ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет10/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Түйін сөздер:
 
патша үкіметі, Оңтүстік Қазақстан, патша әкімшілігі, Ұзынағаш 
шайқасы, қазақ, қырғыз,
 
Ұзынағаш түбінде болған шайқас кезінде жеңіске жеткен Жетісудағы патша әкімшілігі 
Шу бойына жорыққа шығатын әскерін жасақтай отырып, ӛлкеде мекендеген қазақ пен 
қырғыз руларының арасындағы бірлікті бұзып, орыс әскерлерін бірігіп қарсы тұрмас үшін 
руаралық талас-тартыстарды күшейтіп, жер дауы арқылы бір-біріне қарсы қоюын 
жалғастырады. Мұндай іс-шараларға әбден әккі болып алған Колпаковский қырғыздың 
Құдияр манабына былай деп хат жазады: «Жантай деген руласың саған сарттарға зекет 
бермедің деп қысым кӛрсетіп, жүргенін мен жақында білдім. ...Жантай сенен бай шығар, 
оларға зекет тӛлей берсін, ал сен Мендеге қосыл және ештеңе берме. Сарттар енді бізге 
қарсы жорықтарының шығынын толтыру үшін бір сабақ жіптеріңе дейін қалдырмайды, ал 
сен ерегіскенде берме. Олар саған ештеңе істей алмайды, бізбен соғысу оларға қымбатқа 
түскенін кӛрдің ғой. Мендемен қосыл, егер ол жақта қыстайтын жер аз болса, бері қарай 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
29 
кӛш, мен сендерге жер беремін. Менде ақылды қарт, сен оны тыңда» дейді [1, 6-п.]. 
Колпаковскийдің «жанашырлығына» риза болған сарыбағыштардың кейбір ауылдары 
Үшалматы маңына кӛшеді. Ӛз сӛзінде тұрған патша әкімшілігі Іленің оң жағалауына 
жалайыр мен албан руларын қалдырады да, шапыраштылар мен сиқымдарды Іленің сол 
жағалауына ығыстырады [2, 15-16-пп.]. Патша әкімшілігінің «қитұрқы» саясатына риза 
болмаған қазақ рулары наразылық кӛрсете бастайды.
1861 жылы 6 тамызда қарамағындағы руларды «тәртіпке» келтіре алмаған Әли 
сұлтанға Колпаковский былай деп хат жібереді: «Алматының батысында кӛшіп-қонған 
қасқарау, шапырашты руларында тәртіпсіздік бой кӛрсетуде. Олардың басшыларынан пайда 
жоқ, сіз, сұлтан, дулаттарыңыз туралы ұмытып кеткен сияқтысыз. Сондықтан ешқандай 
тәртіп жоқ. Әр түн сайын барымта және ешкім де тау ӛткелдеріне, басқалар сияқты, қарауыл 
қоюды ойламайды. Мен сізден тәртіп орнату үшін мұнда кӛшіп келуіңізді немесе ұлыңыз 
Әбілезді жіберуді сұраймын. Ӛйтпеген күнде орныңызға, аға сұлтандыққа талапты бидің 
бірін тағайындаймын» [3, 2-3-пп]. Осылайша патша әкімшілігі рулардың арасына жанжал 
сала отырып, Ресей билігіне сенімсіз, бірақ қазақтар арасында беделі күшті билеушілерді 
жӛнге салған. Патша әкімшілігінің нұсқауына толық мойынсұнғысы келмеген Әли сұлтан 
Ресей билігіне қарсы шыққан руларға Әбілезді және сиқымдарды басқаратын Сұлтанбек 
тӛрені аттандырады. Әли сұлтанның негізгі ойын, яғни, оның ӛз қазақтарының «бүлігін» 
басып-жаншуға қатысып, ел алдындағы абыройынан айрылғысы келмегенін түсінген 
Колпаковский есебінің дұрыс шықпағанына күйініп, Қараой шатқалы мен Ақтӛбе жотасына 
қоныстанған қазақ руларына Іле бекетінен казак әскерлерін жазалауға жұмсайды [3, 16-17-
пп.]. Әскери министрге 1861 жылы 31 қаңтарда Омбыдан генерал-губернатор Дюгемаль: 
«Сіздің бұйыруыңызбен жыртқыш сарыбағыштар мен Ұлы жүздің сатқын қасқарау, жаныс 
руы жазасын тартты. Сотник Жеребьятов пен Ростовцевтің біз жақтан еш шығынсыз жеткен 
жетістіктері толық әділетті, мен тек осындай жолмен ғана Шу жақтағы бізден бӛлініп кеткен 
қазақ, қырғыз руларын қайтаруға болады деп үміттенемін, – деп жазды [4, 3-п.]. Мұнымен 
қоса Дюгемаль Іле бекеті мен Қордайдағыдай Шу ӛңірінде бас кӛтерген ауылдар болса, 
қарудың күшімен жазалауға тыйым салмаймын, қарулы қолмен жыртқыш топтарға қарсы 
тез, әрі талмай қимылдаңдар деп нұсқау береді [4, 6-9-пп.]. 
Дегенмен, 1862 жылы қазанда Байсүгір, Қарабай, Керім, Тӛлебай, Иса сияқты ықпалды 
билеушілер бастаған қазақтар Әбілес пен Сұлтанбекке бағынбай, салық тӛлеуден бас тартып, 
Шудың арғы бетіне кӛшіп кеткен соң, Колпаковский сұлтандарды кері қайтаруға мәжбүр 
болады [5, 3, 10-п.]. 
Сонымен қатар Жетісуды мекендеген руларды Ресей билігіне бағындыруда 
Колпаковский басқа да амалдарды қолданып баққан. Сондай амалдардың бірі қазақтар мен 
қырғыздардың арасына әскерлер жіберіп аманат алудан тұрды.
Жалпы жергілікті рулардан аманат алу олардың билеушілерін айтқанына кӛндіріп, 
ықпалына түсіруде патша әкімшілігінің негізгі құралына айналған. Оған қасқараулықтардың 
биі Керімнің тағдыры мысал бола алады.
Ӛлкеде орын алған саяси жағдайларға байланысты Керім би бастаған қасқараулықтар 
Жетісудағы солто, сарыбағыш, қазақтың шапырашты, сиқым, жаныс, ботбай және тағы басқа 
да рулар сияқты қоқандықтар немесе орыстардың жағына шығып отырады [6, 223-п.]. Шу 
бойына 
жорыққа 
шығуға 
дайындалған 
патша 
әкімшілігі 
қасқараулықтардың 
қоқандықтардың жағына шығып кетуінен қорқып, Керім бидің қонысына әскерлерін 
жібереді де Керіммен бірге Жалаңкӛз, Тӛлебай, Тойбай, Байсуан, Асылбек сияқты ықпалды 
деген рубасыларынан кепілдікке балаларын Верныйға алып кетеді. Оны естіген қоқандықтар 
да орыс әскерлерінен қорғану үшін Пішпек бекінісінің басқарушысынан кӛмек сұрап келген 
Керім бидің баласын кепілдікке алып, қасқараулықтарды Шудың арғы бетіне ӛтуді талап 
етеді. Қоқандықтардың ісіне жауап ретінде Колпаковский де қарап қалмай қасқарау, 
сиқымдардан 380 жылқы, 200 қой және 15 түйені, олармен бірге қоныстанған Сұраншы 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
30 
батырдың туыстары болып келетін шапыраштылардан 160 жылқы, 800 қой, 96 ірі қара малы 
мен 11 түйені тартып алады [7, 90, 93, 104-пп.]. 
Патша әкімшілігінің қоқандықтармен болған талас-тартысының аяғы 1862 жылы
19 наурызда Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюгемальдің Алатау округының бастығы 
Колпаковскийге әскери топты бастап Пішпек, Ақсу мен Меркеге қарaй жорыққа шығу 
туралы бұйрығымен бітеді. Колпаковскийдің 1862 жылы ақпанда Шу бойына келуі Қоқан 
хандығының ықпалындағы қазақтардың арасында толқулар туғызып, орыс әскерінің 
құрамындағы албандардың сұлтандары қазақтар мен қырғыздарға орыстардың жағына 
ӛтіңдер, патша әкімшілігі ешкімге қастық жасамайды десе, қоқандықтар жағындағы 
дулаттың сұлтандары Колпаковский сендерді алдап шақырып алып, итжеккенге айдайды деп 
үгіттейді. «Біреу олай дейді, біреу былай дейді, кімге сенерімізді білмей қалдық» – деп 
жазады Колпаковскийге Сұраншы батыр [7, 19-п.]. Колпаковский болса сарыбағыштың 
тынайларының манабы Жантай Қарабекұлына бізге шын берілгенің рас болса, онда 
тұтқындағы барлық шапыраштыларды босат және Үмбетәлінің ӛзіңе жазған Қоқан ханының 
ӛлгені туралы хатын маған бер деп талап етсе [7, 12-п.], Сұраншы батырға «тезірек келіп, 
жайылымдық жеріңді ал, сен келген соң, Керімнің де жазасын берермін» деп үміттендіріп 
қояды [8, 21-п.]. Дегенмен жоспар бойынша қимылдаған Колпаковский бастаған орыс 
әскерлері 1862 жылы 13-24 қазан аралығында 10 күнгі қоршаудан кейін Пішпекті ӛзіне 
қаратады. Пішпек алынған соң 1863 жылы патша ӛкіметі қоқандықтардың ірі бекінісі 
Әулиеатаны басып алу үшін Лерхе бастаған орыс әскерлерін жібереді. Әулиеата маңында 
Ресейдің билігін мойындаймыз деп уәде бергенмен әлі де діндес, бауырлас қоқандықтарға 
ниеттес болып отырған қазақ, қырғыздар басым болып, бекіністі негізінен Ұлы жүздің 
қазақтары мен 2000 қоқандық әскер қорғап тұрады [8, 89-п.].
Әулиеатаға шабуыл жасап, оны ала алмаған подполковник Лерхе 22 мамыр күні 
Әулиеатадан 5 шақырым жердегі Талас ӛзені бойына орналасып, патша әкімшілігінің 
нұсқауымен Талас ӛңіріндегі беделді қазақ пен қырғыз билеушілерін Ресей ықпалына тарту 
үшін әр түрлі әдіс-айла қолдануға кӛшеді. «Таластың тӛменгі ағысында аса құрметті және 
ықпалды кісі, шымырдың Байзақ биі кӛшіп-қонады, оған назар аударып, қолдарыңызда бар 
сыйлықтың ең қымбатын сыйлаңдар және тағы бір атақты тұлға – Сиқым биі Құдайбергенге 
де назар аудару керек» - делінеді оған берілген бұйрықтарда [8, 143-п.].
Осы нұсқауларды басшылыққа алған Лерхе Байзақ пен Құдайберген датқаларға
шымыр руының биі Үмбет Таңсыққожаұлына, ботбай руынан Тойшыбек бидің ұлдары – 
Байсейіт батыр мен Керімбек биге, жаныс руынан Қашқынбай биге, қырғыздың Жантай, 
Мырзалы, Сауранбай, Рысқұлбек, Құдияр, т.б. манаптары мен билеріне хат жазып, оларға 
сыйлықтар үлестіріп, Ресей билігінің қызметіне тартуға ұмтылып бақты.
1863 жылы мамырда Лерхенің талап етуімен ӛзіне Байзақ датқаның немересі 
Әбдірахман мен бұл ӛңірде аса құрметке ие ботбай руының биі Керімбек Тойшыбекұлын 
алдырып олардан Жаңғараш манаптың орыс әскерін жойып жіберуге қазақ пен 
қырғыздардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы құнды мәлімет 
алады. «Тылымызда Әулиеата, алдымыз бен екі жанымызда Жаңғараштың бірнеше мыңдық 
атты әскері бізді мазалауы және суды бұрып алуы мүмкін болғандықтан шабуылға шығу аса 
қауіпті, кері қайтсақ, мұндағылардың бәрі қоқандықтарды қолдап кетеді. Жаңғараш бірнеше 
мыңдық адамды атқа қондырды және орыстарды құрту үшін кӛрші ауылдардың бәрін ӛзіне 
қосылуға шақырып жатыр» – деп кӛрсетеді Лерхе [8, 212, 213-пп.]. Бұлармен бірге Байзақ 
датқа да орыс әскеріне хабар-ошар беріп, Жаңғараш манаптың Әулиеата бегі Атабекке 
жазған 2 хатын және Атабектің Ташкенттен кӛмек сұрап жазған 4 хатын ұстап қалып
орыстарға жібереді [8, 203-п.]. 
1863 жылы Ерекше комитетте ӛткен отырыста Д.А.Милютин Орталық Азия 
хандықтары жӛнінде баяндама жасап, онда Қаратау жотасы арқылы шеп жасау мақсатында 
Сібір корпусына Әулиеатаны алу ұсынылады. 1863 жылы 20 желтоқсанда баяндаманы патша 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
31 
ӛкіметі бекітіп, Қоқан хандығына қарсы алдын-ала келісілген жорықты 1864 жыл барысында 
бастауға берілген бұйрыққа қол қояды 

9, 4 б.


Патша ӛкіметі Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жорықтарына кеткен шығынын 
Ресейдің билігін мойындаудан бас тартқан Шудың арғы бетіндегі халықтардың дүние-мүлкі 
мен малдарын тонап, сату арқылы жабуға тырысты. Оны Алатау округ бастығының Батыс 
Сібір корпус командиріне берген №2262 мәлімдемесінен анық байқаймыз. Онда: «1860 
жылы Пішкек бекінісін алған кездегі жылқылардан 1501 сом 31 тиын және 1861 жылы 
әскери старшина Бутаковтың бізге жау Шу қазақтарынан тартып алынған малдарды 
сатқаннан кейін 2337 сом 60 тиын ақша түскен еді. Соны Шудың арғы бетіне аттанған 
әскердің шығынына жұмсамақпыз»,- делінген 

10, 12 п

.
Орыстардың әскери-әкімшілік орындарының зорлық-зомбылығына шыдамаған Ұлы 
жүз қазақтарының бір тобы Шу ӛлкесіне кӛшіп, Қоқан хандығын паналаса, екінші бір бӛлігі 
Қытай шекарасына ӛтіп кетіп отырған. Шу бойына негізінен шапыраштылар мен 
дулаттардың рулары кӛшкен. Осыған байланысты дулаттардың аға сұлтаны Әли Әділовке 
қарамағындағы елге иелік алмағаны үшін дуан бастығы талай рет ескертулер жасаған. Орыс 
әкімшілігінің заңсыз әрекеттерінен кӛшкен қазақтарды кері қайтаруға Іле пикетінен 
казактарды талай рет жазалауға аттандырған. Жалпы алғанда Іле ӛлкесіндегі қазақтардың 
наразылығын басып жаншуға арналған 320 жаяу әскер мен казактардың үш жүздігінің азық-
түлігі мен мініс аттарына патша ӛкіметі қазынадан ешқандай қаражат бӛлмеген. Оны Алатау 
округ бастығы жергілікті тұратын қазақтар мен қырғыздардан жинаған 

1, 109 п

.
Албандар мен суандар да орыстардың қысымына шыдай алмай Қытайдың шекарасынан 
асып, сол жақты паналаған. Қытай жеріне қашқан қазақтардың соңына түскен казактар 
олардың малдары мен дүние-мүлкін тартып алып отырған. Мәселен, Борохудзир деп 
аталатын орыстардың әскери бӛлімі Ұлы жүз қазақтарының қоңыр бӛрік рулары қытайға 
ӛтпек болғанда, оларды қуып жетіп 8 киіз үйін, 7 қап тарысын, 3 қазанын, 20 түйесін, 25 
сиыры мен 91 қойын заңсыз олжалаған 

11, 9 п

.
1864 жылдың басынан бастап екі жақта соғысқа жан-жақты дайындық шараларына 
кӛшіп, Қоқан хандығындағы билікті ӛз қолдарына алған қазақ қыпшақтары бекіністердің 
қорғаныс қабілеттерін арттыру жӛнінде жігерлі шаралар қолданып, әскери қатарын да 
жергілікті қазақ руларынан, әсіресе, Ташкент ауданындағы қазақтың құрама руларын, 
негізінен алғанда шанышқылы руын да тартады 

12, 131 б.

. Жауға қарсы бірлесіп тұру үшін 
кӛшпелі қазақ ауылдарына ӛз жаршыларын аттандырады. 
Осы мақсатпен 1864 жылы ақпан айында Әулиеатаға Әлімқұлдың тапсырмасымен 
Ташкент парванашасы Нұрмұхамед келеді. Ол Шу алқабындағы қазақтар мен қырғыз 
руларын Қоқан жағына тартып, оларды Ресеймен күресте қоқандықтармен бірігуге шақырған 
әр түрлі үндеу хаттар таратады. Патша ӛкіметі қоқандықтардың бұл әрекеттерін іске асырмау 
және қазақтар мен қырғыздардан аманат алу үшін әскери старшина Бутаков бастаған бір 
зеңбіректен тұратын 200 казакты қарсы аттандырады 

13, 1-2 п

. Берілген тапсырманы 
ойдағыдай орындаған Бутаков қырғыздардың ықпалды билері Байтік, Корчи, Макеш, 
Шайділда, Жаңғараштың жақын туысы Ӛзбек Бошкоев, Менде, Жантай манаптың ұлы 
Мырзалыны кепілдікке ұстау үшін Верныйға алып келіп, олардан қоқандықтарға 
қосылмауын және орыс әскерлерінің соғыс қимылдарына кедергі келтірмеулерін талап етіп, 
орыс әскерлеріне жол кӛрсетуге және қазақ пен қырғыз милициясына адам беруге кӛндіреді. 
1864 жылы мамырда орыс әскерлерінің Қоқан хандығына шабуыл жасауға әзірлігі 
аяқталып, дербес екі әскери қол, Перовскіден полковник Веревкин Түркістанға қарай, ал 
Верныйдан полковник Черняев бастаған әскер шығады. 4 шілдеде Черняев Мерке бекінісін 
ұрыссыз алып, Әулиеата бекінісіне бағыт ұстайды 

14, с.335

. Әулиеата түбіне жақындаған 
Черняев қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтармен бірігуіне жол бермеуге ұмтылып, 
олардың арасына ертеден сыннан ӛткен барымта дауын қоздырады. Нәтижесінде ӛз 
мақсатына жеткен Черняев былай деп жазды: «Қазақтар мен қырғыздардың бұрыннан келе 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
32 
жатқан ӛзара шағымдары мен бітіспес дауының кӛптігі мен шиеленіскені соншалық, 
олардың келісуіне сену қиын болатын» [15, 206 п.]. 
Әулиеатаны қорғаған қазақтар мен қырғыздар Черняев әскерін әуелі Тектұрмас пен 
Ақбұрымның жоталарына бекініп алып, шайқасқа кіреді. Бірақ қорғаушылар орыс әскерінің 
зеңбірегінен бораған оғының астында қалғаннан кейін, бекіністің ішіне кіріп соғыспаса аяғы 
қиынға соғатынын түсініп, Әулиеатаға шегініп кетеді.
Бекіністің бегі болған Ниязәлі датқа Черняевтің Әулиеатаны орыстарға ұрыссыз беру 
туралы үзілді-кесілді талап хатын ӛзінің жеті биімен талқылау үшін, ойлануға екі апта рұқсат 
сұрайды. Қорғанушылардың жауға берілуден бас тартқанына ашуланған Черняев 
Қышмазардың түбіне орналасқан батареясына барлық зеңбіректерден атқылауға бұйрық 
береді. Екі күн бойы зеңбіректерден атқылағаннан кейін ол отқа оранған қалаға екі бӛліктен 
шабуылға шығады. Орыстардың шабуылына шыдай алмаған бекініс басшысы Ниязәлі би 
бастаған 400 салт атты қазақ пен оның он бір ұлы Асы ӛзенін жағалап Әулиеатадан қашады. 
1864 жылы 5 шілде күні таңертең патша әскері қаланы толық басып алады. Бекініске кірген 
полковник Черняев қираған үйлер мен қырылып жатқан ӛліктердің арасында ішінен 
ақтарылып түскен ішек-қарнын үстіндегі шекпеннің етегіне салып қойып, кӛл боп жайылған 
қанының ортасында құбылаға қарап ӛз иманын ӛзі оқып отырған қаланың жеті биінің бірін 
кӛргенде, ол басқа орыс офицерлерімен бірге аң-таң қалысады. Ӛйткені, ӛз ӛліміне ӛзі 
соншалықты үлкен сабырмен қарап отырған қазақ биінің рухы ӛте биік және күшті еді [16, 
114 б]. Әулиеата үшін болған шайқас жӛнінде Қоқан тарихшысы Аваз Мухаммад Аттор 
Хуқандий былай дейді: «Орыстар Әзіреті Әулиеата қаласына келді. Ниязәлі бұл уәлаяттың 
басында тұрған еді. Ол барлық адамдарын алып, Түркістанға Мырзадәулетке болысуға кетті. 
Қала хәкімінен айрылды. Кәпірлер қорықпастан қаланы қоршауға ала бастады. Олар тӛрт 
тараптан қала ішіне зеңбіректен оқ боратты. Уәлаят бұқарасы әрбір кӛше және базарларда 
қайрат пен батылдықты ӛздеріне қалқан етіп, қала дарбазасынан шығып, қатты ұрыс қылды. 
Бұл еш нәтиже бермеген соң, олар қала ішіне жасырынды. Дұшпандар түтін басып кеткен 
заматты пайдаланып, тез бір зеңбіректі ішке алып кірді. Бұқара халық бала-шағасымен жан 
аямай күресті. Әулиеаталықтар Шымкент жолына ынтызарлықпен кӛз тігіп, Ташкент хәкімі 
Нұрмұхамедтен медет жәрдем күтті. Бұл кезде Нұрмұхамед күшбегі екі айдан бері 
Шымкентте тұрып жатқан еді және бар оқиғаны біліп тұрып бейшараларға жәрдем бермеді. 
Мұсылман жұртынан бұл ұрыста 1600 еркек және әйел шаһид болды» [17, 119-120 бб.]. 
Әулиеатаны алу кезіндегі орыс әскерлері тарапынан жасалынған зорлық-зомбылық тым 
шектен шығып кетеді. «Әулиеатаны басып алуда орыс әскерлерінің Шоқанның діндестеріне, 
а бәлкім, тайпаластарына, яғни, қазақтарға кӛрсеткен айуандығы оны қатты ренжітті, – деп 
жазды Г.Н.Потанин, – ол енді бұдан әрі әскери жорыққа қатыса алмайтынын сезіп, 
Черняевтан ажырап, Верныйға, одан әрі Құлжа жақта кӛшіп жүрген албандарды басқарушы 
Тезек тӛренің ауылына кетіп қалды» [18, 364 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет