Әож 930 (574) Қолжазба құқығында


 Оңтүстік Қазақстандық Ұлы Жібек жолының қалалары жөніндегі



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#130
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.2 Оңтүстік Қазақстандық Ұлы Жібек жолының қалалары жөніндегі   
зерттеулер: мәселелері және бағыттары  
Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының  тарихнамасын  жазбас 
бұрын  алдымен,  мұнда  жүргізілген  археологиялық  зерттеулерге  шолу  жасап 
кеткен  жӛн  сияқты.  Себебі,  біріншіден,  қалалардың  зерттелу  тарихын  білмей, 
тарихнамасына  тоқтау  мүмкін  емес.  Екіншіден,  бұлай  жасау  арқылы  біз 
ӛңірдегі  қалаларда  жүргізілген  ізденістерді  бір  жүйеге  келтіреміз.  Сӛйтіп, 
мұнда атқарылған жұмыстарға тарихнамалық талдау жасай аламыз. 
1917 жылы азамат соғысы басталып Қазақстанның кӛптеген аймақтарында 
археологиялық  зерттеу  жұмысы  тоқтайды.  Кеңес  үкіметі  кезінде  басталған 
археологиялық  жұмыстардан  Оңтүстік  Қазақстанның  кейбір  жерлері,  оның 
ішінде Отырар ӛңірі тыс калады. Тек қана Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 
1946  жылы  Қазақ  ССР  ғылым  академиясы  құрылғаннан  кейін,  (Ш.  Уәлиханов 
атындағы Тарих, археология және этнография институты) 1947 жылы Оңтүстік 
Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  бұл  ӛңірдің  ескерткіштерін  зерттеуді 
қолға алады. 
Экспедицияға Ленинградтық ғалым А.Н. Бернштам  [124] жетекшілік етті. 
Экспедиция  құрамында  Е.И.  Агеева,  Г.И.  Пацевич,  Г.  Кушаев,  С.С.  Сорокин, 
Л.Я.  Маловицкая,  Г.Г.  Бабанская,  Н.С.  Куликова,  Л.Г.У.  студенті  Ю.А. 
Заднепровский және Шымкент обл. музейінің қызметкері В.Н. Никонов болды. 
Бірінші  кезеңде  негізінен  ескерткіштерге  барлау  жұмыстары  жүргізілді 
(топографиялық сызба, үстіңгі қабат керамикаларын жинастыру) [46, 112 б.]. 
Экспедицияның  зерттеу  жұмыстарының  бір  обьектісі  Отырар  оазисі 
болды.  Бірінші  жылы  оазистің  Пышақшы,  Алтын,  Құйрық  тӛбелер,  сонымен 
қатар,  Сырдарияның  сол  жағалауындағы  Оқсыз,  Артық-ата,  Қауған  ата  және 
Сумағар тӛбелері зерттелді. Қалалардың ӛмір сүру кезеңі скиф-сармат-монғол-
темірліктер заманы деп анықталды  [46, 135-142 б.]. 
Экспедиция  жұмысының  екінші  жылғы  қорытындылары  маңызды  болды. 
Бұл кезде 11 қорған тобы, 24 қалашық орны анықталып зерттелді. 1948 жылғы 
жұмыстардың  маңыздысы  Ақтӛбе,  Алтын  тау,  Тарса  тӛбелерге  қазба 
жұмыстары  жүргізілді.  Қазбадан  табылған  керамикалар  Сырдария  бойындағы 
қалалардың  керамикасымен  ұқсастығы  кӛп  болды.  Бұл  А.Н.  Бернштамға 
кангюи-қаратау мәдениеті туралы тұжырымдауға мүмкіндік берді [46, 59-99 б.]. 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы археологиялық зерттеудің сол кезеңдегі 
басты жетістіктерінің бірі тарихи шолудың жасалуы. Келесі  кезеңдерде ОҚАЭ 
барлау  маршруттарынан  басқа  Құйрық  тӛбе,  Кӛкмардан,  Алтын  тӛбе  және 

 
102 
Бӛріжар  мазараттарына  қазба  жұмысы  жүргізілді.  Атқарылған  жұмыстардың 
нәтижесінде  бұл  жерлерде  б.з.  алғашқы  ғасырларында  отырықшы  елді-
мекендердің болғанын, олардың санының VІІІ-Х ғ.ғ. азайғанын және ХІІІ-ХIV 
ғ.ғ. тіршіліктің Отырар маңында шоғырланғанын анықтады [ 125]. 
1949  жылы  экспедиция  Созақ,  Қаракӛншек,  Кӛк-мардан,  Жалпақ  тӛбе, 
Отырар,  Сығанақ,  Сүткент,  т.б.  ескерткіштерден  шыққан  113  керамика 
үлгілерін  Шымкент  музейіне  ӛткізді.  Экспедиция  6  жыл  ішінде  (1941  —  1951 
ж.ж.)  Оңтүстік  Қазақстан  жерінде  кең  түрде  барлау  жұмыстарын  жүргізді, 
шурфтар  салды,  қалашықтар  мен  мазараттардың  даталары  белгіленді.  Бұдан 
кейін  ОҚАЭ  жұмыстарына  Е.И.  Агеева  [47,  55  б.]  басшылық  жасады.  Бұл 
кезеңнің зерттеу жұмыстары Е.И. Агеева [125, 86-88 б.], Г.И. Пацевич [49, 10 б.], 
А.Г.  Масимовалардың  еңбектерінде  жарияланды.  Онда  Отырар,  Кӛк-мардан, 
Күйік  мардан  (Қоңыр  тӛбе),  Алтын,  Пышақшы  тӛбелермен  қатар  Қарақоңыр 
маңындағы  (Темір  ауылы),  Талтақай  қасындағы  бірнеше  қорымдарды 
анықтайды. 
1960 ж. Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары 
нәтижесінде  «Қазақстанның  археологиялық  картасы»  атты  кітап  шығарылды 
(кітап  құрастырушылар  Е.И.  Агеева,  К.А.  Акишев  жауапты  редактор,  Г.А. 
Кушаев, А.Г. Максимова, Т.Н. Сенигова) [126]. 
Жинақта  республиканың  басқа  ӛңірлерімен  бірге  Оңтүстік  Қазақстан 
қалалары  туралы  да  толымды  мәлімет  берілді.  Аталған  еңбектің  отандық 
тарихнама  үшін  маңызы  ӛте  зор  болды.  Енді  қалалардың  немесе  басқа 
кезеңдердің  нысандарын  зерттеушілер  ӛздеріне  қажетті  соңғы  мағлұматтарды 
ала  алатын  еді.  Оңтүстіктегі  әрбір  ескерткіш  осы  кітапта  тұңғыш  рет 
толыққанды тарихымен жазылып шықты. Қалаларды зерттеген экспедициялар, 
археологтар  мерзімдеген  уақыт,  алынған  негізгі  материалдар,  қалалардың 
аумағы,  шыққан  бұйымдар,  т.б.  проблемалар  осы  жинақта  сол  кезде-ақ 
айтылып  кеткен.  Қазіргі  уақытта,  археологиялық  зерттеулер  мейлінше 
дамығандығын  кітаптағы  ескерткіштер  санынан-ақ  кӛруге  болады.  Айталық, 
бұл кітапта Отырар ауданы бойынша 43 ескерткіш қана  белгіленген. Оның 15-і 
қалашық, 10-ы елді мекен, 1- керуен сарай, 9- қорған, 4- мола, 1- кӛмбе. Отырар 
(бұрынғы  Қызылқұм)  ауданына  қарасты  Шӛгірлі,  Тӛрткүл,  т.б.  бірнеше 
ескерткіш  аудан  Арыс,  Қызылқұм  ауданы  болып  екіге  бӛлінген  кезде  Арыс 
ауданының  жерінде  қалып  қойды.  Аталған  статистикалық  мәліметтер  осы 
уақыт  аралығында  біршама  кӛбейген.  Бүгінгі  күні  Отырар  ауданының  ӛзінен 
ғана 200-ден астам ескерткіштер анықталған [71, 248 б.]. Олардың жартысынан 
астамы қалалар мен қоныстар, кенттер болып табылады [127].  
Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  ХХ  ғасыр  50-60 
жылдарында республиканың оңтүстік аймақтарында елеулі жұмыстар атқарған 
болатын.  Бұл  экспедицияның  отрядтары  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларының 
біразында  стационарлық  жұмыстар  жүргізген.  Солардың  бірі  –  ортағасырлық 
Баба-Ата  қаласы.  Ол  облыс  аумағының  теріскейінде  орналасқан.  Ертеден-ақ, 
отырықшылық  мәдениеттің  ірі  ошағына  айналған  бұл  қаладан  құрылыс 
орындары,  махаллалар,  ғимараттар  аршылып,  қалалық  мәдениеттің  соны 
материалдары алынды [47, 75-82 б.]. Баба-Атаның ӛзіндік зерттелу тарихы бар. 

 
103 
Оны алғаш рет 1818 ж. Г.И. Спаский зерттеп, кейінгі орта ғасырларға жатқызды 
[128].  1948  жылы  зерттеу  жүргізген  Орталық  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) есебінен кейін оның мерзімі біршама 
кӛнеленді  [129].  Нақты  мәліметтер  Е.  Агеева  басқарған  археологиялық  отряд 
жұмысының  арқасында  алынды  [130].    Ескерткіштің цитаделінде,  шахристаны 
мен  рабадында  жүргізілген  қазба  жұмыстары  отандық  археологияның  жарқын 
беттерінің бірі болып табылады.   
1961  ж.  жаз  айында  Қазақстан  ғылым  академиясы  Отырар  қаласының 
орнына  үлкен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  жобалайды.  Бұл  жұмыс 
кейінге шегеріледі.  
1966  —  1967  жылы  Отырар  ӛңіріндегі  ескерткіштерді  зерттеумен  Жетісу 
археологиялық  экспедициясы  айналыса  бастайды.  Экспедиция  Бӛген  ӛзенінің 
тӛменгі  ағысындағы  Мергенбай,  Ақтӛбе  қалашықтарын  зерттеді.  Сонымен 
қатар,  1967  жылы  Сырдарияның  сол  жағалауындағы  Сумағар  қалашығында 
болады.  
Осы  жылы  (1966  ж.)  Отырар  ӛңірінің  Мәслихат,  Ақтӛбе,  Сумағар  т.б. 
ескерткіштерінде  зерттеу  жүргізген  Хорезм  археологиялық-этнографиялық 
экспедициясының құрамында Б.В. Андриянов пен Б.И. Вайнберг болды. Бұдан 
кейін Оңтүстік Қазақстанда оғыз қалаларының зерттелуі жаңа кезеңді басынан 
кешіре  бастады.  Оған  жоғарыда  аталған  экспедиция  кӛп  септігін  тигізді. 
Экспедиция  негізін  қалаған  –  С.П.  Толстов.  Бұл  экспедиция  Хорезм  маңынан 
басқа  Оңтүстік  Қызылқұм,  Солтүстік  Қарақұм,  Каспий  теңізі  маңы  мен  Арал 
ӛңірі,  Сырдария  тӛменгі  ағысы  сынды  кӛптеген  тарихи-мәдени  аймақтарда, 
жазираларда  кӛп  жұмыстар  атқарды.    Жұмыстардың  нәтижесінде  тарихи 
дамудың кезеңдері қайта қарастырылды. Әмудария мен Сырдария  бойындағы 
қалалардың сан алуан проблемалары жаңа қырынан ашылды [131]. Ежелгі оғыз 
қалаларындағы  халықтың  діни  наным-сенімдері,  қоныстар  мен  қалалардың 
дамуы,  жекелеген  аудандардағы  этноүрдістер,  т.б.  сауалдар  экспедиция 
мүшелерінің ғылыми ізденістерінде кеңінен ӛрбітілді [132].  
Кӛптеген  қалалардың  негізін  салуға  «Алты  Алаштың»  перзенттері 
қатысқан, олардың ішінде ежелден отырықшылық ӛмір сүрген оғыз тайпалары 
болған.  Олар  да  Қазақстан  аумағындағы  кӛпшілік  қалалардың  іргетасын 
қаласқан. Сондықтан оғыздардың қалаларынан деректер келтірейік. 
Түркілердің  басым  кӛпшілігі  отырықшы  болып,  ежелден  тұрақты 
мекендер  мен  қалалар  салғанын  дәлелдеп,  отырықшы  ӛркениеттің  негізін 
салғанын айқындайтын ғылымның әдеби бұлақтары жеткілікті. Б.з. V — VІІІ ғғ. 
түркі  халықтарының  этникалық  құрамын  тұжырымдап  айтатын  «Алты  Алаш» 
ұғымы  пайда  болып,  оған  тӛмендегі  тайпалар  кірген:  қыпшақ,  тоғыз-оғұз, 
басмыл,  қарлұқ,  түргеш,  отыз-оғұз.  «Алты  Алаш»  сӛзі  Білге  қаған  мәтінінің 
түсініктемесінде былай берілген: «Осы алтауы ғана. Осы алтауы Түркі тӛрінің 
(ӛкіметінің)  алтын  бағанасы.  Бұл  алтауы  бірлік,  ынтымақта  болса,  қағанат 
айбарлы,  каһарлы.  Алтауы  араз  болса,  қағанат  әлсіз.  Олар  түркі  қағанатының 
кӛк туының астына жиналғанға дейін ӛз-ӛзінің кағанаты болған» [133]. 
Бұл  пікірдің  негізі  бар  екенін  нақтылайтын  Білге  қаған  мәтінінде 
мынандай дерек бар: «Алты тақ иегерлері». Осы алты кіші хандықтың ордасын 

 
104 
не  деп  атағанын  іздестірдік.  Таңқаларлығы  соншалық,  кіші  ордаларды  М. 
Қашқари  «алачу»  (аlасu)  деп  атапты.  XI  ғасырға  дейін  халық  арасында 
қалыптасып, XI ғасырдың басында жазылған хатқа түскен атау. «Аlасu» — кіші 
орда...  Бұл  тарихи  дерек,  алты  үлкен  тайпалар  одағы  алты  кіші  хандық  құрып 
тұрған. 
Түркілер  қағанат  орталығын  Орда  деп  атаса,  хандықтардың  орталығын 
«алачу»  деп  атағаны  бізге  осылайша  белгілі  болды.  Олай  болса,  байырғы 
түркілердің  осы  алты  тайпасы  кейін  «Алты  Алаш»  атанып,  күні  бүгінге  дейін 
халық  жадында  сақталып  қалған.  Бұл  атау  Еуразия  құрлығындағы  ұлы  дала 
кӛшпелілерінің  ұранына  айналған,  бүкіл  бүтін  оғұз,  қыпшақ,  қарлұқ,  басмыл, 
он-оқ түркештердің кейінгі ұрпағы  — қазақ халқының ұранына айналған [133, 
202 б.]. 
«Алты  Алаш»  сӛзінің  семантикасы  түркілердің  аттары  аталған  алты 
тайпасының бірлескен ордасы деген пікір шындыққа келетін сияқты. Бұрынғы 
жарық  кӛрген  тарихи,  лингвистикалық  әдебиеттерде  «Алты  Алаш»  сӛзінің 
келіп  шығуына,  оның  семантикасына  әртүрлі  пікірлер  айтылғанмен,  оның 
ғылыми  анықтамасы  жеткіліксіз  болатын.  Енді  Орхон  ескерткіші  мен  М. 
Қашқаридың  қалдырған  деректерінің  шындыққа  жақын  екенін  байқауға 
болады.  Қазақ  халқының  арасында  «Алты  Алаш»  сӛзі  жиі  қолданылып 
жүргенімен, оның семантикасы мен пайда болуы туралы  түсінік жоқтың қасы, 
оны  әркім  ӛздерінше  түсіндіруге  ұмтылатын.  Сӛйтіп,  «Алты  Алаш»  дегенде, 
барлық  қандас,  тілдес  халықтардың  бірлігін  түсінеміз.  Кейін,  түркілердің 
бірлестігі  ыдырап,  ӛзара  енші  алысып  кеткенде,  оның  ортасында  мекендеген 
қазақтар түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған.  
XX  ғ.  қазақтың  кӛрнекті  ақыны  М.  Жұмабаев  түркілердің  тарихын  жетік 
білген, оның тарихына терең қараған. «Түркістан» атты шығармасында «Алаш» 
деген  сӛзді  бірнеше  жерде  келтіріп,  ертедегі  түркілердің  бәрін  алаштың 
ұрпақтары  деген,  Тұран  елі,  Амудария,  Сырдария  алаштардың  отаны  екеніне 
айрықша  кӛңіл  бӛліп,  бұл  жерде  бабаларымыз  қоныстары  және  молалары 
(бейіттері)  сақталғаны,  соның  куәгері  екенін  тілге  тиек  еткен.  Міне,  Тұран 
елінің  қақ  ортасында,  етек-жеңін  кӛтермей,  «қара  шаңырақ»  иесі  қазақ  халқы 
екенін мақтаныш етеді. Сондықтан да «Алты Аталы алаш» болған кездегі ірі-ірі 
тарихи  оқиғалар  қазақ  халқының  санасында,  ауыз  әдебиетінде  мықты 
сақталғандықтан,  алаш  сӛзін  тұрмыста  жиі-жиі  қолданады.  Енді  оның 
семантикасын  білуге  қол  жеткіздік.  ұлы  жеңілмейтін  құдіретті  күш  екенін 
баяндаған. Бұл тұжырым тарихтың барлық кезеңдерінде де ӛзекті мәселе. Міне, 
осы  Білге  қаған  кезінде  барлық  түркі  тайпалары  бірігіп,  «Алты  Алаш»  деген 
канатты ұғымға қол жеткізген болуы тиіс. 
Осындай  «Алты  Алашқа»  біріккен  тайпалар,  Орталық  Азияны  түгел, 
Солтүстік Кавказ, Қара теңіздің солтүстік жағасына дейін мекендеген түркілер 
шетінен  кӛшпелі  болмай,  отырықшылыққа  жарамды  жерлерде  тұрақты 
мекендер  мен  қалалар  салған.  Олардың  ертедегі  қоныстарын  археологтар 
жылма-жыл ашып жатыр. Солардың ішінде, ӛзендер мен кӛлдердің, теңіздердің 
алқаптарын жайлаған кӛп санды оғыз тайпалары. Енді, сол тайпалардың салған 
қалаларына қысқаша тоқталайық. 

 
105 
Жалпы  түркілердің  ӛркениетті  мәдениетінің  зор  болуы,  ол  да  болса 
отырықшы,  жартылай  отырықшы  және  кӛшпелі  шаруашылықтардың 
қосындысының (синтезінің) нәтижесі деген кӛзқарастамыз. Ӛте бай, кең-байтақ 
ӛлкені (регионды) мекен еткен түркілер, ерте заманнан бастап-ақ, ӛз Отанының 
табиғи-жағырафиялык 
ерекшеліктеріне 
икемделіп 
ӛмір 
сүрген. 
Отырықшылыққа  жарамды  жерлерде  тұрақты  баспаналар  мен  қалалар, 
бекіністер салып, оларды ӛздерінің заттай, рухани мәдениеттерінің орталығына 
айналдырған.  Жартылай  шӛлді  аймақта  отырықшылық,  кӛшпелі  тұрмыс 
кешірген. Шӛлейттік жерлерде кӛшіп-қонып, тӛрт түлік малды ӛсірген. Каспий, 
Арал  сияқты  теңіздер  мен  кӛлдерде,  ӛзендерде  балық  аулаған.  Аталған  кӛп 
салалы  шаруашылықтың  түрлерімен  айналысушылар  ӛзара,  ұдайы  қарым-
қатынас  жасап,  ӛздерінің  ӛнімдерімен,  рухани  байлығымен  алмасып  отырған. 
Осындай  кешенді  шаруашылықтардың  негізінде  ӛркениетті  мәдениеттің 
іргетасын  қалап,  оны  ұдайы  дамытқан.  Оның  үстіне,  түркілер  шығыстағы 
кӛршісі Қытай, оңтүстіктегі Үнді, батыстағы Алдыңғы Азия, Еуропа елдерімен 
үздіксіз  қарым-қатынас  жасаған.  Міне,  осындай  жағдайда  түркілер  ӛз 
мәдениетін ӛркениетті дәрежеге жеткізген. Оның орталығы түркі, қалалары мен 
отырықшы мекендері болған. 
Ертедегі  ортағасырда  Орталық  Азияда  тұрақты  мекендер  мен  қалаларды 
салған  түркі тайпаларының  бірі  —  оғыздар.  «Оғыздар  (араб  және  парсыша  — 
гүз,  ғузз;  ежелгі  түрікше  —  оғуз;  қазақша  —  оғыз)  —  ертедегі  ортағасырда 
Орталық және Орта Азияда ӛмір сүрген түркі тілдес тайпалар» [134]. Олардың 
тайпа  екенін  қазіргі  Түркияның  ғалымдары  да  мойындайды:  «Оғыз»  сӛзінің 
мағынасына  қатысты  түрлі  пікірлер  айтылады.  «Оғыз»  сӛзі  түркі  тілінде  сол 
кезде  «тайпа»  мағынасына  келетін  «оқ»  сӛзіне  түрікшедегі  «з»  кӛптік 
жалғауының  жалғануы  арқылы  жасалып  (ок+из),  «тайпалар»  дегенді  білдіреді» 
[135]. 
XI  ғ.  жасаған  әйгілі  түркі  ғұламасы  Махмұт  Қашқари  түркі  тайпаларын 
мейлінше  аралап,  деректер  жиып,  ӛзінің  мәңгілік  мұрасы  етіп,  кейінгі 
ұрпақтарға  қалдырған  «Түрік  сӛздігі»  атты  еңбегінде:  «Оғұз:  оғыз.  Түрік 
тайпаларының  бірі.  Оғыздар  —  түркмендер.  Олар  жиырма  екі  ұрық;  әрбірінің 
айырым-белгілері мен малға басатын таңбалары бар. Руларды, бір-бірінің малын 
сол таңбаларға қарап таниды. 
Бұл ұлыстардың тегін білуге адамдардың ынта-ықтияры болғандығы үшін 
мен оларды бір-бірлеп жазып шықтым. Бұл таңбалар ат, мүлік пен малдарының 
белгілері... 
Бұлар негізгі тайпалар. Олардың әрқайсысының аймақтары бар. Қысқарту 
үшін оларды жазбадым...» [136, 85-87 б.] –  дейді. 
Келтірілген үзіндіде, М. Қашқари оғыздардың тайпа екенін нақтылы, ашық 
айтуымен қатар, олар түркілердің ішіндегі негізгі тайпалар деп айтуында үлкен 
мән  бар  екенін  меңзейді.  Соған  қарағанда,  оғыздар  саны  және  жайласқан 
аймақтары  жағынан  да  кӛп  кӛлемге  таралған,  ӛскен  түркілердің  басты 
тайпалары  екенін  байқаймыз.  Тілекке  қарсы,  олардың  жайласқан  аймақтарын 
әдейі  кӛрсетпегенін  баяндаған.  Егерде,  оны  жазып  қалдырғанда,  оғыздар 
туралы мағлұмат молырақ болар еді. 

 
106 
Бізге  белгілі  тарихи  деректерге  қарағанда,  оғыздар  Ыстықкӛл,  Сырдария, 
Шығыс  Түркістан  аймақтарын  мекендеген  кӛрінеді.  М.  Қашқарида:  «Окуз: 
Жайхун  мен  Фират  (Еврат)  секілді  үлкен  дарияларға  берілген  ат.  Бұл  сӛз 
жалғыз  қолданғанда  оғыздарша  Веnеgіt::  Бенегіт-Бенегит»  дариясы  деген 
ұғымды білдіреді. Олардың шаһарлары сол ӛзеннің жағалауларына орналасқан; 
олардың  кӛшпенділері  де  сол  дария  жағалауларында  тіршілік  етеді.  Түрік 
ӛлкелерінің басқа бірталай ӛзендері мен ӛлкелері де «Ӛкүz-Ӛкүз» деп сол атты 
алған, солай аталады. «Ілә: IIа-Іле» мен «Lаfыnш: Иафынш-Иафынш» арасында 
орналасқан бір қала да «Lкі ӛдүz: Ики ӛгүз - Екі ӛгіз» деп аталады. 
Ӛгүз:  ӛгіз.  Мақалда  былай  айтылады:  «Ӛгіздің  аяғы  болғанша,  бұзаудың 
басы  болса  игі».  Бұл  мақал  «басқаға  жүгінді  болғаннан,  бас-басына  болған 
артық» [136, 87-88 б.]. 
Ұлы  ғұламаның  еңбегінен  келтірілген  деректерге  қарағанда,  оғыз 
тайпалары  Орталық  Азиядағы  үлкенді-кішілі  ӛзендердің  (дариялардың) 
алқаптарында  жайласып,  ол  су  жүйелерін  ӛздерінің  этникалық  атымен  жалпы 
Ӛкүз  (ӛғіз)  деп  аталған.  Үлкен  дарияларға  жекелеп  Бенегит  деген  ат  берген. 
Соған  қарағанда,  үлкен  аймақтағы  ӛзендер  мен  ӛлкелерді  оғыздар  ӛзара 
бӛлшектеп  орналасқанын  байқаймыз.  Бұл  жерде  автор  Жетісудың  ең  үлкен 
ӛзені  болған  Ілені  де  атайды.  Сӛйтіп,  оғыздар  Сырдария,  Шу,  Талас,  Жетісу, 
Ертіс  аймақтарын  мекендеп  қана  қоймай,  олар  Шығыс  Түркістандағы  Тула-
Селенга ӛзендерінің ӛңірінде ӛзінің қағанатын 630 жылдары құрғаны айтылады 
[135,  73  б.].  Бұл  пікір  М.  Қашқаридың  айтқанына  тура  келеді:  «Рум  жерінен 
Шынға  (Қытайға)  дейін  тіршілік  ететін  оғыздар  мен  кӛшпелілер  бірқатар 
сӛздерді жеңілдетіп айту үшін іс-әрекеттің ұластылығын білдіретін «Ғ» мен «Г» 
әріптерін  түсіріп  айтады»  [136,  584  б.].  Бұл  жерде  де,  автор  оғыздардың 
Византиядан Қытайға дейінгі  жерлерде  жайлайтынын баяндайды. М. Қашқари 
«Шігіл»  деген  сӛздің  мағынасына  тоқтап,  Шігіл  түркілердің  үш  аймағының 
атауы  екенін  айтады:  Барсғанның,  Талас  қаласының,  Қашқар  ӛңірлерін 
жайлайтын  түркі  тайпасының.  Олар  оғыздармен  тату  тұрмағанына  тоқталып: 
«Оғыздар  да  сол  тӛңіректегі  жерлерде  тіршілік  еткен  және  шігілдермен  үнемі 
қақтығысып,  соғысып  отырған,  олардың  арасындағы  алауыз  жаулық  бүгінгі 
күнге дейін сақталып келеді» [136, 452 б.] – деген. 
Бұл  дерек  бойынша,  шігілі,  оғыз  тайпалары  Ферғана,  Ыстық-кӛл, 
Сырдария, Шығыс Түркістан жерлерін мекендеген кӛп санды этникалық топтар. 
Олардың басым кӛпшілігі отырықшылық ӛмір сүріп, егіншілікпен айналысқан. 
М.  Қашқаридың  айтуына  сүйенсек,  әсіресе,  оғыздардың  кӛпшілігі  тұрақты 
мекендер мен қалалар салған.  
Ұзақ  жылдар  бойына  тарих  ғылымында  үстемдік  еткен  түркілер  туралы 
айтылған  евроцентристердің  пікірлерінің  жалған  екенін  жазба  және 
археологиялық  зерттеулер  әшкерелейді.  Түркілер  ежелден  шетінен  кӛшпелі 
болмаған.  Олардың  отырықшы  мәдениетінің  орталықтары  болған  үлкенді-
кішілі  қалаларды,  тұрақты  мекендерді  ӛздері  ерте  заманнан  бастап,  Тұран 
ӛлкесінде  салғандағы  аты  аңызға  айналған,  тегі  түркі  Афрасиабпен 
байланысты  екендігі  тарихи  деректерде  кең  кӛлемдерде  суреттелген. 
Афрасиаб  туралы  иран,  араб,  түркі  тілдес  әдебиеттерде  кӛп  жазылған.  Атақты 

 
107 
шығыстың ұлы ғұламаларының бірі Фирдоусидің «Шаһнамасында» Афрасиаб 
жан-жақты  суреттелген.  Шығармада  Афрасиаб  Тұран  (жалпы  түрік  әлемінің) 
патшасы  (ханы,  қағаны)  әрі  елін  парсылардан  қорғаушы,  қолбасшы  болып 
бейнеленген.  Оның  әкесі  —  Бешен  (Бошан),  ағасы  —  Перен,  балалары  — 
Барысхан,  Қарахан,  Шиде,  Алақ,  қызы  —  Қаз  [137].  М.  Қашқари  «Афрасиаб: 
Алып, батыр» — деп жазған.  
Бізге  белгілі  деректерге  қарағанда,  Афрасиаб  барлық  түркілердің 
құрметіне бӛленген кӛсемі. Ол Амудариядан солтүстікке қарай созылып жатқан 
Орталық  Азияны  түгел  басқарған,  кеңбайтақ  жерді  «Афрасиаб  әулеті»  билеп, 
қалалар,  ордалар  салдырған.  Оған  бағынған  елдер  —  оғыз,  қарлұқ,  қимақ, 
беркен,  қаңлы,  хазар.  Міне,  Афрасиаб  билеп  тұрғанда,  түркілер  бірнеше 
елдерден,  мемлекеттік  құрылымдардан  құрылған  ұлы  мемлекет  болған»  [3,  95 
б.]. 
М. Қашқари «Түрік сӛздігі» атты еңбегінде Мауераннахр, Жетісу, Шығыс 
Түркістан  жерлерінде  түркілердің,  әсіресе,  оғыздардың  ірі-ірі  қалаларының 
Афрасиаб  кезінде  салынғанын  жазған:  Ниса,  Мерв,  Термез,  Самарқанд 
(Афрасиаб),  Бұхара,  Соғдақ,  Мар,  Пайкент,  Ферғана,  Ахсикет,  Ходжент, 
Ӛзкент, Ош,  Ташкент, Түркістан, Янкент, Қият, Үргеніш,  Испиджаб (Сайрам), 
Манкент, Құмкент, Саудакент, Бабата, Тараз, Құлан, Мерке, Баласағүн, Аспара, 
Қарақастек, Алматы, Қойлық, Жаркент, Қашқар және т.б. 
Осы  қалалардың  кӛпшілігі  оғыздар  тайпасының  салған  қалалары  екенін 
ашып  айтқан.  Осы  еңбегінде:  «Орда.  Хан  қаласы.  Орда  кент.  Баласағұн»; 
«Кенд:  кент: оғыздар  және  оларға  жақын  маңда  тұрған  жұрт  тілінде  «қыстақ» 
деген  мәнде,  түрік  халықтарының  кӛпшілігінің  тілінде  «шаһар,  қала»  дегенді 
білдіреді. Осыдан алып, Ферғананы «Ӛz кеnd: Ӛз кенд - Ӛзкент» деп атаған, «ӛз 
шаһарымыз»  дегендегісі.  Сол  сияқты  үлкен  қала  болғандықтан  «Sеmіз  кеnd: 
Семіз  кенд  —  Семіз  қала;  семіз  кент»  солай  аталған.  Мұны  парсылар  «Sаmаг 
каnd:  Самар  канд  -  Самарқанд»  дейді.  Балық:  исламдықтан  бұрын,  ілгері 
замандағы түрік тілінде шаһар, қала. Ұйғыршада да айтылады. Ұйғырлардың ең 
үлкен  шаһарларының  бірі  «Бес  балық»  деп  аталады.  Бұл  «Бес  қала»  деген 
мағынада» [3, 90-103 б.]. 
Тарихта  дәлелденген  мәселенің  бірі,  оғыздар  осы  күнгі  түрікмен, 
әзірбайжан, Осман түріктерінің этногенезіне белгілі үлесін қосқан тайпа. Олар 
ертедегі  ортағасырда  Орталык  Азияны  мекендеген.  Кейін  әртүрлі  тарихтың 
тәлкегімен оғыздардың бір бӛлігі батысқа қарай жылжып, жаңа қоныстарға ие 
болған.  Солай  болса,  олар  ертеде  отырықшы  мәдениеттің  орталықтарына 
айналған қалалар салған, әсіресе, Ұлы Жібек жолдарында. 
Оғыздар батысқа жылжып барған  жерде, бұрынғы тәжірибелері бойынша 
тұрақты мекендер мен қалалар салған. Сельжук  пен Оспан империясы кезінде, 
оғыздардың  Алдыңғы  Азияның  бірқатар  жерінде,  атап  айтқанда,  осы  күнгі 
Иран,  Сирия,  Рум  жерлерінде  тұрғызған  қалалары  болған:  Стамбул,  Анкара, 
Измир  және  т.б.  Сондықтан  да,  Осман  түріктерін  бұрын  кӛшпенді  болды 
деудің  ешбір  қисыны  келіспейді.  Олардың  бабалары  оғыздар  отырықшы 
мәдениетті  пайда  етуші  ӛркениетті  ел  болған.  Оны  ӛздерінің  жаңа 
қоныстарында іске асырған. 

 
108 
Бұл  ғылыми  тұжырымды  кейбір  Түркия  ғалымдары  ӛздерінше  былай 
түсіндіреді:  «Еуразия  территориясы,  яғни  Байкалдан  Балқан  жарты  араларына 
дейінгі  кең  алқаптар  атты  кӛшпелі  мәдениет  үшін  барынша  ыңғайлы  мекен 
болған. Сондықтан да дала мәдениеті осы аймақтарда қалыптасқан. 
Дала  мәдениетін  кӛшпенді  мәдениетпен  шатастырмау  керек.  Дала 
мәдениеті  ат,  қой  және  темірден  құралғандықтан  кӛшпенділердің  ӛміріндегі 
сияқты  ат  бірінші  орында  тұрмайды.  Ал,  темір  кӛшпенді  қауымның 
мәдениетінде  кездеспейді.  Осы  тұрғыдан  дала  мәдениеті  мен  кӛшпенді 
мәдениет бір-бірінен ӛзгеше болады» [3, 54 б.]. 
Бұл  келтірілген  үзіндіде  авторлар  ертедегі  түркілердің  мәдени  дамуын 
екіге  бӛледі:  дала  және  кӛшпелілер  мәдениеті  деп.  Бірақ  бұл  екеуінің  бір-
бірінен  қандай  ерекшеліктерімен  бӛлінетініне  анықтама  бере  алмаған. 
Байкалдан Балқанға дейінгі кеңбайтақ аймақты егіншілер де, қолӛнершілер де, 
малшылар да, балықшылар мен аңшылар да мекендеген. Дала деп  жүргеніміз, 
біздіңше,  бүкіл  Орталық  Азия,  Кавказдың  солтүстігі,  Қара  теңіздің  солтүстік 
жағалауларына  кіретін  түркі  әлемінің  ежелгі  қоныстары.  Тарихшылардың 
кӛпшілігі  «дала»  деген  сӛзді  басқаша  түсінеді.  Олай  болмау  керек.  Дала 
дегеніміз  жалпы  түркілердің автохтондық  Отаны.  Осы  Отанында  түркілердің 
басым кӛпшілігі отырықшы, жартылай отырықшы болып, тұрақты мәдениеттің 
іргетасын  қалаған.  Олардың  ішінде  шӛлдік  аймақтарда  кӛшпелі  ӛмір  сүрген 
түркілер  ӛз  үлестерін  қосқанына  жоғарыда  тоқталып  ӛттік.  Сӛйтіп,  түркі 
ӛркениетінің негізін кӛп салалы шаруашылық құраған. Бұл пікірді дәлелдейтін 
тарихи  деректер  жеткілікті.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  қазіргі  айтылып  жүрген 
«дала»  және  «кӛшпелілердің  мәдениеті»  деген  ұғым  ғылыми  жақтан 
дәлелденбеген пікір. 
1969  —  1970  жылдары  Отырар  ӛңірінің  ескерткіштерін  К.  Акишевтің 
басшылығымен  Отырар  археологиялық  экспедициясы  зерттеді.  Жұмыстың 
мақсаты  Отырар  ӛңірінде  кең  түрде  қазба  жұмыстарын  жүргізуге  дайындық 
болатын:  ол  маршрутты  іздестіру,  археологиялық-топографиялық  жұмыстар, 
аэро-фото  сурет  және  әуебарлау,  стратиграфиялық  қазба  мен  тікқазба  (шурф) 
салу жұмыстарын қамтиды. 
К. Акишев сол кездегі республика басшысы Д.А. Қонаевқа 20 жылдық бас 
жоспары  бар  Оңтүстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясын 
құруға  ықпал  етеді.  1971  жылы  ОҚКАЭ  құрылып,  жыл  сайын  100  мың  сом 
қаражат  бӛлініп  тұрды.  Бұл  қаражат  археологиялық  зерттеулермен  қатар 
Шәуілдірде  шеберхана,  қойма,  гараж,  жатақхана,  асхана,  коттедждер, 
лабораториясы бар үлкен археологиялық база салынды. 30 жылға созылған кең 
кӛлемді ғылыми жұмыстар Отырар ӛңірінің кӛне тарихының жаңа бетін ашып 
берді.  Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  бірнеше  ғылыми  кітаптар, 
монографиялар, альбом-кітаптар, жүздеген ғылыми мақалалар баспа беттерінде 
жарияланды. 
Экспедиция  құрамында  К.  Ақышев,  К.  Байпақов,  Л.  Ерзакович,  В.А. 
Грошев, Б.Н. Нұрмұхамбетов, Х. Алпысбаев, Е. Смағұлов, Н. Алдабергенов, Ж. 
Таймағамбетов, 
Т.Б. 
Савельева, 
т.б. 
археолог 
ғалымдар 
болды. 
Экспедицянының  алғашқы  жылында  (1972  ж.)  К.  Акишев,  К.  Байпақов,  Л. 

 
109 
Ерзаковичтердің  орыс  тілінде,  Отырар  ӛңірінің  тарихы  орта  ғасырдан  қазіргі 
кезеңіне  дейінгі  зерттелуіне  кең  түрде  шолу  жасаған,  аса  кұнды  «Древний 
Отрар»  атты  монографиясы  шықты.  Кітапта  Отырар  жеріндегі  33  ескерткішке 
кең түрде ғылыми сипаттама жасалды. Бұл жұмыс әлі күнге дейін күнгей ӛңірі 
археологтарының әдістемелік нұсқау іспеттес кеңінен қолданылып келеді. 
Экспедиция  құрамында  тас  дәуірін  X.  Алпысбаев  зерттеп,  неолит 
заманындағы  Ақсу,  Маятас,  Қожатоғай  жерінен  Тасқотан  тұрағын  анықтады. 
Б.Н.  Нұрмаханбетов  Кӛкмардан,  Қоңыр  тӛбе  зираттарын  және  Қыркескен 
зиратына  (А.  Әлімовпен  бірге)  зерттеулер  жүргізді.  Зираттарды  зерттеуді  әр 
жылдары Е. Смағұлов, М. Қожа да жүргізіп отырды [138]. В.А. Грошев Отырар 
ӛңіріндегі  ежелгі  суландыру  жүйелері  Темір-арық,  Саңғыл-арық,  Қаракӛншек-
арық, Ақ-арық, Қауған арықтарды зерттеді [138, 14-22 б.]. Отырар және Отырар 
алқабындағы  қалалардан  табылған  теңгелерді  нумизмат  ғалымдар  Р.З. 
Бурнашева, В.Н. Настич, Д. Кочнев, С.М. Айтбаева зерттеп келеді [51, 70 б.] . 
Ескерткіштердің  ең  кӛп  орналасқан  жері  Сырдарияның  оң  жағалауы  мен 
Арыс  ӛзенінің  сол  жағалауы  болды.  Отырар  ӛңірінің  ірі  қалалары  болып 
Отырар, Кӛкмардан, Алтын, Қоңыр тӛбе, Құйрық тӛбе, Оқсыз, Бұзық, Жалпақ, 
Маслихат тӛбелері есептелінді. 
1979  жылдың  11  мамырында  ҚазССР  Жоғарғы  Кеңестің  Р-219 
бұйрығымен  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Отырар  ауданында  Отырар 
мемлекеттік археололгиялық қорық-музейі құрылады. Музей Отырар ӛңіріндегі 
барлық  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорып-сақтау,  насихаттау,  зерттеу 
жұмыстарымен айналысады [139]. 
Алғашқы  жылдары  музей  қарамағында  Отырар  және  Түркістан  ауданы 
жерінде  ескерткіштер  бар  болатын.  Онда  Түркістан  ауданы  бойынша  33, 
Отырар  ауданы  бойынша  29  ескерткіштің  ғана  мемлекеттік  актісі  болды.  1994 
жылы  «Қазақ  энциклопедиясы»  баспасынан  «Свод  памятников  истории  и 
культуры Казахстана, Южно-Казахстанская область» атты жинақ кітап шықты. 
Бұл жинақта Оңтүстік Қазақстан облысындағы кӛне дәуір мұраларынан бастап 
қазіргі  кезеңге  дейінгі  жәдігерлерге  шолу  жасалған.  Кітапта  Оңтүстік 
Қазақстандағы  қалалардың  тарихына,  табылған    жәдігерлерге  шолу  жасалып, 
қалалар  мен  қоныстар  жобасы  (жоспары)  картаға  түсірген.  Жинақта  кӛптеген 
ортағасырлық  археологиялық  нысандардың  жай-күйі,  зерттелу  тарихы, 
георгафиялық орналасуы кӛрсетілген [140]. 
1973-1974  жылдары,  1987  жылы  Казпроектреставрация  институтының 
археологиялық  отряды  Түркістанда  далалық  жұмыстарын  бастап,  зор 
нәтижелерге  қол  жеткізе  бастайды.  Отанымыздың  мақтанышы  болып 
саналатын,  қазақ  халқының  рухани  астанасы  Түркістан  қаласында  жүргізілген 
зерттеулер 1928 ж. осында болған М.Е. Массоннан басталады. Ол Қожа Ахмет 
Ясауи  кесенесін,  қаланың  тӛбелерін,  сондай-ақ  ортағасырлық  Сайрам 
қаласының  орнын  зерттеген  болатын  [141,  142].  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан 
кейін  мұнда  А.Н.  Бернштам  жетекшілік  еткен  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясы  болып,  жоспарын  қағазға  түсіреді.  Осыдан  кейін  қаладағы  қазба 
жұмыстары  біршама  уақыт  тоқтап  қалған  болатын.  Ендігі  кезекте  жоғарыда 
аталған  экспедиция  мүшелері  Түркістанның  кейінгі  орта  ғасырларға  жататын 

 
110 
түрлі  бұйымдарының  коллекциясын  жинастыра  бастайды.  Олардың  арасында 
қыш ыдыстар сынықтары ӛзіндік бір тӛбе болып табылады [48, 182 б.]. Бірнеше 
қоныс-жайлары  қазылған  бұл  ескерткіш  материалдары  Қазақ  хандығы  тұсындағы 
заттық мәдениеттерді де айғақтайды. 
1989 — 1993 жылдары Отырар музейінің қызметкерлері бұрын зерттелген, 
бірақ  елеусіз  қалған  археологиялық  ескерткіштердің  орнын  анықтап,  әрбір 
ескерткішке ғылыми паспорт жасауды  қолға ала бастады. Сол жылдары музей 
қызметкерлері  жеке  қазба  жұмыстарын  жүргізе  бастады.  Бірінші  қазба 
жұмысын  1989  жылы  1  маусымда  Отырар  қаласынан  4  км  оңтүстікте 
Мыңшұңқыр  елді  мекен  ортасынан  ХІV-ХV  ғ.ғ.  құмырашылар  шеберханасы 
орны  ашылды.  Бұл  жерде  қазба  жұмыстары  4  жылға  созылды  (әлі  толық 
зерттелген  жоқ).  1991  жылы  Қоңыр  тӛбе  ескерткішінен  2  км  оңтүстік-
батысында  Шәуілдір-Түркістан  тас  жолының  жиегінен  ХІ  —  ХІІІ  ғ.ғ.  шыны 
ӛндірісінің  орнын,  1990  —  1991  жылдары  Кӛк-мардан  ескерткішінен  2  км 
солтүстікте Кӛк-мардан зиратының орнын зерттеді. 
Қорыта  айтқанда,  кеңестік  дәуірде  Оңтүстік  Қазақстанда  қалаларды 
зерттеу  жүйелі  түрде  жүргізіле  қойған  жоқ.  Оны  археологиялық 
экспедициялардың ұйымдастырылуына қарай негізгі үш кезеңге бӛлуге болады. 
Біріншісі,  А.Н.  Бернштам  басқарған  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясы;  екіншісі,  С.П.  Толстов  басқарған  Хорезм  археологиялық-
этнографиялық  экспедициясы;  үшіншісі,  К.А.  Акишев  жетекшілік  еткен 
Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы.  
Қазақстан Республикасы ӛз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, республика 
археологиясы  жаңа  белестерге  кӛтерілді.  Оған  себеп  болған  бірнеше  жайттар 
бар.  Олардың  ең  негізгісі  Ғылым  Академиясында  Ә.Х.  Марғұлан  атындағы 
Археология  институтының  ашылуы  болып  табылады.  Институт  басшылығы 
жыл  сайын  наурыз  айында  есептік  сессия  ретінде  «Марғұлан  оқуларын» 
(алғашқысы 
1992 
жылы 
ӛтті) 
ұйымдастыра 
бастады. 
Қазақстан 
облыстарындағы  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер  Жиынтығын  шығаруды 
қолға  алды.  Ең  алдымен  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  ескерткіштерінің 
жиынтығы шықты [140, 319 б.]. Оның шығуы заңды құбылыс еді. Себебі, Оңтүстік 
Қазақстанның ескерткіштері басқа ӛңірлерге қарағанда толымды түрде зерттелген 
болатын. 
Сондай-ақ,  Түркістан  қаласының  1500  жылдығы  тойланды.  Бұған  арналған 
мерекелік  ғылыми  жиындарда  археологтар,  этнологтар  және  тарихшылар  сӛз 
сӛйлеп,  Түркістанның  тарихына  қатысты  түрлі  жайттарды  қозғады.  Осы  уақытта, 
Түркістанның  1500  жылдық  тарихына  қатысты  археологтар  екіге  бӛлінді.  Кейбір 
археологтар  Түркістанның  ірге  тасы  қаланғанына  1500  жыл  болды  десе  (Е. 
Смағұлов,  т.б.),  келесілері  (З.  Исабеков,  Ж.  Таймағамбетов,  т.б.)  оның  тарихын 
тереңірек, ертерек уақытқа, яғни 2000 жылға апару қажет деген ой айтты. Дегенмен, 
Түркістанның 1500 жылдық тарихын бүкіл ел атап ӛтті.  
Түркістан  қаласының  мерейтойына  кӛптеген  мақалалар,  монографиялар 
шықты.  Олардың  арасынан  «Түркістан»  халықаралық  энциклопедиясын  ерекше 
атап  ӛтуге  болады  [143].  Онда  Оңтүстік  Қазақстандағы  және  онымен  іргелес 
аймақтардағы ортағасырлық қалалар жӛнінде де мол материалдар бар.  

 
111 
Түркістандағы  музей  қызметкерлері  аймақтағы  кӛптеген  қалалардың 
зерттелуіне  ӛз  кӛмектерін  кӛрсетіп  отырды.  Нәтижесінде,  олар  Ә.Х.  Марғұлан 
атындағы  Археология  институтымен  бірлесіп  Түркістан  археологиялық 
экспедициясын құрды. 1999 ж. экспедиция Тӛрткүл-Бабайқорған, Тӛрткүл-Құшата, 
Күлтӛбе-Орынғай,  Тӛрткүл-Қаратӛбе  сынды  қалалардың  орындарын  тауып, 
ғылыми айналымға енгізді [144].   
Негізі  ӛткен  ғасырдың  60-70  жылдары  қаланған  Оңтүстік  Қазақстан  кешенді 
археологиялық экспедициясы әлі күнге дейін осы ӛңірдегі басты экспедициялардың 
бірі  болып  келеді.  Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  бұл  экспедиция  мүшелеріне 
ауыр  салмақтар  түсіп,  жаңаша  тарих  беттерін  түзудегі  олардың  орны  айқындала 
бастады.  Экспедиция  ұйымдастырған  кӛлемді  істер  баршылық.  Мысалы,  90-
жылдардан  бастап  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларының  бірқатарында  қазба 
жұмыстары    қайтадан  ӛз  жалғасын  тапты.  Айталық,  осы  кездері  Сырдария  мен 
Арыс  ӛзендері  алабындағы  Құйрықтӛбе,  Отырар,    Марданкүйік,  т.б.  қалаларда, 
Бӛріжар қорымында қазба жүріп, жаңа материалдар алынды [145].  
Тәуелсіздік 
жылдары 
күнгейдегі 
қалалардың 
арасынан 
әлем 
жұртшылығының назары Отырарға ауды. Бұған бірнеше мәселелер ӛз септігін 
тигізді.  Біріншіден,  халықаралық  жобалар  жасалынды,  екіншіден,  кӛпшілік 
қалаларды келешек ұрпаққа жеткізу сынды проблемалар қойылды. 
2001 жылдың тамызында Жапон үкіметінің траст қоры ЮНЕСКО арқылы 
бӛлген  қаражатқа  Қазақстан  Үкіметінің  арасында  келісім  шарт  түзіліп, 
Қазақстанда бірінші рет Отырар қалашығында аршылған құрылыстарға ғылыми 
құжаттау  жұмыстары  мен  консервация  жүргізу  қолға  алынды.  Негізгі  жұмыс 
саз  кесектен  тұрғызылған  құрылыстарды  консервациялау  тәсілдерін  іздестіру. 
Келісім шарт 4 жылға, яғни, 2004 жылға дейін кезең-кезеңімен атқарылуы тиіс 
болды. 
Бірінші: Отырар, Кӛкмардан, Құйрық,  Алтын, Қоңыр тӛбе ескерткіштерін 
құжаттау  және  ғылыми-зерттеу  жүргізу.  Ғылыми  тіркеу  мен  құжаттауды 
жүргізу, мәліметтердің компьютерлік базасын жасау. 
Екінші:  консервация,  Отырар  тӛбені  болашақ  үшін  сақтауды  қамтамасыз 
ету,  сонымен  қатар,  Құйрық,  Алтын  және  Кӛкмардан  ескерткіштерін  шұғыл 
қорғау шараларын жүргізу. 
Үшінші:  Отырар  мен  оның  аймағын  консервациялау  және  сақтаудың 
мастер-планын жасау. 
Тӛртінші:  Оқыту.  Ескерткіштерді  сақтау  мен  менеджмент  жүргізуге 
жауапты  мамандардың  кәсіби  және  техникалық  потенциалын  арттыруға 
септігін  тигізу,  халықаралық  дәрежеде  консервация  жасау  үшін  жергілікті 
мамандарды дайындау, тарту. 
Бұл  жұмысқа  Қазақстан  тарапынан  Білім  және  ғылым  министрлігі, 
Мәдениет  министрлігі,  Ә.  Марғұлан  атындағы  археология  институты, 
Мәдениеттің  материалдық  ескерткіштерін  ғылыми-зерттеу  және  жобалау 
институты, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қатысты. 
Қалпына  келтіру,  сақтау  жұмысы  Отырардағы  ХІV  ғ.  моншасында,  ХІV-
ХV  ғ.ғ.  құмырашылар  шеберханасында,  ХІV-ХV  ғ.ғ.  мешітінде,  осы  мешітке 
қарама-қарсы  салынған  құрылысқа,  XVII  ғ.  мешітіне  және  қорған  кесіндісіне 

 
112 
жүргізілді.  Отырар  тӛбенің  үстінен  бұрынғы  қазба  жұмыстарының  барысында 
жиналған  бос  топырақ  үйіндісінің  біразы  тасылды.  Сонымен  қатар, 
Құйрықтӛбедегі  аршылған  құрылыстар  мен  шұңқырлар  кӛмілді.  Әрбір 
құрылыстар жанынан суағар арықтар қазылды. 
Ғылыми  құжаттау  жұмысы  Отырар,  Құйрық,  Алтын,  Қоңыр  тӛбе 
ескерткіштеріне  жүргізілді.  Ғылыми  жұмыстарға  ЮНЕСКО-ның  Париждегі 
үйлестірушісі  Франсис  Чайлд  (Канада),  мамандар  профессор,  доктор  Майкл 
Янсен  (Германия),  доктор  Джон  Херд  (Англия),  доктор  Энрико  Фодде 
(Италия), Тарсис Стивенс (Бельгия) және Қазақстан мамандары профессор т.ғ.д. 
К.М.  Байпақов,.  ММЕҒЗЖИ  бас  сәулетшісі  Е.  Хорош,  маман  В.  Чарлин, 
Отырар  мемлекеттік  археологиялық  қорық-музейінің  қызметкерлері  М.  Қожа, 
С.  Ахмет,  С.  Ақылбек,  С.  Қалдыбек,  Ӛ.  Жұмабай,  С.  Жұбаниязовтар  қатысты. 
Соңғы уақыттарда Отырар музейінің бірқатар қызметкерлері М. Қожа [146], С. 
Ахмет [147] ортағасырлық кезеңнің жұмыстарын нәтижелі ете бастады. 
2002  жылдың  сәуір  айында  музейдің  археология  және  тарихи 
ескерткіштерді қорғау бӛлімі ұйымдастырған экспедиция (жетекшісі С. Ахмет) 
барысында  Сырдарияның  сол  жағалауынан  кәріз  суландыру  жүйесі,  Тӛбеқұм 
шеберханасы,  Тұщықұдық  шеберханасы  анықталды.  Осыдан  кейін  Отырар 
ӛңіріндегі белгісіз келген ескерткіштерді зерттеу қолға алына бастады [146, 152 
б.].    2002  жылдың  күзінде  Кӛксарай  ауылынан  Айбек,  Қанбаба,  Жарты  тӛбе, 
Ӛтеген тӛбе, Дүйсебай әулие шеберханасы, ескерткіштері анықталды.  
2002  жылдың  14  сәуірінде  музейдің  археология  және  тарихи 
ескерткіштерді қорғау бӛлімі мен (жетекшісі С. Ахмет) Шымкент қаласындағы 
Археология  және  этнология  ғылыми-зерттеу  орталығының  қызметкерлері  мен 
Қожатоғай  жерінің  Айғырұшқан,  Дастарбасы,  Тасқотан,  ежелгі  тау 
жоталарынан  тастан  үйілген  обалар,  су  қоймасы,  үңгірлер  орны,  тасқа 
түсірілген  таңба  белгілер,  тоғыз  құмалақ  орнын  анықтап  ӛлшемдерін  алып, 
сызбасы сызылып суретке түсірді. 
2004  жылы  Отырар,  Құйрықтӛбелерде  және  Талтақай  мен  Қоңыр  тӛбе 
зираттарына  «Мәдени  мұра  бағдарламасы»  негізінде  қазба  жұмыстары 
басталды. Отырар тӛбедегі қазба жұмыстары Отырар шахристанының оңтүстік 
және солтүстік батыс қабырғасындағы қорғандарға жүргізілді. 2005 жылы қазба 
жұмысы  XIV  ғ.  мешіті мен  медресе  арасындағы  үлкен  мәдени  қабат  үйіндісін 
аршу және солтүстік-батыс қабырғадағы үлкен шурфты қазу жұмыстары болды 
[148]. 
Оңтүстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясының  1  отряды 
Отырар шахристанының солтүстік-батыс қабырғасындағы 1970 — 71 жылдары 
қазылған  үлкен  шурфты  араға  34  жыл  салып  кең  кӛлемде  зерттеп, 
реставрациялап,  ашық  аспан  астындағы  музейге  айналдыру  жұмысын  Ә. 
Марғұлан  атындағы  Археология  институтының  директоры,  т.ғ.д.,  профессор 
К.М. Байпақовтың жетекшілігімен 2004 жылдың 31 тамызында бастады. Қазба 
жұмысы 2005 жылы жалғасын тапты. 
Жұмыс  барысында  біз  үлкен  шурф  орнын  4-ші  шурф  деп  белгіледік  те, 
қазба  барысында  шыққан  құрылыс  бӛліктерінің  реттік  номерін  101-ден 
белгіледік. 

 
113 
Алғашқы жұмыс (2004 ж.) 4-ші шурф  ішіндегі  құлаған бос  топырақтарды 
тасып  тазалаудан  басталды.  Қазба  орны  30  жылдан  астам  уақыт  ішінде  ашық 
аспан  астында  еш  қорғансыз  тұрғандықтан  ауа-райынан,  жауын-шашын,  қар 
мен  желден  ӛзінің  бастапқы  кӛлемінен  кӛп  ауытқып,  қабырғалары  құлап 
түскен. Сонымен бірге, 4-ші шурфтың оңтүстік-батыс қабырғасымен жапсарлас 
батысқа  қараған  Отырар  шахристанның  ХІ-ХІІІ  ғ.ғ.  қорған  дуалының  құлаған 
топырақтары  да  тасылып,  ол  жерге  жаңа  қазба  жұмыстары  жүргізілді.  Осы 
қабырғаның мұнара бӛлігінде бұрынғы болған қазба орнын тазалап, ол жерге де 
кеңейтілген қазба жұмысы жүргізілді. 
Тазалау  барысында  солтүстік-шығыс  қабырға  бойындағы  қорған-дуалдың 
қалыңдығы  мен  салыну  тәсілі  ерекше  назар  аударуға  тұрарлық  екенін 
байқадық. 
Қысқа  мерзімдік  қазба  жұмысында  4-ші  шурфте  жүргізілген  зерттеу 
толығымен аяқталмай қалды. 
Сонда да болса қазба барысындағы анықталған құрылыс орындары Отырар 
шахристанның  қорған-дуалының  күрделі  қалану  тәсілін  анықтауға  мүмкіндік 
беріп  отыр.  Бұл  қазба  орнына  келешекте  Отырарға  келуші  туристердің  ең 
қызықтап кӛретін тарихи орнына айналатынына еш шүбә жоқ. 
Оңтүстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясының  Отырар 
ӛңіріндегі  Құйрықтӛбеге  жүргізген  қазба  жұмыстары  2004  жылы  жалғасын 
тапты.  Қазба  кезінде  күл-қоқыс  тӛгетін  және  арнайы  шұңқырлардан  кӛптеген 
шишалардың  жаңа  үлгілері  табылды.  Шишалармен  қатар  табылған  теңгелер 
мен  керамика  сынықтарына  қарап,  біз  қазба  орнын  X  ғасыр  —  ХШ  ғасырдың 
басы  деуге  болады.  Қазақстан  қалаларынан  табылған  шыны  бұйымдар  X 
ғасырға  жатады.  Сол  кезде  XIII  ғасырдың  басына  дейін  шыны  бұйымдардың 
түрлері, үлгілері және жиынтығы ӛзгерімейтіні байқалады. Қазақстанның түрлі 
қалаларынан  табылған  шынының  Отырардан  табылған  шыны-шишалардың 
жақын  үқсастығын  аңғаруға  болады.  Бұл  жерден  шишалардың  бірнеше  жаңа 
түрлері  табылды:  графин,  түбек,  т.б.  Графиндер  кӛбінесе  қою  жасыл,  қызғылт 
не  қою  кӛкшіл  түсті,  сыртынан  жапсырылған  тіндермен  әсемделген.  Зерттеліп 
отырған  аймақтың  графиндері  мен  Орта  Азия  қалаларынан  табылған  шыны 
бұйымдарының арасында тікелей ұқсастық бар. 
2004  жылдың  5-қазанында  екінші  экспедиция  кезінде  (экспедиция 
басшысы Н.О. Алдабергенов, ғылыми жетекшісі С. Ахмет) Кӛксарай ауылынан 
Қисық  құдық-Аққорған  І-ІІ  Ескімола  тӛбе,  Аққорған  Кӛлқұдық  маңынан, 
Кӛлқұдық  тӛрткүлі,  Сырдария  ӛзенінің  іргесінен  Кӛрқара  тӛбе,  т.б.  10-шақты 
ескерткіш анықталды. Экспедиция кезінде ғылыми еңбектерде Маяқұм жерінде 
де  кӛрсетілген  Шұрық  тӛбе,  Орынбай  тӛбе,  Ақтӛбе  ескерткіштерінің  орнын 
таба  алмадық.  2005  жылдың  сәуірдегі  үшінші  экспедиция  кезінде  Ызакӛл  елді 
мекенінің  қасынан  Баусексаул  тӛрткүлі,  Қотан,  Баусексауыл  қорғаны, 
Қожатоғаш  ауылынан  кәріз  суландыру  жүйесі,  таңбалы  науа,  бірнеше  оба 
орындары есепке алынды [148, 276 б.]. 
Барлау  жұмыстарының  барысында  тек  археологиялық  ескерткіштер  ғана 
емес  Қызылқұм  ішіндегі  кӛне  керуен  жолдарының  да  орнын  анықтауға 
мүмкіндік болды. 

 
114 
Тарихқа шегініс жасасақ, ежелгі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық 
пен  сауда  байланысы  кӛне  дала  жолдары  арқылы  жалғасып  отырғаны  белгілі. 
Тарихи  деректерде  бұл  жолдардың  пайда  болуы  мен  аталуы,  жүру  бағыты  әр 
заманда  тарихи  оқиғаларға  байланысты  ӛзгеріске  ұшырап  отырғаны  туралы 
айтылады. 
Сауда  жолына  әр  кезеңде  негізгі  зат  айналымына  қарай  «ат»  беріліп 
отырған.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  ІІІ-ІІ  мыңжылдықта  Бадақшан  тауынан 
лазурит  (кӛк  лағыл),  Яркенттен  (Жаркент)  нефрит  (кӛк  минерал)  кендерінің 
шығуына  орай  керуен  жолдары  «Лазурит  жолы»  одан  кейін  «Нефрит  жолы» 
деп аталды. 
Ал  біздің  дәуірімізге  дейінгі  І-мыңжылдықтың  орта  кезінде  «дала  жолы» 
жұмыс істеп тұрды. «Ұлы Жібек жолының» шығуы біздің дәуірімізге дейінгі І-
мыңжылдық  деп  есептелінеді.  Бұл  жолдың  Қытайдан  шығарылған  жібек 
матаның  атыменен  аталғаны  белгілі.  Жібек  жолы  жолға  қойылғаннан  кейін, 
оның жан-жаққа тараған тармақтары жекелеген атқа ие бола бастады. 
Орталық  Қазақстаннан  басталатын  «Сары-су  жолы»  деген  тармақ- 
Отырардан  шығып  Шавгар,  одан  Ұлытау  арқылы  Есіл  мен  Ертіс  ӛзендерін 
бойлап  кететін.  Жібек  жолының  тағы  бір  тармағы  «Хан  жолы»-  Тараздан 
шығып Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апаратын. 
Орта ғасырда Жібек жолы Отырар арқылы Сырдарияның сол  жағалауына 
ӛтіп, Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан әрі Кавказға кететін, енді 
бір жолы Сырды жоғары ӛрлей Шашқа (Ташкент) апаратын. 
Біз,  Жібек  жолының  Отырар  оазисіндегі  Сырдария  ӛзенінің  сол 
жағалауымен  Қызылқұм  шӛлі  ішіндегі  тармақтарының  кӛне  атауларын  ел 
ішіндегі аңыз-әңгімелермен ұштастыра іздестірдік. 
Бірінші  Боранды  жол  Ташкент  бағыты  бойынша  Арнасай,  Шардараның 
үстіңгі  құм  жағымен  Балақарақ,  Мұрынқарақ  тауларының  етегін  ала 
Табақбұлақтың  үстімен  Балтакӛлге  жақындай  түсіп,  Сапар  кӛпір  тұсынан 
шығады.  Табақбұлақтан  жоғары  3  км  жердегі  (бұл  жер  Қарақтаудың  етегі 
болып  есептелінеді)  Мұрынбұлақ  бұлағының  басында  Ташкент,  Түркістан, 
Жызақ  және  Бұхараға  апаратын  жолдар  қиылысады.  Түркістаннан  Жызаққа 
баратын жолда осы бұлақ маңынан ӛтіп «Боранды жол» деп аталды. 
Боранды  жол  аталу  себебі  Н.  Рудневтің  «Заброшенный  уголок»  атты 
еңбегінде Әзірет Сұлтанды (Түркістан) қорғаған Боран есімді адамның аты мен 
атаған.  Бұл  жолмен  осы  кезге  дейін  автокӛліктер  жүріп  келеді.  Боранды  жол 
Ӛгізсайдың  сол  жағалауымен  жүрген.  Мұрынбұлақтың  қасында  қазіргі  кезде 
үлкен зират орны бар. 
Екінші  жол  Жау  жолы.  Бұл  жол  Қызылқұм  шӛлін  тік  кесіп  ӛтеді.  Негізгі 
бағыты  Бұхара,  бағыты  мен  Отырар  ауданына  қарасты  құм  ішіндегі  ең  шеткі 
Орынбай  фермасының  үстін  басып,  әл-Фараби  кеңшарына  қарасты  Босағаның 
қасынан, Балтакӛл кеңшарындағы құм ішіндегі Қызтескеннен ӛтіп Қызыл-Орда 
қаласының  маңынан  шығып  отырған.  Жолдың  Жау  жолы  болып  аталуы  ел 
ішіндегі  аңыздарға  сүйенсек  кезінде  осы  жолмен  біздің  құм  ішіндегі  ауылдар 
мен  Сыр  ӛңіріне  түркімендер,  қоқандықтар  жиі-жиі  шабуыл  жасап 
отырғандықтан Жау жолы деп аталып кеткен деседі. 

 
115 
Ауыл  ақсақалдарының  айтуынша  Жау  жолының  бойында  кӛптеген  кӛне 
мазарлардың орны бар екен. 
Үшінші  жол  Үрме  жолы.  Жол  негізінен  Жау  жолымен  қабаттас  кӛрінеді, 
бұл  жол  тіке  Сырдария  ӛзенінің  Аралға  құяр  маңынан  шығады  дейді.  Екінші 
жорамал  Үрме  жолы,  бұл  жол  Қызылқұм  ішіндегі  үрме  құмдарды  басып 
ӛткендіктен осылай аталуы мүмкін. Осы жол кей әңгімелерде Жау жолының бір 
тармағы  деп  те  айтылады.  Үрме  мен  Жау  жолымен  автокӛліктер  қатынай 
береді. Құм ішіндегі осы үш жол туралы әңгімелер осындай, бәлкім бұдан басқа 
да  деректер  болса  Қызылқұм  шӛліндегі  кӛне  керуен  жолдарының  жаңа  бір 
тарихы ашылып қалары сӛзсіз. 
Арыстанбаб  кесенесінде  2004  жылы  жүргізілген  қалпына  келтіру 
жұмыстары  кезінде  кесененің  кейінгі  едені  тӛмен  түсірілген  болатын.  Осы 
жұмыстар  кезінде  ерте  заманға  жататын  сағананың  бір  бұрышы  анықталып, 
оған  музей  қызметкерлері  С.  Ахмет,  С.  Ақылбек  қазба  арқылы  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізді.  Сағананың  солтүстік  қабырғасы  түгелімен,  шығыс 
қабырғасы  жартысына  дейін  аршылды.  Солтүстік  қабырғаның  ұзындығы  2,96 
метір, биіктігі 49 см (10 қатар). Қабырғаның қалыңдығы 19,5 см, сағана кӛлемі 
18-19,  5

9-15,  5

3,5-4,5  см  келетін  қыштардан  тұрғызылған.  Кірпіштер  екі 
түсті, бірі сары, екіншісі қызғыш. Сары кірпіш отқа таза күйген, қызғыш кірпіш 
шала  күйген  болу  керек.  Ӛйткені,  қызғыш  кірпіштердің  үгітілуі  байқалады. 
Сағананың  орта  тұсы  тӛмен  ойыс  түскен.  Бұл  қыштар  Құйрықтӛбедегі  Х-ХІІ 
ғ.ғ.  жататын  мешіттердің  қыштарына  келеді.  Осы  құрылыстың  батыс 
фасадының 8 см жерде 24

24

4,5 см келетін қыштардан соғылған биіктігі 22 см 
(4 қатар), ұзындығы 70 см қабырға қалдықтары бар. Осы анықталған мәселелер 
негізінде Арыстанбаб қабірінің басына ең алғашқы сағана «тӛртқұлақ» түрінде 
XII ғ. тұрғызылып, XIV ғ. қайта салынған деуге болады. 
2004  жылы  алғаш  рет  Отырар  қазбасындағы  шығарылған  бос 
топырақтарды сыртқа тасу қолға алынды. Бұл жұмыс 2002 жылы жоспарланған 
болатын. 
4.07.2002  жылы  мамандардан  құралған  топ  Отырартӛбеге  1973  —  2000 
жылдардағы  археологиялық  қазба  жұмыстарында  тасылған  бос  топырақ 
үйінділерінің  жоспарын  және  полигон  орналасатын  орынды  анықтау 
жұмыстарын жасады. 
Отырар  тӛбедегі  идентификациялау  және  бос  топырақ  үйінділерін  ӛлшеу 
жұмыстарын  К.М.  Байпақов,  Д.  Воякин  және  Ю.  Пешков  жүргізді.  Орталық 
тӛбеден шамамен 1 км ара қашықтықта топырақ  қалдықтарын тастау мұражай 
қызметкері С. Ахметтің кӛмегімен жүргізілді [148, 301 б.]. 
Қазба жұмыстары барысында Отырартӛбенің орталығынан 5 негізгі жерге 
қазба кезіндегі аршылған бос топырақтар тӛгілген. 
Ол  үйінділер  жол  бойындағы  және  жаңа  мешіттің  тӛңірегіндегі 
құландылар, бірінші 1973 ж. қазба құландылары, екінші 1973 — 1976 ж.ж. қазба 
құландылары, үшінші 1976 ж. қазба құландылары, тӛртінші 1976 — 1978, 2000 
ж.ж. қазба құландылары, бесінші 1998 — 2000 ж.ж. қазба құландылары. 
Бос  топырақ  қабаттарын  тазалауға  3  Камаз  автокӛлігі,  екі  трактор,  10-
жұмысшы  жұмылдырылып  1,5  ай  жұмыс  істеді.  Әрбір  үйіндіні  тасу  кезінде 

 
116 
суретке  түсіріліп,  бос  топырақ  кесінділері  жасалды.  Тасылған  топырақтардың 
әрбір үйіндісі жеке-жеке жерлерге үйілді. 
2005 ж. мамыр-маусым айларында Сырдария ӛзенінің сол жағалауындағы 
Арыс,  Отырар  аудандарына  қарасты  Қызылқұм  массивіндегі  тың  жерлерді 
мақта  егістігіне  айналдырудың  ІІІ-ІV  кезеңін  іске  қосу  мақсатында  Шымкент 
қаласындағы  «Оңқазсужоба»  ААҚ,  М.  Үнембаев  атындағы  барлау  және 
жобалау институты алғашқы жұмыстарын жүргізе бастады. 
Егістікке  және  осы  мақсат  үшін  салынатын  құрылыс  т.б.  үшін  бӛлінетін 
жер  кӛлеміндегі  тарихи  ескерткіштердің  бұзылуын,  бүлінуін  болдырмау 
ниетінде  аталмыш  мекеме  мен  Алматы  қаласындағы  Ә.  Марғұлан  атындағы 
археология  институты  арасындағы  келісім  негізінде  институт  директоры  т.ғ.д. 
профессор  К.М.  Байпақов  12.  05.  2005  жылғы  №  50  бұйрығымен  ОҚКАЭ 
құрамында «Кӛксарай археологиялық экспедициясы» құрылды. 
Экспедиция  мақсаты  жаңадан  игерілетін  жерлердегі  археологиялық  және 
тарихи-мәдени  ескерткіштерді  анықтау,  суретке  түсіру,  жобасын  сызу, 
картасын  жасау  және  игерілу  негізінде  ескерткіштердің  жойылып  кетудің,  не 
бүлінудің  алдын  алу,  кейбір  ескерткіштерге  жүргізілетін  қазба  жұмыстарын 
анықтау. 
Экспедиция  жұмысын  т.ғ.д.  профессор  К.М.  Байпақов  басқарды,  барлау 
жұмысына  Отырар  музейінің  қызметкерлері  С.  Ахмет,  С.  Қалдыбек,  М. 
Бекетов,  Ә.  Марғұлан  атындағы  археология  институтының  кіші  ғылыми 
қызметкері Х. Айтқұл қатысты. 
Осы  жұмыс  барысында  Сырдарияның  сол  жағалауындағы  Ешкілі  кӛл 
маңынан  үлкен  ежелгі  арық-канал  және  егістік  алқаптар  орны  анықталды. 
Сазантӛбе  ескерткіштерінің  айналасынан  10-астам  кӛне  зираттар,  2-тӛрткүл 
типтес  қорған,  Байраш  кӛлі  маңынан  Байраш  тӛбе,
 
тағы  бірнеше  ежелгі  арық-
канал орындары табылды. 
2005  жылдан  бастап  «Отырарды  жаңғырту  бағдарламасы»  бойынша 
археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің  30.  12.  2004  жылғы  №  1009  қаулысымен  «Кӛне  Отырарды 
жаңғыртудың 2005 — 2009 ж.» бағдарламасы бекітілді. 
Бағдарламаның  негізгі  бағыты  Отырарды  және  Отырар  оазисіндегі  кӛне 
қалалардың бұзылудан сақтауын қамтамасыз ету мен тарихи-мәдени ескерткіші 
ретінде тиімді пайдалану. 
Бағдарламаның  міндеті  Отырар  және  Отырар  оазисіндегі  ескерткіштерді 
(Отырар,  Құйрықтӛбе,  Алтын  тӛбе,  Қоңыртӛбе,  Кӛкмардан,  Оқсыз,  Талтақай) 
ғылыми  негізде  зерттеу,  қазба  жұмыстарын  жүргізу  мен  консервациялау, 
Арыстанбаб  кесенесінің  айналасын  кӛріктендіру,  Арыстанбаб  кесенесінің 
қасынан  қазақ  ауылы  кӛрінісін  жасау.  Археологиялық  ескерткіштерді 
реставрациялау,  Отырар  музейінің  айналасын  кӛріктендіру,  музей  жайына 
күрделі  жӛндеулер  жүргізу,  музей  экспозициясын  қайта  жасау,  ғылыми, 
ғылыми-кӛпшілік әдебиеттер шығару. 
Бағдарлама 2005 — 2009 жыл аралығында 5 жылға арналған. Бірінші кезең 
2005-2007  ж.ж.,  екінші  кезең  2008  —  2009  ж.ж.  Бағдарлама  республикалық 
және  жергілікті  бюджеттерден  қаржыландырылады.  Барлық  қаржы  кӛзіне 

 
117 
373,124  млн.  теңге  қаралған.  Республикалық  бюджеттен  2005  ж.-53,824  млн. 
теңге,  2006  ж.-  10,0  млн.  теңге,  2007  ж.-  13,5  млн.  теңге  қаралса,  жергілікті 
бюджеттен  2005  ж.-  0,6  млн.  теңге,  2006  ж.-  184,6  млн.  теңге,  2007  ж.-  110,6 
млн. теңге қаралған. 
Сонымен  қатар  бағдарламаға  Отырар  оазисіндегі  ескерткіштердің 
картасын,  ескерткіштердің  қорықтық  аймағының  шекарасын  анықтау 
жұмыстары да қаралған. 
5-жылдық  бағдарламада  9-ғылыми  және  ғылыми-кӛпшілік  әдебиеттер 
шығару кӛзделген. Олар «Отырар оазисі» кітап-альбомы, 2005 ж. «Құйрықтӛбе 
қалашығы  -  Кедер  қаласы»  кітап-альбом,  2006  ж.  «Мардан-Күйік  қалашығы» 
буклет,  «Кӛкмардан  қалашығы»,  «Оңтүстік  Қазақстандағы  ортағасыр 
зираттары»,  монография  2005  ж.  «Отырар  және  Отырар  оазисі»  монография 
2007 ж., «Отырар және Отырар оазисін құжаттандыру» монография 2007 ж. 
Бағдарлама бойынша жұмыс 2005 жылы 4 мамырдан т.ғ.д. профессор К.М. 
Байпақовтың  жетекшілігімен  басталды.  Отырар  қалашығындағы  қазба 
жұмысына Н. Алдабергенов, С.З. Ахмет, С. Ақылбек, Д. Воякин қатысты. 
60-жуық ескерткішіне қайта құжаттау жұмыстары жүргізілді. Кӛк-Мардан, 
Оқсыз,  Жалпақ  қалашық  құландарына  Талтақай  зиратына  қазба  жұмыстары, 
Оқсыз, Бұзық т.б. қалашықтарына аэрофотоға түсірілу жұмыстары жүргізілді. 
ОҚКАЭ  жұмысы  барысында  Ә.  Марғұлан  атындағы  археологиялық 
институтының  қызметкерлері  К.  Байпақов,  Д.  Воякин,  М.  Антонов,  музей 
қызметкері  С.  Ақылбек  Отырар  оазисіндегі  ескерткіштерді  соңғы  техникалық 
жаңалықтарды  пайдалана  отырып  зерттеді.  Мұндай  жұмыс  Қазақстанда  алғаш 
рет  қолға  алынды.  Жұмыс  барысында  электронды  археологиялық  карта 
жасалып,  ескерткіштердің  орындары  нақтыланды.  Жұмыстың  басым  бӛлігі 
Lеіса 
фирмасының 
электронды 
тахеометрлерімен 
инструменталды 
топографиялары  жасалды.  Ескерткіштердің  электронды  базасы  жасалды.  Ол 
үшін  АгsGIS бағдарламасы пайдаланылды. Бұл бағдарлама бойынша жасалған 
ескерткіштер  орналасу  картасы,  мәліметтер  базасы,  жәдігерлер  күтіп-сақтау, 
есепке  алу  жұмыстары  үшін  аса  пайдалы.  Осы  жұмыс  барысында  Темір 
стансасының шығыс және солтүстік жағындағы Шошқакӛл мен Шілік маңынан 
оннан астам жаңа ескерткіштер табылды. 
2003 — 2005 жыл аралығында археологиялық барлау кезінде 80-нен астам 
ескерткіштер орны анықталып есепке алынды. Ел ішіндегі осы ӛңір тарихы мен 
табиғатына  байланысты  аңыз  әңгімелер  жинастырылды.  Бірнеше  ХVIII  —  ХХ 
ғ.ғ.  басындағы  сыналы  жазулы  кӛктастары  бар  зираттар  анықталды    [144,  170 
б.]. 
Ұзақ  жылғы  археологиялық  зерттеу  жұмысының  барысында  14-
ортағасырлық  қала  орны,  89-  ортағасыр  елді-мекен  жұрты,  13-  тӛрткүл  типтес 
қала орындары, 4- шеберхана, 3- архитектуралық ескерткіш, 38- кӛне зираттар, 
23- арық-каналдар, 5- ежелгі егістік орыны, 1-үңгірлер тізбегі, 3- су қоймасы, 2- 
кәріз  суландыру  жүйесі,  6-  тас  бетіне  түсірілген  таңба  белгілер,  1-  жазулы 
үңгір, 7- тастан үйілген обалар, 4- тас дәуір тұрағы, барлығы-217 тарихи-мәдени 
ескерткіштер есепке алынды [148, 259-260 б.]. 

 
118 
Бӛлімді  түйіндей  келе  айтарымыз,  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 
жүргізілген  зерттеулер  ешқандай  идеологиялық  нұсқауларсыз  жүргендігімен 
ерекшеленеді.  Жаңадан  ғылыми  орталықтар  (музейлер,  археологиялық 
кафедралар,  т.б.)  ашылып,  ортағасырлық  қалалар  тарихнамасына  ӛз  үлестерін 
қосты.  Сондай-ақ,  бұл  кезең  бұрынғы  экспедициялардың  жұмыстарын 
қорытындылауымен ӛзгешеленеді.  
Сӛйтіп, 
тараушаны 
қорытындылар 
болсақ, 
Оңтүстік 
Қазақстан 
аймағындағы  зерттеулердің  бір  жарым  ғасырдай  тарихы  бар  деуге  болады. 
Мұнда  жүргізілген  зерттеулер  ортағасырлық  қалалардың  мәдениетінен  мол 
хабар береді. Ӛлке жерінде орналасқан қалалардың шетелдік қалалармен тығыз 
байланыстар  орнатқандығын  археологиялық  және  жазба  ескерткіштері  растап 
отыр.  Соңғы  жылдары  озық  технологияларды  пайдалана  отырып  археологтар 
мол мәліметтер алуда. Бұл болашақта отандық тарихнаманы одан ары дамытуы 
мүмкін.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет