ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
 
Мухамедиева Ж.Қ.
 –
мұғалім 
Қазақстан, Алматы облысы,
Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы,
№10 мектеп 
Аннотация:
Мақалада қыпшақ тайпасының мәдениеті мен ӛнері қарастырылған. 
Қыпшақтардың негізгі кәсібі, кӛші-қоны, бет-бейнесі, мекендеген аймағы, жалпы ӛркениетке 
қосқан үлесі мәселелері қарастырылған. 
Түйін сөздер:
қыпшақтар, кӛшпенді, тас мүсін, әшекей бұйымдар, Тәңір, Ұмай ана. 
Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі 
де қызғылықты мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып 
кеткен» халықтар тарихы. Олардың тұрмыс тіршілігі, кӛші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы 
әлі күнге дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
63 
археология мамандары ӛздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердің 
қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған кӛптеген «ұсақ-түйек» жебе, 
сауыт, қалқандар т.б. заттардың мол қоры арқылы олардың ӛмір тарихын қайтадан қалпына 
келтіруге тырысады. Алайда, ӛздерінің құдіретті күшімен тіпті, европалық мемлекеттердің 
зәре құтын алған «кӛшпенділер империясы» атанған кӛптеген ұлыстардың одақтары тарихи 
шежірелер мен географиялық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа 
ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған. 
Сондықтан да археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ-түйек 
мәліметтерді кӛркем ойдан шығарылған аңыз-әңгімелермен салыстыра отырып, шындық 
елегінен ӛткізеді. Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар. Қыпшақтардың материалдық 
мәдениетіне тоқталатын болсақ, қыпшақтардың кәсіптік ӛндірісі негізінен мал ӛнімдерін 
ӛңдеу мен шаруашылықта тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған 
болатын. Мәселен, арбаны жасау үшін белгілі бір ӛндірістік ӛнім қажет етілді. Ал бұл 
қыпшақтарда кәсіпшіліктің, атап айтқанда, ағаш ӛңдеу кәсібінің дамығандығын кӛрсетеді. 
Халық ағаш арбаның бӛлшектерін жасаудан басқа, киіз үйдің ағаш бӛлшектерін (кереге, уық, 
есіктер) дайындаумен, ер тоқымдардың ағаш бӛлшектерін, ыдыстардың бір сыпыра бӛлігін, 
қымыз құюға арналған ожау, ет тағамдарына арналған ыдыстар мен ағаш кеселерді жасаумен 
айналысқан. 
Негізгі кәсіптік, ӛндіріс мал шаруашылығы ӛнімдерінен жасалған бұйымдарды ӛндіру 
және ӛңдеумен байланысты болды. Бұл арқандар, қайыс бұйымдар, жүннен жасалған 
бұйымдар, маталар. Тері мен жүннен киімдер (тондар, баскиім, малақай), аяқ киім, түрлі 
ыдыстар жасалынатын. Оңтүстік қазақтардың отырықшы-егіншілік оазистері халықтарына 
жақын орналасқан қыпшақтарға керамикалық ыдыс жасау ӛндірісінің техникасы мәлім 
болуы мүмкін. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бай ат жасақтары мен қарулары 
(үзеңгі, ауыздық т.б.), сонымен қатар тұрмыстық сипаттағы металл бұйымдары қыпшақтарда 
металл ӛңдеу және темір рудасын ӛндіру дәстүрінің болғандығы дау туғызбайды. 
А.Х.Марғұлан осыған байланысты былай жазған: Орталық Қазақстанда сол кездегі 
бірнеше ежелгі кен орындары сақталған. Оларға Шығыс-Қарқаралы ауданының ӛңдеу 
орындары, атап айтқанда Кентӛбе, Кенқазған, Қарашошақ, Қарасы, Жалпақ, Қарашұңқыр 
жатады. Дешті Қыпшақтың осы және басқа жерлерінде тау ісіне маманданған қыпшақ 
тайпаларының ӛкілдері темір рудасын ӛндіруі әбден мүмкін. Шығыс-Қарқаралы ауданында 
темір ӛндіру бойынша аймақтардың бірі Темірші таулары болды. Темір ұсталары барлығын 
ағаш ӛңдейтін және басқа арнайы құралдардан бастап ат жасақтарының, қарулардың ұсақ 
заттарына дейін ӛндірді. Мәселен, ІХ ғасырда автор әл-Джахиз былай айтқан: «Олар қару, 
садақтар, ер-тоқымдар, найзалар ӛндіреді». Қыпшақтардың арасында арнайы қару – жарақ 
ұсталарының болуы туралы Дешті Қыпшақ тұрғындары мен қолданылатын, ерте 
ғасырлардағы араб-қыпшақ сӛздіктерінде сақталған терминдер дәлел болады: йачи-садақшы, 
окчы-оқ дайындайтын ұста, сунучи-найза дайындайтын адам. Кәсіпшіліктің кейбір түрлері 
мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Белгілі уақыт аралығында, моңғол шапқыншылығына 
дейін қыпшақтар мекендеген далаларда тас жасау ұсталары жұмыс істеуі мүмкін.
Қазылған қабірлерден алынған археологиялық олжалар қыпшақ тайпалары 
материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді. Қабірлердегі 
құрал – саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы заттар болып табылады. 
Сонымен қатар қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жиі 
кездеседі. Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген 
жүгендер кездеседі. Қыпшақтарда кілем жасау кәсібі жақсы дамыған. Қыпшақтар түрлі 
тоқыма және жүннен дайындалған кілемдер жасаған. Оларды дайындау техникасына, бояу 
таңдау түріне бірнеше топқа бӛлуге болады. Олар жүннен текемет, сырмақ, түскиіз тәрізді 
кілемдер жасаған. Текемет жасау үшін жартылай дайын ақ жүнге ылғал боялған жүннен 
оюлар салынады. Содан кейін жүнді орап, оны алдымен білекпен илейді және де ұзарту, 
булау процесі жүреді. Қыпшақтардың кілем жасау мәдениеті тек қазақтарда ғана емес, 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
64 
сонымен қатар, ноғай, черкес, кумык сияқты Солтүстік Кавказ халықтарында сақталып 
қалған. Қыпшақтардың тас қашау ӛнерінің ӛкілдері бұл тұста шеберліктің шыңына шықты. 
Олар алып ескерткіштер жасай алды, адамдардың бет-бейнесін ӛте дәл кескіндей білді. 
Қыпшақ ескерткіштерінің осы дәстүрлі кӛрінісін саяхатшы-монах Вильгельм Рубрук: 
«Кумандар қайтыс болған адамдардың қабіріне құмнан тӛбешік жасайды, жүзі шығысқа 
қаратылған, кіндік тұсына қос қолымен әрең ұстап тұрған құлыптас орнатады» деп 
суреттеген еді. Шеберханалар, сірә, ашық аспан астында, ескерткіш-құлыптас жасауға 
қажетті нәрселерді алуға ыңғайлы жерлерге жақын орналастырылған. Осы жерлерден 
құмтастар, қызыл гранит, қатпар тастар қиылып алынып, ескерткіштер жасалынған. 
Қыпшақтардың тілі мен жазу ӛнерінде қыпшақ бірлестігі дәуірінде қыпшақ хандары Ертіс 
ӛзенінен Дон ӛзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізіне дейінгі кең ӛңірде жасаған түркі 
тілдес тайпалардың басын біріктірді. Қыпшақ тайпалары Европаға, Кіші Азияға, тіпті 
Египетке дейін жайылды. Кӛп ӛңірлерде қыпшақтар әскери-әкімшілік билікті қолына алып, 
үстемдік жүргізді. Осы жағдайға байланысты, жоғарыда айтылған ӛңірлерде қыпшақ әдеби 
тілі қалыптасты және дамыды. 
Зерттеуші Машковтың айтуына қарағанда, бұл дәуірде қыпшақ тілі батыс Европа 
жиһанкездері мен шығыста зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып есептелді. 
Европалықтар, арабтар, парсылар, т.б. халықтар қыпшақ тілін үйренуге, зерттеуге атсалысты. 
Қыпшақтар арасынан тіл ғалымдары шықты, қыпшақ тілі ғылымы, әсіресе, сӛздік ғылымы 
қарыштап дамыды. Қыпшақ тілінің грамматикасы, қыпшақ тілін үйретудің жан-жақты тіл 
құралдары, қыпшақ тілімен басқа тілдерді салыстырған қыруар сӛздіктер жасалды. Олардың 
бірсыпырасы талай ғасырды басынан кешіре отырып, «балдан қалған сарқыттай» біздің 
заманымызға жетті. Олардың бастылары: «Мұқадима тұл әдәп» (Әдебиетке кіріспе), авторы 
Әл-Замақшари, ХІІ ғасырда жазылған арабша-парсыша, түрікше-моңғолша сӛздік; 
«Таржуман түркі уа араби» (Түрікше-арапша аударма сӛздік), 1245 жылы жазып аяқтаған
авторы белгісіз, «Китабул – идрак лилиса-нұл-артак» (Түркі тілінің түсіндірме сӛздігі), 
авторы Жамалидин Мұхаммед Абдулла ат түрки. Бұл сӛздіктердегі «Түркі тілі», «Түрікше» 
деген сӛздер қыпшақ тілі деген сӛздің баламасы еді. 
Жоғарыдағы кӛне мәдениет куәліктері қыпшақтардың тіл-әдебиеті мен ӛз заманындағы 
ӛркендеу деңгейінен дерек береді. Алтын орда дәуірінде қыпшақ тілі Алтын орданың әдеби 
тілі болды. Алтын орда хандырының жарлықтары және кӛптеген әдеби шығармалар осы 
қыпшақ әдеби тілінде жазылды. Қыпшақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілінің түп-тӛркіні, яғни, 
кӛне қазақ тілі болып табылады. Осы заманғы қазақ тілі кӛне қыпшақ тілінің дамуы негізінде 
қалыптасты. 
Қыпшақ хандығының рухани мәдениетіне діні, салт-дәстүрі жатады. Қыпшақтардың 
кӛшпелі қоғамының экономикалық және саяси құрылымының спецификасы рухани 
мәдениетке, дүниетанымына және идеологиясына әсер етті. Дешті Қыпшақта, оның шығыс 
бӛлігінде де, батыс бӛлігінде де діннің ең кӛп тарағаны «шаманизм» діні болып табылды. Бұл 
діннің элементтері тас мүсіндерге табынуда, табиғат күштеріне, аспан (тәңір), күн, отқа 
табынуда құдай деп есептелінді. Қыпшақтардың кӛшіп-қонып жүрген далалы жерлердің 
барлығында адамдарды бейнелейтіні - тас мүсіндер. Кӛптеген пікір-таластардан кейін, 
Н.И.Веселовскийдің пікірінше мүсіндердің үлкен бӛлігі қыпшақтардікі деген пікір айтқан. 
Сонымен қатар, қыпшақтарда әйел құдайы – Ұмай ана болды. Ұмай ананы от басын 
сақтайтын, ұрпақ сақтаушы деп таныды. Ұмай анадан басқа қыпшақтар жұлдыздарға 
табынып, аспан әсеріне сенген. Ибн ал-Асирдің дәлелдеуінше, қыпшақтар шығыста күнге 
табынады. Басқа да түркі тілдес халықтары сияқты қыпшақтар да жоғары құдай деп Тәңірді 
таныды. Тас мүсіндерге табыну, аспанды (тәңірді) құрметтеу, сонымен қатар басқа да 
табиғат құбылыстарына (тау, ӛзен, кӛл, орман) табыну осының бәрі қыпшақ тайпаларының 
дінінің негізгі формасы ретінде пұтқа табынушылық болғанын кӛрсетеді. Осылайша, 
қыпшақтардың діни нанымдары шаманизм негізінде болған. Ал тотемистік нанымдарға 
келетін болсақ, қыпшақтарда басты тотем кӛк бӛрі болып табылды.


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет