Әож 930 (574) Қолжазба құқығында


  1.2  Кеңестік кезеңдегі Ұлы Жібек жолы тарихының зерттелуі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 
33 
1.2  Кеңестік кезеңдегі Ұлы Жібек жолы тарихының зерттелуі  
Кеңес  үкіметінің  алғашқы  кезеңдегі,  дәлірек  айтқанда  1917  –  1920 
жылдардағы Орта Азиядағы археологиялық жұмыстар туралы мәселеге тоқтала 
келе А.Н. Бернштам: «Это был в общем послереволюционный «Бартольдовский 
период»  лишь  в  концу  20-х  и  в  начале  30-х  годов  начинаются  с  более 
совершенной  методикой  и  не  в  Мавераннахре,  но  и  за  его  предалами»,  -  деп 
жазған  екен.  Ол  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  ортағасырлық 
қалаларды  зерттеудің  кеңестік  кезеңнің  бірінші  сатысы  1917-1935  жылдар  деп 
кӛрсете  келе,    оны  1893  жылдан  басталған  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы 
археологиялық  зерттеудің  «бартольдтық  кезеңінің»  жалғасы  болды  деп 
есептейді.   
Ал  кӛрнекті  археолог  К.М.  Байпақов  кеңестік  кезеңнің  алғашқы 
жылдарындағы  археологиялық  зерттеулерде  археологияны  ұнатушылардың 
Түркістандық  үйірмесінің  ӛлкетанушылық  бағыты  одан  әрі  жалғаса  түскенін 
атап  кӛрсетеді.  Ол  Оңтүстік  Қазақстандағы  ортағасырлық  қала  мәдениетінің 
зерттелуін  ХVІ  ғасырдан  бастап  кеңестік  кезеңге  дейінгі  аралығын  екі  сатыға 
бӛледі.  Біріншісі  ХVІ  ғ.  –  1870  жылдар  аралығы  және  екіншісі    1870-1917 
жылдар  аралығы  деп  жазады.  Ал  кеңестік  кезеңді  тӛрт  сатыға  бӛледі.  Ол 
бойынша:  бірінші  саты  -  1917-1935  ж.ж; екінші  саты  -  1936-1945  ж.ж;  үшінші 
саты  -  1946-1959  ж.ж;  соңғы  тӛртінші  саты  -  1960  жылдан  бергі,  яғни  1991 
жылға дейінгі саты [2, 140 б.].  
Бірақ Ұлы Жібек жолы туралы мәселе біршама уақыт арнайы зерттелмеді. 
Тек  кейбір  зерттеушілердің  мақалаларында  жанама  түрде  сӛз  болып  қана 
отырды.  Мәселен,  А.Н.  Бернштамның    Орта  Азияның  орталығынан  тегі 
Ирандық  Соғды  тайпалары  б.з.  I  ғасырында  Жетісу  және  Талас  ӛңіріне 
келгенін,  олардың  бірте-бірте  Шығысқа  қарай  жылжып,  Тянь  -  Шань  арқылы 
Шығыс  Түркістанға  жетіп,  Қытай  қорғанына  барып  бірақ  тоқтағанын  жаза 
отырып, «Ұлы Жібек жолын» Қытайдан гӛрі Соғдылықтар кӛп пайдаланды деп 
атап ӛтеді.  
1957  жылы  Ю.А.  Зуевтың  «К  вопросу  о  взаймоотношениях  усуней  и 
канцзюй  с  гуннами  и  китаем  во  второй  половине  І  в.  до  н.э.»  атты  мақаласы 
жарық  кӛрді.  Онда  автор  үйсіндердің  астанасы  Шығу  қаласы  болғандығын, 
олардың  жалпы  жағдайын сипаттай  келе:  «Усуни  были  главной  политической 
силой  и  торговым  посредником  на  большом  расстоянии  Великого  Шелкового 
пути», - деп кӛрсетеді [50, 70 б.].  
1960 жылы Қазақстанның ерте және орта ғасырлық тарихы, соның ішінде 
қалалары  мен  сауда  жолдары  туралы  деректердің  жиынтығы  болған  және 
оларға  ғылыми  сипаттама  берілген  тамаша  ғылыми  жинақ  жарияланды  [82]. 
Онда  С.  Волиннің  құрастыруымен  Талас  ӛзені  аңғары  мен  оның  маңындағы 
аудандар  туралы  араб  деректеріндегі  мәліметтерден  үзінділер  берілген. 
Құрастырушы  географиялық  терминдердің  транскрипциясының  ӛзгеріп 
отырғанына,  әсіресе  ІХ  –  Х  ғ.ғ.  географтардың  қолжазбаларындағы  жер-су 
атауларының ӛте үлкен ӛзгерістермен жеткеніне ерекше назар аударады. Мұнда 
Талас ӛзені бойындағы қалалар мен елді мекендер, олардың кӛлемі, бір-бірінен 

 
34 
ара қашықтығы жӛнінде кӛптеген мәліметтер жинақталып, олар туралы жазған 
араб географтарының қысқаша ӛмірбаяндары берілген.  
Осы  жинақта  С.К.  Ибрагимовтың  Ибн  Рузбеханның  «Михман  –намеи 
Бухара»  атты  еңбегінің  Қазақстан  тарихы  бойынша  деректік  мәні  мен  маңызы 
туралы  мақаласы  жарияланған  [82,  141-157  б.].  Ол  ХҮ  –  ХҮІ  ғ.ғ.  Қазақстан 
тарихына  қатысы  бар  Орта  Азиялық  авторлардың  еңбектерінің  ішінде  Ибн 
Рузбеханның  «Михман-  намеи  Бухара»  атты  шығармасының  орны  ерекше 
екендігін  айта  отырып,  Ибн  Рузбеханның  ӛмір  жолына  қысқаша  тоқталады. 
Шейбани  Ханның  жанында  жүріп  барлық  кӛргендерін  жазып  отырған  оның 
еңбегінде аталған уақыттағы қазақтардың саяси жағдайы, тұрмысы туралы ғана 
емес  қалалары  сыртқы  саудасы  туралы  да  кӛптеген  мәліметтер  беретінін  
былайша  ерекшелейді:  «Михман  –  намеи  Бухара»  Рузбехана,  написанное  на 
персидском  языке,  является  пока  единственным  сочинением  средневековых 
авторов, знакомящим нас с бытом и хозяйством казахов в начале ХҮІ в. Вместе 
с  тем  в  его  записях  можно  встретить  не  менее  оригинальные  и  пока 
единственные  данные  о  внешнеторговых  связях  казахов  в  начале  ХҮІ  в.,  о 
состоянии  городов  Туркестан,  Сыгнак,  Сайрам  и  их  роли  в  политической  и 
экономической жизни кочевников и т.д.» [82, 142 б.]. 
Мұнымен  қатар    ХҮІ  ғасырдың  басындағы  қазақ  даласындағы  этникалық 
жағдай, билік үшін күрес туралы  жаза  келе: «По словам Рузбехана, крупными 
торговыми центрами между кочевой степью Казахстана и оседлыми  районами 
Средней Азии были города Ясса (Туркестан), Сыгнак и Сайрам»,  - десе, келесі 
бір  жерде:  «О  светущем  состоянии  присырдарьинских  городов  говорит  нам 
также  и  то,  что  в  описываемое  Рузбеханом  время  они  продолжали  быть 
крупными  торговыми  центрами.  Город  Сыгнак  в  начале  ХҮІ  в.  оставался 
«гаванью  Дешти-Кыпчака»,  куда  прибывали  товары  из  Поволжья, 
Мавреннахра, Кашгара, Хотана и Китая. «Город Ясса, где мазар Ахмеда Яссави, 
по  словам  Рузбехана,  обширный  и  покрытый  зеленью,  столица  области 
Туркестан  ...  Товары  и  драгоценные  вещи  прибывают  в  город  Яссу,  и  там 
происходит  купля  и  продажа  их.  Здесь  местопребывание  купцов  с  грузами 
разных стран и путещественников». Здесь сходятся дороги из Мавреаннахра  и 
Китая  [82,  220  б;  149,  156  б.].    Бұл  жерде  С.К.  Ибрагимов  Ибн  Рузбеханның 
деректеріне  сүйене  отырып,  ХҮІ  ғ.  басында  қазақ  қалаларына  жан-жақтан 
тауарлар  келіп  жатқан  ірі  сауда  орталықтары  болғандығын,  әсіресе  Түркістан 
ӛлкесінің  орталығы  болған  Яссыға  әртүрлі  елден  саудагерлер  мен  қатар 
саяхатшылардың  да  келіп  жататынын,  Муареннахр  мен  Қытай  сауда 
жолдарының  тоғысып  отыратынына  баса  кӛңіл  аударады.  Бұл  ежелден  келе 
жатқан Жібек жолының бір тармағының белгісі екендігі айқын. 
Автордың  ерекше  назар  аудартатын  тағы  бір  маңызды  тұжырымы  қазақ 
қалаларының  Мауреннахр,  Хорасан,  Иран  және  Әзірбайжан  қалаларынан 
байлығымен,  салтанатымен  ерекшеленетіндігі  туралы  тұжырымы.  Дәлірек 
айтқанда ол былай деп ашық кӛрсетеді: «В описываемое время города Сыгнак, 
Акрук, Ясса и Сайрам принадлежали шейбанидам...  
Все  вышеперешисленные  города,  по  словам  нашего  автора,  в  отличие  от 
городов  Мавреннахра,  Хоросана,  Ирана  и  Азербайджана  отличались  своим 

 
35 
богатством.  Вокруг  городов  были  расположены  пашни,  орашаемые  арыками, 
выведенными  из  Сыр-Дарьи»  [82,  156  б.].    Ӛкінішке  орай  зерттеушінің  бұл 
тұжырымы қазақстандық тарихнамада кӛп ескеріле бермейді, әсіресе  кӛпшілік 
қауым  мүлде  бейхабар  десе  де  болады.  Сондықтан  қазақ  қалаларының  ХҮІ  ғ. 
ӛзінде 
басқа 
кӛптеген 
аймақтар 
мен 
мемлекеттердегі 
қалалармен 
салыстырғанда  кӛптеген  артықшылықтарының  болғандығына  болашақ 
зерттеушілер  баса  назар  аударуы  қажет  және  ол  жӛнінде  кӛпшілік,  тіпті  басқа 
елдер  де  білуі  керек  деп  ойлаймыз.  Бұл  үшін  әрине  Жібек  жолы  мен  оның 
бойындағы  қалалар  жӛнінде  тарихи  тұрғыда  бірнеше  зерттеу  жүргізіп, 
жоғарыда  айтылған  сияқты,  әлі  де  ашылмай,  жазылмай  жатқан  қырларын 
айқындай түсу қажет. 
Дегенмен  қазақстандық  еңбектерде  әлі  де  болса  Ұлы  Жібек  жолына 
арналған,  сол  атаумен  шыққан  еңбек  бола  қоймады.  Тек  1973  жылы  Д. 
Досжановтың «Жібек жолы» атты тарихи романы жарық кӛрді. Жазушы бұған 
дейін  1967  жылы  жариялаған  «Құм  жұтқан  қалалар»  атты  кітапшасында 
Отырар, Сығанақ, Сайрам, Түркістан қалалары туралы жазған кітабында Жібек 
жолы  мен  оның  маңызы  жӛнінде  айта  кеткен  еді.  Тарихи  маңызы  аса  жоғары 
халықаралық керуен жолын жоқтаумен аяқталатын «Жібек жолы» атты тамаша 
әдеби шығарма сол кезеңдегі кӛпшіліктің ойын білдірсе және ғылыми ортаға ой 
тастаса керек.  
1977  жылы  жарық  кӛрген  Қазақ  Совет  энциклопедиясында  Ұлы  Жібек 
жолы  туралы  арнайы  мақала  жарияланған.  Онда  былайша  анықтама  берілген: 
«Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен жолдарының жалпы атауы, б.з.б. 2 ғ.-дан 16 
ғ-ға  дейін  Орта  Азия  арқылы  Қытайды  Алдыңғы  Азиямен  байланыстырды» 
[83]. Энциклопедияда Ұлы Жібек жолы б.з.б. 2 ғасырда Чжан Цяньның жасаған 
саяхаты  нәтижесінде  ашылды  деп  кӛрсетілген.  Ұлы  Жібек  жолы  Сианьнан 
Ланчжоу  арқылы  Дуньхуанға  апаратыны  айта  отырып,  бұл  жерден  оның  екі 
жол  торабына  бӛлінетінін  жазады  және  оны  былайша  сипаттайды:  «солтүстік 
жол  Тұрпан,  Қашғар,  Самархан,  Мервті,  Ферғана  алабын,  ал  оңтүстік  жол 
Хотан, Жаркент, Балх және Мервті басып ӛтіп, Памирдің тау жоталары арқылы 
Үндістанға, сондай-ақ Таяу Шығысқа апарады. Мервте оңтүстік және солтүстік 
жолдар  қосылып,  одан  әрі  батыстағы  «Ұ.  ж.  ж.»  Ниса,  Гекатомпил,  Экбатан, 
Бағдад  арқылы  Жерорта  теңізінің  шығыс  жағасындағы  порттарға,  Тир  мен 
Антиохияға  дейін  созылып  жатыр»  [83,  374  б.].  Бұл  жолдың  атауының  пайда 
болуы  экспорт  үшін  арнайы  дайындалған  және  Батыста  жоғары  бағаланған 
қытай  жібегінің  негізгі  сауда  тауары  болғандығымен  түсіндірілген.  Бұл 
шындық  еді.  Мұнда  Жібек  жолының  даму  кезеңдерін  кӛрсетуге  де  ұмтылыс 
жасалған. Онда 1-2 ғасырларда Ұлы Жібек жолы арқылы сауда-дипломатиялық 
байланыстың  мейлінші  дамығындығы  ерекшеленген.  Бірақ  жол  қатынасының 
қиындығының  Қытай  мен  Рим  арасындағы  тікелей  байланысқа  мүмкіндік 
бермеді  деп  те  кӛрсетіледі.  Ал  Ш  –  ҮІ  ғасырларда  Ұлы  Жібек  жолы  кӛбінесе 
«қажылар  жолы»  болғандығы,  ол  арқылы  будда  монахтарының  Қытай  мен 
Үндістан  аралығында  жүріп  отырғандығы  айтылады  да,  ҮП  –  Х  ғасырларда 
Ұлы  Жібек  жолының  халықаралық  маңызының  арта  түскені,  Қытайдың 
Византиямен  арабтармен  байланысының  дамығандығы  жазылады.  Ұлы  Жібек 

 
36 
жолы ХV ғасырда ӛз маңызын жоя бастағаны атап кӛрсетіледі және оның себебі 
теңіз  байланыстарының  дамуымен  байланыстырыла  түсіндіріледі.  Ұлы  Жібек 
жолының  ұзындығы  7  мың  километрден  асты  деп  кӛрсетіледі  де,  оның  Кіші 
Азия  мен  Орта  Азия  және  Қытай  халықтары  арасындағы  экономикалық  және 
мәдени  байланысты  дамытуда  ролінің  зор  болғандығы  жӛнінде  тұжырым 
жасалады.  
1986  жылы  белгілі  ғалым  К.М.  Байпақовтың  Оңтүстік  Қазақстан  мен 
Жетісудың ортағасырлық қалаларына арналған кӛлемді еңбегі жарық кӛрді [39, 
250  б.].  Еңбектің  сауда  мәселелеріне  арналған  тақырыпшасында  Жібек  жолы 
мен  оның  бойындағы  ірі  сауда  орталықтары,  Қазақстанның  жақын  және  орта 
Шығыспен сауда байланыстары жӛнінде баяндалады. Кӛрнекті ғалым: «В ІХ  – 
ХП  вв.  по-прежнему  активно  функционирует  Шелковый  путь,  связывающий 
Запад  и  Восток.  Но  теперь  от  него  отходят  многочисленные  ответвления, 
главным  образом  на  север,  к  кочевникам,  через  города,  расположенные  вдоль 
Сырдарьи,  Таласа,  Чу,  Или»,  -  деп  есептейді.  Кӛптеген  деректер  мен 
зерттеушілердің  мәліметтері  мен  тұжырымдарына  сүйене  отырып,  Жібек 
жолының  қазақстандық бӛлігінің  бағыттарын  сипаттайды.  Оларға  зер  салатын 
болсақ  Жібек  жолы  шынында  да  кӛптеген  тармақтарға  бӛліне  отырып  қазақ 
сахарасын  шиырлай  отырып,  сауда  керуендерін  тікпір-түкпіріне  апарып 
отырған  екен.  Мәселен,    Жібек  жолының  қазақстандық  бӛлігі  Газгирде 
басталып,  Испиджабқа,  Таразға,  одан  соң  Құланға,  одан  ары  қарай  Навакет, 
Баласағұн  және  Бедел  мен  Ақсу  асулары  арқылы  Шығыс  Түркістанға  кетті. 
Тараздан Беш-таш пен Кугарт асулары арқылы Ферғана жазығына, ал Адахкос 
пен  Дех-Нуджикес  қалалары  арқылы  қимақтарға  барды.  Ол  жерден  сауда 
жолдары  әрбір  үш  жыл  сайын  жібегі  бар  керуен  келіп  тұратын  Енесайдағы 
хакастарға жетіп жатты, - дейді зерттеуші. Бұдан соң, Керуеннің Испиджабтан 
шығып  Усбаникет,  Кердер,  Сығанақ  арқылы  Жаңакентке  бет  алатынын,  ал 
Усбаникет,  Кердер,  Сығанақтан  жол  Қаратаудың  солтүстік  беткейіндегі 
қалаларға – Баладж бен Созаққа, одан ары Бетбақдала арқылы Дешті-Қыпшаққа 
кетіп  жататынын,  Жаңакенттен  Сарысуға,  Ұлытау  бойына  және  Есіл 
жағалаулары  арқылы  Ертіс  даласына,  қимақтарға  баратын  жолдың  болғанын 
баяндаған.  Зерттеуші  Іле  жазығы  арқылы  ӛтетін  керуен  жолы  Х  ғасырда 
салынды деп есептейді. Мұнда Шу жазығынан Қордай, Қастек, Санташ асулары 
арқылы келгендігін жазады. Оңтүстік Іле жолы Есік қалашығы, Шелек арқылы 
Кегенге  және  одан  ары  Шығыс  Түркістанға  ӛтті.  Ал  Шелектен  келесі  бір 
тармағы Сүмбе қалашығына және одан ары Алмалыққа бағытталды. Солтүстік 
Іле  жолы  Жақсылық  қалашағына,  Тамғалы  Тас  аңғарына  Іледен  ӛтуге 
бағытталды.  Одан  соң  Екі-Оғыз  бен  Қойлық  (Қаялық)  арқылы  жол  Алакӛл 
бойымен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіс даласындағы қимақтарға жетті. 
Солтүстік  және  оңтүстік  жолдар  Шелектен  Борохудзирге  баратын,  Іледен 
ӛтетін  ӛткелі  бар  жолда  тоғысты  және  одан  ары  Кӛктал,  Үсек  және  Хоргос 
жазығы арқылы Алмалыққа шықты, - деп кӛрсетеді.  
К.М. Байпақов Қазақ даласының жекелеген аймақтарында маңызды орын 
алған ірі сауда орталықтарын былайша сипаттайды: Қазақстанның оңтүстігінде 
– Испиджаб, Кердер, Отырар және Жаңакент; оңтүстік-батысында – Тараз бен 

 
37 
Баласағұн,  солтүстік-шығыс  Жетісуда  –  Талғар  мен  Қойлық  (Қаялық).  Бұдан 
соң зерттеуші сауда орталығының үлгісі ретінде Испиджабқа тоқталады. Мұнда 
жабық  базарлар,  матамен  қоршалған  базарлар,  арнайы  орындары  бар  керуен-
сарайлар болды және оларда қызу сауда жүргізілді.  Испиджабтан саудагерлер 
Бағдатқа дейін тауарларымен барып жатты. 
Отырар  ойпаңындағы  басты  қала  Кедер  болды,  ондағы  қазба  барысында 
дүкендер ерекшеленетнін, ал Сырдария бойындағы  ірі сауда орталығы ретінде 
Жаңакентті айтуға болатынын жазған. Транзиттік сауданың ірі орталығы Тараз 
болып  қала  бергенін,  деректерде  оның  мұсылмандардың  түріктермен 
саудасының  орны,  саудагерлер  қаласы  ретінде  сипатталатындығы,  Тараз 
саудагерлдерінің 
Ифаханда 
колонияларының 
болғандығы, 
ал 
исфахандықтардың  Талас  жазығындағы  Шелджиде  тұрғандығы,  Жетісудан 
Тараз  арқылы  күміс  сыртқа  шығарылып  отырғандығы,  жазба  деректер  мен 
қорыту  пештері  табылған  қазба  мәліметтерінің  Шелджи,  Текабкет  және  Күл 
қалаларының  күміс  ӛндірісі  орталығы  болғандығын  айқындайтыны  кең  түрде 
баяндалады.  
Ал  Іле  жазығындағы    сауда  орталықтары  -  Талғар  мен  Қойлық  (Қаялық) 
болғандығын  атап  ӛте  келе,  бұл  қалалардың  халықаралық  сауда 
байланыстарындағы орнын Талғар қаласынан табылған заттар қоймасы арқылы 
айқындалатынын, онда Қытайда, Иранда жасалған заттардың табылғандығымен  
дәлелденетінін жазған. ІХ –ХШ ғ.ғ. қалалардың ӛз аймағымен саудасының кең 
түрде  дамығанын  баса  кӛрсете  келе,  алдымен  егіншілікті  аудандардан  астық, 
жеміс-жидек,  ет  келіп  жатса,  егіншілер  қаладан  қыш  бұйымдарын,  әйнек, 
зергерлік  және  сәндік  бұйымдар  алып  отырған,  сауданың  екі  жаққа  да  тиімді 
болған деп есептейді.  
Ал  кӛшпелі  әлемге  жақын  Сауран,  Жаңакент,  Дех-Нуджикес  сияқты 
қалаларда  сауда  жәрмеңкелік  сипатта  болғанын,  Дех-Нуджикес  арқылы  мал 
мен  мал  ӛнімдерінің  Испиджабқа  келіп  отыратынын  айтады.  Сауранды 
оғыздармен  сауданың  орталығы  деп  кӛрсетеді.  Ибн  Хаукальдың  және 
Бартольдтың  жазғандары  негізінде  оғыздардың  сондай-ақ  Баладж,  Берукет 
қалаларында  сауда  жасағанын  және  Жаңакент  арқылы  Хорезммен,  Еділ 
бойымен,  Хазарлармен  және  славяндармен  байланыс  орнатқанын  баяндайды. 
Қалардың  жылқыларды,  малды,  жүнді,  терілерді,  киізді,  сүт  ӛнімдерін  алып 
олтырғанын  жаза  отырып,  кейбір  қалалардың  сыртқа  белгілі  бір  тауар  түрін 
шығаруға маманданғанын нақты деректер негізінде жазған. Автордың есептеуі 
бойынша ІХ –ХП ғ.ғ. ақша-тауар қатынастарының артуымен байланысты тауар 
айырбасы  ығыстырылған.  Испиджаб,  Отырар  сияқты  қалалар  монеталар 
(теңгелер) шығарып отырған. Тек ХІ ғасырдың соңында күмістің  жетіспеуінен 
алтын  монеталар  кеңірек  таралып,  саудада  құн  эквиваленті  қызметін  атқара 
бастағанын дәлелдейді [39, 179 б.]. 
Осы еңбектегі Жібек жолы туралы мәлімдемелерден кейін ғылыми әлемде 
оған кең түрде назар аударыла бастағаны байқалады. Оның нақты кӛрінісі 1988 
жылы 30 қарашада Қазақ ССР Ғылым академиясының бірнеше институты мен 
ғылыми  мекемелері  қызметкерлерінің  қатысуымен  қоғамдық  ғылымдар 
бӛлімшесінің кеңейтілген мәжілісі ӛткізілді [84]. Онда К.М. Байпақов «Великий 

 
38 
Шелковый  путь:  культурные  контакты  в  прошлом  и  настоящем»  атты 
тақырыпта  негізгі  баяндама  жасады.  Бұл  баяндама  Қазақ  ССР  ҒА 
хабаршысының  осы  санында  жарияланған,  оған  алда  жеке  тоқталамыз.  Ал 
баяндама  негізінде  бірнеше  ғалым  сӛз  сӛйлеп  Ұлы  Жібек  жолы,  оның 
тармақтары, тарихи маңызы туралы мәселелерді кӛтерді.  
Б.Е. Кӛмеков Ұлы Жібек жолының VШ – ІХ ғасырларда әсіресе Орта Азия 
мен  Қазақстан  аумағында  белсенді  түрде  қызмет  еткенін,  халықаралық  сауда 
және  дипломатия  жолы  ретінде  мәдениеттің  таралуына,  сауданың  дамуына 
және қалалар мен елді мекендердің ӛрлеуіне тиімді ықпал еткенін ерекше атап 
ӛтті. Ұлы Жібек жолының басты даңғылының тек жақын маңдағы аудандар мен 
кӛрші облыстармен ғана емес, сондай-ақ алыстаға аймақтармен де байланысты 
болғанын  атап  ӛте  отырып,  қимақтарға  да  бірнеше  тармағының  жетіп 
отырғанын  мысал  ретінде  баяндайды.  Ол  араб  географы  әл-Идрисидің,  қимақ 
ханзадасы  Жаһан  ибн  Хакан  әл-Қимақидің  еңбектеріне  сүйене  отырып,  Жібек 
жолының  қимақтарға  баратын  тармақтарын  былайша  сипаттаған:  Тараз 
қаласынан  Ертістің  орта  бойындағы  қимақ  ханының  сарайына,  солтүстікке 
қарай Мойынқұм мен Бетпақдаладан ӛтіп, Орталық Қазақстан далалары арқылы 
солтүстік-шығысқа беттеп, Ертіске жететін болған. Сондай-ақ Тараздан шыққан 
сауда жолы шығыс бағытта, Жетісудағы Ыстық кӛл мен Балқаш кӛлдері арасын 
мекендеген,  қарлық  тайпаларының  кӛш  жолы  арқылы  да  созылып  жатқан. 
Мұнда жол Солтүстік-Іле даңғылымен қосылып, одан соң Тарбағатайға шығып, 
одан  ары  солтүстікке  тартып,  Ертіс  ӛзені  бойымен  қимақ  мемлекетінің 
орталығына  жеткен.  Ал  Х  ғасырдағы  Ферғананың  орталығы  Ақсикеттен 
солтүстік-шығыс  бағытқа,  Қарақол  асуына  бағытталып,  одан  Ұлы  Жібек 
жолына  шығып,  одан  ары  Шу  ӛзені  бойындағы  қарлық  билеушісінің 
астанасынан  Солтүстік-Іле  даңғылы  арқылы  Алакӛл  бойындағы  қимақ 
қаласына жетіп, одан солтүстікке беттеп, Ертістегі қимақ хақанының сарайына 
жеткен. Б.Е. Кӛмеков Ұлы Жібек жолы туралы айта отырып, осы кезеңде түрік 
тайпалары 
мен 
соғдылықтардың 
этнолингивистикалық 
синтезінің 
күшейгендігін,  сондай-ақ  аймақтың  этномәдени  қауымдастығының  кейбір 
белгілерінің қалыптасқандығын атап кӛрсетеді. Біздіңше осы соңғы  – маңызды 
тұжырым.  Ӛйткені  ол  түркі  халықтарының  бір-бірімен  байланысының  қайта 
жандануында Жібек жолы мен оның бойындағы сауда және мәдени және тағы 
басқа  байланыстардың  артуы  сӛз  жоқ  топтастырушы,  біріктіруші рӛл  атқарып 
отырды.  Міне  дәл  сол  байланыстар  түркілердің  тұтастана  отырып,  олардың 
мекенінің ауқымын да кеңейтуге ұмтылысын күшейтті деп ойлаймыз.   
Бұдан кейін сӛз алған С.М. Ақынжанов та ортағасырларда Дешті-Қыпшақ 
кеңістігіндегі  Ұлы  Жібек  жолының  басты  даңғылынан  Қазақстанның 
далаларын  Орта  Азия  оазистері  сияқты  екі  аймақтың  тығыз  экономикалық 
байланыстарының болғандығын дәлелдейін  бірнеше керуен жолдары  болды,- 
дей  отырып,  оларға  арнайы  назар  аудартады.  Зерттеуші  бірінші  жолды, 
Сырдарияның  тӛменгі  ағысы  бойынан  Батыс  Қазақстанға  және  Оңтүстік 
Оралдың  тауетегіне  барды  деп  есептейді.  Екінші,  негізгі,  орта  ғасырларда 
Сарысу  жолы  деп  аталған  жол    Фараб-Отырардан  шығып  Ақсүмбеге,  одан 
Сарысу  мен  Шу  арқылы  Қаракеңгірдің  Сарысуға  құяр  сағасына  жетіп,  оны 

 
39 
бойлай  отырып  Ұлытауға,  одан  Есіл  арқылы  Ертіс  жағалауына  шыққанын,  ал 
келесі,  үшінші  орта  ғасырларда  Ханажал  деп  аталған  жол  –  Тараздан 
солтүстікке  бағытталып,  Бетпақдала,  Атасу  арқылы  Дешті-Қыпшақ  даласына 
жеткендігін  сипаттайды.  С.М.  Ақынжанов  осындай  кӛп  сауда  жолдарының 
болуы  бұл  кезеңде  тығыз  шаруашылықтық  байланыстың  болғандығын 
айғақтайды деп тұжырымдаған.  
Ал  Р.Б.  Исмагилов  болса  қазақ  даласындағы  жолдар  мен  олардың 
бағыттарының  уақытын  тереңдете  түсуге  ұмтылыс  жасаған.  Ол  сақтардың 
батысқа  қоныс  ауларуының  екі  жолы  болды:  біріншісі,  оңтүстік  жол-  Алтай, 
Тарбағатай,  Тянь-Шань  және  Қаратау  бойымен  Орал-Каспий  дәлізіне  жетті. 
Мұнда  Орталық  және  Солтүстік  Қазақстан  арқылы  келетін  солтүстік  жол  да 
келіп тоғысты дей отырып, дәл осы жолдар арқылы кейіннен Шығыс пен Батыс 
арасындағы сауда операциялары да жасалып отырды деп тұжырымдай отырып, 
бұл  ойын  б.з.бұрынғы  ҮШ  –ҮП  ғасырларға  тән  Шілікті,  Ұйғарақ,  Тегіскен 
ескерткіштері  мен  Солтүстік  Қазақстандағы  жерлеу  орындары  мәліметтері 
арқылы дәлелдеуге тырысады.    
Мәдениет  қорының  қазақ  бӛлімшесі  тӛрағасының  орынбасары  С.Б. 
Құмарова мәдениет қоры жанынан құрамына Қазақ ССР ҒА ғалымдары, тарихи 
және  мәдени  ескерткіштерді  қорғаудың  Қазақ  қоғамының,  Интуристің, 
дизайнерлер  Одағының  ӛкілдері  кірген  Жібек  жолын  зерттеу  бойынша 
қоғамдық  кеңес  құрылғандығын,  таяуда  атқарылатын  міндеттердің  жоспары 
жасалып, «Жібек жолы Қазақстан арқылы ӛтеді» атты кӛрме ұйымдастырылып, 
бүкілодақтық ғылыми-тәжірибелік конференция ӛткізілетіндігін хабарлады.  
Қазақ  ССР  ҒА  Экономика  институтының  директоры  А.К.  Қошанов 
қазақстандық  тарих  пен  археологияның    дамуындағы  халықаралық 
бағдарламаның  маңызына  тоқтала  келіп,  бұл  тақырып  бойынша  ғылыми  және 
ғылыми-кӛпшіліктік  еңбектерді  дайындау  мәселелеріне  назар  аударды.  Қазақ 
ССР  ҒА  қоғамдық  ғылымдар  бӛлімшесінің  академик-хатшысы  Р.Б. 
Сүлейменовте  халықаралық  жобаның  маңызы  туралы  айта  келе,  сауда  жолы 
ӛтетін  барлық  республикалардың  археологтарының  бірлесуініңің  қажеттігін 
атап ӛтті.  
Тарих,  археология  және  этнография  институтының  директоры  М.Қ. 
Қозыбаев  кӛптеген  елдердің  ғылыми  және  мәдени  шеңберінің  халықаралық 
байланысы мен диалогының маңызына тоқталды.  
Қазақ  ССР  ҒА  вице-президенті  Ж.М.  Әбдилдин  Жібек  жолының  әртүрлі 
халықтардың ақпарат, мәдени ой, жетістіктер алмасып отыратын арна ретіндегі 
маңызына  баса  мән  берді.  Мәселе  кӛлеміндегі  зерттеу  жұмыстарының 
халықтарды 
жақындастырудағы, 
Қазақстанның 
ежелгі 
мәдениетімен 
таныстырудағы маңызы зор екендігі жӛнінде тұжырым жасалды. 
Енді  осы  мәжілісте  жасалған  К.М.  Байпақовтың  «Ұлы  Жібек  жолы: 
ӛткендегі  және  қазіргі  мәдени  байланыстар»  атты  баяндамасына  тоқталайық. 
Ғалым  ӛз  баяндамасын  1987  жылы  ЮНЕСКО-ның  Париже  ӛткен  Бас 
конференциясының  24  сессиясының  шешімі  бойынша  Ұлы  Жібек  жолын 
кешенді  түрде  зерттеу  жӛнінде  халықаралық  жобаны  іске  асырудың 
басталғанын, бұл бойынша Грек, Египет, Индонезия, Италия, Қытай, Монғолия, 

 
40 
Оман,  Португалия,  Шри-Ланка  мен  КСРО  бастамалары  негізінде  зерттеулер 
жүргізу    туралы  шешім  қабылданғанын  атап  ӛте  отырып  бастады.  Жалпы 
жобаның  ЮНЕСКО-ның  «Адамды  қоршаған  орта,  жер  мен  теңіз  ресурстары» 
және  «Мәдениет  және  болашақ»  атты  екі  ірі  бағдарламасы  бойынша 
орындалатынын,  іс-шаралардың  БҰҰ  шешімі  бойынша  Мәдениет  дамуының 
халықаралық  онжылдығының  басталуы  аясында    ӛткізілмек  болып  отырғанын 
айта кетті. Біздіңше Ұлы Жібек жолына берілген анықтамалардың ішінде К.М. 
Байпақовтың  мына  анықтамасы,  ауқымды  әрі  біршама  дұрыс  сияқты.  Оны 
сӛзбе-сӛз  келтірейік:  «Великий  Шелковый  путь  –  система  караванных  путей, 
пересекавших  Евразию  от  Средиземноморья  до  Китая  и  служивших  в  эпоху 
древности  и  средневековья  важным  каналом  осуществления  торговых  и 
культурных связей представителей этих регионов» [40, 18 б.].  
Бұдан  соң  аталған  жобаның  мән-мағынасына  тоқталады.  Бұл  мәселені 
баяндау  барысындағы  ғалымның  кӛптеген  ойларының  тұшымды  да  ауқымды 
екендігін  атап  ӛткеніміз  жӛн.  Мәселен,  ол  жобада  Шығыс  пен  Батыс 
халықтарының  арасындағы  адамзат  тарихындағы  бірінші  бейбіт  байланысты 
жан-жақты  зерттеу  міндетінің  қойылғанын,  оның  Жібек  жолы  ӛткен  елдер 
арасындағы ғылыми және мәдени ортаның диалогына, саяси жағдай қиындаған 
кезде  мемлекеттер  арасындағы  интелектуалдық  байланысты  орнатуға 
кӛмектесуі  керек  екендігін  айтады.  Бұл  жерде  Ұлы  Жібек  жолының  тарихи 
негізде  шыныменен  адамзат  тарихындағы  бірінші  бейбіт  байланыс  екендігі 
туралы  тұжырымы  тарихи  шындық.  Адамзат  тарихында  одан  кейін  де  мұндай 
ауқымды  бейбіт  байланыс  жолы  бола  алмады.  Басқа  байланыстардың  жолы 
негізінен  соғыс,  басқыншылық жолдары  ретінде  есте  қалды.  Бұдан  кейін  К.М. 
Байпақов  бес  жылға  жоспарланған  бұл  жобаның  екі  бағытта  дамитындығын, 
біріншіден  –  халықаралық  және  ұлттық  дәрежеде  ірі-ірі  пәнаралық  ғылыми 
зерттеулер  жүргізіп,  кездесулер  ӛткізу,  екіншіден,  зерттеліп  отырған  мәселеге 
әлемдік қауымдастықтың кең кӛлемдегі назарын аудару мақсатында бұқаралық 
ақпарат құралдарын, мемлекеттік емес ұйымдарды, оқымыстылар мен мәдениет 
қайраткерлерінің бірлестіктерін тарту мақсаттары қойылғанын жазады. 
Зерттеуші  бұдан  соң  Ұлы  Жібек  жолының  тарихы,  негізгі  даңғылдары, 
оның бойындағы  қалалар  туралы  мәселеге  кӛшеді.  Жібек  жолының  жекелеген 
тармақтарының ежелгі прототиптері туралы мәселеге келетін болсақ, - дейді ол, 
-  б.з.б.  Ш  –  П  мыңжылдықтарда-ақ  байланыс  пен  айырбас    басталған  еді. 
Олардың  Бадахшан  тауларында  лазурит,  Жәркендарияның  жоғары  ағысы 
бойында,  Хотан  ауданында  нефрит  ӛндірумен  байланысты  болғанын  , 
лазуриттің  Иран,  Месопатамия,  Анталия,  Египет  пен  Сирияға,  ал  І 
мыңжылдықтың  ортасынан  бастап  Қытайға    шығарылғандығын  жазған. 
«Лазурит  жолымен»  қатар  Орта  Азия  мен  Орталық  Шығысты  Жерорта 
теңізімен  және  Индиямен  байланыстырған,  сондай-ақ  Шығыс  Түркістанды 
Солтүстік  Қытаймен  жалғастырып  отырған  «нефрит  жолы»  да  болғандығын 
жекелеген зерттеушілер еңбектері негізінде баяндайды.  Б.з.б. І мыңжылдықта 
«дала  жолының»  болғандығын  айта  отырып,  оны  Геродоттың  жазғандары 
негізінде,  Дон  бойындағы  Қаратеңіз  жағалаулары  арқылы  Оңтүстік  Оралдағы  
савроматтар жерінен Орынборға, Ырғызға, одан Тобыл, Есіл мен қазіргі Семей 

 
41 
маңында  Ертіске,  ары  қарай  Алтайға,  Жоғарғы  Ертіс  пен  Зайсан  кӛлі 
бойындағы агриппилер еліне жетті. Бұл жол бойынша жібек, тері, бұлғын, иран 
кілемі  таратылды.  Белгілі  ғалым  баяндамасында  таяу  уақытқа  дейін  жібекті 
ойлап табу мен оны саудаға салу б.з.б. І мыңжылдыққа тән деп келінгенін, бірақ 
қытай археологтарының Чженьцянь провинциясындағы Тайху ӛзені маңындағы 
қазба  жұмыстарының  барысында  неолит  дәуіріне  тән  жібектен  жасалған  мата, 
белбеу және тоқыма жіп тапқанын, олардың уақыты б.з.бұрынғы 2750 жылдар 
шамасы  екендігін  айқындағанын  жазады.  Талдаулардың  осы  уақытта,  яғни 
бұдан  5  мың  жыл  бұрын  жібек  ӛндірудің  жоғары  дәрежеге  жеткендігін 
байқатады  дейді  және  қытай  жібегі  б.з.б.  VІ-V  ғ.ғ.  шет  елдерге,  соның  ішінде 
Батысқа  да  шығарыла  бастады  деп  тұжырымдайды.  Бұл  тұжырымын  б.з.б.  V 
ғасырға  тән  Алтайдағы  Пазырық    патшалық  қорғандардан  табылған  феникс 
кестеленген  жібектің,  Еуропаның  оңтүстік  және  батыс  аудандарындағы  б.з.б. 
VІ  –  V  ғасырларға  тән  жерлеу  орындарындарынан  табылған  жүннен  жасалған 
бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар арқылы дәлелдейді. Қымбат 
бағалы  жібектің  кең  таралуына  кӛшпелі  сақ-скиф  тайпалары  қатысты,  олар 
арқылы  бұл  тауар  Орталық  Азия  мен  Жерорта  теңізіне  жетті,  -  деген  ойы  да 
тарихи  шындықты  бейнелейді.  Автордың  ойынша  Ұлы  Жібек  жолы  б.з.б.  П 
ғасырдан  бастап,  тұрақты  сауда  және  дипломатиялық  жол  ретінде  қызмет  ете 
бастайды. Бұл тұжырымын ғалым Чжан Цяньның саяхаттарымен байланыстыра 
түсіндіреді. Б.з.б. П – V ғ.ғ. Чананнан шығып, Ланчжоу ауданында Хуанхеден 
ӛтіп, Нань Шаньның солтүстік етегімен Ұлы Қытай қорғанының батыс шетіне, 
«яшмалы  қақпа  бекінісіне»  жеткен  соң  Такла  Макан  шӛлінің  солтүстік  және 
оңтүстік  жақтарымен  Ұлы  Жібек  жолы  бірнеше  тармаққа  бӛлінеді.  Солтүстік 
бағыты - Хами, Тұрпан, Бесбалық, Шихо арқылы Іле ӛзені жазығына келетін, ал 
ортаңғы  жол  –  Чаочаннан  Қарашарға,  Ақсуға,  Қашқарға,  Ташрабат  немесе 
Бедел  асулары  арқылы  Ыстық  кӛлдің  оңтүстік  жағалауларына  келде,  үшінші, 
оңтүстік жол – Дунхуан, Хотан, Жаркент, Вахан, Балх арқылы ӛтті. Автор бұл 
кездегі әйгілі маршрут Қашқар арқылы Ферғанаға, одан ары Самарқант, Бұқара, 
Мерв арқылы Хамадан, Сирия, Жерорта теңізіне немесе Арал бойы, Қара теңіз  
далалары  арқылы  Еуропаға,  сондай-ақ,  Балх,  Герат  арқылы  Индияға  баратын 
жолдар болғандығын ерекшелеген. 
К.М. Байпақов бұл мақаласында ҮІ ғасырда Ұлы Жібек жолының Қашқар 
мен  Ферғана  маршрутының  қысқа  әрі  қолайлылығына  қарамастан  Жетісу  мен 
Оңтүстік  Қазақстан  арқылы  ӛтетін  бағыты    жандана  түсті  дей  отырып,  оның 
себептерін, бүкіл Орта Азия бойынша ӛтетін сауда жолдарын бақылап отырған 
түрік  қағанының  ордасының  Жетісуда  болуымен  және  ҮІ  ғасырда  Ферғанада 
ӛзара  қырқысулардың  болып  отыруымен  түсіндіреді.  Сӛйтіп,  ҮІ  –ХШ  ғ.ғ. 
елшілер мен сауда керуендерінің кӛпшілігі «қазақстандық» немесе «солтүстік» 
жолмен  ӛткенін  де  айтады.  Бұл  Ұлы  Жібек  жолының  Қазақ  жеріне  дейінгі 
тармақтары туралы қорытындылары еді. 
Бұдан  соң  зерттеуші  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанның  тарихына  ұлы 
Жібек жолының даму кезеңдерін ерекшелей отырып тоқталады. Б.з.б. ҮП – Ш 
ғ.ғ.  жоғары  мәдениетке  жеткен  сақтардың  Қытаймен,  Индиямен,  Таяу  және 
Орта  Шығыспен  айырбастық  байланыстарының  болғандығын,  ал  Үйсін  және 

 
42 
Қаңлы мемлекеттері жеріне,  б.з.б. І мыңжылдықтың бірінші жартысында Ұлы 
Жібек  жолы  жұмыс  істей  бастаған  кезде,  римдік  әйнек,  монета,  қытай  жібегі, 
айна, сырлы ыдыстар еуропалық ілгіштер, Ирандық кесілген тастар келгендігін 
баяндаған.  Ол  сондай-ақ,  осы  кезде  Шу,  Талас  және  Сырдария  бойында 
қалалық орталықтар  да  пайда  болды  дей  отырып,  оның мысалы  ретінде  Талас 
Алатауы,  Арыс  пен  Сырдария  жазықтарындағы  ондаған  осындай  елді 
мекендердің  табылуын  айтады.  ҮІ  ғ.  екінші жартысында  Жетісу  мен  Оңтүстік 
Қазақстанның Тынық мұхиттан Қара теңізге дейін алып жатқан кӛшпелілердің 
алып  мипериясы  -  Түрік  қағандығының  құрамына  енгендігін,  міне  осы  кезде 
Ұлы  Жібек  жолының  қазақстандық  бӛлігінің  жанданып,  Жетісу  мен  Оңтүстік 
Қазақстанда  қалалық  мәдениеттің  дамуында  маңызды  рӛл  атқарғанын  да  баса 
кӛрсетеді.  
К.М.  Байпақов  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  арқылы  ӛтетін  Ұлы  Жібек 
жолы  ХІҮ  ғасырға  дейін  жұмыс  істеді,  оның  соңғы  жандануы  моңғол 
империясының  астанасы  -  Қарақорымға  сауда  мен  дипломатиялық  ӛкілдер 
жиілеген  ХШ  ғ.  ортасына  сай  келеді,  ал  1424  жылы  Мин  әулетінің  ӛкілі 
император Юнле Қытайдың солтүстік-батыс шекарасын жабуға бұйрық береді, 
-  дейді.  Бұлардан  кейін  автор  қытай,  араб  деректерін  және  еуропалық  елшілер 
мен  миссионерлердің  жазбаларын  салыстыра  отырып,  Ұлы  Жібек  жолының 
қазақстандық тармақтарын сипаттауға кӛшеді.  
Ұлы  Жібек  жолының  Шаштан  шығып  Қазығұрт  арқылы  Тұрбат  пен 
Испиджабқа, Шарап, Будухкет, Тамтадж, Абардадж, Джувикат арқылы Таразға 
келіп,  одан  соң  Талас  бойымен  екігі  бӛлінетіні,  тӛмен  қарай  қимақтарға,  ал 
жоғары қарай Шельджи, Сұс, Текабкет арқылы Ферғанаға баратынын, сондай-
ақ,  Тараздан  Тӛменгі  Барсхан  арқылы  шығысқа  Құланға,  одан  Меркі,  Аспара, 
Нұзкент,  Қаражуан  баратынын  жазған.  Навкеттен  Суябқа,  одан  Ыстық  кӛл 
жағалауына  жетіп,  оңтүстік  торабы  Жоғарғы  Барсханға,  солтүстік  бағыты 
Ташрабат, Бедел асулары арқылы Қашғарға беттегенін дәлелдейді. Ол сонымен 
қатар,  Ұлы  Жібек  жолының  келесі  бір  тармағының  Санташ  асуы  арқылы  Іле 
жазығына  келгенін,  Үсек  пен  Хоргос  арқылы  Алмалыққа    жетіп,  Қытай  мен 
Шығыс  Түркістаннан  келетін  жолмен  түйісетінін,  бұл  тармақтың  әсіресе  Х  – 
ХШ  ғ.ғ.  белсенді  түрде  жұмыс  жасағанын  атап  ӛтеді.  Ал  Навакеттен  шыққан 
тармағының Бунжикет, Қастек асуы, Ұрун-Ардж (Ұзын Ағаш) таулары арқылы 
Қастек, Қаскелең, Алматы арқылы Талғарға  келгенін жазады. Автор Талғардан 
Ұлы  Жібек  жолының  тағы  екі  тармаққа  бӛлінгенін  кӛрсетеді.  Ол  бойынша, 
оңтүстік  бағыты,  Есікті,  Түрген,  Шелекке,  одан  Борохудзир  ауданында  Іледен 
ӛтіп  Алмалыққа  келіп,  Ыстық  кӛлден  келетін  жолмен  қосылатынын,  ал 
солтүстік  бағыт,  Талғардан  шығып  Іледен  Қапшағай  аңғары  арқылы  ӛтіп, 
Шеңгелді,  Алтын  Емел,  Кӛксу  арқылы  Екіоғызға,  одан  Қойлыққа  жетіп,  ары 
қарай Алакӛлді айнала жүріп, Жоңғар қақпасы арқылы Бешбалыққа, Турфанға 
немесе Семейге қарай кетеді дейді.  
К.М.  Байпақов  Ұлы  Жібек  жолының  маңызды  тармағының  Сырдария 
бойымен  ӛткенін  ерекшелеген.  Оның  бірнеше  тармағын  сипаттайды.  Қаратау 
асулары  арқылы  Жезқазғанға,  Орталық  Қазақстандағы  кӛшпелілерге, 
Отырардан  жоғары  қарай  Сүткент,  Шаш  қалаларына,  тӛмен  қарай,  Жент  пен 

 
43 
Жаңакентке,  одан  Қызылқұм  арқылы  Жайық  бойына,  Сарайшыққа,  Кавказ, 
Қырым,  Еуропаға  баратынын  жазады.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы 
ӛтетін  Ұлы  Жібек  жолының  тармақтарын  осылайша  баяндай  отырып,  ол 
бойынша тасылған тауарлар жібекпен қатар Рим, Византия, Индия, Иран, Араб 
елдерінен  сан  түрлі  тауарлардың  тасылғанын  атап  кӛрсеткен.  Олар  мирра, 
ладан, жасминді су, амбра, кардамон, женьшень, питонның ӛті, кілем, бояулар, 
минералды  шикізаттар,  алмаз,  яшма,  янтарь,  піл  сүйегі,  күмістің,  алтынның 
құймалары,  терілер,  садақ  пен  жебе,  қару-жарақтар  және  басқалар  дейді. 
Бұлармен  қатар  асыл  тұқымды  арғымақтар,  түйелер,  пілдер,  мүйізтұмсықтар, 
арыстандар, гепардтар, газелдер, қырғи мен қаршығалар, павлиндер, страустар 
мен  тотықұстар,  сонымен  бірге  мәдени  ӛсімдіктер,  жүзім,  шабдал,  қант  пен 
кӛкӛністер  тасылғанын  айтады.  Бұлармен  қатар,  Ұлы  Жібек  жолының  рухани 
мәдениет пен ӛнер тасымалы қызметіне назар аударады. Автор Орта Азия мен 
Түркістанның  музыканттары  мен  бишілерінің,  барабаншылары  мен 
акробаттарының,  музыкалық  ансамбльдерінің  қытайлық  император  сарайында 
ӛнер  кӛрсеткендігін,  әртүрлі  діни  бағыттардың  да  таралатын  жолы  болғанын 
жазады.  Соңында  Ұлы  Жібек  жолының  басты  мазмұны  елдерді,  халықтар  мен 
ӛркениеттерді  жақындастыру  мен  ӛзара  байыту  болды  деген  ауқымды 
тұжырым жасайды.  
1991  жылы  Ұлы  Жібек  жолы  туралы  әртүрлі  кӛлемдегі  бірнеше  еңбек 
жарық кӛрді. Солардың ішіндегі ғылыми кӛзқарастарды айқындауға мүмкіндік 
беретіндеріне  тоқталайық.  Алдымен  «Қазақстан  коммунисі»  журналының  аға 
редакторы Д. Сейсенов жүргізген әңгімеге тоқталайық. Бұл әңгіме «Ұлы Жібек 
жолы,  оның  ӛткені  мен  болашағы  хақында»  деп  аталады  [85].  Мақала  Ұлы 
Жібек  жолының  нашар  зерттеліп  келгендігі,  оның  сол  кездегі  маңызы, 
болашағы  туралы  қысқаша  кіріспемен  басталып,  белгілі  ғалымдар  мен  қоғам 
қайраткерлерінің  пікірлерін  сұрақ-жауап  түрінде  келтіріп  отырады.  Бірінші 
болып сӛз алған Ә. Кекілбаев: «Жібек жолы сонау ерте заманның ӛзінде ел мен 
елді, құрылық пен құрылықты байланыстыруға дәнекер болған шын мәнісіндегі 
ұлы  жол.  Сол  шақта  оның  мәні  кейінгі  Колумб  пен  Магелан  ашқан 
жаңалықтардан  кем  болған  жоқ»,-  деп  тұжырымдап,  ол  ойын    Ұлы  Жібек 
жолының  Азия  мен  Еуропаны  бір  емес,  бірнеше  ғасыр  бойы  жалғастырған 
үлкен  даңғыл  болғандығымен,  тек  сауда  ғана  емес,  дипломатия  мен  мәдени 
алмасулар  жолы  болғандығымен  және  қазіргі  ӛркениетке  ӛзіндік  үлес 
қосқандығымен дәлелдейді [ 85, 47 б.].   
Бұл  сұхбатта  біздің  тақырыбымыз  үшін  құнды  пікір  айтқан  белгілі 
археолог    К.  Акишев  болды.  Ол  Ұлы  Жібек  жолының  бастауы  б.з.д.  Ү-ІҮ  ғ.ғ. 
жатыр деп мәлімдеген. Ол кездегі жол Тарим ӛзені бойымен Памир, Бадахшан 
арқылы  Үндістан,  Иран,  Ирак  елдеріне  барды,  ал  П-І  ғ.ғ.  Ұлы  Жібек  жолы 
Ыстық кӛлді айналып ӛтіп, Баласағұн, Отырар, Ташкент арқылы ауған, парсы, 
үнді елдеріне жол тартты деп есептейді. Осы екінші бӛлігінің үш торабы болды 
деп  кӛрсетеді.  Оның  бірі  Ыстық  кӛлден  бұрылып,  Сымтас  асып,  Кегенге 
келетін,одан  Шелек,  Қаракемер,  Түрген,  Есік,  Талғар  арқылы  Алматыға 
тірелетін,  ал  келесі  торабы  –  Қорғастан  ӛтіп,  Жаркент,  Алтынемел  асуымен 
Сарыӛзекке, одан Арқарлы асуы арқылы Шеңгелдіге , одан Таңбалы тасқа келіп 

 
44 
Іле ӛзеніне тірелетін дейді де, ол жерде Іледен кӛпір салған секілді деп қызықты 
ой айтады. Ал үшінші торабы – Жоңғар қақпасынан ӛтіп, Талдықорған, Қойлық 
арқылы Шеңгелдідегі жолға тоғысқан деп есептейді.  Ал бұдан соң Ұлы Жібек 
жолы  Алматыдан  Тараз,  Испиджаб,  отырар,  Ташкент  және  Сыр  бойындағы 
қалалар  арқылы  Астраханды  басып  Еуропаға  баратынын  айтқан.  К.  Акишев 
сонымен  қатар,  тек  қытайдан  ғана  жібек  келіп  қана  отырмағандығын, 
Жетісудан  алтыннан,  қоладан  жасалған  заттар  толассыз    шығарылып 
отырғанын,  қытайлықтардың Жетісу арғымақтарын  «батыс  кереметі» деп атап 
қадырлеп, бағалап отырғанын да айтқан. 
Ал  жазушы,  Қазақ  КСР  Мемлекеттік  және  Джавахарлал  Неру  атындағы 
сыйлықтардың лауреаты, Қазақ КСР  халық депутаты Әнуар Әлімжанов: «Ұлы 
Жібек  жолы  туралы  күні  кешеге  дейін  еркін  сӛз  қозғай  алмай  келдік,-  дей 
отырып оған тіпті 1987 жылы республиканың сол кездегі бірінші басшысының  
қарсы  болғанын  дәлел  ретінде  келтіре  келе,-  Бір  сӛзбен  айтқанда  әуелде  бұл 
шіркінді  бастау  қиын  дегендей,  Ұлы  Жібек  жолы  туралы  әңгіме  міне  естіп 
отырғаныңыздай,  тіпті  бертінге  дейін  жабық  тақырып  болды»,  -  деп  атап 
кӛрсетеді [85, 49 б.]. Бұл шынында да тарихи шындық еді. Ұлы Жібек жолының 
кеңестік  кезеңдегі  тарихнамалық  деректері  аздау  болып  отырғаны  да  сол 
себепті екендігін айтуымыз қажет. Ә. Әлімжанов Ұлы Жібек жолына тек сауда 
жолы  деп  қараудың  дұрыс  еместігін,  оның  ғылым  мен  білім  таратқан,  әдеби 
шығармалардың  мазмұнын  таратқан,  қалалардың  гүлденуіне  ықпал  еткен 
жақтарын да зерттеудің, сӛз етудің маңызын да ерекшелей кӛрсетеді. 
1991  жылы  15-16  маусымда  Алматыда  «Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы 
кӛшпелі  және  отырықшы  мәдениеттердің  ӛзара  байланысы»  атты  тақырыпта 
ЮНЕСКО-ның халықаралық семинары ӛтті.  Бұл семинардағы баяндамалардың 
тезисі сол жылы жинақ ретінде жарық кӛрді [86]. Оның кіріспесінде ЮНЕСКО-
ның Бас  конференциясының  1987  жылғы  шешімі  бойынша  Ұлы  Жібек  жолын 
кешенді түрде зерттеудің халықаралық жобасының іске асырылып жатқандығы 
айтылады.  Сонымен  қатар  оның  ЮНЕСКО-ның  «Адамды  қоршаған  орта,  жер 
мен  теңіз  ресурстары»  және  «Мәдениет  және  болашақ»  атты  екі  ірі 
бағдарламасы  бойынша  жұмыс  істеп  отырғандығы,  іс-шаралардың  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымының  шешімі  негізінде  ӛтіп  жатқан  «Мәдениет  дамуының  Бүкіл 
дүниежүзілік онжылдығы» шеңберінде жүргізіліп отырғандығы атап ӛтілген.   
Жинақтағы  тақырыптардың  сан  қилы  болып  келуі  Ұлы  Жібек  жолы 
аясында  кӛптеген  мәселелерді  зерттеуге  болатынын  және  ондай  зерттеулердің 
қажеттігін  байқатты.  Жинақ  Б.В.  Андриановтың  Ұлы  Жібек  жолы 
даңғылындағы  археолого-мелиоративті  карта  жасау  туралы  тақырыппен 
басталады. Онда Ұлы Жібек  жолын зерттеу барысында әртүрлі деректерді кең 
түрде  пайдалану  қажеттігіне  баса  назар  аударылып,  қашықтықтан  зерттеу 
тәсіліне  –  аэрофото  және  ғарыштық  (космостық)  түсірулер,  олардың  маңызы 
мен  тәсілдері  арнайы  сӛз  етіледі.  Бұл  баяндама  тезисі  ежелгі  суландыру 
жүйелерінің  материалдық  мәдениет  ескерткіші  ретіндегі  тарихи  деректік 
маңызын ерекшелеуімен құнды болып табылады. Ӛкінішке орай біз әліде болса 
назар аудармай келеміз. әсіресе оның тарихи деректік мәніне кӛз жіберіп, кӛңіл 
аударар  болсақ  қазақ  тарихын  жаңа  деректермен  толықтыруға  болар  еді  деп 

 
45 
ойлаймыз. Самарқанд пен Мәскеудің А.А. Аскаров, Ю.Ф. Буряков, В.И. Гуляев, 
Э.В.  Сайко  сияқты  зерттеушілерінің  бірігіп  жасаған  «Город  в  системе 
взаймосвязей  обществ  оседлых  и  кочевых  культур»  атты  баяндамасында  Ұлы 
Жібек жолы бойындағы отырықшы және кӛшпелі мәдениеттің ӛзара байланысы 
мен ықпалы туралы мәселені зерттеудің маңыздылығын былайша ерекшелейді: 
«Постановка проблемы взаимодействия обществ оседлых и  кочевых культур  в 
рамках и в связи с проблемами Шелкового пути представляется продуктивной 
и  перспективной  уже  в  силу  того,  что  именно  в  обьективно  создавшейся  в 
результате  функционирования  последнего  зоне  (достаточно  широкой) 
обеспечивались  условия  наиболее  глубоких  и  широких  различного  рода 
обменных  контактов  и  формировалась  специфическая  ситуация  такого 
взаимодействия.  Это  во-первых,  в  значительной  степени  определяло 
особенности  исторического  развития  контактирующих  обществ,  во-вторых, 
безусловно,  оказывало  соответствующее  влияние  на  особенности  развития 
обменных отношений Шелкового пути» [86, 7 б.]. 
Жинақта  К.М.  Байпақовтың  екі  мақаласы  жарияланған.  Екеуі  де  Ұлы 
Жібек  жолы  тарихына  қатысты  маңызды  жаңалықтарды  сипаттауға  арналған. 
Алғашқысы  Қазақстандағы  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  археологиялық 
зерттеулер  туралы  мәселені  баяндайды.  Автор  онда  Қазақстанның 
ортағасырлық    қалаларын  зерттеудің  ХІХ  ғ.  60-жылдарында  басталғанын  П. 
Лерх  пен  В.  Бартольдтың  Сырдария,  Талас,  Шу,  Іле  бойындағы  ортағасырлық 
қалалар  туралы  жазба  мәліметтерді  ғылыми  айналымға  ендіре  бастағанын, 
кейін  бұл  істің  А.  Бернштам,  Ә.Қ.  Марғұлан,  Е.  Агеева,  Г.  Пацеевич,  К.А. 
Акышев,  К.М.  Байпақов  және  басқалардың  еңбектерінде  жалғасын  тауып, 
археологиялық қазбалардың жүргізілгендігін баяндайды. Бұдан соң 1988 жылы 
Қазақ ССР ҒА Тарих, археология және этнография институтында «Жібек жолы: 
кӛшпелі  және  отырықшы  ӛркениеттердің  ӛзара  байланысы»  тақырыбының 
бекітілгендігі,  сол  негізде  біршама  қазба  жұмыстарының  жүргізілгендігі  атап 
ӛтіліп,  Тараз  маңындағы  Қостӛбе,    сонымен  қатар  Құлан,  Талғар  қалаларынан 
табылған заттай деректер жӛнінде баяндайды. 
Зерттеуші 
О.И. 
Исмағұловтың 
«Великий 
Шелковый 
путь 
и 
этноантропологическая  ситуация  в  Евразии»  атты  баяндамасының  мазмұны 
тартымды. Ӛйткені мұнда алғаш рет Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың 
этникалық тегі, құрамы, дене бітімі мен бет-бейнесі, олардың ӛзара байланысы 
туралы  мәселелер  арнай  сӛз  болады.  Осынысымен  де  бұл  баяндама  құнды 
болып  отыр.  Зерттеуші  антрополог  О.И.  Исмағұлов  Ұлы  Жібек  жолының 
Евразия  тарихындағы  кӛшпелі  және  отырықшы  халықтардың  ғасырлар  бойғы 
мәдени дәстүрінің дамуында ең жарқын із қалдырғандығын, ӛздерінің гүлдену 
шағында евразия тайпаларының бұл теңдессіз сауда каналын Хуанхэ ӛзені мен 
Жерорта  теңізі  аралығындағы  әртүрлі  этностардың  шаруашылықтық-мәдени 
құндылықтар  саласындағы  интеграция  элементтерін  дамыту  үшін  кең  түрде 
пайдаланғандығын айта келе: «Именно в это время, т.е. в раннее средневековье, 
были  заложены  первые  контуры  региональных  этнических  образований, 
послуживших  важным  ядром  будущих  этнических  массивов  и  локальных 
рассовых  вариантов  среди  насельников  европейских  степей.  Историческое 

 
46 
развитие Шелкового пути не только совпало с мощными переломными этапами 
этнокультурных  процессов  многих  племен  Евразии,  но  и  их  динамика  в 
определенной  мере  синхронизировалась  в  исторической  судьбе  обширных 
кочевых  и  оседлых  племен  как  Центральной  Азии,  так  и  Восточной  Европы. 
Многие  аспекты  этноантропологического  взаимодействия  различных  племен 
отложились в геноме и фенооблике средневекового населения  контактных зон 
Евразии», - деп тұжырымдайды [86, 21 б.]. Автордың бұл тұжырымы біздіңше 
дұрыс. Дегенмен осы бағытта әлі де кӛптеген зерттеулер қажет деп есептейміз. 
Н.  Смаилов  ӛзінің  «Охрана  памятников  истории  и  культуры  на 
казахстанском участке «Великий Шелковый путь» атты баяндамасында тарихи 
және  мәдени  ескерткіштерді  қорғауға  арналған  халықаралық,  шетелдік  және 
қазақстандық  заңдар  мен  ережелерге  тоқтала  отырып,  Ұлы  Жібек  жолы 
бойындағы  археологиялық  және  архитектуралық  ескерткіштерді  сақтау  мен 
қорғау туралы баяндайды [86, 28-30 б.].  
Ленинградтық зерттеуші Ю.А.  Заднепровский «Усунь и кангюй на трассе 
Великого  Шелкового  пути»  атты  баяндамасын:  «В  пределах  крупнейших 
кочевых  государств  Усуннь  и  Кангюй,  занимавших  обширные  пространства 
Семиречья,  Тянь-шаня  и  Южного  Казахстана,  проходил  большой  участок 
Международного  торгового  пути  (в  далнейшем  ВШП).  Усунь  и  Кангюй 
(Канцзюй)  обладали  значительной  военной  силой  и  на  своей  территории 
контролировали  и  определяли  функционирование  ВШП»,  -  деп  бастайды  [86, 
35 б.]. Үйсін және қаңлы халықтарының Ұлы Жібек жолы бойынша Шығыс пен 
Батыстың  отырықшы  ӛркениеттерінің  мәдени  және  техникалық  жетістіктерін 
меңгеріп, ӛзінің бойындағы тарихи үрдістерде үлкен рӛл атқарды. Шығысында 
ғұндармен, 
оңтүстігінде 
Шығыс 
Түркістанмен, 
оңтүстік-батысында 
Ферғанамен, ал батысында Қаңлылармен шектесіп жатқан үйсіндер орасан зор 
аумақта  ӛмір  сүрді.  Осындай  үйсіндердің  қармағында  болған  Ұлы  Жібек 
жолының  тармағы  туралы  былай  деп  тұжырымдаған:  «Чтобы  уточнить 
представление о границах Усунь, обраим внимане на сведения Цянь - Ханьшу, 
что  усуни  находились  к  северу  от  Яньци  –  Карашара,  т.е.  крайние  восточные 
части  Тянь-шаня.  Следовательно,  под  контролем  усуней  была  большая  часть 
Северной дороги  в Западном крае (Вост. Туркестан), которая шла от  владения 
Чеши  Переднего  через  Карашар  до  Шулэ  (Кашгар).  Длина  торгового  пути  от 
Карашара  до  Кашгара  составляет  около  1200  км.  Более  того,  усуни,  как 
пологают,  распространили  свое  влияние  на  владения  Сюсюнь,  Цзюаньду  и 
Юйтоу, находившиеся к западу и к северу от Кашгара. Все они распологались 
на  трассе  или  в  непосредственной  близости  от  Алай  -  Каратегинской  части 
ВПШ. Таким образом, усуни расширили возможности своего влияния и на этой 
– Северной дороге» [86, 36 б.].  
Жинақтағы  тезистердің  тақырыбы  кӛп  болғанымен,  ӛкінішке  орай  кӛлемі 
ӛте  шағын.  Бұл  кейбір  мәселелер  бойынша  автордың  тұжырымын  айқындауға 
толық мүмкіндік  бере  бермейдтінін  байқадық.  Баяндамалар  толық  жарияланса 
дұрыс  болар  еді.  Дегенмен  кейбір  зерттеушілер  мәселе  кӛлеміндегі  ойларын 
кейініректегі еңбектерінде жазады. Сондықтан біз олардың тұжырымдарын сол 
еңбектері негізінде талдауды жӛн кӛрдік.   

 
47 
1991  жылы  біздің  зерттеуімізге  ӛз  үлесін  қосқан  «По  Великому 
Шелковому  пути»  атты  фотоальбом  жарияланды  [59,  138  б.].  Кітап  сӛз  жоқ 
кӛпшілікке,  ең  алдымен  жарнамалық  мақсатта  жазылған.  Мұнда  әртүрлі 
археологиялық 
заттардың, 
қалалардың 
орындарының, 
кесенелердің 
суреттерімен  қатар  екі  қатарлы,  бірі  кӛпшілікке  арналған  публисцистикалық 
бағыттағы екіншісі ғылыми зерттеулер  негізіндегі мәтін берілген.  Біріншісінің 
авторы  -  Р.  Насыров,  ал  қосымша  сияқты,  кішірек  жазумен  берілген  екінші 
ғылыми негіздегі мәтіннің авторы - К.М. Байпақов.  
Алдымен  кӛпшілікке  арналған,  негізгі  болып  есептелетін  мәтіндегі  ойлар 
мен  тұжырымдарға  тоқталайық.  Айта  кететін  бір  нәрсе  екі  мәтінде  де 
пайдаланылған  еңбектер  мен  деректерге  сілтеу  берілмеген.  Тек  кӛпшілікке 
арналған мәтіннің бас жағында бір ескерту ерекшеленген және онда аттар мен 
географиялық  атаулар  түпнұсқалық  деректегі  транскрипция  бойынша 
берілгендігі  кӛрсетілген.  «Керуен  жүрген  жерлермен»  деп  аталған  тақырып 
1355  жылы  флоренциядағы  бір  сауда  үйінің  қызметшісі  Барди  Франческо 
Пеголоттидің  сегіз  жылдан  кейін  еліне  оралып,  қожасының  тапсырмасы 
бойынша 
«Сауда  тәжрибесі, 
немесе  мәліметтері  барлық  елдердің 
саудагерлеріне  қажет  жерлер,  сауда  ӛлшемдері  және  басқа  заттар  туралы 
шығарма» атты еңбек жазғанын айта отырып, сол шығарма негізінде баяндауды 
бастайды. Бұл еңбекте Франческоның қыпшақ бекінісі Азақтан  (Азов) шығып, 
ноғай  бекінісі  Джутарханға  (Астрахан)  келіп,  одан  Жібек  Теңізімен  (Каспий) 
сегіз  күн жүзіп Жайыққа, одан Сарайшыққа  келгендігін жазғанына  тоқталады. 
Бұл  жолдың  әрине  ежелгі  Ұлы  Жібек  жолы  тармағы  екендігі  белгілі.  Бірақ 
біздің  тағы  бір  нәрсеге  назар  аударғымыз  келеді.  Ол  Азов  деп  жүргеніміздің 
Азақ, ал  Астрахан деп жүргеніміздің Джутархан екендігі. Бұл мәселені тарихи 
шындық  үшін  болашақ  зерттеушілердің  ескеріп,  нақтылап,  анықтағаны  дұрыс 
болар  еді.  Керуен  –сарайдан  екі  түйеге  жегілген  дӛңгелекті  жылы  баспана 
жалдап,  Отырарға  кӛктемде  келіп  жетеді.  Бұл  жерде  дӛңгелекті  баспананы 
тастап, мықты есектер жалдап, Алматау етегімен Армалекке (Құлжаға) жетеді. 
Іле ӛзенінен ӛтіп, Кассайға (Ханьчжоу), одан соң Гамелекке (Ханбалық, Бежін) 
келеді,  -  дейді  Р.  Насыров.  Ол  Ұлы  Жібек  жолы  атауы  Қытайдың  физикалық 
географиясы  мен  Азия  орографиясы  туралы  тамаша  еңбектердің  авторы 
Фердинанд  фон  Рихтгофеннің  (1833  –  1905  ж.ж.)  ұсынысы  бойынша  ХІХ 
ғасырда ғана айналымға енгендігін атап кӛрсетеді. Бұдан соң автор біраз тарихи 
шегініс жасайды. Жалпы мұндай шегіністер бірнеше жерде кездеседі. Шамасы 
бұл  кітаптың  негізгі  мақсаты  –  жарнамалық  болғанына  байланысты  болса 
керек.  Онда  (ескендір Зұлқарнайынның  (А.  Македондықтың)  б.з.б.  334  жылғы 
Азияға  жорығынан  бастап  сауда  жолының  жандана  түскендігі,  әсіресе  ҮШ  – 
ХП  ғ.ғ.  Қазақстан  мен  Орта  Азия  аумағынан  ӛтетін  Ұлы  Жібек  жолының 
гүлденгендігі туралы тұжырымдар жасайды.  Кӛңіл аударатын тағы бір мәселе 
Р.  Насыров  егерде  Азов  теңізі  жағалауынан  немесе  Каспийдің  шығысынан 
Алакӛл  кӛліне  қарай  жүк  жіберсе  ол  да  баяғы  жолмен  жүрер  еді  деген  ой 
айтады. Ол қазіргі темір жол мен автомагистралдар ежелгі Ұлы Жібек жолымен 
сәйкестігін  де  ерекше  атап  ӛтеді  де,  адамдар  ежелгі  уақыттарда  –ақ  ӛздеріне 
қолайлы жолдарды білген деп тұжырымдайды. Бұл  біздіңше дұрыс тұжырым. 

 
48 
Қазақстанның батысында бірнеше тармаққа бӛліне отырып, одан ары кететінін 
сипаттай келе, автор соған қарамастан  Кӛк (Арал) теңізіде оның бірігетіндігін, 
сӛйтіп,  Яксарт,  Шу,  Жеті  ӛзен  елі  арқылы  Жоңғар  қақпасына  жететінін 
баяндаған.  Оның  ойынша  Ұлы  Жібек  жолының  түріктік  бӛлігі  магистралды 
маңызға  ие  болған  және  ол  қалалардың,  сауда-қолӛнер  орталықтарының, 
керуен-сарайлардың пайда болып дамуында маңызды орын алды.  
Автордың  келесі  бір  пайдаланғаны  Кураш  ибн  Джафардың  «Китаб-ал-
харадж»  атты  мемлекеттік  басқару  мен  қаржы  мәселелеріне  арналған,  Х  ғ. 
ортасына  тән  еңбегі.  Шавғарға  дейін  созылатын  Қайрақ  тас  тауларынан 
Таразға,  одан  Құланға,  Меркіге,  Аспараға,  Суябқа,  Жоғарғы  Барсханға  одан 
Қашғарияға  баратын  жолды  сипаттаған.  Ол  Суябтан  Қашғарияның 
шекарасындағы Жоғарғы Барсханға дейін керуен он бес күн жүрсе, почта үш-ақ 
күн  жүретіндігі  туралы  мәліметіне  үлкен  назар  аударады.  Мұнысы  дұрыс-та. 
Джафардың  түріктердің  бұл  жолмен  байланысының  халықаралық  сипат 
алғандығы  жӛніндегі  пікіріне  сүйене  отырып,  ол  кезеңде  кең  кӛлемді  почта 
байланысы мыңдаған жылдан бері келе жатқандығы, түрік тілінің халықаралық 
байланыс  тілі  болғандығы  жӛнінде  тұжырым  жасайды  және  оны  мәмлюктер, 
Ұлы  Селджүктер,  Қараханидтер,  моғолдар  тарихы  негізінде  дәлелдеуге 
тырысады.  Ұлы  Жібек  жолы  бойында  Ақыртас,  Айша-Бибі,  Тараз,  Отырар, 
Яссы  сияқты  тамаша  тарихи  орындар  мен  қалалар  болғанына,  әсіресе  Тараз, 
Отырар, Яссы тарихына кеңірек тоқтала отырып сипаттама береді.  
Бұл  альбомдағы  К.М.  Байпақовтың  мәтіні  негізінен  оның  1988  жылғы  30 
қазандағы  Қазақ  ССР  ҒА-ның  Қоғамдық  ғылымдар  бюросы  мәжілісінде 
жасаған  баяндамасы  желісінде  жазылғаны  байқалады.    Оны  біз  жоғарыда 
кеңірек  талдап  ӛткенбіз.  Енді  тек  толықтырылған  жерлері  мен  жаңа 
тұжырымдарына  тоқталайық.  Басы  альбомның  мақсат-міндетіне  қарай 
бейімделген.  Ол  бұл  альбомнан  Қытай  мен  Еуропаның  арасын  жалғастырып 
жатқан  ежелгі  керуен  жолы  жүйесі  -  Ұлы  Жібек  жолы  туралы  кӛптеген 
қызықты  мәліметтер  алуға  болатындығы,  оның  бойындағы  қалалардың  
жойқын  соғыстарды,  қиратуларды,  ӛрттерді,  аштық  пен  жалаңаштықты 
басынан ӛткергенін, оның белгісі ретінде бүгінде қираған орындарының қалып 
отырғанын  сипаттаумен  бастайды.  Альбомнан  сол  кездегі  ірі  құрылыстарды, 
тамаша зергерлік ӛнер туындыларын, қыш пен фарфор бұйымдарды, сондай-ақ 
тамаша  табиғатты,  тарихтың  жаңа  беттерін  кӛруге  болатынын  жаза  отырып, 
Ұлы Жібек жолы бойымен саяхаттауға шақырады. Ұлы Жібек жолының ҮІ – Ү 
ғ.ғ.  жағдайы  туралы  айта  келе  сақтар  мен  скифтер  қымбат  бағалы  қытай 
жібегінің  Орталық  Азия  мен  Жерорта  теңізіне  жетуінде  маңызды  рӛл 
атқарғанын  атап  кӛрсеткен.  К.М.  Байпақов  бұрынғы  баяндамасында  негізінен 
Қазақстан  аумағындағы  Ұлы  Жібек  жолы  тармақтарына  кең  тоқталса.  Мына 
альбомда  оған  қосымша  Ұлы  Жібек  жолының  Орта  Азиядағы  тораптарына 
арнайы сипаттама берген. Ол Орта Азиядағы құрылықтық жолдың үш саламен: 
оңтүстік, орталық және солтүстік – жүргенін былайша кӛрсетеді.  
Оңтүстік жол Окстағы Амульден басталып үш бағытта жүргенін былайша 
кӛрсетеді:  Бұқара,  Қасан,  Керки,  Термез,  Бактры  арқылы;  Бұқара,  Самарқант, 

 
49 
Шахрисябз,  Керки,  Ақрабат  асуы,  Термез,  Бактры;  Бұқара,  Самарқант, 
Ұзынқыр, Даратепе, Будрач, Хантабадтепе, Термез, Бактры. 
Орталық  жол  Амульдан,  Найкенд,  Бұқара,  Самарқанд,  Дизак,  Заамин, 
Самгар,  Хаджистан,  Тұрмұқан,  Баб,  Ақсикет,  Ош,Үзгенд,  Қашқар  бағыты 
бойынша  жүргендігін  жазған.  Ал  үшінші,  солтүстік  жол  Амульдан  Бұқара, 
Димас,  Тававис,  Қарман,  Дабусия,  Рабинджан,  Зарман,  Самарқанд,  Абаркет, 
Рабад,  Саеду,  Харкан,  Дизак  арқылы  жүрген  деп  есептейді.  Бұрынғы 
баяндамасынан  тағы  бір  айырмашылығы  К.М.  Байпақов  бұл  албомда 
отырықшы және кӛшпелі ӛркениеттердің ӛзара байланысы мен ӛзара ықпалына 
баса  назар  аударған.  Тағы  бір  айырмашылығы,  Ұлы  Жібек  жолымен  әртүрлі 
тауарлар  тасылғанын  айта  келе,  сән  үлгілерінің  де  таралуына  ықпал  еткенін, 
соның  ішінде  қышты  әрлеуде  ақ  түстің  үстіне  кӛк  бояумен  әшекейлеген 
темірлік  стильдің  кең  таралғанын,  Қытайда  пайда  болған  бұл  стильдің  Иран, 
Түркие,  Орта  Азияда  ерекше  дамығанын  дәлелдейді.  Ол  сонымен  бірге,  орта 
ғасырлардың  басында  белгілі  бір  мәдениет  пен  мемлекеттіліктің  ӛзіндік  түрін 
бейнелейтін  Қытай,  Индия,Персия  мен  Византия  сияқты  ірі  әлемдік 
патшалықтардың  құрылғандығы  туралы  теорияның  ӛмір  сүргенін  атап  ӛтеді 
және  сол  кездері  әлемнің  тӛрт  бұрышына  сай  бай,  мықты  елдердің 
болғандығын  да  жазған.  Олар:  Оңтүстіктегі  Үндістан-  пілдер  патшалығы, 
батыста  Иран  мен  Византия  –  асыл  тастар  елдері,  солтүстіктегі  Түрік 
қағандығы  –  арғымақтар  елі,  шығыста  Қытай  –  адамдар  патшалығы  деп 
есептелген  дейді.  Осымен  байланысты  Самарқандтың  түбіндегі  Кушания 
қонысынан  табылған  ғимараттың  қабырғаларындағы  қытай  императоры,  түрік 
ханы  мен  үнді  брахманы,  парсы  патшасы  мен  рим  императоры  бейнеленген 
суреттерге тоқталады. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды қазу барысында 
экономикалық  қана  емес,  рухани  да  алмасулар  мен  араласудың  болғандығын 
дәлелдейтін  археологиялық  деректердің  табылып  жатқанын,  нақты  мысалдар 
бойынша жазады. 
Осылайша Ұлы Жібек жолы тарихын кеңестік кезеңде зерттеу мәселелерін 
қарастырдық.  Мәселенің  алдыңғы  уақытпен  салыстырғанда  әлдеқайда 
тереңірек  зерттелгеніне  кӛз  жеткізуге  болады.  Ғалымдар  Жібек  жолы 
қалаларында ӛмір сүрген халықтардың антропологиялық, этникалық белгілерін 
анықтау  мәселелерін  де  зерттеген.    Кеңестік  тарихшы-зерттеушілер  жазба 
деректер және археологиялық ескерткіштердің негізінде Ұлы Жібек жолы бойы 
қалаларының  әлемдік  ӛркениеттегі  рӛлін  кӛрсете  білді.  Халықаралық  керуен 
жолының  тек  сауда  қатынастарын  жандандырғанын  ғана  емес  кӛршілес 
елдердің  ӛзара  шаруашылық,  мәдени   байланыстарын  ӛрістеткендігі ғалымдар 
еңбектерінен  кӛрініс  тапқан.  Зерттеулерде  керуен  тасымалы  оның  бойындағы 
қалалар  тұрғындарының    ӛзара  ықпалдастықта  ӛмір  сүргендігіне  назар 
аударылды.  Мұның  ӛзі  ғылымда  Жібек  жолының  халықаралық  маңызын  аша 
түсті.  
 
 
 

 
50 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет