ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында



бет8/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#13038
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: алғаш рет отандық тарихнамада шетелдегі қазақтардың этникалық тарихы, тұрмысы мен мәдениетіндегі этнологиялық ерекшеліктері, бөгде ортада дәстүрлі мәдениеттің сақталуы мен өзгерісі мәселелері Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісі ретінде талдау жүргізіліп, кешенді түрде зерттелді.

- Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирредентінің қалыптасуы мен қоныстану тарихының кезеңдері айқындалды;

- Қазақстанмен шекаралас аудандардағы кейбір территориясы шетел қазақтарының ежелден тұрақтаған ата-мекені екендігі және шетелдің ұлттық-территориалдық шекарасын межелеудегі территориалдық даулардың себептерін көрсететін мұрағат деректері мен зерттеулер топталып, талданды.

- Жақын шетелдегі аумақтар бойынша қазақтардың рулық құрамы мен ондағы кейбір рулардың ежелгі тайпалармен сабақтастығы нақты деректермен негізделіп, шоғырланған орталықтары нақтыланды.

- ХІХ ғ. ІІ жартысынан қазірге дейінгі шетелдегі қазақтардың сандық құрамы, өзгерісі, жергілікті халықтардың санымен салыстырылып, демографиялық өсу, кему динамикасы статистикалық мәліметтер және әр кезеңдерде жүргізілген санақтар негізінде зерделенді;

- Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық түрлері, ондағы дәстүрліліктің сақталуы мен дамуы және жергілікті халықтардың этноэкономикасымен ұқсастығы сараланып, өзара ықпалдылық негізінде қабылдаған шаруашылықтағы кейбір еңбек бейімделігінің ерекшеліктері көрсетілді;

- Отандық және шетелдік ғалымдарының зерттеулері негізінде қазақтардың заттай мәдениетінде ұлттық болмысымызды айқындайтын дәстүрлі элементтердің сақталуы мен бөгде ортаның ықпалдастығы нәтижесінде қазақ тұрмысына этноэволюциялық жолмен енген заттай мәдениет белгілері: баспана, киім, тағамындағы ерекшеліктер айқындалды;

- Статистикалық және баспасөз материалдар негізінде қазіргі кезеңдегі шетел елдеріндегі қазақтардың тарихи Отанға оралуының негізгі саяси-әлеуметтік себептері мен орналасу аймақтары және төл ортаға бейімделу проблемалары көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет