ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында



бет6/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#13038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Жұмыстың мақсаты. Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісі ретіндегі шетелдегі қазақтардың қоныстану тарихын, олардың орналасуын, санын, рулық құрамын, тұрмысы мен мәдениетіндегі этнологиялық ерекшеліктерін бөгде ортадағы өзара ықпалдастықтың ұлттық мәдениетке тигізген ықпалын ғылыми талдау, қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық себептермен қазақ диаспорасының елге оралу проблемаларын сараптау, жұмыстың кешенді зерттеуі болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сай шетелдегі қазақтардың тарихи және қазіргі этникалық жағдайына байланысты тарихи этнологиялық аспектілерін зерттеуге бағытталған төмендегідей міндеттер шешіледі:



  • Шетелдегі қандастардың аумақтық-әкімшілік басқару құрылымының тарихи жүйесін көрсету;

  • Шетелдегі қазақтардың қалыптасу, қоныстану тарихы жөніндегі мұрағаттық, құжаттық деректер мен зерттеулерді сараптау, ғылыми талдау;

  • Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирредентінің қалыптасуы мен қоныстану кезеңдері, «ирредент», «диаспора» статусына енуінің обьективті және субьективті себептерін айқындау;

  • Шетелдің әкімшілік-аумақтары бойынша қазақтардың рулық құрамы мен ондағы кейбір рулардың ежелгі тайпалармен сабақтастығын саралап, зерттеп, шоғырланған орталықтарын анықтау;

  • Статистикалық мәліметтер мен әр кезеңдерде жүргізілген санақтар негізінде ХІХ ғ. екінші жартысынан қазірге дейінгі Шетелдегі қазақтардың сандық құрамы мен демографиялық өсу, кему динамикасын зерделеу;

  • Шетелдегі қазақтардың этно-экономикасындағы негізгі дәстүрлі шаруашылығы мен қосалқы кәсіптерінің сақталуын, дамуын, жалғастылығын және жергілікті ортаның ықпалы мен байланыстылығы негізіндегі өзгерісі мен ерекшеліктерін көрсету;

  • Шетелдегі қазақтардың отбасы және неке, отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің дәстүрлілігі мен жаңашылдығын, жергілікті ортаның аз санды қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне ықпалы мен әсерін айқындау;

  • Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанға оралу себептері мен олардың елде шоғырлана қоныстану орталықтары және төл ортаға бейімделу проблемаларын көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет