаралық жолдың осы
аймақтың шаруашылық, мәдени және діни дамуына игі ықпал еткендігін
археологиялық жәдігерлер мен жазба деректердің негізінде дәйектеген.
Алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда Жібек жолы тарихы республика
кӛлемінде ғана емес халықаралық деңгейде зерттеле бастаған.
Дегенмен де мәселе жан жақты зерттелгенімен оның әлі болса зерделенуге
тиіс тұстарының бар екендігі байқалады. Мәселен, Ұлы Жібек жолының
Қазақстан аумағындағы тармақтары мен олардың бойындағы қалалардың
143
ӛткені және тарихи маңызы зерттеушілерден назарынан тыс қалып келеді.
Жібек жолы бойындағы және оның тармақтарындағы қалаларды терең
зерттеуде шығыс тілдеріндегі жазба деректер ғылыми айналымға кеңінен
тартылуы, археологиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс. Сонда ғана қалалардың
тарихи баяны туралы шынайы да салмақты пікір айтуға болады.
Жетісу жеріндегі қалаларды зерттеу бірнеше кезеңдер бойынша жүргізілді.
Тарихнамалық деректер мен фактілер Жетісу жеріндегі қала мәдениетінің
жоғары болғандығын, алайда қалалар тарихының толық зерттелмегендігін
дәлелдеді. Зерттеушілер Оңтүстік Қазақстанда Ұлы Жібек жолы бойындағы
қалалардың кӛп болғандығын айқындады. Қала құрылысы мен мәдениетінің
кешенді түрде зерттеліп айқындалғаны Отырар қаласы болды және ол қаланы
археологиялық зерттеу үлгісі ретінде ұсынылады.
Батыс Қазақстанның Жібек жолы бойы қалаларының ежелгі дәуірде,
ортағасырларда, әсіресе Алтын Орда кезеңінде Орталық Азия аумағындағы
қалалардың дәстүрлерімен етене жақын, ӛзара байланыста дамығандығы
оларды зерттеу барысында айқындалды. Жалпы алғанда Ұлы Жібек жолы
бойындағы қалалар тарихы туралы еңбектер ұзақ уақыт бойы батысшылдық
еңбектерде орын алып келген «кӛшпелілердің ӛркениетті дамуға бейім
еместігі» туралы пайымдауларына үлкен соққы бере отырып, оның
негізсіздігін, олардың отырықшылдыққа ғана емес дамыған қалалық мәдениетті
жасауға да қабылетті екендігін дәлелдеді.
Сонымен біздің бұл зерттеу жұмысымызда Ұлы Жібек жолы мен оның
бойындағы қалалар тарихын зерттеудің жалпы бағыты, негізгі мазмұны мен
басты тұжырымдар, кезеңдері мен бағыттары айқындалды. Тарихнамалық
деректерді талдаудың нәтижесінде мәселенің негізінен зерттелгендігіне кӛз
жеткізуге болады. Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларды зерттеу
түрлі кезеңдерде жүргізіліп, сәйкесінше ой-пікірлер мен тұжырымдар
түйінделді. Дегенмен де әлі де болса зерттелуге тиіс мынадай мәселелерді атап
кӛрсеткен жӛн. Олар:
- Ежелгі дәуірдегі «лазурит жолы», нефрит жолы», «дала жолы» «астық
жолы» тарихтарын зерттеу Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтарының
қалыптасуы мәселелерін айқындауға жол ашады деп ойлаймыз;
- Ұлы Жібек жолының қазақстандық тармақтары арнайы зерттелсе, оның
тарихы толыға, нақтылана түсер еді;
- Ұлы Жібек жолы бойы қалаларынан мәлімет беретін жазба деректер
толығымен анықталып, ғылыми айналымға ендірілмеген. «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы аясында сондай деректерді іздеп тауып,
деректанулық талдаудан ӛткізіп, зерттеушілердің пайдалануына ұсыну қажет;
- халықаралық
керуен жолдарындағы қалаларға қатысты шетел
тілдеріндегі тарихи және тарихнамалық деректердің мазмұнын айқындап,
маңызды фактілеріне баға беру ғылым үшін ӛзекті;
- Жібек жолы бойындағы Қазақстандық қалалардың кешенді тарихын
айғақтайтын ұжымдық зерттеулерді дайындау заманауи қажеттіліктердің
бірінен саналады. Мұның ӛзі бір жағынан қазақ жеріндегі материалдық және
144
рухани мәдениеттің тарихи ошақтарын жаһанға танытуға септессе, екінші
жағынан республикада туризмді де дамыуға үлес қосар еді;
- тарихнамалық талдау атап кӛрсеткендей, ғылымда кӛбінесе Жібек жолы
қалаларының орнын және ӛмір сүрген уақытын анықтауға назар аударылды.
Сол қалалардың шаруашылық, саяси, мәдени ӛмірі, сондай-ақ демографиялық
жай-күйін, әлеуметтік құрылымын, тұрғындарының құрамын, сәулет үлгілерін,
қайталанбас ерекшеліктерін терең зерттеу ежелгі және ортағасырлардағы
қазақ тарихын байытып, Қазақстан аумағындағы «кӛшпелілерде отырықшы
мәдениет болмаған» деген жаңсақ пікірге қарсы дәйекті күшейтер еді.
145
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Бернштам А.Н. Памятники старины Талаской долины. – Алматы, 1941. –
240 с.
2 Елеуов М. Шу мен Талас ӛңірлерінің ортағасырлық қалалары
(VІ-ХІІІғ. басы). – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 210 б.
3.Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы ӛркениеті. – Алматы, 2002. –
248 б.
4 Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алматы: Наука, 1972. – 217с.
5 Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалаларының энциклопедиясы. –
Алматы: Аруна, 2005. – 316 с.
6 БайпаковK.М., Сенигова Т.В., Чанг К. Средневековые города и
поселение Северо - Восточного Жетысу. – Алматы, 2005. – 188 с.
7 Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Раннесредневековая
архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути. –
Алматы: Ғылым, 2001. – 259 c.
8 Бернштам А.Н. Древний Отрар // Известия АН Каз ССР, серия
археологическая. – 1951. – Вып. 3, № 8. – С. 14.
9
Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего
Казахстана. – Алматы: Наука, 1950. – 189 с.
10
Ерзакович Л.Б. О позднесредневековом городище Аспара // Новое в
археологии Казахстана. – Алматы, 1969. – С. 17.
11
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. –Алматы:
Қазақ университеті, 2006. – 356 с.
12 Валиханов Чокан. Избранные произведения. – Алматы, 1958. – 273 с.
13 Пантусов Н.Н. Фергана по «Запискам султана Бабура» // Записки
ИРГО. – 1891. – № 2. – С. 26-47.
14 Пантусов Н.Н. Город Алмалык и Мазар Туглук-Тимур-хана
// Кауфманский сборник. – М., 1910. – С. 161-188.
15 Фишер Г.В. Озеро Балхаш и течение р. Или от выселка Илийского до ее
устья // Записки ЗСО РГО. – 1884. - Т. 6. – С. 3-21.
16 Абрамов Н.А. Алматы или укрепление с Верное с его окрестностями //
Записки РГО. – СПб., 1867. – Т.1. – С. 255-268.
17 Абрамов Н.А. Древнее укрепление при речке Чингильда // Тобольские
губернские ведомости. – 1867. – № 50. – С. 70-75.
18 Абрамов Н.А. Древние курганы и укрепления при в Семипалатинской
и Семиреченской областях // Известия РГО. – 1873. -Т.8, вып.1. – С. 59-63.
19 Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 г. –
СПб., 1870. – 39 с.
20 Иванов Л.Д. По вопросу некоторых туркестанских древностей //
Известия РГО. – СПб., 1886. - Т. 21. – С. 71-89.
21 Каллаур В.А. Древности в низовьях реки Талас // ПТКЛА. – 4. прот. №
2 от 13 марта 1899 г. – Ташкент, 1899.
22 Каллаур В.А. «Археологическая поездка по Аулие-Атинскому уезду»
//ПТКЛА. 2 прот. – Ташкент, 1897.
146
23 Каллаур В.А. «К истории г. Аулие-Ата» // ПТКЛА.- 8 прот. от
22.09.1903. – Ташкент, 1903.
24 Каллаур В.А. «Древние местности Аулие-атинского уезда на древнем
караванном пути на запад от Аулие – Ата» // ПТКЛА. Прот. №1 от 12.09.1904. –
Ташкент, 1904.
25 Каллаур В.А. «Поездка на Ахыр-Тас (Ахур-Таш, Таш-Акыр) и его
окресности» // ПТКЛА.- 10 прот. от 23.12.1905. – Ташкент, 1905. - №2.
26 Каллаур В.А. «Находка клада древних монет в г. Аулие-Ата» //
ПТКЛА. -12 прот. от 27.02.1907 г. – Ташкент, 1908. - №1.
27 Григорьев В. Об арабском путещественнике Х века, Абу-Долеф и
странствовании его по Средней Азии // Туркестанский сборник. – СПб., 1873. –
Т. 53. – С. 1-45.
28 Берг Л.С. Предварительный отчет об исследовании озера Балхаш летом
1903 года // Избр. тр. – М., 1960. – Т. 3. – С. 68-70.
29 Лыкошин Н. С. Очерк археологических изысканий в Туркестанском
крае до учреждения Туркестанского Кружка любителей археологии //
Среднеазиатский Вестник. – 1896 – № 6. –17 с.
30 Кларе А. К., Черкасова А. А. Древний Отрар и раскопки, произведения
в развалинах его 1904 // ПТКАА. – Ташкент, 1904. – С. 14.
31 Рычков П. История Оренбургская, по учереждению Оренбургской
губернии. – СПб., 1759. – 21 с.
32 Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. – СПб.: Общественная польза,
1867. – 231 с.
33 Бартольд В.В. Кульджа // Соч. - М., 1965. – Т. 3. – С. 470-471.
34 Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью 1893-
1894 гг // Соч. – М., 1966. – Т. 4. – С. 21-91.
35 Бартольд В.В. О христианстве в Туркестане в домонгольский период.
(По поводу Семиреченских надписей) // Записки Восточного отделения
Императорского русского археологического общества. –СПб., 1893. –Т. 8. –
Вып. 1-2. – С. 180-182.
36 Бернштам А.Н. Прошлое района Алма-Ата (Историко-археологический
очерк). – Алматы: АН Каз ССР, 1948. – 17 с.
37 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар
(Топография, стратиграфия, перспективы). – Алматы: Наука, 1972. – 215 с.
38 Байпаков К.М. Раннесредневековые города и поселения Семиречья
// Известия АН КазССР. Серия общ. наук. - 1966. – № 2. – С. 34- 45.
39 Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана
и Семиречья (ҮІ – начало ХШ в.). – Алматы: Наука, 1986. – 256 с.
40 Байпаков К.М. «Великий Шелковый путь»: культурные контакты в
прошлом и настоящем //
Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. – 1989.
– № 3. – 18 б.
41 Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962. – 96 с.
42 Неразик Е. К. К проблеме развития городов Хорезма // Культура и
искусство древнего Хорезма. – М.: Наука, 1975. – 272 с.
147
43 Васильев Л.С. Культурные и торговые связи ханьского Китая с
народами Центральной и Средней Азий // Вестник истории мировой культуры.
– М., 1958. – № 5. – С. 42-46.
44 Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам.
– Алматы: Наука, 1972. – 156 с.
45 Массон М. Е. Краткий очерк истории изучения Средней Азии в
археологическом отношении // Тр. САГУ. Археология Средней Азии. –
Ташкент, 1956. – Вып. LХХХІ, кн. 12. – Ст. 9.
46 Агеева Е.И. Керамика городов и поселений среднего течения Сыр-
Дарьи и Каратау // Известия АН КазССР. сер. арх. – 1949. – Вып. 2. – С. 100-
118.
47 Агеева Е.И. Краткие итоги работ археологических экспедиций
Института истории, археологии и этнографии 1953 года // Известия АН
КазССР. сер. ист. экон. филос. и права. – 1954. – Вып. 1. – С. 53-58.
48
Сенигова Т.Н. Керамика городища Туркестан из верхнего
строительного горизонта (ХҮІІ-ХҮІІІ вв.) // Археологические памятники
Казахстана. – Алматы, 1978. – С. 171-187.
49 Пацевич Г.И. Историческая топография городов и поселений юга
Казахстана ҮІІ –ХҮ вв. н.э. (по археол. данным): автореф. ... канд. ист. наук.-
М., 1954. – 15 с.
50
Зуев Ю.А. К вопросу о взаймоотношениях усуней и канцзюй с гуннами
и китаем во второй половине І в. до н.э. // Известия АН Каз ССР. сер. Ист.
Экон. Филос. и права. – 1957. – Вып. 2 (5). – 71 с.
51 Бурнашева Р.З. Отрар, Отрарский оазис и Южный Казахстан.
Нумизматические исследования по денежному делу южноказахстанских
городов ҮІІ-ХҮІІ вв. Научно-аналитический обзор. – Алматы, 1989. – 77 с.
52 Шәлекенов У.Х. Құм басқан қала. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
– 120 б.
53 Шәлекенов У.Х. Баласағұнның жұмбағы шешілді. – Алматы: Қазақ
университеті, 2004. – 93 б.
54 Байпаков К.М., Самашев З.С., Толеубаев А.Т. Археология Казахстана.
– Алматы: Ӛнер, 2006. – 256 с.
55 Байпақов К.М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. –Алматы:
Credo, 2005. – 202 б.
56 Байпақов К.М., Танабаева С.И., Сдыков М.Н. Батыс Қазақстанның
археологиялық қазыналары. Фотоальбом. – Алматы: Credo, 2001. – 160 с.
57 Байпақов К.М. Отырар алқабы. Фотоальбом. – Алматы: Баур, 2005. –
256 б.
58 Байтанаев Б.А. Древние города Южно-Казахстанской области на
Великом Шелковом пути // Кітаптану. Библиография. Мақалалар жинағы.
Құраст. К.Т. Қасымжанова, С.Т. Тұяқова. – Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы,
2008. – Б. 26-28.
59
Насыров Р.
По Великому шелковому пути. (Фотоальбом). – Алматы:
Крамдс-реклама, 1991. – 320 с.
148
60 Хошимов М. Великий Шелковый путь и Центральная Азия. –
Туркестан: Издательство МКТУ, 2005. – 284 с.
61 Самашев З, Григорьев Ф, Жумабекова Г. Древности Алматы. – Алматы,
2005. – 182 с.
62 Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город
Средней Азии. – М., 1973. – 287 с.
63 Результаты экспедиции полковника Ю.А.Сосновского для исследования
торгового пути в Китай // Туркестанский сборник. – СПб., 1876. – Т.151. – С.
84-87.
64 Древний торговый путь в Среднюю Азию // Туркестанские ведомости.
– 1870. – № 14. – С. 81-82.
65 Западный Туркестан в ҮП столетии, по описанию китайского
путещественника // Туркестанские ведомости. – 1889. – № 38-40. – 25 с.
66 Байпаков К.М. Тараз и средневековые города Таласской долины //
Проблемы древней и средневековой истории Казахстана // Материалы чтений
по творчеству М.Х. Дулати. – Алматы, 1999. – С. 22-37.
67 Байпаков К.М., Нортхедж А. Новые данные об Акырташе // Известия
Мн-АН РК. Сер. общ. наук. – 1997. – № 1. – С. 3-11.
68 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер
Жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы, 2002. – Т. 2. – 346 б.
69 Агеева Е. И., Пацевич Г. И. Из истории оседлых поселений и городов
Южного Казахстана // ТИИАЭ. Археология. – Алматы, 1958. – Т. 5. – 200 с.
70 Байпаков К. М., Кумеков Б. Е. Бартольд как историк и археолог
средневекового Казахстана // Изв. АН Каз ССР. сер. общ. наук. - 1976. – № 6. –
С. 84-87.
71 Отрар. Энциклопедия. – Алматы, 2005. – 345 с.
72 Арзютов Н.А. Отчет о раскопках, произведенных в 1937 г. На месте
развалин золотоордынского города Сарайчика // Известия АН КазССР.- 1949. –
Вып. 2. – 12 с.
73 Маргулан А.Х. Раскопки Сарайчика. Тезисы доклада на Всесоюзном
археологическом совещании в 1951 г. В г. Ленинграде // Архив ИА МН АН РК.
- 1953. - Инв. № 763А.– С.3.; Выписка из протокола заседание секции
археологии Средней Азии пленума института истории материальной культуры
АН СССР от 24 апреля 1951 г. Выступление С.С. Черникова по докладу А.Х.
Маргулана // Архив ИА МН АН РК. Инв. № 763а. – С. 8.
74 Агеева Е.И., Сенигова Т.Н., Пацевич Г.И. Археологические работы за
1950-1953 гг. // Архив ИА МН АН РК. - Опись. 2, дело № 24. – С. 11.
75 Самашев З., Кожаков Д., Талеев Д. Сарайчик: проблемы исследования
великого города // Проблемы изучения и сохраненеия исторического наследия.
– Алматы, 1998. – 35 с.
76 Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды и ее падение. – М., 1996. – 350
с.
77 Токтабаев А. Сарайшықтың аққу кӛлі // Егеменді Қазахстан. – 1998. –
22 март.
149
78 Абулгази Бахадур-хан. Родословное древо тюрков. – Москва-Ташкент-
Бишкек Достарыңызбен бөлісу: |